Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет68/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   171
Мимикалық бұлшықеттер


  1. Бассүйек күмбезі бұлшықеттері

Бассүйекүсті бұлшықеті, m.epicranius; оның негізгі бөлігі шүйде-маңдай бұлшықеті, m.occipitofrontalis болып табылады.

  • басталатын жері: venter occipitalis - linea nuchae superior, ол galea aponeurotica-ға ауысады: venter frontalis - galea aponeurotica-дан басталады;

  • бекитін жері: қас терісі;

  • қызметі: қасты көтеру (маңдайлық қарыншасы)




  1. Сыртқы құлақ бұлшықеттері

Алдыңғы, жоғарғы және артқы құлақ бұлшықеттері, mm.auricularis anterior, superior et posterior, нашар жетілген, кейбір адамдар ғана құлақ қалқанын қозғалысқа келтіре алады.



  1. Көз айналасындағы бұлшықеттер

Көздің дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oculi:

  1. - көзұялық бөлігі, pars orbitalis, aditus orbitae-ні жиектеп жатады;

  2. - қабақтық бөлігі, pars palpebralis, жоғарғы және төменгі қабақ терілерінің астында жатады;

  3. - көзжастық бөлігі, pars lacrimalis, crista lacrimalis posterior-дан басталады; көзжас қапшығына барып бекиді;

  • қызметі: pars lacrimalis – көзжас қапшығын кеңейту және оған көзжас сұйықтығының құйылуы; pars palpеbralis – қабақтарды қабыстыру; pars orbitalis – көзұя маңында қатпарлардың түзілуі, көзді сығырайту.

Қас түйдіретін бұлшықет, m.corrugator supercilii:

  • басталатын жері: pars nasalis ossis frontalis;

  • бекитін жері: қас терісі;

  • қызметі: қасты төмен және медиалді жылжыту.

Тәкаппарлар бұлшықеті, m.procerus:

  • басталатын жері: мұрын қырқасы;

  • бекитін жері: кеңсірікүсті терісі;

  • қызметі: кеңсірікүсті аймағында терілік қатпарлар түзу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет