Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы



бет1/20
Дата08.04.2022
өлшемі314,86 Kb.
#30322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Билет- 1

  1. Патологиялық физиология, міндеттері, зерттеу әдістері. Патофизиологиядағы эксперименттің маңызы (артықшылықтары мен кемшіліктері).

Патофизиология - деген сөздерінен құралған) дерттану физиологиясы деген үгымды білдіреді. Ол ауру организмнің тіршілік заңдылықтарын тексереді. Атап айтқанда, патологиялық физиология жасушалардың, ағзалардың, жүйелердің және түтас организмнің қалыптан тыс өзгерістерінің ең жалпы зандылықтарын анықтайды. Сонымен, патофизиологияның негізгі мақсаты болып, дерттік үрдістердің (аурудың) пайда болу себептері, даму және сауығу жолдары мен онын салдарларын зерттеу есептеледі. Осыған байланысты патофизиология пәнінің алдында түрған міндеттеріне мыналар жатады:

• аурудың пайда болу себептік байланыстарын (этиологиясын,

гректің aitia - себеп, Iogos - ілім деген сөздерінен тұрады) зерттеу;

• аурудың даму және сауығу жолдарының негізгі заңдылықтарын (патогенез, гректің pathos - дерт, genesis -- даму деген сөздерінен құра-

лған) анықтау;

• тәжірибелік емдеу тәсілдерін жетілдіру; • жас мамандар мен оқушыларда клиникалық дүниетанымды қалып-

тастыру;

• дерттанудың жалпы қағидаларын қалыптастыру.

Патологиялық физиология жалпы биологиялық ғылымдармен тікелей байланысты жоне олардың, әсіресе қалыпты физиология мен биохимия пәндерінің, негіздеріне сүйеннеді. Олардан айырмашылығы жоғарыда көрсетілген патофизиологияның мақсаттары мен міндеттерінде. Сонымен бірге патофизиология патанатомия пәнімен тығыз байланысты. Бұл екі пән жалпы биологиялық және клиникалық пәндердің арасында тұрады.

Сонымен қорыта келгенде, патофизиология аурудың пайда болу

себептерінің, даму жолдарының жалпы заңдылықтарын зерттенді.

Патофизиология қалыпты физиология сияқты эксперименттік әдісті қолданады. Лабораториялық жануарларда адам ауруларының, үлгісін алады. Аурудың үлгісі деп зертханалық жануарларда адам ауруларының кейбір түрлерінің көшірмесін алуды айтады.

Ал, адамның кейбір ауруларын жануарларда қайталауға мүлде болмайды. Оларға: жан-дүниелік (психикалық) ауруларды, өспенің кейбір түрлерін (асқазанның обыр өспесі (рак), зат алмасулары ауруларын (подагра), аллергиялық ауруларды (бронхиалық демікпе), жыныстық қатынас ауруларын (мерез, соз, жүре пайда болған иммундық тапшылықты синдромы (ЖИТС) т.б. ауруларды жатқызуға болады.

Патофизиология пәні жалпы және жүйелік патофизиология деген екі үлкен бөлімнен түрады. Жалпы патофизиология ауру туралы жалпылама түсінікпен (жалпы нозология) және біртектес дерттік үрдістермен таныстырады. Ауру туралы жалпы түсінік аурудың пайда болу себептік байланыстары (этиологиясы), олардың даму жолдары (патогенезі) туралы түсініктермен байланысты. Және де оларга қабыну , жергілікті кан айналым бұзылыстары жатады жане т.б.


2. Ситуациялық есеп: жіліншік флегмонасы бар науқасқа антибиотикті енгізгеннен кейін 20 минуттан кейін мазасыздық, қорқыныш сезімі, қозғалыс қозуы, қатты пульсирленген бас ауруы, терінің қышуы, беттің қызаруы, терлеу пайда болды; қан қысымы — 180/90 мм сын.бағ., пульс 120. Осыған байланысты дәрігер науқасты палатаға жіберіп, төсекке жатуды ұсынды. 20 минуттан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлады: әлсіздік, бет әлпеті, дем шығару қиындықтарымен тұншығу сезімі, шатасу, клоникалық-тоникалық конвульсиялар пайда болды; қан қысымы күрт төмендейді — 75/55 мм сын.бағ.,Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

1. Антибиотик енгізілгеннен кейін науқаста қандай патологиялық жағдай пайда болды?

2. Бұл патологиялық жағдайдың даму механизмдері қандай?

3. Науқасты осы жағдайдан шығару үшін шұғыл медициналық көмек шаралары қандай?


1.Анафилактикалық шок

2. Даму негізінен аллергиялық реакциялардың реагиникалық түріне негізделген.

3. Коллоидты ерітінділерді (жүректерге алдын ала жүктеменің критикалық тапшылығын жою үшін), тамырға адреналинді (жүрек жиырылуын қалпына келтіреді, перифериялық төзімділікті арттырады және бронхтың тарылуын жояды), антигистаминдік препараттарды, бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарын, жүрек қызметін жақсартатын препараттарды және тыныс алу, эуфиллин, хлорпромазин.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет