Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет1/6
Дата22.11.2022
өлшемі25,38 Kb.
#51765
  1   2   3   4   5   6


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Ғылым мен білімнің айырмашылығы неде?
2. Ғылыми білімнің өзгешелігі?
3. Ғылымның ерекшеліктері?
4. Философия тарихында жəне ғылым философиясында ғылымның
классификациялары?
5. Экстернализм дегеніміз не?
6. Интернализм дегеніміз не?
7. Сциентистік жəне антисциентистік бағыттардың өзгешелігі мен
айырмашылықтары?
8. Танымның философиялық методологиясының мазмұны нені қамтиды?
9. Гносеология, методология жəне эпистемологияның қатынасын
көрсетіңіз.
10. Ғылыми танымның өзгешелігі.
11. Ғылыми танымның типологиясы мен əдістер классификациясының
қатынасын көрсетіңіз.
12. Жалпылогикалық əдістерді көрсетіңіз.
13. Эмпириялық танымның əдістеріне не жатады?
14. Теориялық танымның əдістеріне не жатады?
15. Эмпириялық пен теориялық танымның айырмашылығы неде?
16. Метатеориялық таным дегеніміз не?
17. Метатеориялық əдістерге не жатады?


Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі.
Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процестердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім жəне объективті шындық. Сонымен қатар, ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша əлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мəдениетінің жоғарғы саласы.
Жалпы білім қорын ғылымға дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған қарапайым білім жəне ғылыми білім деп екіге ажыратуға болады.
Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-əрекет үстінде, тəжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай өтіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылысты неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дəл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дəйекті жауап қайтарады.
2. Ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғаттың мəнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былай даму бағдарына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Ол таным процесінің əрі күрделі нəтижесі болып табылады. Ғылыми білімнің өлшемі: пəнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дəлел, эмпириялық жəне теориялық дəлел, логикалық дəлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін құрастыра жəне жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі əлеуметтік жүйе болып табылады.
3. Ғылымның негізгі ерекшеліктері - табиғат пен қоғамның объективі, адам санасынан тəуелсіз заңдарын ашу - ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым - тарихи- заттық жəне рухани дүниенің объективті заңдарын ашу жəне қарастырып отырған құбылыстарды, процестерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттармен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуында есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымға енетін қағидалар дəлелденген жəне негізделген болуы керек. Күмəн туғызатындар ғылым аясынан шығарылып тасталады. Сондықтан ғылым теориялардың ашық жүйесі болғандықтан, оған ғылыми даму барысында үнемі жаңа теориялар еніп отырады.
5. Экстернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлармен жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болды. Яғни, ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы.
Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б.
6. Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өзінің нəтижелеріне қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады.
Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б.
7. Сциентизм - бұл мәдениет жүйесіндегі, қоғамның идеялық өміріндегі ғылымның рөлін абсолютке айналдыруды білдіретін ұғым. Ол философияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалыптаса бастады, бұл кезеңде ғылымның дамуына байланысты оның мәдениет жүйесіндегі орны мен рөлі туралы мәселе көтерілген болатын. Осы жағдайларда сциентизм мен антисциентизм пайда болды. Сциентизм – бұл дүниетанымдық идеология, оған сәйкес ғылыми білім ең жоғары мәдени құндылық, ал математикалық және жаратылыстану ғылымдары ғылыми білімнің идеалы болып табылады. Сциентистік идеологиясының негізгі принциптері: ғылым - бұл ең үлкен мәдени құндылық; ғылым - бұл қоғамның өндірістік күші; ғылым өмірдің барлық салаларының өзегі болып табылады, ғылымсыз өмірді басқару қиын. Сциентизмнің жағымсыз белгілері – ғылымның рөлі маңызды, бірақ үстем емес болатын қоғамдық өмірдің күрделі жүйелік ұйымдастырылуын ескермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет