Психология емтихан сұрақтары



бет1/6
Дата12.05.2023
өлшемі145,43 Kb.
#91926
  1   2   3   4   5   6

Психология емтихан сұрақтары
1. Мен-концепциясы
"Мен" концепциясы – адамның өзі жайлы біршама тұрақты, азды-көпті мәні бар түсініктерінің жүйесі.

"Мен" концепциясы негізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адам бойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады. Кез келген адамның өз “менін” айыра алуы тұлғалық қасиеттің өзекті белгісі болып табылады. "Мен" тұжырымдамасы әлеуметтік өзара іс-қимылдың алғышарты мен салдары бола тұра, әлеуметтік тәжірибе барысында анықталады.


Оны құрайтындар:
· шынайы “мен” (осы шақтағы өзі туралы түсінік),
· идеалдық “мен” (өзінің пікірі бойынша, субъектінің моральдық нормаларға бағдар алғанда қандай болуға тиіс екендігі),
· серпінді “мен” (субъектінің қандай болғысы келетіндігі туралы ниеті),
· фантастикалық “мен” (егер мүмкін болса, субъектінің қандай болуды армандайтындығы), т.б.
"Мен" тұжырымдамасының қалыптасуы адамдар арасында қызмет алмасу жағдайында жүріп, оның барысында субъект “басқа адамға айнадағыдай көрінеді” және сол арқылы өз менінің бейнесін сақтап, айқындайды және түзетеді.
2. Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Тұлға құндылықтары – бұл тек қоғамның материалды жəне рухани құндылықтарының индивид санасындағы таңдамалы бейнеленуі ғана емес; индивид, тұлға құндылықтары ретінде индивидке қатысты оның ортасының «сыртқы» болып көрінетін компоненттері болуы мүмкін. Бұл ойлар, сезімдер, түсініктер мен бейнелер елестер мен пайымдаулар тіліне аударылғанда қажеттіліктер мен қызығушылықтар. Алғашқылары біздің бағалауымыздың объектісі болып табылады, олардың құндылығын əлі анықтауымыз қажет. Ал, екіншілері болса, осындай бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді, бұл адамдар қоршаған шынайылықты өзі үшін мəнді анықтауға мүмкіндік береді. Əлеуметтік құндылықтар функционалды түрде нақты бір рөлдерді атқарады. Олар адамға өз пікірін білдіруге көмектесетін бағдарлардың адамдар санасында қалыптасуы мен сақталуына негіз болады. Мұндай жағдайда құндылықтар сананың бөлігі болып кетеді. Бұл процесте құндылықтар адамдарды, заттарды, идеяларды жəне жағдайларды адаммен бағаланатын тұлғалық шкаладағы санақтың өзінше бір басы болып табылады. Құндылық бағдар әлеуметтік бағытта, әлеуметтік бағалауда және әлеуметтік қызығушылықта көрінеді. Құндылық жүйесін түсінуге заттар жиынтығы ( еңбек құралдары және тұтыну заттары ) және біржағынан адамның қоғамдық байланыстарын реттейтін қызмет атқаратын , ал екінші жағынан индивидтің өмірін, оның мұрат – арманынжәне теріс императивтарын ұйымдастырып белгілі бір векторда бағыттайтын, яғни оның өмірінің және мінез – құлқының өзіндік мәні негізінде жатқан әлеуметтік маңыздыбасымдылықты қалыптастырудағы ойлар көмектеседі. Дәуірге, мәдениет түрлеріне, әлеуметтік топтарға байланысты, сондай – ақ индивид призма арқылы қоғамның құндылық әсерін қабылдайтын психикалық ерекшеліктер, жеке адамдық құндылық жүйесі өзінің нақты құрылысын қалыптастырады.
3. Психология – психикалық құбылыстарың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі - барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі-бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.
Жалпы айтқанда, психологияның зерттейтін пәні- психика.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндіруімен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылықтарды ашып анықтаумен шұғылданады. Сонымен, Психология-психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Дамудың қазіргі кезеңдегі психологиялық ғылыми пәндердің күрделі де тармақталған жүйесі болып табылады. Психология жеке салаларымен тығыз байланысты. Зерттеу обьектісі-адам
4. Психология тиімді өмір сүру факторы ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы және т.б.).
Адамзат өмірінде психологияның алатын орны ерекше. Ол тиімді өмір сүру факторы ретінде әр түрлі қызмет салаларында көрініс табады. Мәселен, бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама, медиа салаларында. Бизнес психологиясы –бүл бизнес іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге және бизнес субъектілерінің өз-ара әрекеттесуін оптимизациялауға бағыттталған психология ғылымының пән-аралық саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет