Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)



бет46/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
ГРАФФИТИ

Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – керемет нәрсе, бірақ қоғамға зиян тигізбейтіндей өнер көрсету əдістерін неге таппайды?

Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып, жас ұрпақтың абыройына нұқсан келтіреді? Кəсіпқой суретшілер өздерінің туындыларын көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абырой жинайды.

Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, қабырғалар, бақ орындықтары – онсыз да өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын əдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда, бұл сəулет өнерін көркем суретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «сурет өнерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады.

Хельга

Адамдардың талғамдары əртүрлі. Қоғамда ақпарат та, жарнама да көп. Мәселен, сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары, көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бəрі құптарлық іс пе? Негізінен, иə. Ал граффити ше? Кейбіреулері иə десе, кейбіреулері жоқ дейді.



Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.

Ал жарнама қалқандарын қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл есім, партия атаулары немесе көшелердегі үлкен өнер туындылары секілді жай ғана қарым-қатынас құралы емес пе?

Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ, торкөз киімдер естеріңізде шығар. Шаңғы костюмдер де естеріңізде болар. Үлгілері мен түстері бетон қабырғаларда салынған суреттерден көшіріп алынған болатын. Бір қызығы, бұл үлгілер мен түстерді қоғам қолданады, сүйсінеді, ал осы стильдегі граффитиді масқара деп санайды.

Иə, өнер үшін қиын уақыттар тууда.

Маржан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет