Психолингвистика пәні бойынша


-жылдардағы психолингвистикадағы трансформациялық бағыт



Pdf көрінісі
бет17/104
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#12163
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
2. 60-жылдардағы психолингвистикадағы трансформациялық бағыт.  

Ч.Осгудтың  психолингвистикасын  сынаған  трансформациялық  бағытты 

қодаушылар  екі  кӛрші  сӛздің  арасындағы  ассоциация  сӛйлеуді  не  оның  пайда  болуын 

түсіндіре  алмайды  деп  есептейді.  Бұл  бағыттың  лидері  Дж.  Миллер  –  сӛйлеу  әрекеті 

саласында белсенді жұмыс істеген психолог.  

Лингвистті  трансформациялық  бағытпен  таныстыру  ассоциациялыққа  қарағанда 

жеңілдеу,  ӛйткені  ол  Н.Хомскийдің  белгілі  трансформациялық  грамматикасына 

негізделген.  Н.Хомскийдің  алғашқы  еңбегі  «Синтаксистік  құрылымдар»  1957ж. 

(Психолингвистика-54-пен  бір  мезгілде)  шықты.  Н.Хомский  екі  ұғымды  ерекше  атап 

кӛрсетеді: тілдік қабілет және тілдік белсенділік. Тілдік қабілет – бұл тілдің потенциалды 

білім  қоры.  Тілдік  белсенділік  –  тілдік  қызметте  бұл  қабілеттің  жүзеге  асу  барысында 

кӛрінетін  процесстер.  Н.Хомскийдің  байымдауынша,  тілдік  қабілет  алғашқы,  ол  тілдік 

белсенділіктің анықтайды.  

Трансформациялық грамматика неден пайда болды? 

Бірнеше мысал келтірейік. Мысалы: Құстар сайрайдыТілді зерттейді. Жазушы 



шақырады.  Тікелей  құрастыру  (ТҚ)  (непосредственно  составляющим  НС)  анализі 

бойынша  мұнда  «ілік  септігіндегі  зат  есім»  конструкциясына  айнала  алатын  «атау 

септігіндегі зат есім + табыс септігіндегі зат есім» структуралары бірдей ерекшеленеді:  

Құстар сайрайды ==> Құстардың сайрауы 

 

Тілді зерттейді ==> Тілдің зерттелуі 

 



 

18 


Жазушы шақырады ==> Жазушының шақыруы 

 

Бұл  үш  фраза  да  түрлі  синтаксистік  құрылымдар  бар.  Ӛйткені  Құстардың 



сайрауы (Пение птиц) фразасында «құс» - бұл субъект; Тілдің зерттелуі (Изучение языка) 

деген  фразада  «тіл»  -  бұл  объект,  ал  Жазушының  шақыруы  (Приглашение  писателя) 

фразасында  «жазушы»  -  не  субъект,  не  объект  екені  түсініксіз.  Бұл  үш  структураның 

барлығы  бірдей  формаға  ие  болғанына  қарамастан  әр  түрлі  болып  табылады.  Алайда 

мұның  барлығын  ТҚ  анализі  арқылы  анықтау  мүмкін  емес.  Салаласа  байланысқан 

конструкцияларға  кезіккенде  де  бұл  анализдің  зерттеушіге  кӛмегі  жоқ.  Мысалы:  Петя 



және  Маша  сабаққа  дайындалды.  Сӛйлеуші  ортақ  мүшені  жақша  сыртына  шығарып, 

математикада  жасайтын  операциясын  орындайды:  Петя  сабаққа  дайындалды  +  Маша 



сабаққа  дайындалды  =  (Петя  және  Маша)  сабаққа  дайындалды.  Бұл  ӛзгеріс  мәтіннің 

сыртқы структурасында кӛрінбеген. Мұндай деректер ТҚ арқылы мәтінді таза формальды 

анализ  негізінде  фразалардың  кӛптеген  айтарлықтай  ерекшеліктерін  айқындау  мүмкін 

емес  екенін  кӛрсетеді.  Шешім  табу  жолында  Н.Хомский  трансформациялық 

грамматиканы  құрастырады.  Н.Хомскийдің  айтуынша,  сӛйлем  не  ядерлы,  не  осы 

ядерлының  ӛгеріске  түсуінен,  яғни  оның  трансформасы  болып  келеді.  Айталық, 



Құрылысшылар  үй салады (Рабочие строят дом) - ядерлі сӛйлемнің кең түрде кездесетін 

үлгісі. Структурасы: N1ат. N2ат. V. Мұнда N – белгілі бір септіктегі зат есім, V – етістік. 

Ал    Үй  құрылысшылар  тарапынан  салынды  (Дом  строится  рабочим)  сӛйлемі  пассивті 

конструкцияны  кӛрсетеді.  Және  сӛйлемнің  конструкциясы  да  ӛзгеше:  N2ат.  N1шығ. 

Vырық.  Мұнда  Vырық  –  ырықсыз  етістік.  Мұндай  сӛйлем  –  ядерлі  емес.  Ол 

трансформация  операциясы  арқылы,  оның  ішінде  ядерліден  (активті  структура) 

пассивизация операциясымен алынған:  

Құрылысшылар үй салады ==> Үй құрылысшылар тарапынан салынды  

Рабочие строят дом ==> Дом строится рабочими.  

Демек, сӛйлем атаулы ядерлі және трансформаларға бӛлінеді.  

Н.Хомскийдің 

алғашқы 


еңбектерінде 

психологиялық 

мәселелер 

қарастырылмаған.  Ол  ӛзінің  моделін  қатаң  логика-формалдық  жүйеге  есептей  отырып 

құрастырған.  

Психолингвистикадағы  тарнсформациялық  бағыттың  лингвисттер  арасында 

қолдау табуының мәнін түсіну үшін ғалым Л.В.Сахарный мына мәселелерге кӛңіл аудару 

қажет  деп  табады:  Ч.Осгуд  психолог  ретінде  психологиялық  проблемалардың  күрделі 

комплексінен, ассоцианизмнен, психикалық механизмнен бастау алып, әр түрлі қырынан 

қарастырылатын  мәселелердің  элементтерін  бір  концепцияға  енгізуге  тырысты, 

сондықтан да Ч.Осгудтың концепциясын лингвисттердің меңгеруі  қиындық  туғызды. Ал 

Миллер  -  Хомский  концепциясына  келетін  болсақ,  бұл  –  концепция  –  психикадағы 

лингвистикалық модельдің проекциясы. Мұнда лингвисттердің ұғымына жақын, түсінікті 

және таныс проблеманы жаңа қырынан қарастырудың жолы табылды.  

Егер  ассоцианистикалық  психолингвистика,  ең  алдымен,  жеке  сӛз  құрылымын 

қарастырумен  айналысса,  ал  трансформациялық  психолингвистика  сӛзден  ӛтіп,  тұтас 

байымдауларды, 

сӛйлемдерді 

қарастырады, 

себебі 


трансформациялық 

ӛзгеріс 


(трансформационное преобразование)  – бұл  сӛйлемнің тұтасымен бірден ӛзгерілуі.  Шын 

мәнінде, сөйлеу жеке сӛз тізбегінен құралмайды, сондай-ақ жеке сӛйлемдер тізбегінен де 

тұрмайды.  Сондықтан  психолингвистика  кең  түрдегі  текст  проблемасын  қарастыруға 

бетбұрыс  жасалғаны  байқалады.  Ғалым  Дж.  Миллерше,  сӛйлеуші  адам  Робинзон  Крузо 

болып қала береді. Негізі, трансформациялық грамматикада ӛте қарапайым сӛйлемдердің 

пайда  болуының  бірқатар  әмбебаптық  ержесі  берілген,  бұл  ережелер  қайдан  алынған 

деген  сұрақ  туындайды  (Сондықтан  да  трансформациялық  бағыттағы  зерттеушілер 

баланың  сӛйлеуіне  ӛте  кӛп  кӛңіл  бӛледі).  Ч.Осгудта  барлығы,  яғни  сӛйлеу  үйрену 

идеясына  құрылады,  ал  Дж.  Миллерде  туа  біте  қалыптасқан  механизм  идеясы  пайда 



 

19 


болды, себебі кез келген нәресте кез келген құрылымдағы тілді бірдей еркін түрде меңгере 

алады.  


Тілдік  қабілет  қайдан  алынады,  қалай  пайда  болады?  Ол  (тілдік  қабілет)  не 

адамда  генетикалық  түрде  қалыптасқан  ба,  әлде  баланың  айналасындағылармен  контакт 

жасау  барысында,  баланың  әлеуметтік  қызмет  нәтижесінде  қалыптасты  ма? 

Психолингвистикада  бұл  сұрақ  белсенді  түрде  талқыланады.  Сұрақты  мұндай 

альтернативті    формада  қоюдың  ӛзі  түрлі  мәселелердің  араласып  кетуін  тудырады.  Бір 

жағынан, бала дайын тілдік ережелерді және оны қолдану жолдарын біліп тумайды. Бұл 

қабілеттер  бала  дамуына  әлеуметтік  факторлардың  әсері  барысында  кейінірек 

қалыптасады  (ересектермен  тілдесуде,  баланың  тілдік  мінез-құлқын  ересектер,  кейін 

құрбылары тарапынан сынау  есебі  бойынша,  тілдің  әлеуметтік қалыптасқан нормаларын 

меңгеруде  т.б.).  Екінші  жағынан,  балада  тілді  игеруге  генетикалық  бейімділік 

(предрасположенность) болуы тиіс. Жаңа туылған нәрестенің миы tabula rasa (таза тақта), 

тілдік механизм комплексінің қалыптасуы тек әлеуметтік факторлардың әсерінің нәтижесі 

деп есептеу қойылған мәселенің реальды шешімін табуды тым оңайлатады. Қалыпты даму 

үстіндегі  балада  база  ретіндегі  білімді  игеру  қабілетін  қалыптастыратын  туа  біткен 

алғышарттар  (предпосылки)  болуы  тиіс.  Маймылдардың  немесе  басқа  аңдардың 

ортасында  ӛскен  кішкене  балалар  сӛйлей  алмайды.  Демек,  бұдан  біз  тіл  –  қоғамдық 

құбылыс  деген  қорытынды  жасауымыз  орынды.  Алайда  аң  арасында  ӛскен  бала  адам 

ортасына  оралғанымен  кӛп  жылдарға  дейін  тілді  меңгере  алмайды  (Маугли  жӛніндегі 

аңыз – бұл жай әдемі аңыз. – Л.Б.)  

Тіл қоғамдық құбылыс болғанымен, егер бала белгілі бір жасында (шамамен, 3-4 

жас)  сӛйлеуді  игере  алмаса,  онда  бұл  мүмкіндікті  биологиялық  тұрғыдан  жоғалтады. 

Демек,  тек  белгілі  бір  кзеңде  ғана  іске  асатын  биологиялық  механизм  бар.  Тілді  игеру 

проблемасы  кӛпаспектілі  және  оны  міндетті  түрде  әлеуметтік  және  биологиялық 

факторлардың ӛзара әрекеттесуінің күрделі комплексін есепке ала отырып шешу қажет.  

Жалпы  алғанда,  50-60  жылдардағы  американдық  психолингвистиканың  екі 

варианты  да  әлемдік  ғылымда  айрықша  құбылыс,  тілдік  қызметті  зерттеудегі  жаңа 

бетбұрыс.  Бұл  бағыттардың  екеуі  де  кең  танымал  болуы  да  кездейсоқ  емес.  50-60 

жылдарда Еуропадағы (ФРГ, Англия, Италия, Норвегия, Румыния және т.б.) басқа дербес 

психолингвистикалық  зерттеулер  бұл  бағыттардың  (ең  алдымен,  трансформациялық) 

варианттарын  құрады.  Франциялық  ғалымдардың  еңбектері  ерекшеленді.  Дегенмен, 

олардың  (Ж.Пиаже  және  оның  ізбасарларының  еңбектері)  сӛйлеуді  зерттеулері 

психолингвистикалықтан гӛрі психологиялыққа жақын.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет