Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/4
Дата18.12.2022
өлшемі24,11 Kb.
#57911
түріСабақ
  1   2   3   4



Денсаулығыңды ойласаң ауырмайтын жол ізде!
Тәрбие сағаты:
Сыныбы:9
Тақырыбы: «Денсаулығыңды ойласаң ауырмайтын жол ізде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру; салауатты өмір салтын сақтауға бағыттау.
Дамытушылық: Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін дамытып, өмірге деген қызығушылығын, өзін қоршаған ортаға деген жақсы көзқарасын қалыптастыру. 
Тәрбиелілік: «Бірінші байлық – денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқушыларға денсаулықтың қадірін түсіндіріп, оны сақтауға, түрлі аурулардың алдын ала білуге үйрету. Зиянды әдеттерді зияны туралы айта отырып, одан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу 

Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол–әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу.Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері – шылым шегу, маскүнемдік,нашақорлық.Осындай зиянды әдеттердің алдын-алу мақсатында 9-сынып оқушыларымен өткізіліп отырған «Денсаулығыңды ойласаң ауырмайтын жол ізде» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: 
«Денсаулық - әлеуметтік байлықтың негізі», «Бірінші байлық - денсаулық» дегендей денсаулықтан артық байлық жоқ. Осы қымбатта та асыл байлығымызды қалай сақтауымыз керек? Міне, құрметті ұстаздар, оқушылар, біз бүгін осы аталған мәселелер төңірегінде біраз сөз қозғамақпыз. Олай болса ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет