Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТҮТІКШЕЛЕРДЕ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

АРНАЙЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТҮТІКШЕЛЕРДЕ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ 
АРҚЫЛЫ СӘБИ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛУГЕ, ӘСІРЕСЕ, СУРРОГАТТЫҚ ТӘСІЛГЕ 
(ҚҰРСАҚ АНА) ДІНІМІЗДІң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Қолдан  ұрықтандыруға  қатысты  дініміздің  үкімін  айтпас  бұрын  қолдан 
ұрықтандырудың не екендігі жайлы оқырманға қысқаша түсіндірме бере кетейік.

153
«Қолдан ұрықтандыру» – табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда, 
әйел  жұмыртқа  клеткалары  мен  еркек   ұрық  клеткасын  сыртқы  ортада  арнайы 
медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған 
бұл зигота [1] артынша әйел жатырына салынады.
Бұл  тәсіл  XX  ғасырдың  алғашқы  жартысында  ең  әуелі  жан-жануарларда 
қолданыла  бастады.  Бір  ғана  еркек  малдың  ұрығымен  мыңдаған  ұрғашы  малдар 
қолдан шағылыстырылды. Бұл ғылыми жаңалық мал шаруашылығына айтарлықтай 
экономикалық  тиімділік  әкелді.  Мыңдаған  сиырларға  бір  ғана  бұқа  салу  қиындық 
туғызатындықтан,  шаруа  иелеріне  бұрынырақта  көптеп  бұқа  ұстау,  оларды  арнайы 
күту, бағу керек болатын. Енді жаңаша мына тәсіл арқылы оларды күтуге жұмсалатын 
шығын азайды.  Оған қоса,  бұқаларды көптеп ұстағаннан кейін қартайған бұқалардың 
етін өткізу де қолайсыз болатын. Жаңа тәсіл арқылы санаулы ғана бұқа ұсталатындықтан 
басқа еркек малдарды жас кезінде сойып етке өткізу де экономикалық пайда әкелді. 
Оның  үстіне,  бұқалардың  ұрықтарын  зертханада  зерттеу  арқылы  олардың  ішінен 
аурудан таза, етті, ең мықтылары таңдалып, ұрықтандыруға қажетті  бұқалар іріктелетін 
болды.  Сөйтіп,  жоғарғы  сапада  мал  төлдету  мен  мал  түрлерін  көбейтуде  бұл  тәсіл 
таптырмайтын мүмкіндік сыйлады.
Кейін  келе-келе  бұл  тәсіл  табиғи  жолмен  ұрықтана  алмайтын  адамдарға  да 
қолданыла бастады. 1978 жылы Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, 
Луиз  Браун  атты  ерлі-зайыптылардың  ұрықтарын  түтікшеде  ұрықтандырып,  оны 
қайтадан  Луиз  Браунның  жатырына  салады.  Сөйтіп,  1978  жылы  25  тамызда  Лесли 
Браун атты алғашқы сәби дүниеге келген.
Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады:
1. Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсілде ер кісінің спермасы алынып, 
әйел жатырының қолайлы жеріне қойылады.
2.  Қолдан  сырттай  ұрықтандыру  тәсілі.  Бұл  тәсіл  ер  кісінің  спермасы  мен 
әйелдің жұмыртқа клеткасы алынғаннан кейін оларды зертханада арнайы түтікшелерде 
ұрықтандырып, артынша оны әйелдің жатырына орналастыру арқылы жүзеге асады.
Осы  негізгі  екі  тәсілге  тән  қолдан  ұрықтандырудың  алты  түрі  бар.  Олардың  екеуі 
ішкі ұрықтандыру тәсілі арқылы, қалған төртеуі сыртқы ұрықтандыру арқылы жүзеге 
асады.
Іштей ұрықтандыру тәсілі:
Біріншісі, үйленген ер кісінің ұрығы алынып, оны әйелінің жатырының ыңғайлы 
тұсына  орналастыру  арқылы  жүзеге  асады.  Сонда  барып  еркектің  спермасы  табиғи 
жолмен әйелдің жұмыртқа клеткасымен ұрықтанады. Бұл еркектің спермасы өздігімен 
табиғи түрде әйелінің жатырына жете алмаған жағдайда қолданылады.
Екіншісі, ер кісінің спермасын өз әйелі емес, басқа бір әйелдің жатырына салу арқылы 
болады. Бұның әуелгіден айтарлықтай көп айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы – ер 
адамның спермасы өз некелісінің жатырына емес, басқа әйелдің жатырына салынады.
Сырттай ұрықтандыру тәсілі:
Біріншісі,  ерлі-зайыптылардың  спермасы  мен  жұмыртқалары  алынып,  арнайы 
түтікшелерде ұрықтандырылғаннан  кейін  жұмыртқасы  алынған  әйелдің  жатырына 
қайта  орналастырылады.  Ұрықтандырылған  зигота  жатырға  жабысқан  жағдайда  өз 
дамуын ары қарай жалғастырады. Бұл әйелдің жұмыртқалық жолдары бітеліп қалған 
жағдайда қолданылады.
Екіншісі,  ер  адамның  спермасы  мен  бөгде  әйелдің  жұмыртқасын  түтікшеде 
ұрықтандырғаннан  кейін  оны  әйелінің  жатырына  орналастыру  арқылы  болады.  Бұл 

154
жол  әйел  адамның  жұмыртқалығында  ақау  болса  әрі  жатыры  зиготаны  қабылдай 
алатындай сау жағдайда қолданылады.
Үшіншісі,  бөгде  ер-әйелдің  спермасы  мен  жұмыртқасы  түтікшеде 
ұрықтандырғаннан кейін оны басқа бір тұрмыстағы әйелдің жатырына салу арқылы 
жүзеге  асады.  Бұл  тәсілге  жатырына  зигота  қойылған  әйелдің  жұмыртқалығының 
жұмыс істемеуі әрі күйеуінің спермасы жарамсыз болған жағдайда жүгініледі.
Төртіншісі, ерлі-зайыптылардың спермасы мен жұмыртқа клеткалары түтікшеде 
ұрықтанғаннан кейін, оны жүкті болып босанып беруге келісім берген басқа бір әйелдің 
жатырына орналастыру арқылы болады. Яғни, суррогаттық тәсіл арқылы жүзеге асады. 
Босанып  беруші  анаға  –   «құрсақ  ана»  делінуде.  Бұл  жолға  ерлі  –  зайыптылардың 
сперма,  жұмыртқалары  болғанымен,  әйелдің  жатыры  жарамаған  яки  түгелдей  жоқ 
жағдайда немесе бала көтеріп, тууды қаламаған жағдайда жүгініледі.
Қазіргі  таңда  әлемде  жоғарыда  айтылған  барлық  тәсілдер  кеңінен  қолданылуда. 
Қолдан ұрықтандыруды  біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді біреулері 
үйленбей-ақ балалы болу  үшін немесе ерлі-зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі 
жүкті болуға бөгет келтіретін кей ақауларға  байланысты кеңінен қолдануда. Бүгінгі 
таңда танымал яки белгісіз адамдардың спермаларын сақтап, сосын оны қажетсінген 
адамдарға сататын арнайы  әлемдік сперма банкалары көптеп құрылған.
Ислам ғұламалары  «Рабитатул-аламил-ислам» (Әлем мұсылмандарының өзара 
байланысы)  ұйымы  ұйымдастырған  фиқһ  (ислам  құқығы)  мәжілісінің  VIII  кезекті 
отырысында  жоғарыда  айтылған   қолдан  ұрықтандырудың   барлық  түрлері  мен 
жолдарын зерттеп мынандай пәтуалар шығарған:
1.  Ерлі-зайыптылардың  спермасы  мен  жұмыртқа  клеткалары  табиғи  түрде 
ұрықтана  алмаған  жағдайда,   оларды  қолдан  ұрықтандыруға  шариғат  рұқсат  етеді. 
Яғни, жүкті болуға қажетті  «сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы және жатыр» бәрі 
бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған жағдайда ғана қолдан ұрықтандыруға рұқсат. 
Ал бұған жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың бірінші жолдары 
ғана сай келеді.
Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарттар орындалуы тиіс:
•  Әурет  жерін  көрсетуге  тыйым  салынғандықтан,  әйелдің  жұмыртқасын  алу 
немесе  ұрықтанған  зиготаны  жатырына  қайта  салу  істерін  мүмкіндігінше  сенімді 
мұсылман әйел дәрігер яки басқа әйел адам, әйтпесе, мұсылман ер дәрігер, ол да мүмкін 
болмаған жағдайда басқа кез-келген сенімді ер дәрігер атқарады. Бірақ, жанында басқа 
туысқандары бірге болуы керек.
• Ұрықтардың ауысып, шатастырылмайтындығына нақты  көз жеткізілуі керек.
• Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жасалуы керек. Өлгеннен кейін 
рұқсат жоқ.
• Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты  болуы керек.
2. Қолдан ұрықтандырудың қалған барлық түрі шариғат бойынша – харам. Бұл 
жолдардың кез-келгені зинаның бір түріне жатады [2]. Өйткені, бұл тәсілдерде сперма 
мен жұмыртқа бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі емес яки тиесілі болған күннің өзінде 
жатыр оларға еш қатысы жоқ бөтен біреудікі. Мұндай жолдар ата-тектің шатасуына, 
көптеген келеңсіз жайттардың етек алуына әкеп соғары сөзсіз. Аталмыш тәсілдердің 
ішіндегі  кең  тараған  суррогаттық  (құрсақ  ана)  тәсілмен  балалы  болуға  оң  көзбен 
қарайтын адамдар да кездесіп жатады.  Алайда, оның да өзіндік қауіп-қатері мен кері 
нәтижелері болатындығын ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі:
•  Батыста  туылған  сәбиді   құрсақ  ананың  зигота  иелеріне  қайтармау  оқиғасы 

155
жиі кездеседі. Расында да, ұрық басқа біреудікі болғанмен өз қанымен қоректендіріп, 
тоғыз  ай  бойы  қиналып  көтерген,  жан  алып  -  жан  берісіп  барып  толғатып  дүниеге 
әкелген бауыр еті баласын кім басқа біреуге көзі қиып бере салсын? Қайтарған күннің 
өзінде бұл жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне,  психологиясына қалай әсер ететінін 
дүниеге сәби әкелген аналар жақсы түсінер. Ана баласын табыстағаннан кейін өмір 
бойы  оны  санасынан  өшіре  алмасы  анық.  Ғұмыр  бойы  рухани  күйзеліске  түседі. 
Бала мен ана арасында өзара рухани тығыз байланыс болатындығын ешкім де жоққа 
шығара алмайды. Себебі, жаратылысының негізгі кезеңдерін бала ананың жатырында 
тәмамдайды. Рухы ананың жатырында беріледі. Құранда былай делінеді:
«Расында,  біз  адамды  нағыз  (сүзілген)  балшықтан  [3]  жараттық.  Сосын 
оны  шәуеттің  бір  тамшысы  күйінде  мықты  жерге  орналастырдық.  Сосын  ол 
тамшыны  алақаға  (жабысқақ  ұрықтанған  клеткаға)  сосын  оны  мудғаға  (бір 
тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, 
сосын  сүйектерді  етпен  қаптадық,  сосын  оны  басқа  бір  жаратылыс  жасадық. 
Алла – ең керемет Жаратушы» [4].
Құранда  баланың  анасы  ұрығын  берген  әйел  емес,  оны  дүниеге  әкелген  жан  екені 
айтылады: 
«Oлардың  аналары  –  оларды  дүниеге  әкелгендер  ғана»  [5].   «Біз 
адамдарға әке-шешесіне жақсылық жасауды өсиет еттік. Анасы оны қиындықпен 
құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді...» [6]. «Әлсіреген 
үстіне әлсіреген күйде анасы оны көтерді» [7].
• Сәби өскеннен кейін әке-шешесіне қарсы шығып, өзін тапқан құрсақ анасына 
қайтамын  деп қиғылық салған жағдайда не болмақ?
• Бұған қоса, баланың пікірімен санаспастан оны туған анасына емес, жұмыртқа 
иесі  әйелге  тапсырылуына  кім  рұқсат  берді.  Яғни,  әр  сәби  өзін  туған  анасының 
құшағында өсуге, ақ сүтін емуге құқылы емес пе?
• Құрсақ ана алдын ала берілген қаржыны қанағат тұтып, өзгесін керек етпей 
ішіндегі баласын әдейі түсік қып тастаса ше?
• Ал баланың түр-әлпеті ұнамаса немесе дене бітімінде бір ақау кездесе қаласа, 
тіпті, ешбір себепсіз балаға тапсырыс берген ұрық иелері баладан бас тартқан жағдайда 
баланың және құрсақ ананың жағдайы қалай болмақ?
• Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын туып берсе [8], кейіннен 
ол балалары ер жете келе бір-бірімен үйленіп жатса қалай болады? Яғни, шешелері  
бір аға-қарындастар бір-бірімен тұрмыс құрып жатса қалай болғаны? Олай дейтініміз, 
құрсақ ана бәрінің бірдей анасы емес пе?
• Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның тұрмысқа шықпастан жүкті 
болғанын көрген ел не ойлайды? Бұл бәлкім діні бұзылған батыста ерсі болмағанмен, 
біз секілді зинаны үлкен күнә санайтын мұсылман елдерінде өте жиіркенішті қылық.
•  Батыста  суррогаттық  ананың  өз  күйеуінен  жүкті  болып  қалу  жағдайы  да 
кездесуде.  Германияда  бір  әйел  суррогаттық  ана  болуға  келісім  берген.  Сөйтіп, 
жатырына келісілген шарт бойынша ерлі-зайыптылардың зиготасы қойылғаннан кейін 
аяғы ауырлайды. Алайда, уақыт өте келе оның сол зиготадан емес, өз күйеуінен жүкті 
боп қалғаны анықталады. Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ долларын алып қойғандықтан, 
әлгі ерлі-зайыптыларға күйеуінен жүкті болған өз баласын табыс етуге мәжбүр болған. 
Кейбір  адамдар  өз  балаларын  ақшаға  осылай  сатуда.  Міне,   бұл  –  дінсіз,  рухсыз  
ғылымның жетістіктері [9].
•  Қазір  батыста  табиғи  жолмен  өзі  босануға  денсаулығы  жете  тұрып,  әйелдің 
баланы кестіртіп алдыруы сәнге айналды. Себебі, толғатып, қиналып туғанша кестіріп 

156
алдыра  салу  әлдеқайда  оңайырақ.  Бірақ  қиналмай  әкелген  баланың  анасына  деген 
құрмет-ықыласының қаншалықты болары тағы белгісіз.[10] Себебі, ана мен баланың 
арасында рухани байланыстың бар екені сөзсіз. Ол ғылыми зертханада білінетін нәрсе 
емес. Ананың аналығы да, қаһармандығы да оны тоғыз ай бойы қабырғасы қайыса 
көтеріп,  қиналып  босануында  емес  пе?  Ал  енді  суррогаттық  тәсілдің  де  бара-бара 
еріккендердің ермегіне айналмасына кім кепіл? Бала көтеріп қиналғысы келмейтін кей 
әйелдер баласын тауып беретін басқа біреуді жалдауды әдетке айналдыруы мүмкін ғой. 
Бұл  –  батыста  кең  етек  алған  ауру.  Қазіргі  күннің  өзінде  елімізде   «Мен  бала  туып 
дене-бітімімді бұзғым келмейді», «жасым қырықта, баламды басқа біреу туып берсе... 
Өйткені, мен үшін жұмысым маңыздырақ» деп, орталыққа келетіндердің бар екендігін 
Қазақстандағы «Экомед» клиникасының бастығы Салтанат Берденқызы да айтуда [11]. 
Сонда әйел ана болудан қашса, күйеу бөгде еркектің ұрығын өзінің әйелінің жатырына 
қойылуына намыстанбаса, оны ұят деп қабылдамаса, ағасының баласын қарындасы 
немесе анасы тағысын тағы жақын туысқандары туып беріп жатса бұл адам баласының 
азғындауы емес пе?
• Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны түтікшеде ұрықтандырғаннан 
кейін  оны  үшінші  бір  әйелдің  жатырына  қою  жолымен  дүниеге  келген  баланың 
жаратылыс,  болмыс,  мінез-құлық,  психология,  ақыл-есінің  ақаусыз   болатындығына 
ешкімнің кепілдік бере алмасы және хақ [12]. Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз 
алдына зерттеуді қажет ететін тақырып.
Қысқасы, суррогаттық тәсілмен дүниеге бала әкелу мейлі діни тұрғысынан болсын, 
мейлі адамгершілік  жағынан болсын құптарлық іс емес екені айқын. Ислам ғұламалары 
бірауыздан қолдан ұрықтандырудың бұл тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген.
Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға аян. Алайда, міндетті түрде 
бала сүю керек екен деп шариғат тыйымдарын аттап, адамгершілікке жат қылықтарға 
бару дұрыс емес. Бұл тұрғыда батыстық экспериментер мен адасулар бізге үлгі бола 
алмайды.  Батыста  үйленбей-ақ  балалы  болуды  қалайтын  әйелдер  арнайы  құрылған 
сперма  банкаларынан  белгілі  бір  мөлшердегі  қаражатқа  қалаған  адамының  ұрығын 
сатып алып балалы бола береді. Белсіз азаматтар өз әйеліне осы сперма банкаларынан 
танитын  яки  танымайтын  еркектердің  ұрығын  пайдалануына  рұқсат  етуде.  Бедеу 
әйелдер  күйеулеріне  өзі  мүлдем  танымайтын  бөтен  әйелдің  жұмыртқа  клеткаларын 
қолдануына разы болуда. Керек десеңіз, шешесі қызының баласын, қызы шешесінікін, 
қарындасы ағасының баласын босанып  беретін жайттар да кездеседі. 
Бүгінде  батыста  құрсақ  аналар  мен  баласыз  ерлі-зайыптылар  арасында  бизнестік 
мақсатты көздеп делдалдық жасайтын мекемелердің, әйелдердің жұмыртқа клеткалары 
мен ер адамдардың спермаларын саудалайтын орталықтардың кең тарағандығы баршаға 
мәлім.  Бұлардың  қай-қайсысы  болмасын  біздің  адамгершілігімізге  сыйыспайтын, 
келер ұрпақ алдындағы адалдығымызға нұқсан келтірер жиіркенішті істер екені сөзсіз. 
Сұрақтың  жауабын  Шәкәрімнің:«Ғылым  деген  бұл  болса  –  адыра  қалсын,  Демеске 
бара жатыр ішім толып» [13]- деген даналық сөзімен тамамдайын.
[1] Зигота – әйелдегі жұмыртқалық клетканың еркек ұрығымен ұрықтанған кезі. 
[2] әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-фәтәәуа, 281-бет. Даруш-шуруқ, Каир, 2004 ж 
[3] Бұл жерде Адам атамыздың әу баста балшықтан жаратылғандығы яки адам денесінің топырақтағы 
элементтерді қамтитындығына ишарат етілуде. 
[4] Муминун сүресі,12-14-аят. 
[5] Мужадәла сүресі, 2-аят. 

157
[6] Ахқаф сүресі, 15-аят. 
[7]Тафсируль-мунир, 13-т, б. 347 
[8] Мысалы, Ұлыбританияның 38 жасар тұрғыны құрсақ ана - Керол Хорлок осымен қатарынан сегіз рет 
өзгелердің баласын босанып, енді тоғызыншысына аяғы ауыр. Ол - Childlessness overcome through Surrogacy 
(ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру) ұйымында жұмыс істейтін көп әйелдердің бірі. 
Өздігінен сәби көтере алмайтын жанұяларға жалдамалы құрсақ аналарды іздеу мақсатында 1990 жылы 
құрылған бұл ұйымға Керол Хорлок 1994 жылы келген. Ол жыл сайын бір нәресте көтеріп келеді. АҚШ-та бұл 
үлкен бизнес көзіне айналған. Заң жүзінде төлемнің ең жоғарғы мөлшері белгіленбеген. Алайда,  Sunday Times 
– тың хабарлауынша төлем мөлшері 12 мен 18 мың евро көлемінде өзгеріп отырады. (бұл мағлұмат Mednovosti.
ru  сайтынан алынды.) 
[9] Мухаммед Али әл-Баарр, Дин ве тып ачысындан түп бебек. 80-81 бет. Ауд: Адил Бебек. Несил иайынлары, 
Стамбул, 1989 жыл. 
[10] Әрине, мәжбүр жағдайда кестіріп алу басқа жағдай. 
[11] «Қазақстан заман» газеті, 11 қараша 2005. 
[12] Мұхаммед Барада Ғазиюли, әл-ихсабус-синағи мин манзурин исламии. 
[13] Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, Алматы  1988 ж.
Қайрат Жолдыбайұлы, дінтанушы 
НАМАЗ ОҚЫМАЙТЫН АНАңНЫң АСЫ ХАРАМ БА?
Намаз оқымайтын, діннен алыстау әке-шешелерінен безіп, олармен қатынастарын 
мүлде үзіп жатқан жастарды туралы естіп жатамыз. Тіпті намаз оқымайтын шешесінің 
жасаған асын «кәпірдің тамағы» деп жеуден бас тартатын көрінеді. Сұрайын дегенім, 
дінге бет бұрған бұл жастар неліктен мұндай келеңсіз әрекеттерге барады? Олар неге дін 
насихатында мұншалық қатал? Жоқ, әлде шынымен де, шариғат жүктеген парыздарға 
салғырт қарайтын, тіпті тыйған күнәларды жасап жүргендердің бәрі дініміздің үкімі 
бойынша «кәпір» ме? Дін насихатының нәтижелі болуы үшін қандай тәсілді таңдаған 
дұрыс? 
Жалпы айтып отырған әрекеттер көбіне «тәкфир» жамағатының уағызына уланған 
адамдардан байқаймыз. Сонымен қатар, кейде көкірігі иманға жаңа оянып, бейнебір 
басқа әлемге енгендей күй кешіп, рухы толқып жүрген кезде, сезімге әсіре берілген 
діни білімі таяз кейбір жандар осыған ұқсас қате әрекеттерге жол беріп жатады. Кісіге 
осындай кезде дұрыс бағыт берілмесе, бара-бара жүрегі қатайып, қатігездікке ұрынады. 
Мұндай адамға айтқан уағызын жылы қабылдамаған адамдардың бәрі дұшпан болып 
көріне  бастайды.  Әуелі  жанұясымен  сыйыспай,  кейіннен  жора-жолдастарынан 
айырылып, артынша туысқандарынан суыи бастайды. Сөйтіп өзі өмір сүрген қоғамнан 
бүтіндей жиреніп, тек өз өзімен шектеледі де, аяғында тарығып тығырыққа тірелгенде 
діннен безіп кетуі де мүмкін. Алла Елшісі (с.ғ.с) бір хадисінде: «Шын мәнінде дін – 
жеңіл.  Кімде-кім  дінде  қатты  кетіп,  шектен  шығатын  болса,  діннің  толық  талабын 
орындай алмай оған жеңіледі» – деген.
Ең  әуелі,  адамдардың  жүрегіне  иман  нұрын  құятын  жалғыз  Алла  екенін 
ұмытпағанымыз  абзал.  Біздікі  бар  болғаны  себепкер  болу.  Асықпау  қажет.  Біз 
дінге  бет  бұрмаған  айналамыздағылардың  бәрін  «кәпір»  десек,  олар  осыдан  кейін 
мұсылмандықты, исламды жақсы көруі мүмкін бе? Тіпті, жақсы көргені былай тұрсын 
өзімізге түрлі айдар тағып, дұшпанға айналады. Ал дұшпанға айналған адамға дінді 
қалай түсіндірмексің?!
Алла Елшісінің өміріне бір мезет үңіліп көрелікші. Өзіне қиын сәттерде ұдайы 

158
қамқор  болған  немере  ағасына  ислам  дінінің  ақиқатын,  өзінің  шынайы  пайғамбар 
екенін  айтқанда  оны  бірден  қабылдай  кетті  ме?  Әрине,  жоқ.  Ал  Алла  Елшісі  оның 
осынау күпір жауабын естігеннен кейін «сен кәпірсің» деп оған қатал қарсы шықты ма? 
Кешегі қиын кезеңде өзіне жасаған жақсылығын жинастырып қойып, тіпті ұлғайған 
жасын да сыйламастан үйінен безіп, қатынасын мүлде үзді ме? Әрине жоқ. Керісінше, 
Әбу Талибқа бұрынғы құрметінен артық ізет көрсетпесе, кемін көрсеткен жоқ. Алла 
Елшісінің басқаша әрекет етуі де мүмкін емес еді. Өйткені, ол Рахман Иеміз тарапынан 
күллі ғалам үшін рақым етіп жіберілген Рақым Пайғамбары еді. Ол адамзатты «кәпірге» 
санап,  тозаққа  толтыру  үшін  емес,  мейірім  қанатын  жайып,  жұмаққа  кіргізу  үшін 
келген-ді. Сегіз жылдан кейін Әбу Талиб жан тәсілім етер сәтте Алла Елшісі тағы да: 
«Уа, көкешім, «Лә иләһа илаллаһ» деші, Мен саған ақыретте шапағатшы болайын», – 
деп жалынғаны көп нәрсені көкейімізге салады. Иә, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) адамзатты 
жұмаққа жеткізу жолында көрсеткен мейірімге толы өнегесін айтып тауысу әсте мүмкін 
емес.
Мұсылмандарға  қарсы  соғыста  мүшрік  әскерлерінің  қолбасшысы  болған  әрі 
мұсылмандарға үлкен соққы берген Халид ибн Уалидтің де тозақтық емес, жұмақтық 
болуын қалаған Алла Елшісі Мекке шаһарына Умраға барғанда: «Халидтай ақылды 
адамның исламнан жырақ жүруін түсінбеймін. Халидтағы ақыл оны міндетті түрде 
исламға  әкеледі»,  –  деп  оған  жүрек  жарды  сәлем  жолдағаны  бар.  Алла  Елшісінің 
өзіне жолдаған осынау сәлемін естігенде Халид алып ұшып, Рақым Пайғамбарының 
құзырына жетеді. Алдында тізе бүгіп, тілін калимаға келтіріп мұсылман болады.
Ал Алла Елшісінің тісі сынып, дулығасының темірі мүбәрак жүзіне кіріп үсті-
басы қан жоса болған әрі мұсылман сабынан жетпіс саңлақ сахабаның, оның ішінде 
Хақ  Елшісінің  сүйікті  немере  ағасы  Хамзаның  да  шейіттік  шәрбатын  татқан  сол 
сұрапыл  Ухуд  соғысында  Ардақты  Елші  (с.ғ.с.)  өздерін  осындай  ауыр  халге  душар 
еткен  мүшріктерге  қарата:  «Уа,  Аллам!  Менің  мына  қауымымды  кешіре  көр!  Олар 
менің шынайы Пайғамбар екенімді білмейді» – деп Жаратқаннан олар үшін кешірім 
тілеп,  дұға  етуі  біздерді  бір  сәт  ойландыруға  тиіс.  Алла  Елшісі  (с.ғ.с.)  Өзінің  әрі 
күллі мұсылмандардың өмірін қатерге тіккен мүшріктерге: «Кәпірлер, тозаққа отын 
болыңдар!», – деп лағнет оқып, қарғаған жоқ. Өйткені, ол адамзатты жұмаққа жеткізуге 
келген мейірім Пайғамбары еді.
Ардақты Әз Пайғамбарымыздың алдына (с.ғ.с.) Әбу Бәкірдің қызы Әсма (Алла 
екеуіне де разы болсын) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, менің шешем әлі пұтқа табынатын 
жан. Маған келіп тұр. Мен не істейін?», – деген сәтте Алла Елшісі: «Шешеңе қолыңнан 
келер бар жақсылығыңды жаса!», – дегенін қалай ғана ұмытуға болады?! Ал енді пұтқа 
табынатын шешесіне жақсылық жасауды бұйырған кешегі Ислам діні бүгін қалай ғана 
саған  адал  ақ  сүтін  беріп,  мәпелеп  өсірген,  ғұмыр  бойы  сенің  өміріңді  тілеген  ата-
анаңа «кәпір» деп қарсы шығуға шақыруы мүмкін? Ол ғана емес, дініміз, тіпті, Аллаға 
сенбейтін  адамдарға  жақсылық  жасауға  да  тыйым  салмайды.  Керісінше  олардың 
өзіне  әділдікпен  қарым-қатынас  жасауға  шақырады.  «Мұмтахина»  сүресінде  былай 
делінеді: «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз отандарыңнан қуып 
шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла 
Тағала қарсы емес. Өйткені, Алла Тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді».[1]
Кісінің  намаз  оқымағандығы  яки  қандай  да  бір  басқа  ауыр  күнә  жасауы  оны 
діннен шығарып, кәпір қатарына қоспайды. Алла Елшісінің заманында болған мына 
бір оқиғаны мысал ретінде келтірейін. Бұхаридың риуаятында арақ ішкен бір кісіні 
Алла Елшісінің алдына жаза ретінде дүре соғуға алып келетіні айтылады. Сонда сол 

159
жердегі бір кісі: «Алла оған лағынет етсін! Бұл ісін қалайша көп қайталайды» – дейді. 
Мұны естігін Алла елшісі (с.ғ.с.): «Оған лағынет айтпа, ол Алланы және Оның елшісін 
жақсы көреді»[2], – деп араша түседі.
Иә ол сахаба арақ ішкен әдетін әлі қоя алмаса да Аллаға және Оның Әз Елшісіне 
иман  келтірген  әрі  жүрегімен  жақсы  көретін  шынайы  мұсылман-ды.  Оған  лағынет 
айту «жығылғанға жұдырық» болар еді. Ал Алла Елшісі оған да араша түсіп, аяққа 
тұрып кетуі үшін мейірім қолын созды. Бәлкім ол сахаба одан кейінгі өмірінде түгелдей 
тақуалыққа бет бұрып, жұмаққа қарай самғап ұшқан болар. Ол жағы бізге беймәлім. Бір 
білетініміз, Алла Елшісінің аузынан оған қарата айтылған «Алланы әрі Оның Елшісін 
жақсы көреді» деген сүйінші сөзі еді.
Бұхари  мен  Мүслим  және  басқа  да  хадис  жинақтарында  тағы  да  мынандай 
оқиғаға куә боламыз. Алла Елшісі: «(Сендерден бұрынғы бір қауымда) күнәсі көп бір 
адам бар еді. Ол өлім алдында балаларына былай деп өсиет қалдырды: «Мен өлсем, 
менің денемді өртеңдер. Сосын сүйегімді үгітіп, желге және теңізге шашыңдар. Аллаға 
ант етейін, егер Алла менің денемді қайта жинай алса, онда мені ешкімді азаптамаған 
азаппен азаптайды», – дейді. Балалары айтқанын орындайды. Қайта тірілту басталғанда 
Алла Тағала жерге «денесінен не алсаң соны алып кел» деп бұйырғаны сол екен дереу 
әлгі адам жиналап тұра қалады. Алла Тағала оған: «Сенің бұлай өзіңді жағып, күліңді 
шаштыруыңа  не  итермеледі»,  –  дейді.  Сонда  әлгі  кісі:  «Саған  деген  қорқыныш» 
деп  жауап  береді.  Алла  Тағала  осыған  бола  оны  кешірді»[3],  –  дейді.  Бұл  оқиғадан 
ұққанымыз, Алланың құлдарына деген рақымы қандай шексіз.
«Егер Алла менің денемді қайта жинай алса, онда мені ешкімді азаптамаған азаппен 
азаптайды» деп Алланың денесін қайта жинай алатын шексіз құдіретіне білместікпен 
шәк  келтірген  адамның  өзіне  Жаратқан  Иеміз  кешірімін  берді.  Неге?  Өйткені,  оны 
ондай іске итермелеген Алланың азабына деген жүрегіндегі зор қорқынышы еді. Міне 
оның осы ниеті үшін Алла Тағала оны рақымына бөлеп, күнәсін кешірді.
Ал намаз оқымағандығын желеу етіп шешесінің әзірлеген тамағынан бас тарту, 
тіпті, бассыздық. Құранның «Маида» сүресінің бесінші аятында намаз оқымақ түгілі 
мұсылман да емес кітап иелерінің тамағын жеуге анық рұқсат етілген. Ал енді Алладан 
басқа тәңір жоқ деген жүрегінде иманы бар ең жақын адамың – анаңның әзірлеген 
тамағын тәрк ету – оны еврей мен христиан құрлы көрмеу деген сөз.
Кейбір бауырларымыздың кәпірге шығарып жүрген адамдарының көбі Алланы 
бір деп таныған жандар, Пайғамбарды Оның Елшісі деп мойындайтындар. Ал Алла 
Елшісі «Лә иләһа иллалаһ» сөзі кісіні түбі жұмаққа кіргізетіндігін: «Кімде-кім Алладан 
басқа тәңірдің жоқтығына иман келтірсе, жұмаққа кіреді», – деп сүйіншілемеп пе еді?!
Ұсама  ибн  Зәйд  сахабаның  басынан  өткен  мына  бір  оқиға  «Лә  иләһа  иллаллаһ» 
сөзінің салмағын көрсетеді. Ұсама ибн Зәйд дұшпандармен болған қиян-кескі соғыста 
жаудың бір әскеріне енді қылышын көтеріп, басын шабуға ұмтылғанда әлгі адам: «Лә 
иләһа иллаллаһ» деп қалады. Ұсама оның бұл сөзін қорыққаннан айтылған айла деп 
ұққандықтан,  әлгіні  өлтіріп  тастайды.  Кейіннен  оқиға  Алла  Елшісіне  баяндалғанда 
Алла Елшісі қатты кейіп, Ұсамаға: «Алланы аузына алған бір адамды өлтірдің бе?» 
– дейді. Ұсама болса: «Ол оны қорыққаннан айтты ғой», – деген уәж айтады. Сонда 
Пайғамбарымыз:  «Оның  ол  сөзді  қорыққаннан  яки  шын  ниетімен  айтқанын  сен 
қайдан білдің, жүрегін жарып көрмедің бе?! Ертең ақыретте «Лә иләһа иллаллаһ» сөзі 
жағаңа  жабысса  жағдайың  нешік?»,  –  деп  қатты  кейіс  білдіреді.  Бұл  сөзін  бірнеше 
рет қайталағаны соншалық, Ұсама ибн Зәйд: «

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет