https://yznaika.com/hints/274-kurdeli-sozder Күрделі сөз Күрделі сөз - кемінде екі түбірден жасалдып, бір мағынаны білдіретін сөз.
Оның 4 түрі бар:
Біріккен сөз Қос сөз
Қысқарған сөз Тіркескен сөз Мысалы: Кәріжілік, сарышымшық, қарақұс, асықжілік, тоқішек, ащыішек, ауыз омыртқа, бас бұзар, сүмбіл шаш, бесіккесалу.
Біріккен сөз- екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: тасбақа (тас+бақа), Талдықорған (Талды+қорған), қарқұрт (қара+ құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз).
Кіріккен сөз- құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысын өзгертіп біріккен сөз.
Көкжиек, еңбекақы, Ұлтуған, Қайыпқожа, Әзімхан, жалақы, Жезқазған, Алшағыр, Бұланбай, әркім, ашудас.
Қос сөз Қос сөз - сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз.
Қайталамақоссөз- сыңарларыбіртүбірденжасалатынқоссөз. Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау.
Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:
Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкен- үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақт.б.
Қосымшалыбіртүбірдіңқайталануынанжасалады. Мысалы, бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келер-келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап, т.б.
Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тіс- міс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр - сұтыр, салдыр-гүлдір, қараң- құраңт.б.
Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, ап- ащы, сұп-сұрт.б.
Қосарлама қос сөз - сыңарлары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөз: үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, көйлек-көншек.
2-тапсырма. Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағынабарекенін,қайсысындаондаймағынажоқекенінанықтаңыздар.
Азды-көпті, қызыл-жасыл, құрт-құмырсқа, көре-көре, оқтын-оқтын, сөйлей-сөйлей, дүркін-дүркін, кәрі-жас, зәбір-жапа, азық-түлік, қазы-қарта, жетім-жесір,ауыл-аймақ,абысын-ажын,қайта-қайта,қора-қора.
Қысқарған сөз Қысқарған сөз - күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.
Мысалы:
Берілген қысқарған сөздерді дәптерге көшіріп жазыңыздар
Тіркескен сөз Тіркескен сөз - екі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі. Мысалы: