Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

194-жаттығу. Мәтіндегі бірыңғай мүшелердің арасындағы үтірдің қойылу 
мәнін талдап көрсетіңіздер. 
Енді тостақты да, табақты да, қасықты да, сырғаны да, кірленді де 
–  бәрін  шетінен  алюминнен долбарлай береді, қайда  барма, бәрі  сол 
(Ш.А.). Кеңесе келе Абай Тобықтының өзі ән шығара қоймайтынын, 
әннің  көбін  сол  Қарқаралы,  Баян,  Қараөткелден  алатынын  және  сол 
алғанын да оншалық келістіре алмай, бұрып, ырғақсыз ғып әкететінін 
айтты  (М.Ә.).  Сазарған  түсінен  не  көнгендігі,  не  қарсылығы 
байқалмайды.  (Ғ.М.)  Толқын  біресе  жарды  сүзіп,  біресе  қайтып, 
буырқанып жатыр екен. (С.М.) Ел адамдары да, құрбы-құрдастары да 
Сәкенге  ілтипат  білдіріп,  оның  аузынан  шыққан  сөзге  мән  бере 
қарайтын  боп  қалыпты.  (Т.К.)  Сүп-сүйкімді  уылжыған  жігітке 
үлкендердің де, қыз-келіншектердің де көзі түскіш-ақ емес пе?! (Т.К.) 
Бұлар  ертеден  осы  қалаға  орналасып,  жаяу  кәсіппен  күн  көріп 
отырған  адамдар:  әйелдері  тон  тігеді,  еркектері  етік  тігеді,  ойық 
тазалайды,  әркімнің  отын-шөбін  тасып  береді.  (Ғ.Мүс.)  Әрі  шабыт 
шалған,  әрі  күн  шұғыласы  шалған,  шапшыған  жігіт  Абай  көзіне  ақ 
мәрмәрдан ойылған, әсем біткен, тас тұлғадай көрініп еді. (М.Ә.) Осы 
кезде  домбыраны  Мұқа  алды  да,  үй  ішін  тегіс  елең  еткізіп, 
сергітердей боп, шырқап кетті. (М.Ә.) 
 
195-жаттығу. Мәтінді оқып, бірыңғай мүшелерге жалпылауыш сөз қосып 
көшіріңіздер, олардың тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар. 

 
124 
Сарғайып  қураған  шөптер  де  бұталар  да  бұталардың 
жапырақтары да жаңбыр суын жұтып жасарыңқыраған сияқты. (С.С.) 
Сайлы  ер-тоқым  сары  жезден  жасалған  үзеңгі  сылдыр  қағатын 
сағалдырық пен өмілдірік күмістей жылтырайды.  (Ш.А.) Жамыраған 
қой  азынаған  сиыр  өкірген  бұқа  айғайлаған  бала  ауқаулаған 
қатындардың  даусы  қосылып  көлдің  басы  ың-жың  у-шу  ауыл-
ауылдың түтіні ұрандасып ұласып көл арнасын көк тұман басып тұр. 
(Ж.А.)  Батырлар  жырларындағы  Құртқа  Назым  Ақжүністерді  былай 
қоя  тұрып  Баян  сұлу  Қыз  Жібектерді  алып  қарасақ  та  елді  аяулы 
қыздарына  қолың  жету  үшін  толып  жатқан  қауіп-қатерлер  ерлік 
көрінер  сырлардан  өтуің  керек.  (Ғ.Мүс.)  Астындағы  бөдес  қоңыр 
құнанының  омырауы  құлағы  көзіне  шейін  тер  басқан.  (М.Ә.)  Сөйтіп 
Дәрмен  өлеңінің  орта  тұсында  үлкен  үйдегі  Оразбай  Жиренше 
Бейсенбі  Абыралылар  да  осы  үйге  кіріп  сөз  тыңдады.  (М.Ә.)  Бұл 
елдің ірі бай салмақты жуандары Оразбай Жиренше Бейсенбілер осы 
мінезге де наразы боп шықты. (М.Ә.) 
 
196-жаттығу.  Мәтіндердің  тиісті  жеріне  үтірді  қойып,  көшіріңіздер. 
Бірыңғай  мүшелерді  табыңыздар.  Асты  сызылған  сөздердің  мағынасын 
түсіндірме сөздіктен тауып жазыңыздар. 
І.  Ішік  –  сыпайы  әрі  сәнді  әрі  жылы  киім.  Мұның  сыртын  берік 
матадан  ішін  аң  мал  терілерінен  құрайды.  Жағасы  тік  сәндік  үшін 
жағасынан бастап өңірі етегіне дейін теріден жұрыңдайды. Ішік ұзын 
әрі мол пішіліп тігіледі. Ішіне салынған терісіне қарай ол  күзен ішік 
қасқыр  ішік  бұлғын  ішік  түлкі  ішік  қарсақ  ішік  зорман  ішік  пұшпақ 
ішік суыр ішік сеңсең ішік жанат ішік деп аталғанымен көбінесе бір 
үлгіде тігіледі. Бұлардың ішінде сирек кездесетіні бота терісінен жүні 
ішіне  қаратылып  тігілетін  бота  ішік.  Басқа  ішікке  қарағанда  жылы 
болады. 
Ішікті  еркектер  де  әйелдер  де  кие  береді.  Әйелдерге  әсіресе 
жастарға арналған ішіктер әшекейленіп түрлі ою кестелер салынып та 
тігіледі. Сеңсең ішік марқа қозының терісінен (сеңсеңінен) тігіледі. 
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында ішіктің алатын 
өзіндік ерекше тәлім-тәрбие мен құқықтық ережелері де бар. Мысалы 
қасқыр  ішікті  жиырма  беске  толмаған  жастарға  киюге  болмайды. 
Себебі  жастық  жалыны  мен  тері  қызуы  жігіттің  күшін  қайтарады 
немесе  ауруға  ұшыратады.  Сол  сияқты  екі  адам  боранды  күнде 
адасып  қасқыр  ішікті  адамның  жанындағы  кісі  үсіп  өлсе  онда  өлген 
кісінің  туыс-туғандары  қасқыр  ішікті  кісіден  құн  даулауға  хақысы 

 
125 
бар. Өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы 
осылай. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
ІІ. Сөк – қазақ халқының ертеден дайындап ішіп-жеп келе жатқан 
тағамының  бірі.  Ол  тарыдан  жасалады.  Ақталмаған  тарыны  қара 
тары  дейді.  Бұдан  сөк  дайындау  үшін  қара  тарыны  әбден  тазалап 
үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастағанда тарыны 
қайта  алып  шыптаға  салып  сүзеді.  Оны  кептірмей  қазанға  салып 
қуырып  былғауышпен  күйдірмей  араластырып  отырады.  Ұстауға 
ыңғайлы  бір  жақ  басына  шүберек  оралған  ағашты  былғауыш  дейді. 
Қуырылған  тары  піседі.  Оны  ыдысқа  салып  алады  да  түйеді.  Түюге 
келі  мен  келсап  пайдаланылады.  Қуырылған  тары  осыған  құйылады 
да  оны  келсаппен  соғады.  Түйілген  тарының  қауызы  уатылып 
ішіндегі  дәні  бөлінеді.  Мұны  тары  түю  дейді.  Осы  кезде  оны 
қайтадан  қотарып  алып  қауызын  (кебегін)  ұшырады.  Мұны  қаралау 
дейді.  Қаралап  болғаннан  кейін  оны  қайтадан  келіге  салып  түйеді. 
Мұны  ақтау  дейді.  Ақталғаннан  кейін  оны  сөк  деп  атайды.  Сөктен 
түрлі  талқан  жарма  тары  көже  сүт  көже  төп  бөртпе  тағы  басқа 
дәмді  ұлттық  тағамдар  жасалады.  Сөкті  сүтке  қаймаққа  майға 
араластырып  жейді.  Балалар  жастар  сөкті  құрғақтай  да  жей  береді. 
Тарыны диірменге тартып талқан жасайды. Сөкті майға қуырады оны 
майсөк деп атайды. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
197-жаттығу.  Мәтіннен  бірыңғай  мүшелерді  тауып,  астын  сызыңыздар, 
жазылу ережесін түсіндіріңіздер. 
І.  Ірімшік  сүттен  жасалады.  Сүтті  қайнатып,  оған  қымыз,  айран, 
шұбат сияқты ащы іріткі қосып ірітеді. Іріген сүттен ірімшік түзіліп, 
ол  әбден  қызарғанда  бабымен  қайнатады  да  сүзіп  алып,  табаққа, 
дорбаға салып, кептіріп алады. Әрине, қой сүтінен жасалған ірімшік 
өте дәмді болады. Ірімшік қыста да, жазда да жақсы сақталады. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
ІІ.  Сәбиді  бесікке  салар  кезде  бесіктің  түбегі  тұратын  тесіктен 
құрт,  ірімшік,  тәттілер  өткізіп,  «тышты»,  «тышты»  деп  ырым 
жасайды  және  оны  тыштырма  деп  атайды.  «Тыштырманы»  әйелдер 
ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 

 
126 
 
198-жаттығу.  Қыстырма  сөз,  қаратпа  сөз,  бірыңғай  және  оңашаланған 
мүшелері  бар  сөйлемдерді  қатыстырып,  шағын  әңгіме  жазыңыздар,  тыныс 
белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Қыстырма сөздерді белгілеңіздер 
A) негізінен 
B) сонымен қатар 
C) сөйтіп 
D) демек 
E) тіпті 
 
ІІ.  Кісінің  көңіл  күйін,  сезімін  білдіретін  қыстырма  сөздерді 
белгілеңіздер 
A) әрине 
B) амал қанша 
C) бақытымызға қарай 
D) несін айтасың 
E) әлбетте 
 
ІІІ. Қыстырма сөз қатысқан сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Әрине  үш-төрт  ұрпақты  қамтитын  бір  ғасырлық  бұл  ұзақ 
мерзімнің  ішінде  қазақ  қауымынан  шыққан  сөз  зергерлері  бұдан 
әлдеқайда көп болғаны даусыз. 
B)  Тіпті  анамның  қыр  мұрынды  қызыл  жүзі  қалың  келген  қара 
қасы басын әнтек бұрып төмен отырып келгенде көрінетін ақ тістері 
де көз алдымда. 
C)  Мүмкін  бұл  Максим  Горькийдің  жазған  беташарының  әсері 
болар. 
D)  Сондай-ақ  сапалық  және  қатыстық  сын  есімдердің  ара  жігін 
ажыратуда  да  кейде  қиындық  туып  отыратынын  да  ескерте  кеткен 
жөн. 
E) Биыл несін айтасың егіннің шығымы өте жақсы! 
 
ІҮ. Үтір қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Күні бойы іздедім табылмады 
B) Ағылшындар дәстүрге берік халық 

 
127 
C)  Ол  сірә  ата  салтына  адалдық  баба  салтына  мақтаныш  бұрауы 
болса керек 
D) Нәзік зарлы дауыспен біреу ақырын ғана өлең айтқандай 
E)  Мен  өзімді  көпті  көрген  көнемін  деп  шамалайтын  едім 
баланың батыл жауабынан қысылып қалдым 
 
Ү. Үтір қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Көп күлмейтін Олжабектің қатты күлгені сонша арбадан ауып 
түсіп қала жаздады 
B) Еселі далаға шықса таң құланиектеніп атып келеді екен 
C) Дәмештің дауысы шықты-ақ Жүніс алдын ала керегін даярлата 
беретін 
D) Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті адамдар да өзгерді 
E)  Аудан  есікті  кең  ашты  алғашқы  бетте-ақ  Жомарт  аудан 
басшыларының кейбіреуінің көңіліне ылғал салды 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері 
 
Екі  я  одан  да  көп  жай  сөйлемдерден  құралып,  күрделі  ойды 
білдіретін,  екі  предикаттық  қатынастан  тұратын  сөйлемдерді 
құрмалас  сөйлем  дейміз.  Құрамындағы  сөйлемдердің  байланысуына 
қарай  құрмалас  сөйлем  салалас  құрмалас,  сабақтас  құрмалас,  аралас 
құрмалас  сөйлем  болып  үшке  бөлінеді.  Құрмалас  сөйлемдердің 
құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір, нүктелі үтір, қос нүкте, 
сызықша қойылады. 
 
Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілер 
үтір 
қос нүкте 
нүктелі үтір 
сызықша 
үтір мен 
сызықша 
Қасынан  тазы  иттер 
жүгіріп  өтсе,  балалар 
шапқылап  кетсе,  семіз 
сары  ат  кермені  сүзе 
жөнеліп, 
ары-бері 
бұлаңдап 
елегізіп 
қояды. (М.Ә.) 
Дос 
санын 
соқты: желөкпе 
жігіттер  тәуір 
аттарды  таңдап 
әкеткен. (Ә.Н.) 
Уақыт 
тізгінді 
қолға  берер  емес; 
сағымдай бұлдырап 
ынтық 
қып, 
шаршатып, 
бір 
жеткізбей-ақ 
қойды. 
Тұманның 
қалыңдығы 
сонша 
– 
түк 
те 
көрінбейді. 
Сөз 
бергенге 
ерме,  –  бөз 
бергенге 
ер. (мақал) 
 
199-жаттығу. 
Құрмалас 
сөйлемдердегі 
үтірдің 
қойылу 
мәнін 
түсіндіріңіздер. 

 
128 
Үй иесіне қойды ұстата салды да, құрғап қалған қырдың басына 
келіп, әңгіме-дүкен құрды. (Т.К.) Ысқақ биік төсекке сүйеніп отыр да, 
оның кесір-кердең нақсүйері қараторы Мәніке бәйбіше қос жастыққа 
шынтақтап шіренеді. (М.Ә.) Қысқа ғана жауап бере қоюды шолақтау 
көреді  де,  ұзатып,  мәнерлеп  айтуға  тілі  жетер  емес...  (Ғ.Мүс.) 
Қартқожа  орнынан  бір-екі  рет  ұмтылып  еді,  қолына  еш  нәрсе  түсіре 
алмады.  (Ж.А.)  Ел ішінде  әлді-малды үйлердің  сандығында  болмаса, 
көпшілік  қолында  ақша  жүрмейді,  кедей  атаулыда  ол  мүлде  жоқ. 
(М.Ә.) Түс ауа бергенде, бұл ауылға да шапқылап алымшылар жетті. 
(М.Ә.)  Айнала  соққан  дауылды  боран  қалай  қарай  бораса,  қойлар 
солай  қарай  бұрыла  салады.  (Ғ.Мүс.)  Үрейленген  елдің  үрке 
күткеніндей-ақ, өңкей үш ат жеккен пәуескелер дөңнен құлап келеді. 
(Ғ.Мүс.) Бұл арада Жақаң азырақ кідіріп, айнала жұртқа көзін салып 
еді,  шоғырланған  көп  жағы  қозғалысын,  наразылықтарын  білдіріп 
отыр  екен.  (Ғ.Мүс.)  Ел  жайлауда,  әкесі  үйде  жоқ.  (Ж.А.)  Бес  жігітті 
өзіне  «агент»  етіп  алып,  мойындарына  салық  салғанын  айтып  еді, 
жиналғандардың 
шек 
сілесі 
қатып 
күлді 
де, 
мұндай 
«қанаушылықтың» өз ойларына келмегеніне өкінді. (Т.К.) 
 
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір 
Да, де, та, те, әрі 
жалғаулықтары 
арқылы 
байланысса  
Бірақ,  дегенмен, 
әйтседе, 
сондықтан, 
өйткені,  себебі 
жалғаулықтары 
арқылы 
байланысса  
Қайталанып 
келген 
әлде, 
кейде, 
бірде, 
біресе, 
не 
жалғаулықтары 
арқылы 
байланысса  
Жалғаулықсыз 
ыңғайлас, 
себеп 
мәнді 
салалас 
құрмалас 
арасына  
Сабақтаса 
құрмаласқан 
жай 
сөйлемдердің 
араларына 
Бірнеше  күн  ат 
соғып қалжыраған 
Сәкеннің 
шай 
ішуге 
ғана 
мұршасы келді де, 
асқа  қарамастан 
ұйықтап 
қалды. 
(Т.К.)  
Ол  қазаққа  шын 
пейілмен  қызмет 
етпекші 
еді, 
бірақ 
көп 
нәрсені 
қиял 
қылушы 
еді. 
(Ж.А.) 
Біресе 
аузы 
қимылдайды, 
біресе 
қолы 
қимылдайды. 
(С.М.) 
Оттың  жалыны 
әзір көрінбейді, 
жаңа  тұтанды. 
(Ғ.М.) 
Жиі 
қонған 
қалың 
елдің 
малы  араласып, 
иттері  де  сәт 
сайын 
әуліге 
үрісіп, 
көп 
таласа  береді. 
(М.Ә.) 
 
200-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  құрмалас  сөйлемге  байланысты 
қойылатын үтірге үш мысалдан тауып жазыңыздар. 
 
201-жаттығу.  Мәтіндегі  салалас  құрмалас  сөйлемдердің  мағыналық 
түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Оспан  үлкен  қара  өгіз  секілді  де  Итемген  үлкен  өгіздің  қасында 
мұрнын  шүйіріп  қорқып  тұрған  көпей  торпақ  секілді.  (Ғ.Мүс.) 

 
129 
Көшеде жалғыз кетіп бара жатыр еді артынан қазақтың көп балалары 
қуып  жетті.  (Ж.А.)  Әлде  жазғы  күннің  тыныштық  әсері  ме  әлде 
күйдің  күштілігінен  бе  әйтеуір  Мекежайдың  ойы  мен  бойын  түгел 
қуаныш  тербетті.  (Ғ.Мүс.)  Қалай  Бәдіғұлдың  жылқысын  бақтым 
солай  көзім  ашыла  бастады.  (Ж.А.)  Ақбілек  олардың  бетіне  тура 
қарай  алмады  кіріп  келгенде  ғана  немесе  түрткенде  ғана  көзінің 
құйрығы  түсті.  (Ж.А.)  Қуандықтың  Мұқышы  деген  жастау  жігіттің 
арбасына мінген  Сәкен оны-мұныны сұрастырып көріп еді  арба  иесі 
айналып-үйіріліп өз жайын әңгімелей береді. (Т.К.) Бағасын сұрап еді 
удай  екен.  (Т.К.)  Тырнақ  астынан  кір іздегенге  сылтау  табу қиын ба 
Сәкен  тағы  да  айыпты  болып  шықты.  (Т.К.)  Кешеден  бері  көргені 
көңілін  көтерер  еді  Ысқақ  сөзі  сейілтіп  жіберді.  (Ғ.Мүс.)  Тойдан 
шыққан  арыстандай  үйден  бұлқына  шыға  келген  оған  дүниені  өрт 
қаптаған сияқты болды жер де көк те өсімдік те ауыл да мал-жан да 
қып-қызыл боп елестеді. (С.М.) 
 
202-жаттығу.  Құрмалас  сөйлемдердің  тыныс  белгілерін  қойып,  ережесін 
түсіндіріңіздер. 
Бес-алты  адым  аттады  ма  жоқ  па  әлде  шөптің  әлде  шүберектің 
сыбдырындай судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды. (Ж.А.) 
Әйтсе  де  осы  молданы  өз  ауылы  сыйлайтын  қыстауға  қонса  бата 
оқыр  болса  мал  өлсе  құрмалдық  берсе  бас  пен  жамбас  молданың 
алдына тартылатын.  (Ж.А.) Ет пен қымыздың желігі ме әлде жайраң 
қаққан  көңілдің  көтеріңкілігі  ме  «Затондағыларға  ойын  қойып 
берейік»  деген  ұсыныс  айтылып  қалды.  (Т.К.)  Мұның  Стамбулда 
оқығаны  өтірік  деп  те  лақап  таратты  бірақ  ешқайсысы  білім 
таластыруға  дәті  бармай  жолбарыстың  алдындағы  мысықтай 
«ишанбысыз  саумысыз»  деп  жылмаңдай  береді.  (Т.К.)  Төлеген 
қазақшалығы  ұстады  ма  немесе  бір  күніме  керегі  болар  деді  ме 
жастардың  қатарында  бұл  екеуін  қонаққа  шақырған  еді.  (Ж.А.)  Кіре 
қажытып  келе  ме  әкелгендері  базарлы  болмады  ма  Ақсары 
болысынан келген керейлердің қабағы қатыңқы. (Т.К.) Почта арқылы 
да жіберуге болатын еді бірақ мына кісі тез жетеді ғой сонсын менің 
амандық-саулығымды  айтып,  қазақ  елін  жақсы  білетін  жазушы 
Ф.Березовскийге  жақын  жүргенімді  ауызба-ауыз  айтады  ғой  деген 
көңіл желігі аяқ астынан хат жазғызған-ды. (Т.К.) 
 

 
130 
203-жаттығу.  Берілген  мақал-мәтелдердің  екінші  сыңарын  тауып  жазып, 
оларды жаттап алыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің мағыналық тобын анықтап, 
тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіріңіздер. 
1) Туған жердей жер болмас, … . 2) Бірлігі жоқ ел тозар, … . 3) 
Жақсы  қыз  –  жағадағы  құндыз,  …  .  4)  Жасық  адам  жасына  жетпей 
қартаяр,  …  .  5)  Жаман  елдің  жақсысы  болғанша,  …  .  6)  Атаның 
баласы  болма,  …  .  7)  Көпшіліктен  береке  кетпес,  …  .  8)  Иті  семіз, 
малы арық – жер азғаны, … . 9) Ақылды адам айтқызбай біледі, … . 
10)  Бай  болатын  жігіт  айырбасшыл  келеді,  …  .  11)  Аққу  –  құстың 
төресі,  жалғыз  жатып  оттамас,  …  .  12)  Орағың  өткір  болса,  қарың 
талмайды, … . 13) Болар бала жетісінде бас болар, … . 14) Арғымақ 
аттың  құйрығы  –  әрі  жібек,  әрі  қыл,  …  .  15)  Жақсымен  жолдас 
болсаң, ісің бітер, … . 16) Жақсы жүрген жеріне кент салады, … . 17) 
Жақсының  кегі  жібек  орамал  кепкенше,  …  .  18)  Жаман  сайға  су 
түссе, өткел бермес кешуге, … . 19) Жаманға ақыл үшін күлкі берер, 
… . 20) Сиыр  сипағанды білмейді, …  . 21) Жақсыға ерсең, жетерсің 
мұратқа, … . 
 
Қажетті  сөздер:  Отаның  берік  болса,  жауың  алмайды; 
жаманмен жолдас болсаң, басың кетер; туған елдей ел болмас; бірлігі 
күшті ел озар; жаман кісіге мал бітсе, сусын бермес ішуге; ынтымағы 
болмаса – ел азғаны; жақсы елдің жаманы бол; адамның баласы бол; 
берекелі  жерден  мереке  кетпес;  жаман  сыйлағанды  білмейді;  ақ 
сұңқар  қаққызбай  іледі;  асыл  адам  жасына  жетпей  марқаяр;  адам 
болатын  жігіт  ағайыншыл  келеді;  болмас  бала  қырқында  жас  болар; 
қас жақсының белгісі, ғайбат сөзді қостамас; қас жақсының белгісі – 
әрі  мырза,  әрі  құл;  жаманға  ерсең,  қаларсың  ұятқа;  жаманның  кегі 
басы көрге жеткенше; жақсы жігіт – көктегі жұлдыз; жалқауға жұмыс 
үшін ұйқы берер; жаман жүрген жеріне өрт салады. 
 
204-жаттығу.  Сөйлемдердің  тиісті  жеріне  үтірді  қойып  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
Жылаулар  да  ызалы  назалы  күйгендер  де  көкірегі  мен  тілі 
қарғысқа  толы  шарасыздар  да  қалмай  ілеседі.  (М.Ә.)  Топқа  таянған 
соң  Нұрмағамбет  би:  –  Азаматтар  жалпы  амансыңдар  ма?  –  деді. 
(Ж.А.)  Бөкенші  Жігітек  Көтібақ  жайлауларында  тіпті  жалпы  өсы 
өңірдің елінде кедей ауылдар мен жеке жыртық лашық атаулыда бұл 
апаттан  аман  қалған  жоқ  еді.  (М.Ә.)  Кім  біледі  қолына  қару  берсе 
орыс  жұртына  жау  болып  кетпесіне  кімнің  көзі  жеткен?  (Ж.А.) 

 
131 
Бұлардың арасында Базаралы Әбді Сержан Асқар мен Келден сияқты 
бір  топ  жігерлі  жандар  болатын.  (М.Ә.)  Сөйтіп  басыңқы  сөзбен 
бірыңғай  синтаксистік  қатынасқа  түсіп  бірыңғай  мүше  қызметін 
атқарады.  (С.И.)  Дәрмен  жанындағы  пышағын  жұлып  алып  сиырды 
жетелеген бас жіпті кесіп жіберді. (М.Ә.) Сандыбай Оспанның зекуін 
естігісі  келмеді:  –  Ойбай  желбуазым-ай...  Бетіңнен  жарылғасын,  – 
деді  де  шығып  кетті.  (Ғ.Мүс.)  Көрпе-жастық  асжаулық  тегене 
тостаған  самауырлар  тасыған  жас  әйелдер  еркектер  қарбаласады. 
(М.Ә.)  Сөз  жоқ  жаңа  сөз  тудырудың  әр  тәсілінің  сөз  табына  қатысы 
біркелкі  болмауы  мүмкін  әрқайсысының  өз  ерекшеліктері  болып 
отырады. (С.И.) 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Сызықша қойылатын құрмалас сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Тұманның қалыңдығы сонша түк те көрінбейді. 
B)  Қостың  ар  жағынан  қара  кер  аттың  басындағы  жүген 
сылдырлады шөп суылдады. 
C) Шатырлап тұрған қурай лап етті қара түтін бұрқ етті. 
D) Жастардың қолы қырықтықта аузы әнде. 
E) Күн батты тауды қара көлеңке басты. 
 
ІІ. Қос нүкте қойылатын құрмалас сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Қарт  әкенің  қайғысын  естіп  асыл  перзентін  жоқтаған  ащы 
зарын  тыңдағанда  біздің  төбе  құйқамыз  шымырлады  көзімізден  жас 
парлады. 
B) Басым шың ете түсті жер қатты еді. 
C) Айгүл аттан түсіп еді су қайта таязданып қалғандай екен. 
D)  Айбала  мен  Ботагөздің  қандары  қазандай  қайнайды  бірақ 
қолдарынан келері жоқ. 
E)  Қойдың  күзетінде  тұрған  Әндіжан  екеуіміз  таң  білінгенше 
кірпік қаққанымыз жоқ аузымыз кеңесте құлағымыз дыбыста. 
 
ІІІ.  Үтір  мен  сызықша  қойылатын  құрмалас  сөйлемдерді 
белгілеңіздер 
A)  Оның  бұл  халіне  өзгеден  гөрі  Гүлнәрдің  тынышы  кетті 
сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді. 
B)  Сырекеңді  ала  кетейік  өйткені  жер  мөлшерін  со  кісі  ғана 
жақсы біледі. 

 
132 
C)  Берден  бұдан  гөрі  де  шұбалта  сөйлемек  еді  әлденеден 
сүйретпеде жатқан қозылары шу ете түсті. 
D) Жүзінде қайғы да жоқ қасірет те жоқ қорқыныш қана бар. 
E) Көмірден май да шығады темір қорытатын кокс те шығады. 
 
ІҮ. Үтір қойылатын құрмалас сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді жұмыстан қолы 
тимеді. 
B)  Бұл  жолда  ұрысуға  да  намысына  тиюге  де  болады  алайда 
арамыздан аластауға болмайды. 
C) Ұлболсын жауап беруден сөйлесуден тартынбайды неге екені 
белгісіз қаймығады. 
D) Өзі кетіп құтылды әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік. 
E) Сапар бұл сөзін қаншама нық айттым десе де даусы сәл дірілдеп 
солғын шықты. 
 
Ү. Үтір қойылатын құрмалас сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Таңертеңгі  тұнық  ауа  енді  мұнартып  кең  даланы  сұлу  сағым 
басты. 
B) Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады халықтың 
қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды. 
C) Машина жолда бөгелмесе тура үш сағатта барып қаламыз. 
D) Жамандық жалын секілді өзін де өзгені де жалмай береді. 
E)  Хамиттер  ерте  тұрып  аттанатын  болғандықтан  жаңағы  жай-
күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Нүктелі үтір, оның қойылатын орындары 
 
Нүктелі  үтір,  негізінен,  құрмалас  сөйлемнің  құрамындағы  жай 
сөйлемдердің  аражігіне  қойылатын  тыныс  белгі.  Онда  сөйлемнің 
құрылысы мен мағынасы негізге алынады. 
 
 
 
 
 
 
 

 
133 
НҮКТЕЛІ ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Баяндауыштары 
тұлғалас 
сөйлемдер 
бірін-бірі толықтырып тұратын болса  
Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қылады; 
татымсызға  қылған  болыстық  өзі  адамды 
бұзады. (Абай) 
Баяндауыштары  тұлғалас,  мағыналары 
теңдес, 
санамаланған 
сөйлемдер 
жалпылауыш 
мәнді 
сөйлемнің 
мағынасын ашып тұрса  
Жаңағы әңгімеден соң Әсия реңі мүлде өзгеше: 
жүзінен шуақ есіп, мойнынан ғаламат бір ауыр 
жүк  түскендей  сергек,  жеңілденгені  сезіледі; 
үлкен кісіге ғана тән биязылық, ұстамдылық та 
мұнар шалған жанарынан аңдалады. (М.Сүнд.) 
Мазмұны 
әуендес 
болып 
келетін 
бірыңғай сөйлемдерден кейін  
Ақыл менен білімнен 
Әбден үміт үзіппін; 
Айла менен амалды 
Меруерттей тізіппін; 
Жалмауыздай жалаңдап, 
Ар, ұяттан күсіппін. (Абай) 
Баяндауыштары  тұлғалас,  мағыналық 
жағынан  жақын,  өзара  теңдес  келетін 
құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай 
сөйлемдер арасына 
Марқакөлдің  суын  ішіп,  отын  жеген  сары 
қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт 
сорғалап,  сүт  емес-ау,  құт  сорғалап,  көнек-
көнек  лықылдайды; қара  саба  еміздіктеп,  қою, 
салқын,  сары  қымыз,  бажылдаған  дәрі  қымыз 
шара-шара шыпылдайды. 
Рет-ретімен  әріптер  не  цифрлар  арқылы 
санамаланып  айтылатын  сөйлем  не 
сөздерден кейін  
Сөздер  тұлғасына  қарай  беске  бөлінеді:  1) 
түбір сөз; 2) туынды сөз; 3) қос сөз; 4) қосалқы 
сөз; 5) қосымшалар. (А.Б.) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет