Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері



бет1/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26



Мазмұны



Кіріспе

5

1

Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері

8


1.1

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін бағалау

8

1.2

Оқушылардың білімін бақылаудың түрлері

18

1.3

Оқушылардың білімін бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру түрлері

26


2

Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

36


2.1

Білімді бақылау мен бағалауды іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру

36

2.2

Информатикадан оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау әдістері

42

2.3

«Информатикадан оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау және бекіту үшін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құралы

45


Қорытынды

48

Қолданылған әдебиеттер

49

Қосымша

52



Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі уақытта білім беру аумағында әрбір оқушының білім алу қажеттілігін қамтамасыз ететін оқыту жүйесін құру мақсатында, ғылыми-зерттеушілік және инновациялық іс-әрекеттің дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оқу іс-әрекетінің нәтижесін бақылау мәселелерін зерттеуді де қажет етеді. Бақылау мазмұнының мәні бақылаудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, оны ұйымдастыру қоғамдық-экономикалық қатынастардың, ақпараттық технологияның дамуы мен білім беру аумағындағы өзгерістер сияқты бірқатар себептерге байланысты анықталады. Тек бақылау ғана білім стандартына сай оқушылардың білім деңгейін, практикалық дағдылары мен біліктіліктерін дер кезінде анықтап, информатиканы оқыту әдістемесі мазмұны мен әдістемесіне түзету енгізуге мүмкіндік береді.
Информатиканы оқытудың методикалық жүйесінің даму аймағында жүргізілген зерттеулер: С.А. Бешенков, А.П. Ершов, С.А. Жданов, А.А. Кузнецов, Э.И. Кузнецов, М.П. Лапчик, В.Л. Матросов, И.В. Роберт, ЮА. Шафрин және т.б., еңбегінде көрсетілген.
Бақылаудың мазмұнының, оны ұйымдастырудың, оны жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығы келесі себептерге байланысты анықталады: қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастың, ақпараттық технологиялардың дамуымен, білім беру аумағындағы өзгерістермен. Бақылау білімнің, практикалық дағдының және білім беру стандартына сәйкес білім алушының білігінің уақытылы көрінуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар білім мазмұнына, ұйымдастырылуына және информатиканы оқыту әдісіне, мұғалімнің іс-әрекетіне, олардың педагогикалық мәдениетінің дамуына өзгертулер енгізеді.
Бақылаудың негізгі міндеті – оқушының алған білімінің дұрыстығының, көлемінің, тереңдігінің және шындығының деңгейін анықтау және оқу іс-әрекеті туралы, дербестігінің деңгейі және оқушының оқу үдерісіндегі белсенділігі туралы ақпарат алу, олардың оқуының әдіс, тәсіл және формаларының тиімділігін анықтау болып табылады.
Оқушылардың оқу іс-әрекетінің басшылық функциясын орындай отырып, бақылау кезінде үнемі баға қойылмайды. Ол оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауына дайындық ретінде жүруі мүмкін, оқушының білім, білік және дағдыны түсінуге, қорытындылауға және жүйелеуге дайындығын анықтау ретінде жүргізіледі. Бақылау маңызды оқытушылық және дамытушылық мағынаны білдіреді.
Бақылаудың психологиялық-педагогикалық функциясы оқушының біліміндегі кемшіліктерді және осы кемшіліктерді жою мақсатында оның себептері мен сипатталуын анықтаудан тұрады. Мұғалімге оқушының білімді түсінгендігі туралы және ол қандай жолмен жүзеге асқандығы туралы ақпарат алу өте маңызды.
Бақылау сонымен қатар білім беру үдерісінде үлкен тәрбиелік қызмет атқарады. Ол тек оқушының ғана емес сонымен қатар мұғалімнің де орындалған жұмысқа жауапкершілікпен қарауын арттырады. Оқушыны оқу тапсырмаларын орындау барысында ұқыптылық пен жүйелі еңбек етуге үйретеді.
Білімді тексеру оқушының оқу іс-әрекетін бақылаудың педагогикалық формасы болып табылады. Мұғалім оқушылардың барлық бағдарламалық материалды түсінгендігіне көз жеткізу үшін білімді бақылаудың арнайы түрін пайдаланады. Бақылауды білімді жай ғана бақылап қоятындай етіп емес, алған білімін толықтай тексеретіндей етіп жасау керек.
Тексеру – оқушылардың тұрақты білімге деген ынтасы.
Оқушылардың білімін тексеру – мұғалімнің өзін-өзі бақылауының маңызды формасы. Сондықтан бақылау білім берудің маңызды және қажетті құрамдас бөлігі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет