Пәннің мақсаты Студенттерді мәдениет феноменінің мәні, құрылымы, типологиясы мен әлемдік, отандық мәдениеттің негізгі даму үрдісі туралы жүйелі мәліметтермен және рухани білім негіздерімен қаруландыру, олардың мәдениетке қызығушылығын



бет1/6
Дата10.05.2023
өлшемі209,4 Kb.
#91710
  1   2   3   4   5   6






  1. Кіріспе




Пәннің мақсаты

Студенттерді мәдениет феноменінің мәні, құрылымы, типологиясы мен әлемдік, отандық мәдениеттің негізгі даму үрдісі туралы жүйелі мәліметтермен және рухани білім негіздерімен қаруландыру, олардың мәдениетке қызығушылығын арттыру, рухани белсенділіктерін тиімді жетілдіретін дағдылар мен шеберліктерін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

  1. 1) мәдениеттану ғылымының қоғам өміріндегі рухани мәселелерді зерттеуінің маңыздылығын түсіндіру;

  2. 2) студенттерге мәдениеттанудың негізгі түсініктерін ұғындырып, мәдени қатынастарды, құбылыстарды саралап талдай білуге үйрету;

  3. 3) қоғамның мәдени жүйесінің дамуының маңыздылығын айта отырып, студенттердің мәдени құндылықтарды бағалай білуін, патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру;

  4. 4) студенттердің мәдени танымдарын жетілдіру арқылы олардың бойындағы саяси мәдениеттерін дамыту;

  5. 5) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;

  6. 6) теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде нақты өмірде белсенді пайдалануға үйрету және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, оны практикада қолдану мүмкіндігі.




Күтілетін оқу нәтижелері

1)қоғамының тарихи даму негізінде мәдени құндылықтардың негізгі мазмұнын сипаттайды;
2) қоғамның мәдени-этикалық құндылықтарын түсінеді;
3) әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың ерекшеліктерін ажыратады;
4) мәдениеттанудың пәндік білімін шығармашылық жұмыста дамытады;
5) сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып және оны практикада қолданады;
6) қоғамдағы әртүрлі жағдайларды мәдени этикалық нормалар жүйесіне сай бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет