Сабақ жоспарының Үлгісі


Жобаны іске асыру шарттары



бет3/8
Дата18.01.2023
өлшемі54.13 Kb.
#61738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Жобаны іске асыру шарттары:
Балалардың толық қатысуы;
— Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;
— Аталған жобаны іске асыруда, табысты нәтижеге жету жолында арнайы материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуы қажет, арнайы техникалық құралдармен жабдықталған оқу бөлмесі.
-Білім беру барысында қажетті құжаттарды толтыру,
Меңгеру деңгейінің талаптары:
— оқушылардың оқуға талабын және білігін қалыптастыру;
— оқушылардың қажетті танымдық қызығушылығын арттыру;
— бастауыш сынып оқушыларында біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету;
— оқушылардың тұлғалық қалыптасуын, қабілеттерін дамыту;
— зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық үрдісін қамтамасыз ету;
— өз бетінше іздене білуге үйрету;
— түрлі тапсырмаларды орындауға дағдыландыру;
— өзара әрекет пен қарым-қатынас жасай білуге үйрету;
Күтілетін нәтиже:
Тапсырмадағы ұсынылып отырған әдіс-тәсілдер оқу дағдысы төмен оқушылардың оқу жылдамдығын жетілдіреді, оқыған мәтінді дұрыс түсініп, жоғары қабылдауына көмегін тигізеді. Сыныптың білім сапасы артады. Әр оқушы тұлғалық жағынан дамиды.
Т а п с ы р м а л а р
1-тапсырма. Әр жолдағы сөздерді керісінше оқу. Екі жолға бірнеше сөздер жазылады. Жолдың ең соңындағы сөз бірінші, ал соңғы сөздің қасындағы сөз екінші болып, осылайша жалғасып кері оқылады.[4,5]
Мысалы: Аспан малға толып кетті —
Бұлттар түлік болып кетті.
Бір бұлт шықты ешкі болып,
Бір бұлт шықты мешкі болып.
Яғни, Болып мешкі шықты бұлт бір,
Болып ешкі шықты бұлт бір.
Кетті болып түлік бұлттар
Кетті толып малға аспан.
Бұл тапсырма көздің қимыл қозғалысын дамытып, басқа жаттығуға дайындық болып табылады.
2-тапсырма.Әр жолдағы сөздерді керісінше әріптеп оқу.
Екі-үш жолға тізбектеліп бірнеше сөздер жазылады. Әр сөз соңғы тұрған әріптен басталып оқылады.[4,5]
Мысалы: Нан, шаш, аға, қырық, алаш, қақ, мысық, ала, парта, ара, дала, атам, тос, балық, батыр, жусан, сағат, аймақ, қайық, шағала, асқабақ,бастық, жарыс, тоған, тамақ.
Бұл тапсырма әрбір сөзге әріптік талдау жасау қабілетін дамытады, тілдің қозғалыс жүйесінің үйреншікті емес сөздерді де айтуын қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет