Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері



бет1/23
Дата29.09.2023
өлшемі110,97 Kb.
#111393
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері


  1. Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері. Қозғыштықтың өлшемдері (параметрлері).


Жалпы қасиеті.Тірі организмде тіндерді «қозғыш»,қозбайтын деп екі топқа бөлуге болады.Қозғыш тіндерге жүйке,бұлшық еттер,сөл бөлетін бездер,ал «қозбайтын» тіндер қатарына дəнекер тін,шеміршек,терінің беткей тіндер эпителийлері жатады.
Қозғыш тін тітіркендірілсе,оған жауап ретінде қозу урдісі пайда болады,яғни тін тыныштық қалпынан қызмет жағдайына көшеді,оның белсенділігі жоғарылайды.Тіннің тітіркендіргіш əсеріне жауап беру қабілеті,оның қозғыштық қасиеті ең көрнектісі.Қозғыш тіндердің екінші физиологиялық қасиеті қозу үрдісін өткізу.Ет тіндері үшін үшінші қасиет-жиырылу,ал без тіндері қозу салдарынан сөл бөледі.Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданылады.Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтыр етінен тұрады.


Кезеңдері. Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті құлдырап төмендеп, қаншама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды. Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең (нағыз қасарысу) деп аталады.Абсолюттік рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы жүйке талшығында -1-2 мс болса, ет талшықтарында 4-5 мс, ал ет-жүйке байланысында (түйіспеде) 8-10 мс. Қозғыш құрылымның абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады.
Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта пайда болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік (шамалы қасарысу) кезең деп аталады. Бұл кезеңде тітіркендірудің ең аз мөлшері қозу табалдырығына жауап бере алмайды. Жа­уап әсерленісі туу үшін тітіркендіргіштің күші табалдырық күшінен жоғары болуы тиіс.
Бұл кезең аяқталарда қозғыштық қасиет жоғарылап, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиетінің осы күшею сәтін супернормалды кезең дейді. Мұнда тітіркендіру қозу табалдырығынан төмен болса да тін оған жауап бере алады.
Бұл кезең өткен соң қозғыштық қайтадан төмендеп барып қозу үрдісі тоқталарда әдеттегі қалпына келеді. Қозғыштықтың осылайша қалыптан төмендейтін кезі субнормальды кезең деп аталады. Сонымен әрбір қозу үрдісі мезгілінде қозғыштық қасиеті бұлшықеттің аталған кезендері бірінен соң бірі қайталанып отырады. Қозғыштықтың аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрсетуге болады . Қозғыштық кезеңдерінің ұзақтығы әр тінде әртүрлі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет