Пішін ќасиеттері



бет1/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#11847
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Delphi — визуалды программалау жүйесі

Соңғы уақытта программалаға деген қызығушылық көбейіп отыр. Оның негізгі себебі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен күнделікті өмірге енгізілуі. Егер адам компьютерді жақсы меңгесе ерте ме кеш пе компьютерге арналған программаны өзі жазғысы келеді.

Дербес компьютерді қолданушылар арасында Windows операциялық жүйесінің орны ерекше. Сондықтан да программа құрастырушылардың осы операциялық жүйеге арналған программаларды жазуға тырысатыны түсінікті жағдай.

Осыдан бірнеше жыл бұрын қарапайым программистке Windows жүйесіне арналған программа құру арман болатын. Өйткені бұл жүйеге арналған программалар тек қана «Borland C++ for Windows» тілінде жазылатын, ал ол кәсіпкер программистердің қолынан ғана келетін.

Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы, программалау құралдарына деген қажеттілік Borland Delphi (1сурет) және Microsoft Visual Basic сыяқты «жылдам құрастыруыштардың» пайда болуына себеп болды. RAD (Rapid Application Development – жылдам қолданба құрастыру ортасы) жүйелерінің негізінде визуалды жобалау технологиялары мен уақиғалық программалау жатады. Бұл дегеніміз программалау барысында кездесетін көптген жұмысты жүйе өз міндетіне алады да, ал программистке қолданба дизайнын құрастыру құрастыру мен уақиғаға байланысты программалар жазу ғана қалады. RAD жүйелерін қолдану программистің жұмыс өнімділігін бірнеше есе арттырады.

Delphi — жылдам қолданба құрастыру ортасы, программалау тілі ретінде Delphi тілі қолданылады. Delphi тілі – қатаң типтелген, объектіге бағытталған тіл. Бұл тілдің негізінде программистерге бұрыннан таныс Object Pascal жатыр.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет