1. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен тұрады. Түбір



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.02.2023
өлшемі181,64 Kb.
#65635
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5


1. Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, 
түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған 
сөздер, сөз тіркестерінен тұрады.
Түбір-сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы
жаңа сөз жасаудың негізі. 
Түбір түрлері: 
1. Түбір жеке тұрып та, граммат. жағынан түрленіп те семантик. дербес сөз 
болады, жеке сөздің қызметін атқара алады. Бұл айтылғандар - дара түбірлер
Мысалы: ата, кітап, адам, мектеп т.б.
2. Егер түбір өздігінен ешқандай қосымшасыз жеке тұрып, белгілі бір мағынаға ие 
болса, оны негізгі түбір деп атайды. Мысалы: бала, оқы, т.б. 
3. 
Егер түбірге қосымша қосылып, жаңадан түбір сөз жасалса, онда оны туынды 
түбір деп атайды. 
Мысалы: бала-бала+лық, мал-мал+шы, дәрі-дәрі+гер, өнер- 
өнер+паз т.б.
Түбірлес сөздер-бір түбірден пайда болған бірнеше сөз. Мысалы: өн-өнім-өндіріс-
өніс - өнгіш т.б.
Туынды сөздер мен туынды түбір сөздер бірдей емес. Туынды түбір жұрнақтар 
арқылы негізгі түбірден туған сөз болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана 
жасалады. Сонымен бірге туынды түбірден туынды сөздер өрби береді. Мысалы: біл-
білім-туынды түбір; білім – білімді, білімпаз – туынды сөздер. 
Қосымшалы сөз-түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөз.
Қосымшаның екі түрі бар: біріншісі – жұрнақ, екіншісі – жалғау. 
Жұрнақ-жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін 
қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді: 
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы: 
«жылқы-шы», «біл-ім», «жасы-қ», «таға-ла»; 
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің 
тұлғасын өзгертеді. Мысалы, «көк-шіл», «көк(г)-ірек», «сары-лау», «сары-рақ», 
«жаз-ып», «жаз-ғалы». Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен 
жалғанады. 
Жалғау-сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші 
болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаулар 
сөздерге жалғанғанда жалғанатын сөзінің әуеніне қарай жалғанады, яғни сөздің соңғы 
буынының жуан-жіңішкелігіне қарай немесе соңғы дыбысының қатаң, ұяң, үнді 
дауыссыз екендігіне қарай үндесіп отырады. Жалғаудың төрт түрі бар: 
• 
көптік жалғау 
• 
тәуелдік жалғау 
• 
септік жалғау 
• 
жіктік жалғау 
Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, 
онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз 
соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет