«риторика»


[gl] 6- апта.  Ақын-жыраулар шешендігі



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата31.03.2017
өлшемі0,78 Mb.
#10655
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

[gl] 6-


апта. 

Ақын-жыраулар шешендігі.  

Дәріс жоспары: 

1.

 



Жыраулар толғауларындағы шешендік. 

2.

 



Ақындар шығармашылығындағы шешендік. 

3.

 



Айтыс өнеріндегі шешендік үлгілері. 

Дәріс мақсаты: Қоғамдық-әлеуметтік мүддені көздеген шешендік мұраттардың қатарына 

жыраулар  толғауының  да  кіретіндігі  туралы  айту,  жыраулар  шығармалары  мен  билер 

сөзінің  мазмұндық-идеялық  тегі,  көркемдік-поэтикалык  әдіс-тәсілдерінің  біртектілігін 

түсіндіру.  



Дәріс  мазмұны:  Үлкен  қоғамдық-әлеуметтік  мүддені  көздеген  шешендік  мұраттардың 

қатарына  жыраулар  толғауын  жатқызамыз.  Жыраулар  толғауларында  адамдық, 

адамгершілік, отаншылдық, бірлік сияқты мәселелер сөз болады. Мұндай ақыл-кеңес жеке 

адамдарға  емес,  көпшілікке  қарата  айтылады.  Жыраулар  шығармашылығының  басты 

саласы - толғаулар. Толғаудың шешендікке жақындығы - үгіт-насихат, яғни дидактикалық 

сарында болып келетіндігі. Қазақ жыраулары елдік мәні үлкен, келелі мәселелер тұсында 

халық  пен  ханға  бірдей  ақылшы,  кемеңгер  ойшыл  ретінде  көрінеді.  Жыраулар 

шығармалары  мен  билер  сөзінің  мазмұндық-идеялық  тегі,  көркемдік-поэтикалык  әдіс-

тәсілдерінің біртектілігі орта ғасыр ойшылдарымен сабақтасып жатады. 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


Ел аузында жүрген жыраулардың көшбасшысы - Сыпыра жырау. Оны кейінгі ғасырларда 

өмір  сүрген  ақын-жыраулар  өздеріне  ұстаз  санаған.  «Ер  Тарғын»,  «Едіге»,  «Қырымның 

қырық  батыры»  жырларында  Сыпыра  жырау  есімі  аталады.  Сыпыра  Тоқтамыс  хан 

тұсында  ХІV  ғасырда  жасаған,  Маңғыстау  мен  Жайық  бойын,  Сарайшық  қаласын 

мекендеген дейді зерттеушілер. Эпостық жырларда Сыпыра атынан айтылатын толғаулар 

бар. 


          

Ақын-жыраулар  шешендігі  туралы  айтқанда,  сондай-ақ,  Бұқар  жырау,  Қазтуған, 

Махамбет, т.б. туралы көп айтуға болады. Бұлардың қай-қайсысында да қазақ халкының 

болашағы, жайлы коныс, жақсы өмір, адамгершілік мәселелері көтерілді. 

         

Қазақ  шешендік  өнерінің  тарихында  Абайдың  орны  ерекше.  Абайдың  ерекшелігі  - 

айтайын  деген  ойына  қатысы,  байланысы  жоқ  немесе  буын  санын  толтыру  үшін 

қолданылатын артық сөздің Абай өлеңдерінде кездеспейтіндігі. Абайша жалпы азаматтық 

мәселелерді сөз ету, пікірін мазмұн мен сезімге құру, мазмұн анықтығы мен сөз дәлдігін 

сақтау  -  шешендікке  қойылатын  басты  шарттар.  Абай  сондай-ақ,  халықтық  мақал-

мәтелдердің  негізін  қалдырып,  жаңа  мазмұн  үстеп,  өзінше  құрып  шешендік  афоризмге 

айналдырды.  Абай  өзінің  данышпандық  ойларын  екі  формада  -  өлең  түрінде  және  қара 

сөзбен  жазды.  Абай  афоризмдері  -  адамды  жақсы  қасиеттерге  үндеген  ағартушылық 

идеялардың  жемісі.  М.Әуезов  Абай  нақылдарын  шешен,  шебер,  тапқыр  етіп  түйген 

сөйлемдер деп атап көрсетті. 

          

Қазақ  шешендік өнерінің  дамуына  айтыс  ақындарының  да  қосқан  ролі зор.  Айтыс 

ақындарының  тілі  төгіле  жөнелетін  шалқыма  шешендікке  негізделеді.  Айтыста  ақындар 

ортақ  кемшіліктерді  ашып,  қарсы  жақтың  қытығына  тиіп,  жігерін  жаниды;  ортақ 

жақсылықтарды  айтып,  көңілін  көтеріп,  қайратын  тасытады.  Пікірталас  мәдениетін 

сақтаған айтыс ақындары жеке бастың кемшілігіне тиіспей, мінін іздеп мұкатпай, жалпы 

халықтық мүддені алға тартады. Шешенге қойылатын талаптардың ең ауыры да - осы. 



 

[gl] 7-


апта. 

Қазіргі шешендік, оның түрлері. 

Дәріс жоспары:  

1.

 



Қазіргі шешендіктуралы. 

2.

 



Қазіргі шешендіктің топтастырылуы. 

Дәріс мақсаты: Шешендіктің қазіргі кезде дамуы, оның тақырыптық-мазмұндық жағынан 

топтастырылуы  туралы  айту,  қазіргі  шешендік  өкілдерін  анықтау,  олардың  сөзіне  баға 

беру. 

Дәріс  мазмұны:  Шешендік  тек  тарихи  құбылыс  қана  емес,  қоғамдык  та  құбылыс 

болғандықтан,  кай  кезде  де  ол  қоғамға  қызмет  етеді.  Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан  бастап 

шешендік  өнердің  қажеттілігі  артып  келеді.  Демократизм  қоғам  өмірінің  барлық 

саласында  пікір  еркіндігін  қамтамасыз  етті,  әр  түрлі  саяси  көзқарастағы  топтар 

қалыптасты, түрлі тақырыптарда көсіліп сөйлеуге мүмкіндік туды, қазақ тілінің мемлекет 

тілі  ретіндегі  ролі  күшейіп,  сот  істері,  іс  қағаздары  қазақ  тілінде  жүргізіле  бастады. 

Мұның  бірі  қазақ  тілінде  шешен  сөйлеудің  талабын  күшейте  түсері  сөзсіз.  Г.З.Апресян 

қазіргі шешендікті былайша топтайды: 

Әлеуметтік-саяси мәндегі шешендік, 

Академиялық шешендік, 

Соттағы шешендік, 

Әлеуметтік тұрмыстағы шешендік, 

Діни қызметтегі шешендік. 

Ғалымның  бұл  пікірі  бұдан  40  жылдай  бұрын  айтқан  А.Байтұрсыновтың  пікіріне 

мазмұндық-такырыптық жағынан сәйкес келеді. 

1)  Әлеуметтік-саяси  мәндегі  шешендік  сөздерге  әлеуметтік,  саяси,  экономикалық 

тақырыптардағы  баяндамалар,  саяси  сөздер  мен  шолулар,  дипломаттық  сөздер,  әскери-

патриоттық сөздер, митинг сөздері, үгіт-насихат сөздері жатады. Мұндай сөздер қоғамның 

экономикасын,  әлеуметтік-саяси  өмірін,  мәдениетін,  оқу-ағарту  ісін,  халық  тұрмысын 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


тілге  тиек  етеді.  Бұл  мазмұндағы  қазіргі  шешендіктің  көшбасшысы  ретінде  халық 

жазушысы  Ә.  Кекілбаевты  айтамыз.  Ол  қайда  сөйлесе  де,  нені  жазса  да  халықтық 

мәселелерді асқан білгірлікпен талдап, ақыл-кеңестерін шебер жеткізеді. Оның ұлылығы 

сонда, ол үшін халық мүддесінен асқан мүдде жоқ. 

Саяси  шешендер  қатарында  еліміздің  тұңғыш  президенті,  шебер  дипломат,  жан-

жақты  білім  иесі,  Елбасы  Н.Назарбаевты  айтуға  болады.  Сондай-ақ,  саяси  тақырыпта 

толғап жүрген Ш.Мұртаза, Ә.Нұршайықов, Қ.Олжай, Қ.Салғарин т.б. шешендерді айтуға 

болады. 


Әлеуметтік  тұрмыстағы  шешендікке  мерейтойларда  айтылатын  мадақ  сөздер,  қабір 

басында айтылатын аза сөздер, дастархан басында айтылатын тостарды жатқызамыз. 

Академиялық  шешендік  немесе  білім-ғылым  мазмұнды  шешендікке  жоғары  оқу 

орындарындағы  лекциялар,  ғылыми  баяндамалар  мен  шолулар,  ғылыми  хабарламалар 

жатады.  Ғылымға  қатысты  болғандықтан,  мұндай  сөздерде  ғылыми  терминдер,  ғылыми 

қисын,  дәлелдер  молынан  орын  алады.  Ғылыми  түсінік  шебер  сөз  қолданыстарымен, 

біршама көркемдік тәсілдермен, жұртшылыққа ұғынықты жеңіл, айқын тілмен де беріледі. 

Мұнда да тыңдаушы көңіл-күйіне әсер етіп, жағымды ой туғызу мақсат етіледі. Мұндай 

шешендікке М.Әуезовтің, З.Қабдоловтың, М.Қозыбаевтың, Р.Сыздықованың т.б. сөздерін 

жатқызуға болады.   

         

Діни  мазмұндағы  шешендікке  Құран  сүрелері,  діни  уағыздар,  діни  мейрамдарда, 

құтпада халыққа  карата  айтылатын  сөздер  жатады  (А.Яссауи,  Ә.Дербісәлі,  т.б.  дін 

өкілдерінің сөздері).  Діни     ояту,  түсіндіру, иландыру,  өсиеттеу,  уағыздау  мақсатын 

көздейтіндіктен, діни сөздердің шешендікке құрылуы заңды. 

           

Сот ісіндегі шешендікке айыптаушының айыптау сөзі, әлеуметтік айыптау сөздер, 

қорғаушының сөзі, әлеуметтік-қорғану сөзі, айыпкердің қорғану сөзі жатады. Айыптаушы, 

қорғаушы,  бітім  шығарушы  –  бәрі  де  адам  тағдырына  араласатындықтан,  тыңдаушы 

қауымға сөзбен әсер етуді мақсат етеді. Сотта қолданылатын шешендік монолог түрінде 

де,  диалог  түрінде  де  айтылады.  Сотта  қаралатын  істердің  қай-қайсысы  да  шешендіктің 

тақырыбы бола алады. 



 

[gl] 8-


апта. 

Шешен  сөйлеудің  мәдениеті.  (Шешендіктанудың  теориялық 

мәселелері.) 

Дәріс жоспары:      

1.

 



Шешен сөйлеудің логикасы. 

2.

 



Шешен сөйлеу мәдениеті. 

3.

 



Шешен мен аудиторияның арақатынасы. 

Дәріс мақсаты: Шешен сөйлеудің логикасы мен мәдениеті туралы айту, шешен мен 

аудиторияның арақатынасына байланысты жайларды түсіндіру, шешен сөйлеу 

техникасын үйрету. 

Дәріс мазмұны: Шешендіктану – тілдік қатынастың қилы аспектілерін қамтитын кешенді 

пән.  Шешендік  өнерді  игеру  барысында  шешен  сөйлеудің  логикалық  аспектілері  өз 

алдына бір бөлек мәселе. Шешен сөйлеу білудің логикалық аспектілерін психологиялық 

аспектілерден  бөле-жара  қарау  адам  псикасының  рациональды,  эмоциональды 

арналарының бір-біріне қатыссыздығын білдірмейді. Жалпы шаршы топ алдында ауызша 

сөйлеу  өзіндік  эмоциональдығымен,  көркемділігімен  қызықтырары  даусыз.  Солай  десек 

те,  сөзді  логикалық  тұрғыда  ұйымдастыруға  арқа  сүйенілмесе,  ойлаған  мақсатқа  сай 

келмесі  де ақиқат.Сөйленген  сөзде  логиканың  болмауын  психологиялық  амалдармен  де, 

тілдің бейнелігімен де,дауыс мәнерлігімен де алмастыру мүмкін емес.  

 

Шешен әзірлік мезетінен бастап төмендегі сауалдарға ойлануы тиіс: 1) өз ойын түсінікті 



етіп  қалай  жүйелеу  керектігі;  2)  сөз  материалдарын  қандай  үлгіде  орналастыруға 

болатындығы; 3) деректер мен айғақтарды қалай қолдану қажеттілігі. 

          

Классикалық  риторикаларда  бұл  «ойлап  табу»,  «орналастыру»  кезеңдеріне  сәйкес 

келеді.  Ал  қазір  бұл  орайда  көбіне-көп  «сөйлеуді  логикалық  тұрғыдан  ұйымдастыру» 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


термині қолданылады. Демек, сөз сөйлеудің сәтті болуы осы арадан басталмақ. Ендеше, 

шешеннің  логикалық  мәдениетінің  маңызы  ерекше.  Бұл  ұғым  арқылы  сөйлеу  сәтінде 

шешен  ойланысының  алуан  сапалық  белгілері  танылады.  Олардың  қатарына:  1)  басты 

идеяның мазмұнын түсінікті, екі ойлылықтан аулақ қалыпта анық ұсынуын; 2) талдауда 

қарама-қайшылықтың болмауын; 3) бір ойдан екінші ойға ауысуда бірізділіктің болуын; 4) 

айғақтарға сүйене дәлелді баяндауын қосамыз. 

         

Келесі мәселе – сөз сөйлеудегі шешен іс-әрекетінің түрлі кезеңдеріне сәйкесті логика 

ілімінің қояр талаптары. Шешен сөйлер сөзінің нысанын, негізгі мәселесін анықтағаннан 

кейін, оның түсініктілігі, мәнерлілігі, қысқалығы сияқты талаптар ескеріледі. 

      

Сөз  сөйлеудің  бірізділігін  және  қарама-қайшылықсыз  болуын  қаматмасыз  ету  үшін 



міндетті  түрде  сөйленер  сөздің  жоспарын  мұқият  ойлану  керек,  оның  композициясын 

қадағалай шегелеу артық емес. Жоспар – сөз сөйлеудің ішкі құрылымы. Бұлар - күнілгері 

ойластырылған  тақырыптың  дамуы,  бір  мәселеден  екінші  мәселеге  ауысу  логикасы, 

сөйленер  сөздің  мазмұнды  схемасы.Жоспар  жай  және  күрделі  түрде  болуы  мүмкін. 

Жоспардың  күрделісі  шешен  үшін  барынша  ыңғайлы,  негізгі  тараулардың  тереңірек 

ашылуына  септесетін  бұтарланған  тармақты  үлгіде  болып  келеді.  Ең  басты  талап  – 

негізінде ұғымның бөлшектену операциясы жататын жоспардың логикалылығы. 

 

Сөзге  әзірлік  барысында  жоспар  бірнеше  қайтара  екшеледі,  нақтыланады.  Содан 



кейін  ғана  шаршы  топ  алдында  сөйленетін  сөздің  ақырғы  тезис-жоспары,  жоспар-

конспектісі не сценарий-жоспар бекітіледі. 

 

Сөйлеу  мәдениеті  мәселесінде  ауызша  сөйлеу  стилі,  сөз  сөйлеу  тілінің  негізгі 



талаптарын  сақтау  және  сөйленер  сөздің  мәнерлілігін  арттырар  құралдарды  қолдану 

сияқты үш аспектіні бөле-жара атауымыз қажет. М. Балақаев: «Халықтың тіл қазынасын 

меңгеру,  тілді  өткір  құрал  ретінде  ұстарта  білу  –  үлкен  өнер.  Әрбір  мәдениетті  кісі  сол 

өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талпынады», - деп жазады. 

 

Тіл  –  мәдениеттің  елеулі  формасы.  Ғалымдардың  пікірінше,  тіл  мәдениеті  деген 



ұғым  тілдің  мәдениетке  қатысты  екенін  аңғартпайды,  тілдік  тәсілдердің  кемелдену, 

ширау,  жүйелену  дәрежесінің  қандай  екенін  меңзейді.  Сол  себептен  де  сөйлеудегі, 

жазудағы  тіл  жұмсаудың  өнегелі  үлгілері,  сауаттылық,  айқын  ойлылық,  ізеттік  тіл 

мәдениетіне енеді.  Қазақ  халқы  ежелден  шешендікке  әуес,  тіл  өнеріне  жетік  ел. 

Халқымыз  сөз  өнеріне  ерекше  ұқыпты  қарап,  оның  өте  орамды  сөйлем  құрылыстарын, 

нақыл  сөздерін,  мақал-мәтелдерін,  сөз  байлықтарын  сөйлеу  тілінде,  фольклорда  көп 

сақтаған. Халықтың тіл өнерін өзге өнерден кем санамайтынына «Өнер алды – қызыл тіл», 

«Айтылған  сөз  атылған  оқпен  тең»,  «Сөз  сүйектен,  таяқ  еттен  өтеді»,  «Сөйлей  білмес 

жамандар,  сөзді  өзіне  келтірер»,  «Сөзі  мірдің  оғындай»,  «Қаһарлы  сөз  –  қамал  бұзар», 

«Тіл  тас  жарады,  тас  жармаса  бас  жарады»,  «Тіл  қылыштан  өткір»  сияқты  т.  б.  мақал-

мәтелдер  дәлел.  Ендеше,  халықтың  тіл  өнерінің  алуан  әсем  кестелерін,  орасан  мол  тіл 

байлықтарын терең игеру, мұрагер болу – ана тілін ардақтайтын азаматтың парызы. 

 

Қазақтың «сөйлей-сөйлей шешен боларсың» дегенін сөзшеңдіктен шешендікке бір-



ақ секіруге болар деп түсінбеу жөн. Егер көп сөлеген кісі шешен бола берсе, аузымен орақ 

оратындар бұл жағынан алданы жан салмаған болар еді. 

 

М.  Балақаев:  «Шешендік  –  дарындылық.  Ол  –  тілі  ғана  емес,  ойы  да  жүйрік 



кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға тән қасиет. Ондай қабілеті бар адам, басқа өнерді 

үйреніп білетіндей, тіл өнерін де оқып, үйреніп, ізденіп жүріп игереді», - дейді. 

 

Сондай-ақ,  ғалым  шешендік  өнерді,  бұрынғыларша,  схоластикалық  ережелерге 



бағындырып үйретуге болмайтынын, тіл өнеріне, сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар 

шешендік өнеріне де қойылатыны, шешендік тіл өнері мен сөйеу мәдениетінің ең жоғарғы 

сатысы екендігін айтады. Демек, шешендік өнер – тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің 

шыңы.  


 

Шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда тіл тазалығына ерекше назар аударған 

жөн.  Таза  сөйлеу  –  ой  айқындығының  белгісі.  Орынды  айтылған  халық  мақалдарының 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


бірі «Адам аласынан сөз аласы жаман. От шаласынан сөз шаласы жаман» болып келеді. 

Аңғартар астары – алуан. Түйіндер түбірі – тұңғиық. 

 

Сөйлеу  мәдениеті  деңгейін  көтеру  үшін  аса  қажетті  дағдылар  жиынтығының  бір 



бөлігі мыналар: 

әдеби тіл стильдерін таразылай отырып, өз беттік оқу шеңберін ұлғайту; 



атақты актерлер ме дүлдүл шешендерді жиі әрі мұқият тыңдау, еліктеу; 

өзіңді  үнемі  бақылауда  ұстау,  күнделікті  сөйлеу  стилі  мен  тіліңдегі  мүкістіктермен 



күресу; 

шаршы топ алдына шығып сөз сөйлеуге көбірек машықтану, ол үшін сөз сөйлеу мәтінін 



күні бұрын жазып әзірлеу, мұқият редакциялау қажет; 

сөйлеу  мәдениеті  мәселесіне  байланысты  арнайы  әдебиеттерді  оқу,  үнемі  қазақ  тілі 



сөздіктерімен санасып отыру т. б. 

 

Жинақтай  айтсақ,  шешеннің  сөйлеу  мәдениетінде  грамматикалық  құрылыстың 



орнықты  қалпын  сақтап  жазу  да,  мағыналық,  эмоциялық  қызметін  құбылтып,  өзгертіп 

айту да шешендіктану талаптарына сай келеді.   

        

3. Шаршы топ алдында сөйлеудің қай-қайсы да – шешеннің тыңдаушы психикасына 

сөз арқылы мақсатты әсер етуі. Осы орайда пайда болатын және олардың шешімін табуда 

психология  ілімі  септесетін  мәселелер  шеңбері  мыналар:  тыңдаушылардың  назарын 

аудара білу және оны ұйымдастыру; шешен мен аудиторияның аралық байланысы қалай 

қалыптастырылады;  ақпаратты  екшеу,  меңгеру  және  ұсыну  үдерісі  қалай  бағытталады; 

бұл  үдерісті  басқаруға  бола  ма;  әтүрлі  аудиторияның  әлеуметтік-психологиялық 

ерекшеліктері неден құралады және оларды қалай сауатты ескеруге болады т. б. 

         

Шешеннің  басты  мақсаты  –  мағыналы  ақпарат  ұсыну  және  тыңдаушыларды 

сендіретіндей әсер ету. Атақты Аристотель сөйленер сөздің үш элементтен құралатынын, 

оған  шешеннің  өзі,  ол  тілге  тиек  етер  негізгі  нысан  және  тыңдаушы  аудитория  енетінін 

айта  келе,  соңғысына  барлық  іс-әрекеттің  ақырғы  нәтижесі  ретінде  баса  мән беруі  тегін 

емес. 


 

Аудитория  –  шаршы  топ  алдында  сөйленер  сөзді  тыңдауға  жиналған,  өз 

назарларын  шешенге,  оның  сөзіне  бағыттаған  белгілі  мөлшердегі  адамдар  тобы.  Бұл 

адамдарды  тілдік  қарым-қатынас,  жалпы  тыңдау  үстіндегі  ісөәрекет,  әсер  етудің  ортақ 

субъектісі  /шешен/  сияқты  ортақ  жағдайлар  біріктіреді.  Шешен  мақсаты  –  аудиторияны 

сөйленер сөз тақырыбымен, мазмұнымен ынтықтыру, шаршы топ назарын аудару, баурап 

алу.  Демек,  ұсынылып  отырған  материалды  тыңдаушылардың  түсіну  деңгейі,  сондай-ақ 

алғашқыда  үстірт  қарап  отырған  немесе  келісімпаздық  қалпында  болып,  сөз  соңында 

тыңдаушының  конструктивті  топқа  ауыса  білуі  басым  дәрежеде  шешен  шеберлігіне 

байланысты.  Ал  бұндай  дәрежеге  жету  үшін  шешен  сөз  сөйлеу  үрдісінде 

тыңдаушылармен  арада  қандай  кедергі  тұрарын,  соқпай  кетуге  болмайтын  қандай 

ақпараттарды  жоғалтқанымен  санасуға  тура  келетіндігін  алдын-ала  жете  түсіне,  аңғара 

білуі  қажет.  Бұл  арада  И.  В.  Гете  сөзімен  айтсақ,  «әркім  өзі  түсінетін  нәрселерін  ғана 

еститіндігін» есте ұстау артық емес. Сол себептен де сөздің барынша түсініктілігі жөнінде 

қам жеу керек. 

 

Шешеннің  этикалық  мәдениеті  психологиялық  мәдениетімен,  қарым-қатынасты 



сәтімен  жүзеге  асыру  тактісімен,  білік-дағдысымен  тығыз  байланысты.  Этикалық  норма 

шешеннің  барлық  іс-әрекетін  сөз  сөйлеуге  даярлықтың  алғашқы  мезетінен  бастап, 

сөйленген сөзге өз бетімен жасаған сыни талдауға шейін қамтиды.  

 

Шешен этикасы  адамгершілік нормаларының, бағдарлау құндылықтарының, оның 



өз  міндеттеріне,  жұмыс  мақсатына,  тыңдаушыларына  қатынасын  анықтайтын  тәртіп 

ережелерінің жиынтығы. Шешендік этиканың аса мәнді элементтерінің бірі – аудиторияға 

құрметпен,  жылылықпен  қараудан  туған  такт,  ашықтық,  елгезектік,  сезімталдық  қалып 

ұсталуы. 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 


 

Тактіні білмеген тәжірибесіз шешен ақыл айту, білгішсіну, үйрету тонына немесе 

мірдің оғындай өте қатқыл, беделді тұжырымдамаларға жүгінудің қажетсіздігі бола тұра, 

осы бағытқа оп-оңай түсіп кетуі әбден мүмкін. 

 

Шешендіктануды  игеру  барысында  шешеннің  этикалық  мәдениетінің 



қалыптасуында шешендік өнердің психологиялық сияқты өзге жақтарымен тұтаса отырып 

шешендік тұлғаға келіп тоғысатындығын баса ескеру орынды. Демек, шешен бір мезгілде 

өз  сөзінің  әрі  туындыгері,  әрі  режиссері,  әрі  орындаушысы  екендігін  естен  шығармауы 

тиіс.  Ал  бұл  шешенге  қойылатын  талапты  қиындатары  даусыз.  Ендеше,  жақсы  шешен 

қандай сапалық қасиеттерге ие болуы тиіс? 

 

Бұл  ретте  алғы  орынға  компетенттілікті,  эрудицияны,  жоғары  мәдениетілікті 



қойған жөн. Сонан соң шешеннің өз іс-әрекетіне сенімділігін баса айту керек сияқты. 

Шешендіктану – жанды, дыбысты сөз туралы ғылым. Сөз арқылы түйінделген ой 

қаншалықты маңызды болса да, ол тыңдаушыларға тек шешеннің сол сөздерді нақты да 

түсінікті,  мөлшерленген  күйде  дыбыстауы,  айтуы  арқылы  ғана  әсер  ете  алады.  Сөйлеу 

өнерінде  ең  бастысы  деп  нені  есептейтіндігін  сұрағанда,  Демосфен  айтылажақ  сөздің 

қалыпты  да  үйлесімді  дыбысталуына  ең  алғаш  кезекте  ерекше  мән  берудің  аса 

қажеттілігін баса айтқан. Сөз сөйлеуді орындау /actio немесе pronuntiatio/ - жеңіске жету 

жолындағы ең соңғы маңызды жұмыс кезеңі. Бұл міндетті орындауда аса мәнді көмекті 

шешенге  шешендіктанудың  ерекше  тарауы,  шешендік  шеберліктің  маңызды  саласы  – 

сөйлеу техникасы көрсетеді.  

Сөйлеу техникасының құрамды бөліктері – бұл дыбыстық, тыныстық қойылымы, 

сөйлеу  сәтіндегі  дауыстың,  дикциясының,  орфоэпиясының  дұрыс  қойылымы.  Сөйлеу 

техникасының  мәні  –  дыбыстау  нормаларын  сақтауда  артикуляция,  дыбыс,  тыныс 

бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 

Дауыс  және  тыныс  алу  барысы  бойынша  жүргізілер  жұмыс  үстінде  таза 

физиологиялықтан  басқа,  сөйлеу  саздылығы  мен  мәнерлілігінің  психологиялық  алғы 

шарттары  барлығын  есте  ұстау  жөн.  Бұлар  –  шешеннің  өзіне  сенімділігі,  рухтың 

жоғарылығы,  әңгіме  тақырыбына  еліту.  Шешеннің  әзірлігі  өте  жақсы  болса,  ол  өзін 

сенімдірек сезінеді, өз даусына ұшқырлық, саздылылқ, мәнерлілік беру де жеңіл болады. 

Сөйлеу  техникасының  аса  маңызды  бөлімі  –  дикциямен  жұмыс.  Сөйлеудегі 

олқылықтарды  жою  үшін,  аз  уақыт  жұмсауға  тура  келмейді.  Себебі  көптеген  шәкірттер 

қалай  болса  солай,  өз  сөзіне  есеп  бермей  дыбыстардың  артикуляциясын  дұрыс 

үйлестірмей сөйлейді. Бұл сөздің шашыраңқы болуына, соған ілесе ойдың қожырауына, 

аудиторияның  сөйленген  сөзге  қызығушылығының  жоюлуына,  жүйесіз  міңгірлеуді 

ажыратуға мүмкіндіктің болмауына әкеледі.  

 

Дұрыс  артикуляцияны  қалыптастырудың  таптырмас  даусыө  тәсілі  – 



жаңылтпаш айту. Бұлардың дыбысталуына әзірлік барысында ырғақтың жоғарылығының 

емес, дыбысталудың анықтылығына және мәнерлігіне қол жеткізу жөн. Мәселен, қазақша 

сөйлеуде, әсіресе, күрделі сөздердің /көп құрамды/ қосымшаларын анық айту маңызды.  

Сөйлеу  техникасы  мен  сөйлеу  мәдениетінің  өте  күрделі  мәселесі  –  орпоэпиялық 

нормаларды  игеру.  «Орпоэпия»  сөзі  дұрыс  та  сауатты  әдеби  дыбыстауды  білдіреді.Кез 

келген  дыбыстау  нормасынан  ауытқушылық  аудитория  назарын  шешен  сөзінің  мән-

мәнісінен  оның  формасына  ауытқытып,  сөз  мағынасын  қабылдауға  кедергі  келтіреді, 

басқа  бағытқа  аудартады.  Шешендіктанудың  бұл  бөлімінің  күрделілігі,  мәселен,  қазақ 

тілінің  дыбысталу  нормасының  сан  алуандылығында.  Арнайы  жаттығулар  барысында 

шәкірттер өздерін тексеріп қарауға, дыбыстау нормасын игеруге ұмтылуы тиіс.  



 

[gl] 9-


апта. 

Шешендік сөзге қойылатын талаптар

Дәріс жоспары: 

1.

 



Шешендік сөзге қойылатын талаптар. 

2.

 



Қазіргі шешендік сөздердің айтылу түріне қарай топтастырылуы. 

Ф УТ 703-05-12. Учебно-методический комплекс дисциплины. СМК УТ. Издание второе 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет