РеспубликалыҚ оҚу-Әдiстемелiк ЖуРнал мазмҰны содеРЖание Ө. Шеденов., а аРна


тапсырмалар кезегі: «миға шабуыл» әдісі



жүктеу 2.03 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата26.12.2016
өлшемі2.03 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

тапсырмалар кезегі: «миға шабуыл» әдісі

2–жүргізуші: 

«Хан»  деген  ұғымды  қалай  түсінесінсің?  Ел 

билеуші  болып  сайлану  үшін  сайланатын  адамның 

дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсың?



1–жүргізуші: 

Бәлкім, бұл сұрақтың жауабын бірге қосылып іздеп 

көрсек қайтеді?

Мысалы:  Хан,  Елші,  мәмілегер,  саясаткер,  қоғам 

қайраткері, ойшыл, заңгер, ақын, шешен.

1–жүргізуші: 

Тәуке  хан  болу  қарсаңындағы  Қазақ  хандығының 

саяси  жағдайы  XVI  ғасырдың  ортасында  Батыр 

қонтайшының  билікке  келуіне  байланысты  Жоңғар 

мемлекетінің  күш  -  қуаты  артты.  Батыр  қонтайшы 

тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643, 



Қазақ хандығына -550 жыл

 Әз тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы

т.ҚыдыРбаева,

№ 1 алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі арнайы пәндер оқытушысы

42

1652  жылдары үш  рет қарулы  шайқастар  болды. Хан 

мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды. 

Бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға 

күш салды.

1  Білім  алушы:  Тәуке  хан  тұсындағы:  елдің  ішкі 

жағдайы өте шиеленісіп тұрды. Үстем тап өкілдері ара-

сында ішкі, талас - тартыс пен алауыздық өрші түсті. 

Қазақ жүздері біртұтас қазақ хандығын мойындағанмен, 

іс  жүзінде  олар  Ұлы  ханға  бағынбау  үрдісін  ұстанды 

Сұлтандардың өздері кіші хандарға бағынғысы келмей, 

өз алдарына жеке - дара билік жүргізуді көздеді.

2  Білім  алушы:  Тәуке  хан  тұсындағы  қазақ 

хандығының  сыртқы  жағдайы:  Орыс  мемлекетімен 

экономикалық және саяси - дипломатиялық байланыс 

орнатуға тырысты 1573 жылы С. Малцев пен Т. Чебу-

ков бастаған орыс елшілігі келді. 1694 жылы Тәуке хан 

І  Петрмен  елші  Аталықов  арқылы  сауда  байланысын 

күшейту  туралы  келісім  жасады.  Ресей  болса  қазақ 

хандығын  Сібір  ханы  Көшімге  қарсы  одақтас  еткісі 

келді. 1598 жылы Көшім біржолата жеңіліске ұшырады. 

Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан 

қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.

1-жүргізуші: 

Ендігі  кезекте  Тәуке  ханның  «Жеті  жарғы» 

заңдарына байланысты көріністі тамашалайық!

көрініс: Әз Тәуке хан тұсындағы қазақ халқының 

тұрмыс  –  тіршілігі.  «Жеті  жарғы»  заңының  шығу  та-

рихы.

2–жүргізуші: 

Әз  Тәуке  ханның  жеті  жарғы  заңы  дүниеге  кел-

геннен  кейін  халықтың  жағдайы  жақсара  бастады. 

Елде  бейбітшілікпен  тыныштық  орнай  бастады. 

Сондықтанда Әз Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы 

қой үсінде бозторғай жұмыртқалаған заман атанды.



білім алушы: Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына 

ерекше назар аударып, мемлекеттің күш - қуатын арт-

тыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті 

жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басын-

да күнде жиын» деген сөз осыдан қалса керек. «Жеті 

жарғы»  қазақтардың  бұрыннан  келе  жатқан  әдеттегі 

құқық  нормалары.  Жарғының  негізі  «Қасым  ханның 

қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы сияқты» байырғы 

қазақ  хандарының  мемлекетті  басқару  мен  халықты 

билеудегі  қалыптасқан  үлгі,  жобаларының  алынды. 

Зерттеулерге қарағанда «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке 

ханның  ұсынысымен  қазақ  елінің  таңдаулы  жеті  биі 

қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш да-

насы,  үш  кемеңгер  деп  танылған  қазақ  халқының  үш 

көсеміне  айналған  Төле  би,  Қазыбек  және  Әйтекелер 

заң  жобаларын  сахараның  сол  замандағы  тұрмыс  – 

тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып қайта жасаған.

1 Білім алушы: Қазақша «жарғы» деген сөз әділдік 

деген  ұғымды  білдіреді.  Қасым  ханның  қасқа  жолы. 

1.Мүлік заңы ( жер дауы, мал - мүлік дауы); 2. Қылмыс 

заңы  (  кісі  өлтіру,  талау,  шапқыншылық  жасау,  ұрлық 

істеу); 3. Әскери заң ( қосын жасақтау, қара қазан, ердің 

құны, тұлпар ат, қара қазан мәселелері); 4. Елшілік жора-

лары ( майталман шешендік, халықаралық қатынастағы 

сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5. Жұртшылық заңы 

(  ас,  той,  мереке,  думан  үстіндегі  ережелер,  ат  жарыс, 

бәйге ережелері жасауыл және т. б.) 



2  Білім  алушы:  Тәуке  ханның  «Жеті  жарғысы» 

1.Жер дауы. 2. Үй іші мен бала тәрбиелеу. 3. Ұрлық – 

қарлық, барымта. 4. Бір халық пен басқа ру арасындағы 

дау. 5. Ұлтын жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жесір дауы.



2-жүргізуші: 

Шынар  сен  «Жеті  жарғыда»  қарастырылған 

мәселелерді білесің бе? 4. «Құн» деген не? 5. Құрылтай 

дегенді қалай түсінесің? Қандай мәселелер қаралды?



1-жүргізуші

Әрине,  бірақ  бұл  сұрақтың  жауабын  мына  бір  ви-

део – фильмнен толыққанды таба аламыз. Барлығымыз 

экран  бетіне  назар  аударып,  Тәуке  ханның  «Жеті 

жарғы» заңдарына байланысты видео – фильм көрейік.

2-жүргізуші: 

Қазақ  халқыда  «Жеті»  санын  киелі  деп  саналған. 



43

Тіпті, жеті ырыс, жеті қазына, жеті керемет, жеті жұт, 

жеті жетім, жеті күн, жеті ғалым, жеті ата, жеті әулие 

сынды құнды өсиеттер жетерлік. Қанекей барлығымыз 

жеті  санына  байланысты  мақал  –  мәтел,  нақыл  және 

ұлағатты сөздер айтайық!

1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

2.Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі. 

3.Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,

Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады. 

4.Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

5.Жігітке жеті өнер де аз.

6.Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

7.Қарғыс жеті атаға жетеді.

8.Жеті  кедей  жиналғанмен  ортасынан  бір  бай 

шықпас. 

9.Кедейдің жеті қаңтары бар. 

10.Айла алтау, ақыл жетеу. 

11.Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. 

12.Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. 

13.Жеті қазына ер жігіттің өмірімен байланысты. 

14.  Жүйрік  ат,  құмай  тазы,  берен  мылтық,  қанды 

ауаз қақпан, қыран бүркіт, майланғыш ау, өткір кездік. 

15 ырыс: адамның ақылы ой-санасы, денсаулық, ақ 

жаулық, бала, көңіл, жер, ит.

16.Қазақстанның бір топ ғалымдары «Қазақстанның 

ғалымдары  жеті  кереметін»  анықтаған:  таңбалы  тас 

суреттері,  алтын  адам,  қазақтын  киіз  үйі,  домбыра, 

Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесі,  Маңғыстау  жер  асты 

мешіттері, Астана Байтерек. 

Қорытындылау кезеңі: 

1-жүргізуші: 

І  көрініс.сахна.  Абайдың  «Көзімнің  қарасы»  әні 

естіліп  тұрады.Сахнадағы  қою  қараңғылық  арасынан 

әлсіз жарық көрініп, бірте-бірте күшейе түседі.Ән де, 

1-2  минут  залды  кернеп  кеткендей.Ән  баяулай  бере 

«Абай  әндері»  күй  табағынан  Абай  деп  басталатын 

жерден үзінді беріледі. Сахнада қайтадан қараңғылық. 

Прожектор  сәулесі  бой  түзеп  көтерілген  «Абай    - 

оқушыға » түседі. Абай болашаққа, ұрпаққа өсиет, сыр 

айтып тұрғандай. 

«Жүрегімнің  түбіне  терең  бойла,  Мен  бір  жұмбақ 

адаммын оны да ойла, Соқтықпалы, соқпақсыз жерде 

өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!?».



ІІ көрініс:Сахнаға кешті жүргізушілер шығады. 

Жүрегімнің түбіне терең бойла

(абай Құнанбаев туралы музыкалы – композициялы кеш)

 б.китатов,

сасан би орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Халқымыздың  тарихында  атақты  хандарымыздың 

алатын орны ерекше. Ұлы хандар өз заманында елін, 

жерін  жаудан  қорғап,  халықтың  бірлігін,  ынтымағын, 

салт  -  дәстүрін  сақтап  қалуда  зор  еңбегін  сіңірді. 

Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады.



2-жүргізуші

Білім алушылар кезек – кезегімен тұрып, өз пікірлері 

мен тілектерін ортаға салады.

1-жүргізуші: 

Қазағым, қара орманым – байтақ елім,

Жақсыны, жаманды да байқап едің.

Асырған мерейіңді асқақтатып,

Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегім!

2–жүргізуші:

 Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,

Алыптың халқы ғана нарқын білмек.

Қазағым, шаттанатын кезің келді,

Алашқа қорған болар ұл тудым деп.



1-жүргізуші: 

Танытып терезесін теңдігіңді,

Әлемге әйгілі елдігіңді!

Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің

Барлығымыз  бірге:  Сақтай  біл,  ұлан  –  байтақ 

кеңігіңді!



2-жүргізуші: 

Ендігі кезекте, 21 «И» топ білім алушысы Ақылбек 

Айгерім  «Мәңгілік  ел!»  өлеңімен  қарсы  алайық! 

Оқытушы сөз кезегін ала отырып, қонақтарға сөз береді.



1-жүргізуші: 

Құрметті  оқытушылар  және  білім  алушы-

лар!  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған 

тәрбие  сағатымыз  осымен  аяқталды.  Көңіл  қойып 

тыңдағандарыңызға рахмет!

алматы  қаласы.

І 

жүргізуші: 

Қайырлы 


кеш 

құрметті 

көрермендер!Бүгін  осы  бір  кішкене  залда  сіздермен 

қазақ  сахарасының  өзіндей  алып,  өзіндей  шетсіз 

де  шексіз,  байтақ,  ғажайып  талант  иесі,  қасиетті  де 

аруақты, адамзат әдебиеті ұлыларының бірі – Абай ту-

ралы сыр шертпекпіз.

ІІ    жүргізуші:  Қай  елдің  болса  да  Тәңірдей  та-

бынып,  Құдайдай  мінәжат  ететін  киелілері  болады 

ғой!  Абай  –  халқының  құранынан  кейінгі  құдіретті, 

пайғамбардан кейінгі табынушысы. 



І  жүргізуші:  Ал  біздер  үшін  Абай  өнегенің, 

өнердіңәділеттің,  адамгершіліктің,  адам  ұлы  бола 

білудің  халық  үшін  күресудің  үлгісі,  ғибратындай... 

Апталық кештер


44

жебеушісіндей.  Абай  ата,  қасиетті  ұлы  Абыз  өзіңнің 

үміт еткен шөберелерің – біздер сіз туралы тебіреніп, 

Сіз туралы толғанып, Сіз туралы сырласпақпыз!



ІІ  жүргізуші:  Қабыл  ал,  жас  өрендеріңді!Ақ 

батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жерің – туған 

топырағыңның торқасынан тұрып, бр сәт болса да бізге 

орал!Ортамызда бол! 



сахнаға  жас    ақын  /үйірме  мүшесі/  шығып 

абайға осы кешке арналған өлеңін оқиды. 

ІІІ көрініс.Сахнаға баяндамашы шығады. 

1-баяндамашы. Абай осы күнгі Шығыс Қазақстан 

облысындағы  Шыңғыс  тауын  жайлаған  Тобықты 

руының  ішінде  1845  жылы  туған.Абайдың  өз  әкесі  – 

Құнанбай, атасы - Өскенбай, арғы атасы – Ырғызбай. 

Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген 

адамдар.  Ақынның  бұлардан  арғы  аталары  Айдос, 

Олжай  болады.  Олжайдың  үш  ұлы:  Айдос,  Қайдос, 

Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай – осы 

Жігітектің баласы. Қайдостан Бекенші, Борсақ тарай-

ды.  Айдостың  Айпара  деген  әйелінен  төрт  ұл  туады.

Бұлар: Ырғызбай, Көтібақ,Топай, Торғай. Айпара – ер 

қайратты, есті, адуын әйел. Өзінде, бір жағынан тапқыр 

шешендік, бір жағынан бақсы –құшыныштық сияқты 

сәуегейлік те болған. Айпараның өзінен қалғанбір ауыз 

сөз – төрт баласына берген аналық бағасы:

«Шынжыр балақ,  шұбар төс Ырғызбайым, тоқпақ 

жалды Торайғыр Көтібайым, Әрі де кетпес, бері де кет-

пес Топайым, Сірә да оңбасым Торғайым». 

Өзге  балаларынан  бөлектеп  айтқан  Ырғызбай 

заманының дүйім жұртты аузына қаратқан дуалы ауыз 

шешені, ел билеген көсемі болды. 

2  –  баяндамашы:  Ырғызбайдың  бірнеше  баласы 

болған.  Олар:  Үркер,  Мырзатай,  Жортар,  Өскембай. 

Өскембай Ырғызбайдың өзге балаларының ішіндегі ең 

артығы болады. Кеңгірбай Ырғызбай өлген соң, оның 

орнына  Өскембайды  ұстайды.  Бертін  келе,  өзі  қартая 

бастаған кезінде, орнына Өскембайды би етпек болады. 

Сол күннің жолы бойынша батасын беріп, Өскембайды 

би қояды. 

Өскембай  өзінің  ел  меңгеру  әдісінде,  ең  алды-

мен,  көпті  мезі  қылған  парақорлық  мінезден  бойын 

қашықтау  ұстауға  тырысқан.  Ел  ортасында  сақталып 

қалған сөздің бірінде: «Ісің адал болса, Өскембай бар, 

арам болса, Ералыға бар» деген сөз бар. 

1-баяндамашы:  Өскембай  орта  жасқа  келгенде, 

баласы Құнанбай ержетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 

жылы  туған.  Оның  шешесі  Зере-кісі  ренжітпейтін, 

жұмсақ  мінезді  әйел  болған.  1850  жылы  72  жасында 

Өскембай дүние салады. Зере ерінен кейін көп жасаған. 

Ол бертін келіп, тоқсанға жетіп қайтады. Мұның ақын 

болатын  немересі-  Абайдың  бала,  бозбала    күнінде 

ауылдың барі Зерені «кәрі әже» дейді екен. Кәріліктен 

құлағы  естімейтін  болады.  Балаларына  дұға  оқытып, 

үшкірте  береді.  Сонда  өз  қолындағы  немересі-  Абай 

кәрі  әжесінің  құлағына  өлең  айтып  үшкіреді  екен. 

Құнанбай  жасында  әке-шешесі  мен  өскен  ортасынан 

алған тәрбиеден басқа оқу тәрбиесін көрмеген. Күндегі 

өмірі  елдің  ол  кездегі  дағдысы  бойынша  батырлық, 

жорықшылдық  сияқты  істерге  көбірек  ауған.  Өзімен 

қатарлас жас жігіттердің ішіндегі мықтысы, найзагері 

болып та саналған. Жасынан атағы шыққан Құнанбай 

кесек  мінезді,  бірбеткей  адам  болған.  Қаттылығы 

әншейін  ағайынға  ғана  емес,  әке-шеше,  жанашыр 

жақынға да бір қалыпта болған сияқты.



2-баяндамашы:  Ел  билеп,  іс  басқаруға  келгенде, 

Құнанбай  әкесінен    айлалы  болған.  Мұның  кісілікке 

толық  іліккен  кезінде,  Сібір  даласы  «1822  жылдағы 

Сібір  қазақтарының  арналып  шыққан  устав»  бойын-

ша  округке  бөлініп,  «округтік  приказдар»  билейтін. 

Округтің  бастығы-  аға  сұлтан,  приказдың  қалған  екі 

мүшесінің бірі- үкімет чиновнигі (елдің көбі мұны май-

ыр  дейді),  екінші  мүшесі-сұлтан  атанады.  Осы  кезде 

Құнанбай екі жылдай аға сұлтан болады.

1-баяндамашы:  Абай  Құнанбайдың  41  жасында 

туған. Құнанбай көп әйел алған кісі. Үлкен әйелі- қыздай 

алған  Күңке.  Бұдан  туған  баласы  Құдайберді.  Екінші 

әйелі- Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке 

айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай 

келінін алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді, Ыбы-

рай ( Абай), Ысқақ, Оспан. Үшінші әйелі- Айғыз. Одан 

Халиолла, Ысмағүл деген балалары болған...

«Атадан  алтау,  анадан  төртеу»  дейтін  Абайдың 

өлеңінің  мәнісі  осы.  Құнанбайдың  төртінші  әйелі- 

Нұрғаным. Бұдан бала болмаған.

Бұдан  соң  баяндамашылар  бала  Абайдың  білім 

мектебінен өткен жылдарын санамалап, әрқайсысының 

болашақ  ұлы  ақынға  еткен  әсері  жайында  айта-

ды.  Ақылға  келіп,  ел  билеу  ісінің  жұрт  пайдасына 

шешілетінін сезген Абайдың жан айқайына анықтама 

береді. 

Бастаушы: Ел ішіндегі осындай сұмдық істер жас 

Абайды ерте есейтеді. Жас жігіт бірте-бірте өз ортасы-

на қарсы шыға бастайды. « Абай жолы » эпопеясын-

да  Абайдың  әкеге,  әке  айналасына  алғаш  қарсы  келу 

Кәмшат  оқиғасы  арқылы  беріледі.  Дала  төсіне  маза 

бермей, жер, мал үшін шайқасып жүрген Құнанбай мен 

Бөжейді  татуластыру  мақсатында,  Алшынбай  сияқты 

жуандар мынадай үкім шығарады. Құнанбайдың Айғыз 

атты тоқалынан туған сәби Кәмшатты Бөжейлерге бала 

етіп асырап алуға кеседі. Бірақ Құнанбайға қаны қатып, 

әбден жауыққан Бөжей мен оның үй іші сәбиді күтусіз 

қалпында ит қорлықпен өлтіреді. Міне, осы тұста Абай 

аса  қатты  болмаса  да,  әке  ісіне,  ел  жақсыларының 

шешіміне дау, сын айтады.



 iV көрініс

Айғыз:  Не  көрдің;  не  білдің;  Абайжан?  Білдің  бе; 

әлгі сорға туған бейбақ бауырыңның күйін.



Абай: Көріп, біліп келдік, Кәмшат ауру. Әл үстінде. 

Бізді  танымады.  Бауыры  суып,  аямас  қас  көргендей 

барлық жанды... не айтайын?

Айғыз:  Қарашығым,  балапаным-ай,  сор  маңдай 

жетімегім-ай! Не қарғысқа ұшырап туып ең? 



Құнанбай:  Қысқарт  енді;  басыңа  көрінгір,  не 

көрінді, басыңмен кеткір! 



Ұлжан.  Өртенсең  де,  үндемей  ертен  дегені  ме? 

Кәмшатты  ойласа,  бүгін  емес,  көптен  күңіренеді  бұл 

жандар. Кімге айтады! Кайда айтады!

Құнанбай:  Жә,  бірің  бастап,  бірің  қостамай! 

Басалқы басу айтады десе, о несі?



Зере: Қорқытпа келіндерімді!.. О несі! Айында, ап-

тасында бір көреді. Арызмұңын саған айтпай, кімге ай-

тады! Қатты болсаң, қасыңа бол! Досыңа, қатың-балаға 

қатты боп, қайда барасың өзің? “ Жер тәңірісі сенсің” 

деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен 

мойныңа  қарызы  мол  әкесің,  білдің  бе?  Айтам  ғой,  “ 

жер тәңірісі сенсің” десен де, аяғын аспаннан салбырап 


45

түскен жоқ. Сен де пенденің ұлысың, анадан туғансын. 

Менімен сені тапқан. Мынау аналар аналық зарын ай-

тады.  Кәмшат  турасында  күйзелтіп,  күңірентіп  отыр-

сындар  сендер  бізді.  Тап  енді,  емін  тап  ақырғанша! 

Құтқар ана қаршадай жетімегімді! 



Құнанбай:  Қайтемін?..  Мен  қайтейін?..  Кеше  иісі 

Арғынның  игі  жақсысы  бұйырды!  (  “  Абай  жолы”,  “ 

Шытырманда” , бөлімі, 130-131-беттер.)

  Бастаушы:  Бірте-бірте  Абай  өзі  қалаған  жол 

халыққа бастайтын жол екеніне әкесіне тура айтады.



V көрініс

Құнанбай: -Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. 

Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соңы тыңда!



абай: - Айтыңыз, әке!

Құнанбай:Ең әуелі, арзан мен кымбаттың парқын 

айырмайсың.  Өзіңдегі  барыңды  арзан  ұстайсың. 

Бұлдай  білмейсің.  Көп  күлкіге,  болымсыз  ермекке 

асылыңды шашасың. Досқа досша, қасқа қасша қырың 

жоқ. Ішіңде жатқан сыр ұшығы жоқ. Жұрт бастайтын 

адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірілмейді. Үшінші, 

орысшылсың.  Солай  қарай  ден  қойып  барасың.  Дін, 

мұсылман жат сынайтынын ескермейсін!



абай: -Осы үш айтқаныңыздың үшеуіні де дау ай-

там, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі жайдақ суға 

теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана 

пайдасы  тиетін  шыңыраудағы  су  болғанша,  құралды, 

құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су 

болғанды  артық  санаймын.  Екінші,  ел  алатын  тәсілді 

айтыңыз.  Ел  билейтіндердің  мінезін  айтыңыз.  Менің 

білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора 

қойды жалғыз қойшы “ айт” десе өргізіп “шайт” десе 

жусататын болған. Бертін келе; ел тұйе сияқты болды. 

Алдына тас лақтырып “шөк ”десең, аңырып барып қана 

бұырылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, на-

шар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі 

ел  жылқы  сияқты  болды.  Аяз  бен  боранда,  жауын-

шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын 

аямаған, көр төсеніп, мұз жастаған, етегін төсек, жеңін 

жастық қылған бақташы ғана  баға алады... Жан ашыры 

бар, жақсылық пайдасы бар кісі ғана бағады. Үшінші, 

орысты айтасыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің 

ең асылы-білім- өнер. Сол өнер – орыста. Мен барлық 

тірліктен  ала  алмаған  асылды  содан  алатын  болсам, 

ондау жер жатым бола ма?... Жатырқап, қашықтауым 

надандық болса болар, бірақ қасиет болмас. 

2-баяндамашы:  -  Әкеден,  әке  айналасынан  осы-

лай айырыла бастаған жас бірте-бірте тек әке мен бала 

арасындағы  қарама-қайшылық  емес,  ескі  мен  жаңа, 

көктеп келе жатқан қауым арасындағы тартысқа айна-

лады. “ Абай жолы ” эпопеясының “ Оқапта”

Бөлімінде  өз  немересі  Әмірдің  ақ  махаббаты, 

Үмітей қызға деген таза сезімі үшін, ата жолын бұздың 

деп өлтіргелі жатқан Құнанбайдан жұлып алған Абай: 

“ Заман менікі! Неге өлмейсің, тынышыңмен, сен! ” – 

деп үкім айтады. 



Бастаушы:  Абай  халықты  надандықтан  алып 

шығудын  бірден-бір  жолы  оқу,  өнер  деп  білді.  Оның 

осы  тақырыпқа  жазған  бірнеше  өлеңдері  ақынның 

ағартушылық,  адамгершілік  көзқарасын  ерекше 

танытқандай.

 Енді ақынның өнер, білім туралы өлеңдері жайын-

да пікір қозғайық.Залдан Абай өлеңдері оқылады. 

1-оқушы: “ Жасымда ғылым бар деп ескермедім”.



2-оқушы:  “  Ғылым  таппай  мақтанба”.  Пікірлесу 

залда, көрермендер ортасында қойылған ащық микро-

фонда өтеді.

пікірлесу сұрақтары:

1.Қалай  ойлайсыздар,  Абайдың  осы  өлеңдерінің 

бүгінгі таңда маңызы бар ма? Бұл өлеңдер өміршең бе?

2.Осы  өлеңдегі  ақының  идеялық  мұраты, 

эстетикалық табысы неде?

3.Өлеңдер өздеріңне несімен ұнаіды?

 баяндамашы: Жасы отыздан асқан соң, бұрынғы 

азды-көпті білімін есіне түсіріп, орыс кітабын мықтап 

оқиды.  Едәуір  тіл  біліп  алған  соң,  енді  көп  нәрлі 

кітаптар оқуға кіріседі.

Әдейі  кітапхананың  кітаптары  үшін  Семей 

қаласында қысқы айларда ұзақ уақыт тұрып, өз-өзінен 

ізденіп,  қарманы  бастайды.  Осымен  30-36  жастардың 

шамасында кітап қарастырудың жолында жүріп, Абай 

1870  жылдары  Санкт-Петербургтен  айдалып  келген 

революционер жас Михаэлис деген кісімен таныс бо-

лады.  Михаэлис  Санкт-Петербург  университетінің 

студенті  болып  жүрген  күнінде  патшаға  қарсы  саяса-

ты үшін тұтқынға алынған. Атақты Чернышевскийдің 

жақын танысының бірі.

Михаэлис осы келгеннен Семей облысынан қайта ал-

май, қырық жыл тұрып, сол жақта қайтыс болған. Әуелгі 

кезде Семейдің өзінде тұрып, артынан Өскемен қаласын 

мекен  еткен.  Міне,  осы  уақыттардың  аралығында  ол 

алғашқы рет таныс тауып алған Абаймен ұдайы кездесіп 

немесе хатпен хабарласып тұрған. Аздан соң Михаэлис 

арқылы Абай 1880 жылдарда айдалған басқа демократ-

тармен де танысқан. Соның ішінде жас доктор Долгопо-

лов, Леонтьев сиятылар болған.   

Ал,  кейін  орыс  тілін  еркін  біліп,  орыстың  ұлы 

мәдениетін  мол,  терең  тани  бастаған  кездегі  Абай 

озғын  ойды  бұлардан  үйренбейді.  Пушкиннің  өзінен, 

Белинский,  Герцен,  Чернышевский,  Салтыков-Ще-

дрин,  Некрасовтардың  өз  мұраларынан  өздігімен  кең, 

терең тәлім-тәрбие алады. Жаңагы аталған Михаэлисти 

Абай  өз  өмірінің  кейінгі  шағында  еске  алып:Жаңағы 

аталған Михаэлисти Абай өз өмірінің кейінгі шағында 

еске алып: “ Дүниеге көзімді ашқан кісі – Михаэлис” 

деген. Михаэлистің ұсынысы бойынша үлкен тәртіпті 

ретке қойып, көркем әдебиет, сын, философия, табиғат 

ғылымдары, әр алуан тарихтық кітаптарға шейін тарау-

тарауымен жоспармен оқитын болған. 



Бастаушы:  Абайды  азамат  ақын  дейміз.  |Қазақ 

әдебиетіндегі  “  гражданственность”,  яғни  азаматтың 

әлемі  де  Абайдан  басталғандай.  Туған  елінің  ащысы 

мен  тұщысы  Абайды  күрескер  ақын  етіп  шығарды. 

Әрине,  ол  қолына  қару  алмады,  бірақ  Өткір  сатира, 

ащы  шындыққа  толы  өлеңдері  елдегі  “сабырсыз  ”, 

“арсыздарға” түйрелді.Ең бастысы, Абай осы өлеңдерде 

халықтың  атынан  сөйлейді.  Ел  ішіндегі  жайға  жүрегі 

ауырған, жаны қиналған, көзіне қайғы жасы үйірілген 

Абайды көреміз.

Залдан Абай өлеңдері оқылады. Пікірлесу залдағы 

микрофон айналасында өтеді. 

      1-оқушы: « Қалың елім, қазағым». 


Каталог: data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
data -> Байдалиев Д. Д
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Сборник материалов Международной научно-практической конференции
data -> Бағдарламасы бойынша ескертпе (сайтқа орналастыру үшін)
data -> Литература Межрегиональной олимпиады школьников «Высшая проба» по праву для учащихся 10 классов
data -> Урок русского языка в 11-м классе по теме: "Сложные предложения с различными видами связи"


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет