Редакция ал қ


Адам, жан-жануарларға қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Адам, жан-жануарларға қатысты сөздер

Қазір Қазақстанда көп қолданылатын сөз 

көшбасшы, Елбасы. Бұны шипагер «бас болғы» деп 

қолданған екен. Ал ханға дат айту деген бәрімізге 

түсінікті, бірақ «дат» пен «дәт» бір сөз екенін 

осы кітаптан білдік. Дәтім бармады мен дат айта 



алмау бір мағына болып шығады... Тәуекелге дәті 

жоқтың билеушіге айтар даты да жоқ. Ұяттан 

жұрдай, қарабет адамды Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 

«

көнбет», арсыз адамды «жербет» деп атайды. 

Қазақ әлі күнге қол-аяғы серейіп өскен бозбала-

ны: «Зіңгіттей жігіт болыпты»,

 –

 деп мақтап, 



арқадан қағады. Осы зіңгіт орта ғасырлардағы 

тілімізде «ағаштың діңі» деген сөз екен. Бізде 

«

кесірі тимесін» деген сөз бар, шипагер «кесірді» 

топтасқан деген мағынада қолданған. Яғни, «кесірі 

тимесін» «топтасқан жау жабылып кетпесін» 

болып шыға келеді. Қисынды. Жау да, бәле-жала да 

көпше түрде ғой! «Үй, сатқақ! Сатқақ келгір!» –деп 

жеңешелердің қайнысын еркелете қарғап жатқанын 

естіген шығарсыздар, сондағы сатқақ – дизенте-

рия! «Ішің тоқтамағыр» деген сөз шыға келеді. Екі 

адам алысып, қатты шаршаса: «Сілікпесі шықты» 

дейміз. Сілікпе – уылжып піскен ет. Сонда «қимыл-

әрекеттері сылбыр тартып, піскен еттей езілді» деген 

ұғым пайда болады. «Иісі мүңк ете қалды!» дегендегі 



мүңк 

 мұрын екен. «Иісін бірден сездім» дегенді 



осылай жеткіземіз. 

«ШИПАГЕРЛІК 

БАЯНДАҒЫ» 

КЕЙ СӨЗДЕР

«Шипагерлік баянның» авторы (жазмыш иегері) – жетісулық 

қараүзген шипагер, ғалым, албан руынан шыққан  Өтейбойдақ 

Тілеуқабылұлы. Ол 1397 жылы туып, адам денсаулығына қатысты 

жиған-тергенін 70 жасында қағазға түсірген. Кітаптың медициналық 

құндылығына, ондағы ауру атауларына  осы сала мамандары баға берер. 

Бізді осы кітаптағы кейбір сөздер қызықтырды...

Мән – сый-құрмет, мәнсерік-дос-жаран?! 

Жансерік – ерлі-зайыптылар.  Қасап – бір топ 

аңшының атып алған ірі аңды бөлісуі екен. Етті тең 

бөлетін адам – қасапшы.    Кейіннен мал соятын 

адамға қатысты да қолданыла бастаған. Қалқиған 

қос құлағымызды Өтейбойдақ «қосқұл» деп жазған. 

Ал Совет заманында кеңшар, ұжымшарлардың 

малын баққан «шопан» сөзінің түп-төркіні «қой» 

екен.  Шопан атамыз – Қой ата?!  Шипагер кітабында 

қойшы, малшы «қоршы» – «қор жинаушы» деп 

аталады. Жылқышыны Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 

«қамбаршы» дейді.  Көр-жерді сөз етіп, мезі қылатын 

қырт-сөйлемемен тозу! Үш саусақты біріктіргендегі 

ұшын бұрынғы қазақтар «талдырма» деген екен. 

Сонда талдырмаш қыз – саусақ ұшымен ұстардай 

үлбіреген, нәзік ару боп шықпай ма? 

Асқан жылдамдықпен кетіп бара жатқан 

көлікке: «зулатып, ызғытып барады!»,

 –

 деп 



таңдай қағатынымыз бар. Осы жердегі «ызғытып» 

«ызғыма» дегеннен шыққан. Ызғыма – ызғарлы, 

өкпек жел. «Ызғытып барадыңыз» «көлік қасымнан 

өткенде салқын жел сезілді» дегенге мәндес. 

«Лып, зыпзып» – оқ жылан, адамға қатысты «лып 

ете қалды, лып еткізді» дегенді қолданғанда, 

«оқжыландай жылдам» деген ұғым туындайды. 

«Лыпылдақ» – мәлін; мысықтай епті. Зыпылдақ 

– 

қабылан. «Тілі сумаңқы», «сумақай адам» дегенге де 



осы кітаптан жауап табылғандай: оның шыққан тегі 

ТІЛІ МЫҚТЫНЫҢ – ЕЛІ МЫҚТЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

45

«Парасат» 



мәдени-танымдық 

журналының 

бас редакторы 

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ

көп қолданады. Шемен деген  қазіргі асқазан 

обыры, бауыр циррозы. Іштің суланып кеуіп кетуін 

немесе ағзаның семіп, тас боп қатуын халқымыз 

солай атаған. 

Рингтегі боксшылардың жекпе-жегін 

тамаша лаған жігіттердің «Ой, бір ұрып, серең 

еткізді!» – деп өзі жанкүйер болған спортшының 

қарсыласты нокаутқа түсіргенін лепіре айтқанын 

естіп жүрміз. «Шипагерлік баянда» серең сөзі 

қояншық, талма (эпилепсия)  ауруына қатысты 

қолданылады. Кенеттен ұстамасы қозып, езуінен 

көбік кетіп, қол-аяғы тырыса талған адамның 

күйін қазақтар осылай сипаттаған екен. Сонда 

жаңағы жігіттердің серең еткіздісі «Аузынан 

жынын ағызып,  талдырып тастады!» болып 

шыға келеді. Осы тұста мысқыл дегенді де айта 

кеткен жөн шығар. Сүйек атаулары жағынан 

қазіргі дәрігерлерді қайран қалдырып отырған 

ортағасырлық ғалым шақшыт тұстағы үстіңгі 

жақ сүйекті мысқыл деген екен. Жағыңды ашпай 

мырс еткен «мысқыл күлкінің» түбірі осыдан 

түсінікті болса керек-ті.    

Енді бүгінге белгілі біраз дерттердің көне 

атауларын  айта кетсек: құздама, сорбуын –

ревматизм, қарақұрт – уытты жалғыз жара, 

қорасан-шешек, қатпа қадақ – өкпе туберкулезі, 

қасқау – рожа,  көрсоқыр – тума соқыр, 

сарымалық – балалар аузына шығатын сары 

жара, ұмытқы – склерроз, дуылдақ – есекжем, 

дүлше – теміреткі, ызғарлама – ОРВИ (суық 

өту) т.б. 

Сөз соңында Қазыбек бек Тауасарұлының 

«Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабы секілді 

«Шипагерлік баянға» да күмәнмен қарайтындар 

баршылық екенін айта кету керек. Ең алғаш 

1994 жылы Үрімжіде араб харпімен басылып 

шыққан «Шипагерлік баян» кітабында  «снайпер 

мерген», «макро» деген сөздердің ұшырасатыны 

дауға тамызық бола түсуде. Бірақ: «Бұл сөздерді 

ортағасырлық кітапқа тілі жетпеген аудармашы-

ғалымдар қосып жіберген», – деген де пікір бар. 

Өтейбойдақтың емшілік қасиеті, оның дерттерді 

сипаттауы медицинадан хабары бар ғалымдарды 

сан ойға жетелеуде. Мәселен, шипагер жазбасын-

да әлі күнге заманауи медицина тізімге алмаған 

адам сүйектерінің атаулары  кездеседі екен...

Бізге қызықтысы 

 ғалым жазбасы қазақ тілін 



байыта түсуге, осы уақытқа дейін қолдансақ та 

өзіміз мәнін ұқпаған сөздердің құпиясын ашуға, 

сөйтіп, XV ғасырдағы бабаларымызбен үндесуге 

себепкер бола ма? Жоғарыдағы мысалдарды 

қайта сүзіп шықсақ, «Әбден мүмкін!» деген 

тұжырымға келеміз. Бірақ біздікі – долбар, бұл 

еңбекті лингвист-ғалымдар қолға алып, зерт-

теп, сүбелі еңбектер жазулары керек. Сонда 

өзіміз айтып жүрген талай мақал-мәтел, тұрақты 

тіркестердің төркінін ұғармыз?!



«сумаңқыдай» болса керек? Сумаңқы – жылан.

Батыр, қаһарман адамды шипагер  «албау-



ыр» десе, қайтпас ерді «ермауыт» деп атайды. 

Шешен адамды: «сөзі мірдің оғындай»,

 –

 деп 


мақтаймыз. Кітапты аударушылар «мір 

– 

садақтың таңдаулы түрі» деп анықтама беріпті. 

Шонтай – қой ұмасынан иленіп жасалған дорба. 

«Шипагерлік баяндағы» күн атаулары: 



дүйсенбі – сақтал, сейсенбі – жақтал, сәрсенбі 

– аттал,  бейсенбі 

– 

ғаттал,  жұма – мереке, 

сенбі 

– 

бақтал,  жексенбі 

– 

баттал.

Ай атаулары: ергеу – наурыз, көктеу – көкек,  

мезгеу – мамыр, көзгеу – маусым, шілдеу – шілде, 

тамызық – тамыз, дәндеу – мизам, күйек – 

қараша, ығыс – желтоқсан, қаңтар – қаңтар.

Жоғарыда сумаңқы туралы айтып өттік, 

енді өзге аң-құс атауларына тоқтала кетсек. 

Өтейбойдақтың жазбасында тарпаң – жылқы, 



шамшат – сусар, кәмшат – құндыз, маңғаз 

– сиыр, қандағай – бұғының бұқасы, айтақ – 

ит, борбаң – суыр, андағай – бөкен бұқасы, 

шақырауық – қораз, тауық, иіртек – ұлу т.б 

сөздер жетерлік. Балбаң – піл! 

 Осындай-

да Ақтамберді жыраудың «Балпаң-балпаң 

басарсың, басуға табан шыдаса...»,

 –

 дегені еске 



түседі. Пілдей жілікті, табанды болсаң басып 

көр деп тұрғандай... Оның үстіне қазіргі  атау 

«фил» деген парсы сөзінен шыққан. XIV ғасыр 

соңында атқа қонып,  І ғасыр өте Үндістанда 

Ұлы Моғолстан империясын құрған түркілер бұл 

жануарды білуі, жүрісіне қарап «балпаң» атап 

кетуі әбден мүмкін-ау? Жылмаң қаққан адам, 

жылмақай адамның төркіні жылмаң болса, ол – 

түлкі екен. Айбар – барыс. «Айбарлы ер» дегенді 

«барыстай айбатты ер» десек, еш сөкеттігі жоқ 

болып шығады. 

Дертке қатысты сөздер

Елден оғаш, іске араласпай тұрған балаға 

апа-әжелеріміз: «Кекжиіп неге тұрсың? Кел, 

көмектес!»

 –

 деп жекігенін талай естідік. Осы 



«кекжиіп» қайдан шыққан? Өтейбойдақ ши-

пагерге сенсек кекжиме деген 

– 

кесел атауы. 



Бұрын қазақтар минингидті солай айтқан екен. 

Бұл жаман дертке шалдыққан науқастың желкесі 

тартып, мойынын исе, басы сырқырап қоя 

беретіні бар. Дәрігерлердің «басым ауырды» 

деген баланың мойнын иіп тексеріп жатқанын 

талай көрдік. «Кекжиіп тұр» содан шыққан деуге 

болар, «илікпей, мойны жар бермей тұр».  

Жуырда Жанұзақ Оразбай деген жас ақынның 

жырларынан: 

Шемен жыр, шегелендің шер боп тұнық,

Өзгеге ризық болып татымадың.

Білмедім білімімді жерлеп тұрып,

Ақынның пайғамбардай хақы барын, – 

дегенді оқып қалдым. Шер-шемен, шемен үміт 

т.б осы тақылеттес теңеулерді ақын-жазушылар 

ТІЛІ МЫҚТЫНЫҢ – ЕЛІ МЫҚТЫ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

46

АРҒЫ БЕТКЕ АСҚАН 



АЛАШ АРЫСТАРЫ

Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының 1918 жылдың көктемінде Шәуешекке аттанарда 

достарымен бірге Семей қаласында түскен суреті. 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

Бекен Қайратұлы,

журналист


№ 1 ( 2 0 1 6 )

47

«Алаш автономиясының аумағына жоғарыдағы 



9 облыс, 1 губернияда тұратын қазақтар және 

Әмудария, Закаспий уездерінің қазақтары 

қатысты» делінген. Ары қарай әскер-милиция құру, 

қаржы табу жолдары қарастырылған. Кешікпей 

большевиктер билігі күшейіп кетуіне байланысты 

Алаш автономиясының өрісі тарылды. 1918 жылдың 

наурыз айында Батыс Алашорда көсемдері – Халел 

және Жанша Досмұхамедовтар Мәскеуге барып

Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ленин және 

Ұлт істері бойынша халық комиссары Сталинге 

жолығады. Қысқасын айтқанда, келіссөз нәтижесіз 

аяқталады. Қазақ даласын басқаруда большевик 

Әліби Жангелдиннің ықпалы арта бастайды. 

Осы кезден бастап қазақ ұлтшылдары Сібір 

уақытша үкіметі (Омбы) мен Бүкілресейлік құрылтай 

жиналысының (Самара) қуатына сүйенбек болады. 

1918 жылы шілде айында Самарадағы уақытша 

үкімет Алашордағы 2 млн сом ақша, 3000 әскерге 

қару-жарақ беріп көмектеседі. Тек Батыс Алашордаға 

2000 мылтық, 37 пулемет, 2 зеңбірек берген екен. 

Оның өзі – қазақтарды қызылдарға айдап салудың 

бір бағыты еді. Ал Бүкілресейлік құрылтай 

жиналысы Алаш автономиясын мойындаудан бас 

тартқан. 

Осындай қиын-қыстау жағдайдан кейін Алаш 

қайраткерлері әртүрлі жолдар іздеген. Соның 

бірі – шетелдегі қазақтармен байланыс жасап, 

оларды Алаш шаңырағына біріктіру ісі болатын. 

1917 жылдың бейресми дерегі бойынша, Ресейге 

бағынышты өлкелерде 5 млн 400 мың қазақ тұрған. 

Ал шетелде қазақтар Қытай мен Моңғолия елдерінде 

ғана бар еді. Осы тұста Қытай елінде 150 мыңға 

тарта қазақ болса, Моңғолия елінде 20 мыңның 

шамасында екен. 

Содан 1918 жылдың көктемінде Алаш көсемдері 

Семейге жиналып ақылдасады. Мұндағы мақсат – 

шетелдегі қазақтарға барып, онда Алаш идеясын 

насихаттау еді. Бұл бас қосуға Абайдың ақын шәкірті 

– Көкбай Жанатайұлы, Абайдың баласы – Тұрағұл, 

атақты балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлы бастаған 

алаш ардақтылары қатысады. 

Осы жылдың жазында Қытай елін бетке алып 

Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

Дулатов, Салық Аманжолов, Райымжан Мәрсековтар 

жолға шығады. Олар Ақсуат өлкесін басып өтіп, 

Шәуешек қаласына барады. Ертеректе Семей 

қаласында тұрып, осында қоныс аударған көпес 

Рамазан Шәнішевтің үйіне түседі. Елді жинап, келген 

мақсаттарын айтады. Осы кездесуде әйгілі әнші, 

ақын Әсет Найманбайұлы да бірге болып, өзінің 

«Алаш» атты толғауын шығарған. Әсет ақынның екі 

жылдың алдында, яғни,  1916 жылы Қытайға біржола 

қоныс аударған кезі-тін. 

Алаш көсемдерінің бұл сапарынан бізге мұра 

болып жеткен екі дүние бар. Олар: Шәуешекте 

Ахаңдарды суретке түсірген Ахметжанның 

фотосуреті мен Әсеттің «Алаш» толғауы. 

Міржақып, өлең айт! – деп қолқаладың

Мен бе, ақын сен тұрғандай ой табатын. 

«Алаш!» – деп ағайынға сауға салып, 

Ахаң ер отырмай ма жол табатын,– 

деп сөз бастаған Әсет ақын Ахаңа біршама  наз 

айтады. Шын мәнінде, Алаш ардақтыларының бұл 

сапарын жергілікті жұрт тым құптай қоймаған. Ол 

жайында Әсеттің айтқан жырынан да байқалып тұр. 

Мысалы: 


О, Аха, не дегенің – бүй дегенің, 

Алашқа бар қазақты жи дегенің, 

Сыртта жүрген ағайын суық бауыр, 

Оған мысы жүрмейді түздегі елдің. 

Жарыссаң – төбеге озып шықсаң нетті, 

Белдессең белін үзіп жықсаң нетті, 

Тозған елден тойынар күй іздемей, 

Өз халіңді анықтап ұқсаң нетті! – 

дейтін біртүрлі көзқарас бар. 

***


   Шәуешекке келген Алаш өкілдерін қазақтың 

ауқатты байы – Құсайын өзі ертіп, Үрімжіге апарады. 

Оларды Шыңжан өлкесінің билеушісі Ян Зын Шин  

қабылдайды. Кездесуден еш нәтиже шықпаған. Бұл 

арада ескере кететін жайт – Шәуешек қаласында 

баяғыдан келе жатқан орыс консулы болған. Осы 

консул Кеңес үкіметінің мүддесіне ойысқан болуы 

керек. Сондықтан да Алаш арыстарының сапарына 

шектеу қойылған. Тіпті Ахаңдардың қандай 


№ 1 ( 2 0 1 6 )

48

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

шаруамен келгенін де біліп отырған. Тез қайтуға 

мәжбүрлеген. 

Ахаң мен Жахаңа еріп барған Садық Аманжолов 

пен Райымжан Мәрсековтер жайында айтар болсақ, 

С.Аманжолов екінші Жалпықазақ съезінде Жетісу 

облысы атынан Алашорда үкіметінің мүшелігіне 

сайланғаны туралы дерек бар. Қуғын-сүргін 

жылдарына  аман өтіп, 1941 жылы қайтыс болған.  

Ал, Райымжан Мәрсеков – Алашорданың 

шығыс бөлімшесінің белді өкілдеренің бірі. Алаш 

полкін жасақтаған. Алаштың ұраны –  «Сарыарқа» 

газетін Семейде шығарып тұрған. Азамат соғысы 

жылдары жергілікті халықты азық-түлік, киім-

кешекпен қамтамасыз ету үшін шығыстағы 

Владивосток қаласына барып, америкалық «Мейер» 

фирмасымен шарт жасасып, Семейге 15 миллион 

Ортада орындықта отырған: тақиялы – Міржақып Дулатұлы, сол жақ жанындағы – Ахмет Байтұрсынұлы,

одан бергі – Райымжан Мәрсеков. Оң жақта жерде жеке отырған – әнші Әсет Найманбаев.  

Шәуешек қаласы, 1918 жыл    

сомның затын әкеліп, халықты қамтамасыз еткен 

қайраткер. Жоғары білімді заңгер. 1922 жылы Семей 

губерниясының атқару комитетінде үлкен қызмет 

атқарып жүріп, жалғыз түнде Қытай еліне асып 

кеткен. 


Қытай елінде жүріп 1939-40 жылдары атылған. 

Осы Алаш арыстары қайтар жолында жайлауда 

отырған Таңғыт үкірдайдың ауылына келіп, ат 

суытқан. Артынан Таңғыт Еңсеұлына «Алашордаға 

бүйрегі бұрған» деген жала жабылып, 73 жасында 

бұл адам да жазаға бұйырылған. Алаш арыстарының 

осы сапары кезінде бірге жүрген, дидарласқан 

адамдардың көбі артынан атылған, асылған. 

Бұдан біз 1937-38 жылдардағы жаппай жазалау 

науқаны Қытайдағы қазақтарды да айналып 

өтпегенін аңғарамыз. 


№ 1 ( 2 0 1 6 )

49

 



 

 

 

 



 

 

  



  -

-

 



.

 

 



.

 



-



.

 

 



-



.

 

 



-

 -



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

50

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

.

 

 



  -



.



 

 

 



 

  -


-

.

 



 

 



 

 



 

.

 



 

 



– 

 

 



:

 

 



 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

 –  !


 

 

.



 

 ***


 

№ 1 ( 2 0 1 6 )

51

  



.



 

 

-



 -

.

 



 



-

-

  -



.

 

 



-

 - 


.

 

 



.

 

 



-

 -

.



 

  

 



 

 

    



 

 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ



№ 1 ( 2 0 1 6 )

52

Қ



ытай Халық 

Республикасы 

Шыңжаң-Ұйғыр 

автономиялық 

ауданының қазақтары сан 

жағынан ұйғыр мен қытайдан 

соң үшінші орынды алып отыр. 

2010 жылғы халық санағының 

мәліметтері бойынша, мұнда 

1 418 278 қазақ өмір сүрген. 

Провинция құқы бар осы 

автономиялық ауданға Іле-



ҚЫТАЙ 

ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ 

айтыс дәстүрі

Қазақ облысы да жатады, об-

лыс орталығы 1975 жылғы 10 

қыркүйектен бастап 1979 жылдың 

қазанына дейін Күйтін қаласы 

болған.


Күйтін облыс орталығы болған 

кезеңде қалада қазақ тілінде 

кітап шығару үшін арнайы Іле 

Халық баспасы құрылды. Ол 

бүгінгі күнге дейін қызмет етіп 

келеді. Осында қазақ бөлімі бар 

педагогикалық институт ашылды. 

Менің байқағаным: қазіргі Іле-

Қазақ автономиялық облысының 

орталығы – Құлжа қаласынан гөрі 

мұнда маңдайшалар қазақ тілінде 

көптеп жазылған екен. 

Күйтін қаласы – су бұрқақ-

тары мен кең даңғылдары 

бар әдемі, жасыл, жинақы әрі 

қонақжай қала. Ол Үрімші мен 

Хоргос қалалары арасындағы 

өзіндік логистикалық орталық 

әрі ШҰАР IT-технологиясының 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

53

негізгі ошағы болып табылады. 



Бар болғаны 5,5 мың қазақ өмір 

сүретін тап осы қалада Қазақстан 

Республикасынан тыс жердегі 

қазақ айтысын зерттеу жөніндегі 

жалғыз орталық. Менің осы 

қалаға келу мақсатым да – осы 

орталықпен танысу. 

Қазақ айтысын зерттеу 

орталығы Кәсіби-техникалық 

институт жанынан 2006 жылы 

құрылған екен. Оның ректо-

ры Жәлел Нұрпейісұлымен 

телефон арқылы хабарласқан 

соң Алтай аймағы Буыршын 

ауданының Қанас әуежайынан 

Үрімжі қаласына ұшып келіп, 

Күйтінге бару үшін 250 

шақырымнан аса жолды такси-

мен жүрдім. Ал менімен кездесу 

үшін кезекті еңбек демалысын 

үзіп, Жәлел Нұрпейісұлы ар-

найы Алтай қаласынан ұшып 

келіпті. Келесі күні түске таман 

Күйтін қаласының бұрынғы 

әкімі, қазақстандық-қытайлық 

«Көрші» журналының бас ре-

дакторы, Шыңжаң қазақ айтысы 

қоғамының Құрметті төрағасы  

Лұқтарқан Әділқанұлы және осы 

қоғам төрағасының орынбасары  

Жекен Тауытұлының қатысуымен 

кездесу жылы әрі әсерлі өтті. 

Олардың ақпараты бойынша, 

Күйтін қаласының әкімдігі Қазақ 

айтысы орталығының құрылысына 

35 млн юань (5,7 млн АҚШ дол-

лары) бөлген. Бастапқыда  

180 мың юаньмен қаржылан-

дырылған орталық өзінің та-

рихын сурет көрмесі арқылы 

таныстырады. Орталықта Қытай 

қазақтары айтысының сирек 

кездесетін толық бейне-дыбыс 

жазбасы бар. Оның қорында 

қытай тіліне аударылған «Қазақ 

айтысының тарихы» атты екі 

томдық ұжымдық еңбек бар.  

«Қазақ айтысының жинағы» жеті 

том болып жарық көрді. Сондай-

ақ орталық Бейжіңдегі баспа  

арқылы  Үздік халық ақыны, 

Бүкілқытайлық фольклористер 

қоғамының мүшесі Құрманбек 

Зейтінғазыұлының (1941–2011) 

төрт томдық жинағын және 

оның шығармашылығының 

төрт томдық зерттеу жинағын 

шығарды. 

Құрманбектің шетелдердегі 

айтыстарының арқасында 

Моңғолия, Түркия, Герма-

ния, Франция және Голлан-

дия қоғамдастығы да қазақ 

айтысының дәстүрлерімен жақсы 

танысты. Оның Мейрамханмен 

айтысы мектептің сегізінші 

сыныбына, Жамалханмен ай-

тысы тоғызыншы сыныбына 

арналған «Қазақ әдебиеті» 

оқулығына енді. Қытайда оның 

Күлән, Ізет, Бәтима, Қален, 

Мәдихан, Ләззат, Ақлима, Ханша 

және Еркінмен айтыстары кітап 

болып жарық көрді. Ол түрлі 

деңгейдегі айтыстардың он екі 

рет жеңімпазы және 1999 жыл-

дан 2005 жылға дейін ШҰАР-да 

өткен айтыстардың қорытындысы 

бойынша, «Еңбек сіңірген халық 

ақыны», «Жүлдегер ақын» 

атақтарына ие болған. Оның 

өлеңдерін, көптеген мақалаларын, 

толғау өлендерін, қытай тілінде 

жарық көрген «Жылжып өткен 

жылдар-ай» кітабын оқырман 

жылы қабылдады. Сондай-ақ 

Күйтінде жарық көрген «Ақындар 

айтысы» айдарымен шыққан 

кітаптың бірінші томы оның 

санқырлы шығармашылығына 

арналған.

Қазақ айтысын зерттеу 

орталығы ақындар айтысының 

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

54

мазмұнын қытай және ағылшын 



тілдеріне аударумен айналыса-

ды. Ол ҚХР Мәдениет министрі 

және қазақстандық ғалымдардың 

қатысуымен өткен «Қазақ халқы-

ның айтыс өнерін зерттеу және 

дамыту» атты ғылыми конферен-

циясын ұйымдастырды. 

2014 жылдың желтоқсанында 

ШҰАР Тарбағатай аймағы 

Дөрбіл жін ауданында тұрғындар 

арасында

 

орталықтан шыққан 



кітаптар және ақсақалдардың 

ауызша айтылған тарихы желі-

сімен қалпына келтірген қазақ 

айтысының түрлерімен таныстыру 

мақсатында шеберлік дәрістерін 

өткізді. Олардың арасында, ертедегі 

бақсылық көріністері бар бәдік 

айтыс; діни тақырыптарға шариғат 

айтыс; жан-жануарлар атауына 

қатысты 12 тізбектен тұратын 

жыл қайыру жөніндегі қазақтың 

дәстүрлі күнтізбесінің тарихы мен 

табиғаты туралы білім жарысы – 

наурыз айтыс; қыз бен жігіттің ай-

тысы, тойда айтылатын жар-жар 

айтыс; бір-бір жолдан қайыратын 

төрт айтыскерді біріктіретін 

қайым айтыс; жұмбақ айтыс бар. 

Тәмсілдік айтыс поэзия жанрын-

да адам мен жануардың, өлі мен 

тірінің, қыс пен жаздың айтысын 

көрсетеді.

2008 жылдан бастап орталық 

Шынжаңдағы қазақ айтысы 

қоғамымен тығыз байланыста 

жұмыс жасайды. Олар бірлесіп за-

манауи ақындар – айтыскерлердің 

мұрағатын құруда, 1949 жылдан 

бастап қазіргі кезге дейінгі қазақ 

айтысының тарихы бойынша 

кітап шығаруды жоспарлау-

да. Қазақстан, Германия және 

Жапонияның делегациялары осы-

нау бірегей орталық жұмысымен, 

мамандарымен танысты, қонақ 

ретінде айтысқа қатысты және 

шығармашылық серіктестік ниеті 

туралы хаттамаға қол қойды.

Қазақ айтысы – суырыпсалма 

орындаушылардың алдын ала 

дайындығынсыз өлең жарысы 

ақындардың білімпаздығын, 

даналығын, өткір тілділігін, 

сөз тапқыштығын анықтайтын 

жеке өнер. ШҰАР-да айтыс 

өзінің көпшілік өнер түріндегі 

қажеттілігін сақтап, дамып келеді. 

2010 жылы ШҰАР Үкіметі 

Қазақстан Республикасының 

Мәдениет министрлігіне Қытай 

және Қазақстан қазақтарының 

айтысын адамзаттың бекзаттық 

мәдени мұрасы ретінде 

ЮНЕСКО-ның Репрезентативтік 

тізіміне енгізуге бірігіп өтініш 

беруді ұсынуы кездейсоқтық 

емес. Алайда бұл кезеңде 

Қазақстан 2003 жылғы бекзаттық 

мәдени мұраны қорғау туралы 

ЮНЕСКО Конвенциясын әлі де 

ратификацияламаған болатын. 

Елімізде мұндай жұмыстың 

барлық халықаралық рәсімі тек 

2012 жылдың 28 наурызында 

аяқталған. «Айтыс – суырып-

салма өнері» қазақстандық-

қырғызстандық номинациясы 

ЮНЕСКО  бекзаттық мәдени 

мұрасының Репрезентативтік 

тізіміне 2015 жылдың 2 желтоқ-

санында ғана енгізілді.

Қытайда қазақтар айтыс-



ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

55

ты міндетті түрде өткізеді. 



Олардың мерзімділігі орнатылған: 

жылына бір рет – аудандық 

деңгейде; екі жылда бір рет – 

аймақтық деңгейде; үш жылда 

бір рет – облыстық деңгейде; 

бес жылда бір рет – автономия 

деңгейінде өткізіледі. Біздер 

Қытайдағы қазақ айтысын на-

сихаттап, дамытудың жаңа түрін 

анықтадық: студенттер айтысы үш 

жылда бір рет өткізіледі. Айтыскер-

лер, әдетте, салт-дәстүрді, түп-

тамыры мен  тарихын жақсы біледі.

Қытайда айтыс жеңімпаз-

дарына бір реттік сыйақы беріп 

қана қоймайды, сондай-ақ 

тұрақты шәкіртақы тағайын-

далады. Сөйтіп, қазақ халқының 

өлең жанрындағы сөзжарысының 

көп ғасырлық дәстүрінің тінін 

үзбей, білімі және машықтарын 

жас ұрпаққа ауызша жеткізу 

тәсілін ынталандырады. Қытайда 

да айтыс тек еркек пен әйел 

арасында өтеді. Қытайда ерлер 

арасындағы айтыс түрі сирек 

кездеседі.

Айтыскерлер – ШҰАР-

дағы қазақтар арасындағы 

мамандықтың жаңа түрі. Ол 

ұлттық зиялылардың бастама-

сымен өмірге келді. Күйтіндегі 

алғашқы 40 студент сонау 2004 

жылы арнайыландырылған 

сыныпқа үлкен бәйгеге түсіп 

жиналған болатын. Алты жыл-

дан соң Іле педагогикалық 

институтының (Құлжа қ.) фило-

логия факультетінде сондай-ақ 

дарынды жастардың қатарынан 

маман-ақындарды дайындау 

басталды. Төрт жыл оқытылатын 

«Айтыс бакалаврын» жеке 

мамандық ретінде мемлекет 

2011 жылы мойындады. Осы 

мамандық бойынша Қытайдың 

Білім министрлігі  лицензия 

береді. Жоғары оқу орындарының 

түлектері мәдениет саласын-

да жұмысқа орналасады. 2015 

жылдың маусымында ШҰАР Ал-

тай аймағындағы жеті ауданының 

айтысы Алтай аймағы Буыр-

шын ауданының «Ақ күнгейті» 

этносаябағында өткізілді.

Қытайда бекзаттық мәдени 

мұра (БММ) тізімі автономия 

деңгейінде (мысалы, ШҰАР-

да) және мемлекеттік деңгейде 

жүргізіледі. Соңғы жағдайда 

БММ элементтерінің қайсыбір 

номинациясы бойынша шешімді 

Бейжіңдегі Мемлекеттік 

кеңес қабылдайды. БММ-ға 

қолдау көрсетудің кезектілігі 

де анықталады. 2008 жылы 

Шыңжаңның бекзаттық мәдени 

мұрасының тізіміне қазақ 

айтысының өнері бірінші кезекте 

мемлекеттік деңгейде енгізілді. 

Яғни,  бекзаттық мәдени мұра 

білгірлері мен насихаттаушы-

ларын мемлекет қорғайды, 

қолдайды, өскелең ұрпаққа 

білімін, шеберлігімен және 

машықтарын жеткізуде оларға 

барынша жәрдем көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет