Реферат Тақырыбы: Антика Философиясы Орындаған:Қаратай. А.Қ Қабылдаған: Абуханов. Ш. А алматы 2019 жыл


Балауса схоластика – IX - XII ғғ. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Августин Аврелий, т .б



бет19/25
Дата06.01.2022
өлшемі59,26 Kb.
#12095
түріРеферат
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25
1.Балауса схоластика – IX - XII ғғ. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Августин Аврелий, т .б.

2.Кемеліне жеткен схоластика – XIIғ – Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.

3.Құлдырау кезеңі – XIV – XV ғғ. – Негізгі өкілдері: Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.

Ортағасырлық философиядағы негізгі тартыс, айтыс универсалий деп аталған ұғымдар, жалпының жекеге қатынасы жайында болды.

Жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша , «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал «адам» деген жалпы атау – ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады.

Реализмнің басты өкілдері Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Фома Аквинский. П.Абеляр бойынша, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірвқ олар өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізінде жалпы ұғымдар қалыптасты. Бұл жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.



Фома Аквинский. Платонның бағытын жалғастырды. Олардың пікірі бойынша, жалғыз құдай шын өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы құдай, демек жеке нәрселердің пайда болуы жаратушы құдайға байланысты. Заттарды құдайдың ақыл ойындағы идеялық болмысы мәңгі, шындықтағы болмысы өткінші ғана сипатта болады деп есептеді. Ф.Аквинский ілімі бойынша, материя формадан бөлек жекеше өмір сүре алмайды, ал форма материядан бөлек өмір сүре алады. Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондықтан, құдай – таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет. Жалпы идеялар заттарңа дейін құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп, реалистермен келісетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол жалпы идеялар заттардан кейін адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді, сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табыла отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасайды. Мәселені бұлайша шешу философия тарихында идеялар тек заттардан тыс бұрын өмір сүреді дейтін атауға ие болды. Заттардың мәні олардың түп негізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамның мақсаты- соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.

Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистр.Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон, Уильям Оккам, Николай Уразмский. Олар жалпы заттарды зерттеуге шақырды. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді.Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Ульям Оккам. Әмбебаптар – олар үшін тек белгілер, бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді, Роджер Бекон схлоастиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет»,-деді, Николай Уразмский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет