Рылыс академиясы


Престелген сҥрек массасы (МДП)



Pdf көрінісі
бет136/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   149
Престелген сҥрек массасы (МДП). Бұл сүрек түйіршіктері мен 
синтетикалық шайырды біріктіріп ӛңдеу нәтижесінде алынған қоспалар
дәлірек айтқанда, дайын композициялар. МДП машина бӛлшектері, құрылыс 
бұйымдары мен халықтық тұтыну тауарларын ыстық пресстеу әдісімен жасау 
үшін тағайындалған. Мұндай әдіспен тӛлкелер, блоктар, шкивтер, терезе 
астындағы тақтайлар және т.б. дайындалады.
МемСТ 11368-79 сәйкес сүректік пресстелген массалар үш типке 
жіктеледі: МДПК – шпон түйіршіктерінен (ұнтағынан); МДПС – жоңқадан; 
МДПО – ағаш ұнтағынан. Стандартта әрбір марка қоспасының негізгі 
компоненттері берілген, оларға қойлатын техникалық талаптар мен сынау 
әдістері кӛрсетілген. Масса сапасын соңғы тексеруден ӛткізу үшін стандартта 
кӛрсетілген режимдер бойынша одан үлгілер дайындайды (пресстеу арқылы). 
Осы үлгілер бойынша бірқатар физика-механикалық қасиеттерді анықтайды: 
тығыздық, беріктік, қаттылық, ылғал жұту қабілетін, жылу ӛткізгіштік, май, 
бензин және қышқыл жұту қабілетін және т.б. Масса жәшіктермен немесе 
қаптармен тасымалданып, килограммен ӛлшенеді. 
Сҥректік желімдеген композициялар. Бұл қоспалар ұнтақталған 
сүректен және біріктіруші желімнен тұрады, қалып ыдыс жасау үшін 
тағайындалған. Қоспаны дайындау үшін ұзындығы 10-нан 20мм-де дейін, ені 1-
ден 3,5мм-ге дейін және қалыңдығы 0,1-ден 0,4мм-ге дейін болатын қылқан 
жапырақты және жұмсақ жайпақ жапырақты тұқымдастарының ағаш сүрек-
терінен жасалған жоңқа, сонымен қатар, карбамидоформальдегид негізіндегі 
байланыстырушы шайыр пайдаланылады. Гидрофобды қоспа ретінде 
парафинді қолданады. Қалыптасқан үлгілер бойынша тығыздық, қаттылық, 
соққы тұтқырлығы және ісіну анықталады. Қоспаны қапшықтарда тасымал-
дайды, килограммен ӛлшейді. 
Арболит. Бұл жеңіл бетондар қатарына жатқызылатын құрылыс 
материалы. Арболит қоспасының құрамына органикалық тығыздауыш, цемент 
біріктіргіш, химиялық қоспалар және су кіреді. Органикалық тығыздағыш 
ретінде ағаш дайындамаларының, ағаш кесу және ӛңдеу ӛндірісінің 
ұнтақталған қалдықтары пайдаланылады. Қарағай, шырша, шаған, қайың, 
шамшат, майқарағай, сүмбіл теректен алынатын бұтақтар, бұтанақтар, ұштар, 
кесінділер, тақтайлар алдымен жаңқаға ӛңделеді, одан кейін жаңқаны балғалы 


222 
диірменде уатылған отынға айналдырады. Бӛлшектердің ұзындығы 40 мм-ден, 
қалыңдығы 5 мм-ден, ені 10 мм-ден артық емес. Шикізат құрамында қабық
қылқан жапырақтар, жалпақ жапырақтар үлесі 5% артық болмауы тиіс. 
Сүректік тығыздағыш орнына ұнтақталған мақта сабағын, күріш сабанын, 
зығыр және кендір діңшесін пайдалануға болады.
Байланыстырғыш ретінде портландцемент қолданылады. Байланысу 
үрдісін және цементтің қатуын баяулататын, сонымен қатар, материалдың 
беріктігін тӛмендететін суда ерігіш заттектердің әсерін тоқтату үшін арболиттік 
массаға минирацлизаторларды енгізеді: хлорлы кальций, сұйық шыны және 
әкпен қосылған күкіртқышқылды глинозем. Сонымен қатар, басқа да химиялық 
қоспалар қосылады. Арболиттен құрылыс конструкцияларының элементтері, 
панель қабырқалары, блоктар және т.б. алынады. 
Арболит бұйымдары жылу оқшауланған және конструкторлық-жылу 
оқшауланған болып бӛлінеді, олар металл арматурамен жасаулы мүмкін. 
МемСТ 19222-84 сәйкес жылу оқшауланған арболит 400-ден 500кг/м
3
-ке, ал 
конструкторлық-жылу оқшауланған арболит 500-ден 800 кг/м
3
-ке дейін жететін 
тығыздыққа ие. Беріктігі бойынша жылу оқшауланған арболит келесі 
сыныптарға жіктеледі: В 0,35; В 0,75; В 1 (қысылуға беріктік шегі 0,5-тен 
1,5МПа-ға дейін), ал конструкторлық-жылу оқшауланған арболит: В1,5; В 2; В 
2,5; В 3,5 (қысылуға беріктік шегі 2,5-тен 5МПа-ға дейін). Жылу оқшауланған 
арболиттің жылуӛткізгіш коэффициенті 0,08...0,095, ал конструкторлықта 
0,105...0,17Вт/м
0
С. 
Арболит био, аязға және ӛртке тұрақты, жақсы дыбыс және жылуоқшаулау 
қасиеттеріне ие, шегелерді ұстап тұрады. Әсіресе арболитті ауылдық жерлерде 
аз қабатты ғимараттардың құрылысында пайдалану тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет