Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Шымырова Н. Т. Пән/Сынып: қазақ тілі, 8-сынып



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі20,38 Kb.
#129276
түріСабақ
  1   2   3

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Шымырова Н.Т.

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІ тоқсан, ІІ апта, № 3 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Сабақтың тақырыбы:

Мұрат Мөңкеұлы – эпик ақын. «Үш қиян» толғауы

Оқу мақсаттары:

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар шығарманың композициясына тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау жасайды.

Бағалау критериі:

  • Толғаудан адамның азған белгісін сипаттаған бөлігін анықтайды.

  • Толғаудағы тарихи оқиғаны қорытып жазады.

  • Шығармадағы тарихи тұлға есімдерінің айтылу себебін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?
8-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Мұрат Мөңкеұлы – эпик ақын. «Үш қиян» толғауы»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
• Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауындағы заман көрінісі. Сенің меңгеретінің:

  • Толғаудан адамның азған белгісін сипаттаған бөлігін анықтайсың.

  • Толғаудағы тарихи оқиғаны қорытып жазасың

  • Шығармадағы тарихи тұлға есімдерінің айтылу себебін анықтайсың.




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ

Кіріспе сөз
«Қазақтың тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды. Мұрат өлеңдерінде патша хүкүметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Хүкүметтің жақсы жерлерді тартып алғаны, ел қамын жегендердің қуылғаны, өлтірілгені анық айтылады.» Х.Досмұхамедұлы

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау дегеніміз – шығарманың жекелеген бөлшектерінің ерекшеліктерін арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, жеке бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білуге болады. Айталық, шығарманы идеялық мазмұны жағынан, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Ал, поэзиялық шығарма болса интонациялык өзгешеліктері, ұйқасу түрі жағынан, әр түрлі шумақ, тармақтарды мазмұны жағынан талдауға болады. Әдеби шығарманың көркемдік, тілдік ерекшеліктерін зерттегенде, ұсақ, көзге түсе бермейтін сипат белгілеріне зер салып, сол аркылы көркем шығарманың бойындағы, құрылыс-бітіміндегі зор мәні бар қасиеттерін айқынырақ бағдарлауға ұмтыламыз. Шығарманың жекелеген бөлшектерін осылай әртүрлі қырынан талдағанда шығарманы тұтас кабылдағандағы алатын әсерімізді толықтырып, байыта түсетіні сөзсіз.









1-3 минут

Тапсырмалар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет