Оқушының аты-жөні: 9 «Ә» сынып ббжм оқу сауаттылығы №1



бет1/10
Дата25.05.2023
өлшемі68,8 Kb.
#97427
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-нұсқа.
Оқушының аты-жөні:______________________________________
9 «Ә» сынып ББЖМ Оқу сауаттылығы №1
Мәтін
Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.
Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.
Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.

1. Мәтіндегі бірыңғай құс атауларын табыңыз.


А) шағала, үйрек, қаз
В) әупілдек, құндыз, ондатр
С) шабақ, шортан, сазан
D) алабұға, шағала, бірқазан
Е) құндыз, алабұға, үйрек

2. Біріккен сөзді белгілеңіз.


А) қамыстарда
В) қоңырауша
С) жаздыгүні
D) шексіз
Е) қаптап

3. Табыс септіктегі сөзді табыңыз.


А) құсы
В) көлін
С) болады
D) ертеде
Е) толқынның

4. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?


А) Көк толқындардың жылдамдығына байланысты
В) Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты
С) Көлдің әдемілігіне байланысты
D) Көл толқындарының бұйралығына байланысты
Е) Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

5. Бірінші абзацта не туралы айтылған?


А) Көлдегі балықтар туралы
В) Көлдің көлемі туралы
С) Қамысты құрақтағы құстар туралы
D) Көл атауы туралы
Е) Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

Дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдасы


Өсімдікті емге пайдалану туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Ассирияда табылған қыш тақтайшаларға жазылған. Өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берген ежелгі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеуде кеңінен қолдануға болады десе, Рим дәрігерлері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынмен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Қазақ елінің тәуелсіздігінен кейін медицина саласындағы ғұлама ғалымдар қатарына XV ғасырдың шипагер-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі де қосылды. Оның «Шипагерлік баянындағы» шипагерлік дәстүр мен үрдіс жаңа белеске көтеріліп , оны зерттеуге кең жол ашылды.
Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолымен дамытқан Ө. Тілеуқабылұлы дала зертханасы арқылы мыңнан астам дәрі-дәрмек түрін 858 түрлі дәрілік өсімдік пен 318 жан- жануар мүшелері және 60-тан астам металл-металлоидтар қоспасынан жасаған. Шипагердің науқас адамдарға арнап 1050 түрлі шипа-емді және 4577 дәрі тізбесін ұсынуы XV ғасырда-ақ қазақ жерінде фармакология ілімінің алдыңғы қатарда дамығандығын дәлелдейді.
6. Байлық дегенді қалай түсінесің ?
А) Деннің саулығы
В) Зәулім үй
С) Теңге
D) Алтын-күміс
Е) Автокөлік
7. Денсаулыққа қатысты мақал- мәтелді тап
А) Су ішкен құдығыңа түкірме
В) Екінші байлық- он саулық
С) Бірінші байлық- денсаулық
D) Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Е) Көзің ауырса- қолыңды тый,
Ішің ауырса- аузыңды тый.
8. Ө. Тілеуқабылұлы кім?
А) Ақын
В) Дәрігер
С) Жазушы
D) Шипагер-ғалым
Е) Ұстаз
9. Рим дәрігері Гален науқастарды қалай емдеді?
А) Қан алу
В) Булау әдісі арқылы
С) Өсімдік қайнатпасымен
D) Сүлік салу
Е) Отпен емдеу
10. Қазақ халқының шипагерлік ілімін ғылыми жолмен дамытқан ғалым кім?
А) К. Ормантаев
В) Гипократ
С) Гален
D) Ибин Сина
Е) Ө. Тілеуқабылұлы
11. «Шипагерлік баян» кітабының авторы кім?
А) К. Функ
В) Т . Шарманов
С) К. Ормантаев
D) Ө. Тілеуқабылұлы
Е) Д.Боуден
12. Денсаулыққа пайдасы жоқ тағамдар қатарын тап
А) Фасфуд, тәттілер
В) Жеміс-жидектер
С) Сүт өнімдері
D) Балық өнімдері
Е) Ет өнімдері
13.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой. Өсімдікті емге пайдалану туралы алғашқы мәліметтер ..... табылған қыш тақтайшаларға жазылған
А) ежелгі Римде
В) ежелгі Ассирияда
С) Үндістанда
D) Қытайда
Е) Қазақстанда
14. Қажетті сөзді қой .
... батпандап кіріп,мысқылдап шығалды.
А) Ауру
В) Амандық
С) Дәулет
D) Байлық
Е) Бақыт
15. «Ем» сөзінің синонимин тап
А) Ағза
В) Дәрі
С) Дәрігер
D) Науқас
Е) Шипа

№1 Жауаптары:


1.А
2.С
3.В
4.Е
5.Д
6.А
7.С
8.Д
9.С
10.Е
11.Д
12.А
13.В
14.А
15.Е

2-нұсқа.
Оқушының аты-жөні:______________________________________


9 «Ә» сынып ББЖМ Оқу сауаттылығы №2
Біздің жақта қыс ұзақ
Биыл қыс жұмсақ басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты. Әсіресе, жаңа жылдың алдындағы үш күн, үш түнде бас көтертпей жауған қар, сол шаш етектен жауған қарға меңдеген ел мен жер — ұлы тыныштықтың құшағына тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай — жым-жырт. Осындайда кісінің бойын бойкүйездік билеп, ес-ақылдан айрылып, басыңды тұмшалап алып ұйықтай бергің келеді.
Тарбағатай қыстағында отырған ауылдың қазіргі кеспірі албасты басқандай, аянышты-ақ еді. Күні кеше ғана сап түзеп тұрған ағаш үйлер ақ ұлпаның астында қалған. Сол үйілген мақтадай томпайып-томпайып жатқан үйлердің төбесінен жұлындай болып түтін көтеріледі, көтеріле беріп мың-миллион қар-көбелектер қаптаған бозамық аспанға сіңіп жоқ болады. Қыбыр еткен жан көрінбейді. Батыс қайсы, шығыс қайсы айырып болмайтын дөңгеленген беймәлім тіршіліктің ортасында қалың сарбазынан айрылып, ұрыс даласында жалғыз қалған қолбасшыдай, делдиіп тұрған Аман (бөлімше басқарушысы) — аспанға қарап есінеді де: «Осының арты боранға ұласпасын»,— деп күбірледі. Үсті-басын қаққылай үйге қайта кіргенде, әкесі де басын көтеріп, төсегінде шошайып отыр екен. Басқа қыбыр етіп тұрған адам көрінбейді. Даладағы тыныштықтың үйіне де ұялап, жындандырып жіберер қаперсіздік жүйкесін созғылай бастаған соң шыдамады білем, әйеліне:— Қара басты ма, тұрсай!— деп жекіріп қалып еді, өз бөлмесінде терезеден тысқа қарап отырған әкесі тыржың етті .
1. Жіктік жалғаулы сөздерді тап
А) басыңды
В)жүйкесін
С)үйіне
D) әкесі
Е) боранға
2. Қыс мезгілінде болатын ауа райының амалдарын тап
А) кемпірқосақ
В) ыстық
С) қар, боран
D) найзағай
Е) жаз
3. Ауа райына байланысты қазақ халқының таным түсінігін тап
А) Күн көзін, бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады
В) Жаңа жауған ұлпа қар
С) Көзге түртсе көргісіз тұман
D) Тарбағатай қыстағы
Е) Алтайдың аш қасқыры
4. Тақырыпты ашатын мақал- мәтелді тап
А) Жаңбырменен жер көгерер
В) Сүмбіле туса, су суыр
С) Сәуір болмай ,тәуір болмайды
D) Күн күркірер,күн күркіресе көк дүркірер
Е) Қаңтарда қарға адым, шілдеде шіл адым...
5. Жан -жануарлардың әркетіне байланысты ауа райы болжамдарын тап
А) Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады
В) Ай шалқалап туса, ауа райы жайсыз болады.
С) Мысық босағаны тырмалап, мазасызданса, ауа райы бұзылады.
D) Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады
Е)Көкжиектен қызыл шапақ шашыраса, күн жылынады
6. Мәтіннен шылауды тап
А) Қыс жұмсақ басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты
В) Төбелеп жауған қар
С) Алтайдың аш қасқыры
D) Тарбағатай қыстағы
Е) Сабалап жауды
7.Қазақстанның қай жері туралы айтылған?
А) Қостанай
В) Тарбағатай
С) Астана
D) Шымкент
Е) Түркістан

Мәтін
Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының түп-төркіні тереңдежатыр. Мәңгілік Ел болуды, яғни халықтың тарих сахнасынан өшпей, сақталып қалуын ата-бабамыз бұрыннан армандаған. Оның тарихи негізі сонау VII-XII ғасырлардағы Орхон-Енисей жазбаларынан басталады. Тоныкөктің тасқа қашалып жазылған жазбаларында «Көктегі түркі тәңірісі, түріктің қасиетті жер-суы былай депті: түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін ...» - деген жолдар кездеседі. Бұл – «аспан мен жер барда жердің бетінде түркі халқы қалады, ол Мәңгілік Ел болады, жер бетінен жойылып кетпейді» деген тілектен туған идея. Бұл идея кейін де жалғасын тапты. Мысалы, орта ғасырлардағы «Оғызнама», «Бабырнамадағы» жазбалар, «Қорқыттыңмәңгіөмірдііздеуфилософиясы – барлығы да осыдантуындаған.


Қазақтардың шежіре жазуының өзінде үлкен мән жатыр. Ата-бабалардың, ру-тектердің атын атап, шежіре етіп жазу осы ұлттың сонау ерте замандарда пайда болғандығын меңзейді. Белгісі қытайлық шығыстанушы Никита Бичуриннің зерттеулерінде де біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдағы Орта Азия халықтары, соның ішінде түркі халықтары туралы да жазбалары бар.
Мәңгілік Ел болу ұлттық идеясын XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың зиялы қауым өкілдері әрі қарай жалғастырды. Соның ішінде А.Байтұрсынұлы мен М.Шоқайды ерекше айтар едім. Бірі елде, бірішетелде жүрсе де, екеуінің мұраты бір идеяға тоғысты, екеуі азаттықты аңсады, тәуелсіз ел болуды көздеді. Жақында ғана Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдық жинағы шықты, жинақта Шоқайдың Мәңгілік Ел идеясының жалғастырушысы ретінде туындылары топтастырылған.
8.Оқылым мәтіні не туралы?
A) «Мәңгілік ел» идеясы туралы
B) «Мәңгілік Ел» құндылықтары жайлы
C) Астана туралы
D) Күлтегін ескерткіші туралы
E) Египет пирамидалары жайлы
9. «Мәңгілік Ел» идеясының тарихының негізін қайғасырдың жазбаларынан басталады?
A) VII-XIII
B) VIII-XV
C) X-XVI
D) VI-XII
E) V-XI
10. Мәтінде қандай зиялы қауым өкілдерінің аты аталады?
A) Қорқыт, Күлтегін
B) Жұбан Молдағалиев, Мұхтар Әуезов
C) Мағжан Жұмабаев, Ыбырай Алтынсарин
D) Шоқан Уалиханов, Бейімбет Майлин
E) Мұстафа Шоқай, АхметБайтұрсынұлы
11. Орхон-Енисей жазбалары туралы қай бөлімде тоқталған?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 1 мен 3
E) Барлық бөлімде
12. Мәтінде аталған Н.Бичурин кім?
A) Философ, әдебиеттанушы
B) Орыс жазушысы
C) Қытайлық шығыстанушы
D) Қоғам қайраткері
E) Ақын
13. Мәңгілік Елге бастайтын абыройлы жолды ата
A) Бейбітшілік
B) Тәуелсіздік
C) ЭКСПО-2017
D) «Қазақстан – 2050»
E) Құндылық
14. Қазақ елінің басты арманы не?
A) Тәуелсіз ел
B) Бақытты ел
C) Мәңгілік Ел
D) Ұлтты жоғалтпау
E) Абыройлы болу
15.Ежелгі грек философиясымен шығыстың мұсылман ілімін байланысты «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасаған ғалым кім?
A) Ахмет Байтұрсынұлы
B) Жүсіп Баласағұн
C) Мұстафа Шоқай
D) Шоқан Уалиханов
E) Әбу Насыр әл-Фараби
№2 Жауаптары:
1.А
2.С
3.А
4.Е
5.С
6.А
7.В
8.А
9.Д
10.Е
11.А
12.С
13.Д
14.С
15.Е



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет