Реферат Тақырып: БӨЖ тапсырмалары



бет1/5
Дата13.03.2023
өлшемі1,29 Mb.
#73799
түріРеферат
  1   2   3   4   5

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Реферат

Тақырып: БӨЖ тапсырмалары

Қабылдаған:Аубакирова Г.Р.


Орындаған:Ілияс А.С.
Тобы: И(о)-21к
Петропавл
2023 жыл
Жоспар:
1) Тарихи өлкетанудың зерттеу әдістері
2) Жазба деректер мен ескерткіштердің түрлері
3) Археологиялық деректердің өлкетануда атқаратын рөлі
4) Ш.Уалихановтың өлкетанушылық қызметі

Тарихи өлкетанудың зерттеу әдістері
Өлкетану бастапқы түсініктері: өлке (түсінігінің мәні) – жер, жақ, ел, өлке; өлкетану әдебиет, жергілкті басылымдар, аймақ – белгілі бір елге, облысқа я бірнеше мемлекетке тиісті, өлкетану библиографиясы, тарихи библиографиясы, аймақтық әдебиет.
Өлкетану дегеніміз – бір территорияны ғылыми негізде жан-жақты зерттеу.
Өлкетанудың зерттеу объектілері болып табылатындар: табиғат, тұрғындар және өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, табиғат, климат, тарихы, тұрғындары, мәдениет және тұрмысы жатады. Өлкетану– көпқырлы, комплексті құбылыс. Өлкетану өз мазмұны бойынша тарихи, әдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді
«Өлкетану» түсінігі пайда болғаннан бері (1761 ж. М.Ломоносов жергілікті тұрғындар және балалардың көмегімен өлкені зерттеуге әрекет жасады) әртүрлі мазмұнда болды.
ХХ ғ. 20-шы жылдары әкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территорияны синтетикалық зерттеу әдісі ретінде қарады.
1930-жылдары өлкетануды жергілікті халықты біріктірген, өлкені жан-жақты зерттеуге қызыққан қоғамдық қозғалыс ретінде анықтады. Оны тіпті ерекше ғылым деп атаушылар да болды.
Қазіргі уақытта өлкетану түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігін, қала немесе басқа да елді мекенді жан-жақты зерттеу.
Өлкені зерттеудің көздері: 1. өлкенің топонимикасы (географиялық атауларды зерттеуге арналған ғылым, өлкенің картасы), 2. мұрағат құжаттары, 3. баспа шығармалары, өнімдер 4. заттар 5. жергілікті өсімдіктердің үлгілері (флора), жануардың түрлері (фауна), 6.статистикалық деректер 7.өлкетану библиографиясы 8. тарих және мәдениет ескерткіштері 9. табиғат процестері мен объектілерін бақылау 9. пайдалы қазбалар.10. Мектеп өлкетану музейі

Қазіргі кезде практикалық міндеттер қажеттілігіне орай өлкетану оны ұйымдастыру формасы бойынша ерекшеленеді:
Мемлекеттік өлкетануда өлкені зерттеу өлкетану музейлерінің, әкімшіліктердің, мәдениет басқармасы мен бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу мекемелері, жоғары оқу орындары, облыстық кітапханалар, оқушылар мұғалімдер басшылығымен іске асырады т.б. жүргізеді.
Қоғамдық өлкетануда өлкені зерттеу қоғамдық өлкетанушылар, туристер, қоғамдық ұйымдар (өлкетану бөлімі, географиялық қоғам, тарих және мәдениетті қорғау қоғамы, табиғатты қорғау қоғамы) т.б. іске асырады.
Өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері: өлкетану оқулыры, үйірмелер, конференциялар, жас туристер станциясы, жас табиғатшылар, жас техникте, тақырыптық экскурсиялар, жылжымалы көрмелер, өлкетанушылар қоғамы т.б.
Тарихи өлкетану курсының арналуы және оның мазмұны: студенттер жер-жерлерден тарих және мәдениет ескерткіштерін табуды үйреніп, оларды қорғауды ұйымдастырып, стилін, жасалған уақыты мен көркемдік ерекшеліктерін білу, тұрғын жай немесе басқа да құрылыстардың шығармашылық бастаманы тану, күнделікті ескі-құсқы заттар арасынан өнер шығармалары заттарын таба білу.
Тарихи өлкетану жалпы өлкетанудың құрамдас бөлігі ретінде өзін қолданбалы тарих саласында көрсетеді және екі маңызды белгілермен ерекшеленеді: тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі материалдандырылған тарихи оқиғаларды шағын зерттеуі және қызметтік сипаты. Басқаша айтқанда бұл тек ғылыми-тарихи таным саласы ғана емес (ескерткіштерде көрсетілген өлке тарихын зерттейді және тарихи ғылымды зерттеудің әдістері мен принциптері заңдылықтарына сүйенеді) тұрғындардың кең арасына өлке тарихы мен оның ескерткіштері туралы білімді таратуға бағытталған, оны оңайлау, қызықтыру арқылы тарихшы-өлкетанушылардың белсенді практикалық қызмет саласына да байланысты.
Тарихи өлкетану адам қызметінің әртүрлі түрлерінің жүйесі ретінде, жеке бастың жан-жақты дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Тарихи өлкетану негізгі деректерін үш категорияға бөлінеді: материалдық (археологиялық, архитектуралық, өнер шығармалары ж.т.б.), жазбаша және ауызша. Өлкетану деректері: баспа, статистикалық, картографиялық, мұрағат, ауызша, өлкетану библиографиясы, тарих және мәдениет ескерткіштері, өлкетану білімінің деректемелері ретінде табиғат процестері мен обьектілерін бақылау болып табылады.
Баспа деректемелері - өлке мәліметінің негізгі деректемелері болып табылатындар кітаптар, мерзімдік және үздіксіз басылымдар (ғылыми қоғамдар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары т.б еңбектер жинағы және ғылыми жазбалары). Әдеби деректемелер әртүрлі: монографиялар және жинақтар, очерктер және мемуарлар, ғылыми және ғылыми көпшілік әдебиеттер, публицистика және анықтамалық сипаттағы басылымдар.
Мұрағат деректемелері. Мемлекеттік архивтер халықтың ұлы игілігі ретінде көп ғасырлық құжатты мүраларды сақтаушы болып табылады. Орталық мемлекеттік архивке жататындар ҚР мемлекеттік орталық архиві, облыстық архивтерде революциядан бүрынғы қорлары, бұлар бұрынғы губерниялық мекемелердің, губернатор кеңсесінің, губернатор, жандарм басқармасының, бақылау палатасының қылмыс және азамтық сот палатасының, округтың сот т.б қорлары.
Өлкетану библиографиясы –жалпы библиография секілді бұрынғы шыққан және қайтадан шыққан әдебиеттер ақпараты туралы маңызды құралы. Оның міндетіне өлкетану әдебиетін анықтау, есепке алу, сипаттау және насихаттау кіреді.
Өлкетану библиографиялары әрқилы 1) басылым түріне орай 2) арнаулы және әдебиеттерді таңдау толықтығы бойынша 3) шығарылуы мерзімділігі және кезеңдігі қамтуы бойынша 4) тақырыбы бойынша .
Басылымдардың түріне орай ерекшеленеуі
Библиографиялық көрсеткіштер (жеке кітап немесе брошюра ретінде басылып шыққандар мысалы Алматы облысының көрнекті жерлері өлкетану библиографиялық көрсеткіштер);
Жергілікті кітапханалардың баспа каталогы ( Өлкетану жүйелік каталогі)
Кітап ішіндегі библиографиялық тізімдер: қолданылған әдебиеттер немесе кітап тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімі
Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді. Ағымдағы өлкетану библиографиясы (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы» , «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық корсеткіш» республикалық обылыстық кітапханаларда шығарылады. Ретроспективті өлкетану библиографиясы - белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды әдебиеттердің Республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері
Құжаттар тобының сипаттаммасы
ғылыми мақала - ғылыми басылымға арналған теориялық немесе экспериметтік зерттеулер нәтижелері бар мақала
диссертация – ғылыми дәрежені қорғауға үсынылған баспалық немесе қолжазба шығарма
ғалымдар шығармалар жинағы – автордың барлық немесе шығармаларының бірер бөлігін береді, оның шығармашылығын толық көрсететін бір томдық немесе көп томдық басылым
библиографиялық көрсеткіштер - көмекші көрсеткіштері бар, қажет жағдайда басқа элементтері, құжаттарды жеке шығару сипатындағы, күрделі құрылымдарды библиографиялық оқу құралы (алғысыз, тарау басы ж тб)
Өмірбаяндық сөздік – белгілі адам, кісінің шығармасын көрсететін , әрі әдебиет және ол туралы библиографиялық мәліметті көрсететін сөздік. Анықтамалар, жол көрсеткіштер, естелік кітаптар, табиғатқа, тарихи этнографияға тұрғын тіршілігіне арналған монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған «Нижегород губерниясы бойынша Палата жолбасшы» (1896); «Нижгородтық Волга бойынның адамдары: библиографиялық очерктер» (1886), жаратылыс-сынаушылар, қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім, антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар.
Өлкетану библиографиялық көрсеткіштер, каталогтар және тізімдер, анықтама- ақпараттық сипатта, ересек оқырмандардың кең тобына арналған. Өлкені зерттеушілерге арналған өлкетану библиографиясы, балаларға арналған «Оңтүстік Қазақстан өлкесі туралы не оқуға болады?» библиографиясы болады.
Шығарылым мерзімдік тұрғыдан қаралғанда өлкетану библиографиясы ағымдағы және ретроспективті болып ерекшеленеді.
Ағымдағы өлкетану библиографиясы (есепке алу тіркеу түрінде ) ұдайы шығарылады «Кітап жылнамасы», «Журнал жылнамасы», «Кітап шолуы», «Жергілікті өлкетану туралы библиографиялық көрсеткіш» республикалық, облыстық кітапханаларда шығарылады.
Ретроспективті өлкетану библиографиясы - белгілі мерзімде шыққан өлке әдебиеттерді қамтиды, әдебиеттердің республика туралы ұсынылған библиографиялық көрсеткіштері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет