Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Антигендердiң органоидтық арнайылығы



Pdf көрінісі
бет39/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   296
Антигендердорганоидтық арнайылығы - әртүрлi жасушалар 
органоидтарының антигендiк айырмашылығы (ядро, митохондрия, және 
т.б.).
Қорыта келе, әрбiр тiрi жасушалар өздерiнiң антигендiк құрылысы 
бойынша, бұл ағзаға жатпайтын кез-келген басқа тiрi жасушаларынан 
ерекшеленедi. Неғұрлым генетикалық туысқандығы алшақ болса, соғұрлым 
антигендiк айырмашылығы көп болады.
Антигендер құрамы мен әсер ету механизмiн зерттеудегi болған 
жетiстiктер, қазiргi уақытта алдын ала белгiлi қасиетi бар жасанды 
антигендердi жасау мүмкiндiгiн берiп отыр. Ол керек антигендiк 
детерминанттарға антидене түзiлiсiн жоғарылату, жасушалық кооперация 
үрдiсiн күшейту немесе тежеу, сәйкес антигенге төзiмдiлiктi шақыру. Осы 
қағидалар цитотоксикалық және цитостатикалық әсерi жоқ жаңа иммунды 


42 
депрессанттар жасауға пайдасын тигiзiп отыр және арнайы қасиетi бар 
вакцина жасауға да мүмкiндiк бередi.
 
 
ГУМОРАЛДЫ ИММУНИТЕТ ЖҮЙЕСІ 
 
В-лимфоциттердің 
шығуы 
мен 
дифференциялануы. 
В-
лимфоциттердің 
негізгі 
рецепторлары 
және 
маркерлері. 
Иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы. Иммуноглобулиндердің 
изотиптері, 
аллотиптері 
және 
идиотиптері. 
Антиидиотиптер. 
Антиидиотиптік тор. Иммуноглобулиндердің негiзгi кластарының 
құрылыс ерекшелiктерi мен қызметтерi. Моноклонды антиденелер. 
Гуморалды иммунитет жүйесі антигендерге қарсы антидене 
синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның 
функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы 
фагоциттер жүйесімен тығыз қарым-қатынасуына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет