Құрал-саймандық аспаптар программаларды жасау үшін пайдаланылады.
Программалық жабдықтаманы таңдауда оның құны маңызды рөл атқарады. Мысалы, егер сендер өз сайттарыңды жасайтын болып, оған сай программаны таңдасаңдар, онда Abode Dreameaver қымбат редакторды пайдалану міндетті емес, ең алдымен оның аналогын – Kompozer-ді қолдану жеткілікті.
Барлық программалық жабдықтамалар алу амалдары бойынша келесідей бөлуге болады:
Тегін (freeware);
Шартты-тегін (shareware);
Проприетарлық.
Еркін таралатын ПЖ (ЕПЖ) қолданушыға көп жағдайда шектеулі жұмыс істеумен беріледі. Егер ол шартты-тегін болған жағдайда, программаны әзірлеуші қажетті ақыны төлеу арқылы толық қызметіне қол жеткізе аласыңдар.
ЕПЖ еркін немесе ашық лицензиямен таратылады, мысалы, GNU General Public License. Мұндай лицензиялар қолданушыдан программаға енгізген кодты жариялауды талап етеді.
Білім беруде бұлттық технологияларды қолдану.
АКТ-құзыреттілікті қалыптастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында пайдаланылатын жұмыстың неғұрлым тиімді формасын қарастырайық. Олардың бірі - бұлтты технологиялар деп аталатын, замануи ақпараттық технологиялар бойынша базалық білімін және білім беру тәжірибесіндегі желілік құралдарды пайдалану шеберлігін қалыптастыру(1 сурет).
1 сурет. Бұлт моделі
Бұлтты сервистер немесе бұлтты сақтау орындары дегенді қандай да бір ұйымның жеке кеңістікті пайдаланушыға өзінің әр түрлі файлдарын сақтау үшін ұсынылатын қызмет түрі деп түсіну керек. Ол орналасу орны білім беру жүйесінің SMART-сервистары болатын құжаттар, медиафайлдар, фотосуреттер мұрағатымен қатар, тіпті пайдаланушыға қажетті кез келген файл болуы да мүмкін. Көптеген пайдаланушылар үлкен көлемдегі ақпаратты сақтау үшін тегін сервисті жиі пайдаланады.
Мәліметтерді бұлтты сақтау орындары (ағылш. cloud storage) - негізінен үшінші тараппен клиентке пайдалану үшін ұсынылатын, мәліметтер бөлінген көптеген серверлер желісінде сақталатын онлайн-сақтау орындарының моделі. Өзіне берілген серверлерде мәліметтерді сақтау моделіне қарағанда аталған мақсаттар үшін арнайы немесе жалға алынған серверлердің көлемі немесе қандай да бір ішкі құрылымы клиентке жалпы алғанда көрінбейді. Мәліметтер клиенттің көзқарасымен қарағанда үлкен бір виртуалдық сервер ретінде ғана көрінетін бұлтта сақталады және өңделеді. Мұндай сервистер география тұрғысынан алғанда бір-бірінен алшақ орналасуы, тіпті әр түрлі континенттерде де болуы мүмкін.
АҚШ-та жүргізілген әлеуметтік сауалнама оған қатысқандардың 54%-ы бұлтты технологияларды ешқашан пайдаланбағандарына сенімді екендігін көрсетті. Шындығына келгенде жағдай мүлдем өзгеше – интернетті пайдаланушылардың 95%-ы өздері тіпті күдіктенбестен бұлтты технологияларды пайдаланады. Олар оны онлайн-видео, вебинарлар көргенде, онлайн-ойындар ойнағанда, iTunes арқылы әуен жүктегенде, Gmail-да пошта қарағанда немесе Facebook-қа кіргенде қолданады.Біз жұмыс жасау кезінде неғұрлым мықты әрі ресурс сыйымды бағдарламаларды пайдаланамыз, ол үшін әрине, мықты «темір» қажет. Біз мәліметтердің үлкен көлемімен жұмыс жасауға мәжбүр боламыз, және осы мәліметтерді бір жерде сақтау керек болады. Бірақ, ойланып қарасақ бұндай супер мықты бағдарламаны жиі пайдалана бермейміз, ол үшін мықты компьютер керек, мәліметтер терабайтын да күнделікті қолдана бермейміз.Шамамен осындай логиканы 2006 жылы компьютерлік технологиялардың жаңа моделін ұсынған Google-дың бұрынғы басшысы Эрик Шмидт басшылыққа алған болатын. Ол алғаш рет «бұлт», «бұлтты технологиялар» терминін қолданысқа енгізді және осы кезден бастап ол ұсынған модель қарқынды түрде дами түсті.
Заманауи орталықтарда басты назар мәліметтерді өңдеу күрделі есептеу күштері мен диск кеңістігінің үлкен көлеміне шоғырланған. Бүгінгі таңда бағдарламалық қамтамасыз ету мен байланыс каналдары әр түрлі континенттерде орналасқан серверлерге біртұтас жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бар болғаны қолайлы қол жетімділік жүйесін жасау керек, сонда бұл күштің барлық ауқымын оған мұқтаж болғандардың барлығына ұсынуға мүмкін болады. Виртуалдандыру құралдары есептеу күшін кез-келген үйлесімде жекелеген пайдаланушыларға бөлуге мүмкіндік береді. Енді пайдаланушы web-сервис арқылы алыстағы есептеу ресурстарына қол жеткізе алады.Корпоративтік секторда бұлтты технологиялардың бірнеше бағыттары жұмыс жасауда және қарқынды түрде даму үстінде Бірінші, ең төменгі деңгей – бұл қызмет түрі ретінде бағдарламалық қамтамасыз ету құқығын ұсыну (SaaS). Тұтынушыға өзі жұмыс жасай алатын қымбат «софт» және қуатты жұмыс станциясын сатып алудың қажеті жоқ. Мамандардың үлкен штаты да қажет болмай қалады. Тұтынушы осы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығын жалға алады да, өзі пайдаланған уақыттың ғана ақысын төлейді. Сонымен қатар ол планшет болсын, смартфон болсын интернетке қосылған кез-келген құралда жұмыс жасай алады. Өйткені барлық есептеулер провайдердің бұлтты жағында жасалады да пайдаланушы құрылғысына тек нәтиже ғана беріледі.
Келесі деңгей - бұл қызмет түрі ретінде платформаны ұсыну. Бұл жағдайда тұтынушы өзінің жобаларын әзірлейтін және өрістететін операциялық жүйені, мәліметтер базасын басқару жүйесін немесе әзірлеу және дұрыстау құралдарын иелігіне алады.Және ең соңында тұтынушыға жоғары деңгейде ірі корпоративтік компьютер желісінің барлық инфрақұрылымы бұлтты нұсқада ұсынылады.
Бұлтты технологиялар қарапайым пайдаланушыларға функционалдық бойынша шамамен бірдей қызмет ұсынады: шағын бағдарламаны жүктеу және орнату, бұлтты сақтау орнына орналастырғыңыз келетін файлдарды сақтау үшін папка жасау. Ол үшін пайдаланушыға жергілікті компьютерде немесе «Бұлтта» орналасқан файлдар мен папкалардың синхрондау параметрлерін реттеу керек болады. «Бұлтта» сақталатындардың барлығы web-интерфейс арқылы кез келген құрылғыдан қол жетімді болады. Оған электронды пошта арқылы сәйкес сілтеме жіберу арқылы кез келген адам папкаға немесе файлға еркін түрде қол жеткізе алады.Ең танымал бірнеше сақтау орындарын қарастыруды ұсынамын. «Mail бұлты» Mail пошта қызметімен және «Мой мир» әлеуметтік желісімен бір тізбекте жұмыс жасайды. «Mail бұлтында» 25 ГБ тегін ұсынылады. «Mail бұлты» ең алдымен бізге тек дисктік кеңістік қана емес, сонымен қатар кеңсе құжаттарын браузер терезесінде қарастыруға және редакциялауға мүмкіндік беретін Docs кеңсе қосымшаларының пакетін ұсынатындығымен қызықты.
Достарыңызбен бөлісу: |