Сабақ №1 1 Көз алмасының пішіні және оның мәні?



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#123797
түріСабақ
  1   2   3

Тәжірибелік сабақ №1
1) Көз алмасының пішіні және оның мәні?
Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес,ақ түсті, ол белок деп аталады.
Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы — тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді.
Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабық пигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды.

2) Нұрлы қабаттын ерекшеліктері.
Нұрлы қабық (радужная оболочка); (лат. iris — нүрлы) — тамырлы қабықтың ең алдыңғы бөлiгi, көздiң алдыңғы және артқы қуыстарын бөлiп тұрады.
Нұрлы қабықта бес: алдыңғы эпителий; сыртқы шекаралық; тамырлы; iшкi шекаралық және артқы бояутектi эпителий қабаттарын ажырайды.
Нұрлы қабықтың ортасындағы кішірейіп, кеңейіп тұратын тесікті қарашық деп атайды. Нұрлы қабықта көздің түсін анықтайтын бояғыш пигментті жасушалар (пигментоциттер) болады. Нұрлы қабықта қарашықты тарылтып және кеңейтіп тұратын бірыңғай салалы ет жасушалары - миоциттер орналасады. Нұрлы қабық көз алмасына өтетін жарық сәулелерінің мөлшерін реттеп, диафрагманың қызметін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет