Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері
бет 1/4 Дата 16.05.2023 өлшемі 1,34 Mb. #93822 түрі Сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау , олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, мамандықтар тобы, кластары , таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. - Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру - Кәсіптік бағдар беру - Кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру - Кәсіптік мамандықтарға деген ынта- ықыластарын анықтау және т.б. Кіріспе: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.Осыған қарап мынадай сұрақтар туындайды. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Осы және тағы басқа мәселелер туралы бүгінгі сабақта шешімін аламыз деген сенімдемін. «Мамандық» сөзіне анықтама беру. Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты , жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандықтарға сұраныстың тұрақтылық көрсеткіші әр мамандықтардың жұмыс орын санының артуына байланысты. Өз мамандықтарын таңдауда мақсатқа жету әр адамның еркіне, өмірге құштарлығына байланысты. Мамандық таңдау кезінде мұқият болған жөн ,себебі ол сіздің болашақ өміріңізді анықтайды. Сондықтан, мамандықты таңдау кезінде жеке қызығушылығыңыз бенᅠ болашақ жоспарларыңыздың негізінде таңдағаныңыз тиіс және де тек қана бір мамандықты таңдау керек.