Педагогикалыќ баєдарламалыќ Ќамтылу (ПБЌ)


Графиканы позицияландыру құралдары мен панельдері



бет50/65
Дата13.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#25397
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Графиканы позицияландыру құралдары мен панельдері.

Позицияландырудың бірнеше тәсілі бар:

1. Соның ішінде ең қарапайым және табиғи тәсілі – сызғыштарды пайдлану. Сызғышты View – Rules командасымен шығаруға болады. Сонда сызғыштар жұмыс өрісінің сол жағынан және жоғарғы жағынан орналасады. Бастапқыда сызғыштар пиксельмен беріледі. Мұны Properties панеліндегі Size батырмасының көмегімен басқа өлшем-бірлікке ауыстыруға болады. Properties панелінің сол жақ панелі бұрышында арнайы мәтіндік өрістерде 4 сан көрсетіледі: мұнда ерекшеленген объектінің ені (W-Width) және биіктігі (H-Height) және объектінің нүктелерінң коорджинаталары (X,Y) көрсетіледі. Бұл координата жұмыс жолының жоғарғы бұрышынан бастап саналады.

2. «Қара бағыт» құралымен тіркемелеу барысында (буксировка) графикалық объектілердің позицияландырудың тағы бір қарапайым тәсілі – оларды магниттеу болып табылады. Іске қосылуы View – Snap to objects (Просмотр – Привязка к объектам) командасы бір графикалық объектіні екіншісіне магниттеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдай «қара бағыт» батырмасын таңдауда Options бөлімінде магнит кескіні бар батырманың белсенді болуына әкеледі.

3. Көмекші бағыттауыш сызықтар объектілерді позицияландырудың үлкен мүмкіндіктерін ашады. Тышқан көрсеткішін координата сызығына қойып жылжытсақ, тік және көлденең сызықтар пайда болады. Осы сызықтар бағыттауыш сызықтар деп аталады және графиктік объектілерді салу барсында көрінеді, ал дайын анимациялар көрінбейді. Бағыттауыш сызықтарды экраннан алып тастау үшін View – Guides – Snow Guides командасы орындалады.

4. Позицияландырудың өте пайдалы құралы ретінде координаталық торды пайдалануға болады. Координаталық тор дегеніміз – эквидистантты орналасқан бағыттауыш сызықтардың жиыны. Координаталық тор View – Grid командасы арқыды беріледі. View – Grid – Edit Grid командасы арқылы координаталық тордың сызықтарының түсін, ұяшықтардың және көлденең өлшемдерін өзгерту. Осы тік және көлденең өлшемдер 7,20-дан 288,00 дейін өзгере алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет