Р.Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А.О. Ешмұқамбетов
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң
6-сыныбына арналған оқулық
Алматы «Атамұра» 2018
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді
1–3465
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Айтбай Р.Т., т.б.
Дүниежүзi тарихы: Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 6-сыныбына арнал-
ған оқу лы қ/Р.Т. Айтбай, Ә.Қ. Қасымова, А.О. Ешмұқамбетов. – Ал маты:
Ата мұра, 2018. – 160 бет.
ISBN 978-601-331-148-7
«Дүниежүзi тарихы» құлиеленушiлiк құрылыс жойылған кезеңнен феодалдық
қатынастардың ыдырай бастауына дейiнгi аралықты қамтиды. Бұл оқулықта
Еуропа және Азия елдерiндегi феодалдық қатынас тардың қалыптасуы мен дамуы
және құлдырауының себептерi баяндалады.
А 32
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 63.3(0)я72
А 32
ISBN 978-601-331-148-7
© Айтбай Р.Т., Қасымова Ә.Қ.,
Ешмұқамбетов А.О., 2018
© «Атамұра», 2018
Оқулықтағы шартты белгiлер:
– сұрақтар мен тапсырмалар
– тест сұрақтары
– шығармашылық тапсырмалар
?!
*
?
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 63.3(0)я72
Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіт кен
негізгі орта білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тари хы»
пәнінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
3
КIРIСПЕ
Орта ғасырлар – бүкiл дүниежүзi тарихының ежелгi дүние мен жаңа тарих
аралығындағы кезеңi. Бұл Еуропада он екi ғасырға тең, ал Шығыс елдерiнде
одан да ұзақ. Аталған дәуiрге тән көне белгiлер кейбiр елдерде әлi күнге
дейiн сақталып келедi. Орта ғасырларда феодализм пайда болып, үстемдiк
құрды және ыдырай бастады. Ол адамзат қоғамында жаңа экономикалық,
қоғамдық-саяси өмірдің пайда болуымен және дамуымен сипатталады. Орта
ғасырларда адамзат қоғамы өзіне дейінгі өткен өмірдің материалдық және
рухани мәдениетін одан әрі дамытып, үлкен жетістіктерге жетті.
Орта ғасырлар дәуiрiнде қалаларда өнiм өндiретiн ұсақ кәсiпорындар
көбейдi, мәдениет дамыды. Мануфактуралар өсiп шықты, бо лашақ бур-
жуазия лық (капиталистiк) қоғамның шаруашылық жә не әлеуметтiк негi-
зi – өнеркәсiп пен жұмысшы табы пайда бол ды.
Дүниежүзі тарихының ортағасырлық кезеңін оқытуда төмендегідей
мақсаттар қойылады:
– Оқушылардың бойында тарихи сананы қалыптастырып, дүниежүзі
елдерінің орта ғасырлардағы тарихы мен мәдениетін таныстыру.
– Адамзаттың орта ғасырлардағы құндылықтарын игеруге бағытталған
зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларын дамыту.
Оқу пәнінің міндеттері:
– Оқушылардың адамзат өркениетінің орта ғасырларда жеткен нәтиже-
лері туралы түсінігін қалыптастыру.
– Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білім беру.
– Орта ғасырлардағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар қызметіне сыни
тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту.
– Тарихи зерттеу жүргізе білуге баулу.
– Орта ғасырлар тарихы пәнінен алған білімді өмірде қолдана білуге
үйрету.
– Өз ойы мен тұжырымын жеткізе білу және топпен жұмыс жасау
біліктілігін жетілдіру.
Оқулық 11 тарау, 30 параграфтан тұрады. Оқулықта берілген мате-
риал дар оқушылардың орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихының негізгі
оқиғаларын терең білулеріне көмектеседі. Әр тақырыптың мәтініндегі кур-
сивпен жазыл ған терминдердің мағынасын 147–155-беттерден анықтауға бо-
лады. Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау олардың
білімін жетілдіре түседі.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
4
«Орта ғасырлар» дегенде көз алдымызға
сауыт-сайман киген рыцарьлар мен тас қамал-
дар, отқа өртелген ғалымдар, крест ұстаған
діндарлардың бейнесі келеді.
«Орта ғасырлар» деген сөз тіркесі қайдан
шықты? Оның төл атауы латынша
медиум –
орта, аевум – ғасыр. Бұл тіркес алғаш рет
Италияда ХV–XVІ ғасырларда қолданылған.
Гуманист-тарихшылар бұл атауды Батыс Еуропа тарихының антикалық
дәуірінен Қайта өрлеу (Реннесанс) кезеңіне дейінгі аралықты сипаттау
үшін пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: |