Реферат Тақырыбы: Қазақстан республикасындағЫ



бет1/3
Дата03.11.2023
өлшемі38,9 Kb.
#122012
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қаз жоғ, мектеп



Реферат
Тақырыбы:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
Алматы, 2023 ж.

Жоспар:

I. Кіріспе
1.1 «Білім беру» мен «білім беру жүйесі» түсініктері
1.2 Қазақстанда жоғары білімді дамытудың заңнамалық базасы
II. Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанда жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары оқу орындарының дамуы.
2.2 Жоғары білімді мамандандыру. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы.
III. Қорытынды
«Білім беру» мен «білім беру жүйесі» түсініктері.
Б.М.БимБад, А.В .Петровский бойынша: «білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» болса, А.Г.Асмолов бойынша: «білім беру — жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын құзырлы таңдауга мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталган процесс» болып табылады. B.C.Безрукова бойынша: «білім беру - қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» болса, ЮНЕСКО (1997ж.) бойынша: «білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі жэне нәтижесі» - ретінде қабылданған.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Білім беру - адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі» берілсе, педагогикалық энциклопедияда (1999ж.): «білім беру - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі» ретінде тұжырымдалған. А.В.Петровский, А.Г.Асмолов, В.С.Безрукова, И.П.Подласый білім беруді - білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі ретінде қарастырған. Ал, академик В.А. Сластенин білім беруді адам, қоғам, мемлекет мүддесіне және мақсатына бағытталған тәрбие мен оқу процессі ретінде түсіндірген.
Білім беру білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Білім беру жүйесі — басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жүмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым.
Қазақстанда жоғары білімді дамытудың заңнамалық базасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3- тарауының 10-бабында білім беру жүйесі ұғымы: «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын: 1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының; 2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының; 3) білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік жэне ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығы.
ҚР Білім туралы заңында (11-бап) білім беру жүйесінің міндеттері: 1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. 2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту; 3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамга жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мэдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 5) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін дамыту; 6) қоғам мен әлеуметтік экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын дамыту, бағалау. 7) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындагы өзара байланысты қамтамасыз етепн жэне эркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барьпппа пайдалануга көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту; 8) білімнің, ғылымның және өндірістік интеграциясы. 9) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету. 10) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық жэне кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамуын қамтамасыз ету; 11) мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуларына сапалы жағдай жасау.
ҚР білім беру жүйесі екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған.

  • Ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу.

  • Әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.

Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру процесі халқымыздың салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. ҚР тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру бағытын, мақсатын, мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді, елімізде білім беру жүйесінің дамуы үшін Заңнамалық база негізі қалыптасты.

  • «Білім туралы» Заң 1999 ж., 7 маусым;

  • 2007 жылғы 27 шілде (№319-III ЗРК, Астана, Ақорда), 2012 жыл 09 қаңтардағы толықтырулармен;

  • «Ғылым туралы» Заң. 18 ақпан, 2011 ж.;

  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. 16.11.2009ж.;

  • ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-П ҚР Заңы;

  • ҚР баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-11 ҚР Заңы;

  • ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекетгік бағдарламасы. 7.12.2010 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет