Сақабай Толқынай Куандыққызы «Архивтану» пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#121768
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
Сақабай Толқынай Куандыққызы
«Архивтану» пәні бойынша
Дәрістер курсы
мамандығы: «6B02204-Тарих»
Қарағанды 2020 
 


1 дәріс.

Қазақстандағы мұрағат ісінің қалыптасу және даму тарихы


 
Жоспар: 
1. Кеңестік дәуірдегі мұрағат ісінің дамуы
2.ХХ ғ. 20-30 шы жылдарындағы мұрағат ісі. 
 
1.Мұрағат 

мекемелерінің жүйесін жетілдіру барысында қалалық


аудандық мұрағаттарда бөлімшелерін ұйымдастыру жолдары.Республикалық 
мұрағатта Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды басқа республикасынан 
жинақтап шоғырлануы.Ресубликалық мұрағат мекемелерінің Ішкі істер халық 
комиссариаты мекемесіне кіруі.
Қазақ революциялық комитетінің ғылыми бөлімінің мәжілісінде орталық 
мұрағат қорды ұйымдастыру туралы мәселесінің қаралуы. ҚАКСР Халық 
ағарту комиссариаты қарамағындағы Ғылым комиссиясының қызметі. 
Қазақстанда мұрағат ісі мәселелерімен айналысатын орган ретінде 1919ж
Орынборда, Халық ағарту комиссариаты қарамағында Бас мұрағат 
басқармасының құрылды.
1920 ж науырызда, мамыр, шілде айларында Кирөлкелік әскери 
комиссариаттың тарих статистика бөлімі тарапынан архивті үйымдастыру 
жөнінде мәселе көтеліліп жасалынды. 1921 ж 5 сәуірде Қазақ Өлкелік Бас 
архив үйымдастырылды.Ол 1922 ж күзінде Өлкелік орталық архив деп аталды. 
ҚАКСР мұрағат ісі Басқармасының 1921 жылғы 6-шы шілдедегі барлық 
кеңестік және мемлекеттік мекемелерге, азаматтарға революция және 
революциялық құрылыс тарихы бойынша құжаттарды жинау және оларды 
орталықтанған түрде сақтау қажеттігі туралы үндеуі.
Алғашқы республикалық мұрағат – Орталық өлкелік мұрағаттың 
құрылуы. 1922 жылғы 24-ші қаңтардағы Орталық өлкелік мұрағат туралы 
ереже. Орталық мұрағаттың міндеттері бойынша Қазақстанда Бүкіл Ресейлік 
Бір архив Фондының болімшесі ашылды. Ал губерния бөлімдері , 
губисполкомдарға бағынды. 1925ж Орталық Өлкелік мұрағат Қызыл ордаға 
көшіп , оның қорына Торғай облыстық мұрағат қоры кірді, бұл қорда 1868 ж 
дейінгі материалдар жинақталған болатын. Ал істердін бір бөлігі Орынбор 
бюросына беріліп ; олар Ресейдін орталық мұрағатына түсті. 
Солай, 20 жылдары , жалпы Орталық Өлкелік қорда - 30 қор, 23 мың 828 
сақтау бірлігі болды. 1927ж Бөкей губерниясына қатысты мұрағаттық істердің 
Астрахань губерниялық мұрағатынан Ордаға беріліп, қордың мазмұны 
кұрделене түсті. 1926 ж 30 тамызда Қырғыз автономиясының арнайы шешімі 
қабылданды, сол шешім бойынша мұрағаттық құжаттарды сату және жою 
жөнінде талаптардың күшейтілді және «Жергілікті мұрағат қорын 
ұйымдастыру және мекемелердегі құжаттарды бір жұйеге келтіру жөнінде».
Мұрағаттық құжаттарды пайдаланудағы кеңестік биліктің саяси мүддесі. 
Жаңа биліктің қарсыластарының құжаттарын іздестіру және жинау.
Бас мұрағат пен оның жергілікті мекемелерінің Халық ағарту 
комиссариаты қарамағынан алынып ҚАКСР ОАК-не қарамағына берілуі. 
ҚАКСР-нің Орталық мұрағаты және губерниялық мұрағаттар туралы 
ережелердің бекітілуі. Республикадағы губерниялық мұрағаттық бюролардың 


қызметі. Тарихи зерттеулердің құжаттық базасын жасау. Қазан төңкерісі мен 
Компартия тарихы бойынша материалдарды жинау және зерттеу шаралары. 
РКП(б) Қырғыз облыстық комитеті қарамағында Қазан төңкерісі мен 
Компартия тарихы бойынша материалдарды жинау және зеррттеумен 
айналысатын арнайы комиссияның (Истпарт) құрылуы.
Орталық өлкелік мұрағаттың Орынбордан Қызыл Ордаға көшірілуі. 
Уездік мұрағаттарды ұйымдастыру. Қазақстанның мұрағат қызметкерлерінің 
1927 жылы Қызыл Ордада өткен алғашқы конференциясы. Республикада 
мұрағат ісін жария етуді күшейту шаралары.
Мұрағат мекемелерінің жұмысының негізгі бағыттары. Тарихи-
революциялық маңызға ие түрлі құжаттарды жүйеге келтіру және оларды 
Орталық өлкелік мұрағатқа өткізу мәселелерін реттеу. Шекаралас облыстар мен 
республикалардың мұрағаттарында Қазақстан тарихына қатысты сақтаулы 
құжаттық материалдарды жинақтау.
Орталық мұрағаттың Қызыл Ордадан Алматыға көшірілуі.

ХХ ғ. 30 


жж. мұрағаттарды басқару органдарының қайта ұйымдастырылды. Мұрағат 
мекемелерінің 
жүйесін 
жетілдіру 
барысында 
мұрағат 
бөлімшелерін 
ұйымдастыру қажеттілігі анықталды.. Қалалық және аудандық мемлекеттік 
мұрағаттарда мұрағат ісінің жолға қойылуы. Республикалық ұжымшар, кеңшар 
және МТС-тардағы мұрағаттардың жағдайын тексеру.
ҚАКСР Орталық мұрағат басқармасының (ОМБ) қызметі. Мұрағат 
органдары мен мұрағаттар туралы жаңа ережелерді талдау. Қазақстанның 
халық комиссариаттары мен орталық мекемелерінің мұрағаттарын реттеу. 
Мұрағат органдарының аппаратын күшейту және білікті кадрлармен 
қамтамасыз ету мәселелері.
Мемлекеттік сақтауға жататын Мемлекеттік мұрағаттық қор (ММҚ) 
құжаттарының санаттарын белгілеу. Қазақстанның тарихына қатысты басқа 
республикалар мен облыстардың мұратттарында сақтаулы құжаттардың басым 
бөлігін республиканың мемлекеттік мұрағаттарында шоғырландыру ісінің 
аяқталуы. Мұрағаттық құжаттарды және істерді сипаттау. Ғылыми-зерттеу 
мекемелерімен байланысты күшейту. Мұрағаттардың басылымдық қызметі. 
Мұрағат мекемелерінің аппаратын жергіліктендірудің әлсіздігі және 
кадрлардың тұрақсыздығы. Орталық мұрағаттың бөлімшелерін қысқарту. 
Облыстық мұрағат бюроларын ұйымдастыру. ОМБ мен облыстық 
басқармалардың штатын көбейту.
Республикалық мемлекеттік мұрағаттардың жүйесі. Қазан төңкерісі және 
социалистік құрылыстың Орталық мемлекеттік мұрағаты. Одақтық мемлекеттік 
мұрағаттардың жүйесі. Дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты. 
КСРО фотофонокиноқұжаттарының Орталық мұрағаты. Қызыл Армияның 
Орталық мемлекеттік мұрағаты. Орталық Әскери-тарихи мемлекеттік 
мұрағаты.
Білікті мұрағатшыларды даярлау. Мұрағаттану институтын (Мәскеу 
тарихи мұрағат институты) ұйымдастыру.
1936 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік аппараттағы өзгерістер. 
Мұрағат мекемелерінің Ішкі істер халық комиссариатының қарамағына берілуі. 


Қазақ КСР БМБ-ның Ішкі істер халық комиссариатының мемлекеттік 
мұрағаттар бөлімі болып өзгеруі. Мұрағаттар тоталитарлық режим аясында. 
Орталықтандыру принципі мен мұрағаттық қорлардың біртұтастығы 
принципінің бұзылуы. Арнай мемлекеттік мұрағаттардың және партия 
мұрағаттары жүйесінің құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттардың және бұрынғы 
КОКП мұрағаттарының жеке дербес әрекет етуі.
Мұрағаттардың ғылыми-басылымдық жұмысы. Мұрағатты құжаттарды 
саяси және идеологиялық мақсаттарда пайдалану. Халықтардың өткен тарихын 
бұрмалау 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет