Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту ауруларына арналған емдік дене шынықтыру Модуль /пәнатауы: Массаж



Дата07.06.2023
өлшемі18,95 Kb.
#99517
түріСабақ

К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»
Республикалық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту ауруларына арналған емдік дене шынықтыру


Модуль /пәнатауы: Массаж
Дайындаған педагог: Иманкулова Меруерт Рахимбердиевна
2022 жылғы "_5_" наурыз
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ3-курс, 2021-2022 оқу жылы, 01-19 топ
Сабақ типі: лекция

  • 2. Мақсаты, міндеттер

  • білімді қалыптастыру;

  • пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру;

  • мамандығына, пәнге қызығушылығын арттыру.

3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер
3.2 Кушетка. Массаж жасағанда қолданатын майлар.
3.3 Интерактивті тақта, презентация, видео-ролик
4. Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Сабаққа қатысқандарды тексеру. Сыртқы түрін бағалау. Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын, міндеттерін тұжырымдау, оқуға деген мотивация.


5. Сабақ бойынша рефлексия:
1. Сабақ басында мақсатты айқындап, оны студент тұрғысынан, студент тарапынан нақтылап алған дұрыс.
2. Тапсырма берілген соң, оның қалай орындалу керектігін талқылаған орынды. 5-7 минуттық талқылау тапсырманың дұрыс орындалуының кепілі болуы ықтимал.
3. Тапсырма соңында оның қалай орындалғанын және нәтижелерін талқылаған дұрыс.


6. Үй тапсырмасы:
1. Емдік массаж түрлері?
2. Емдік массаж әдістері?
3. Емдік массаж жасау

Ас қорыту ауруларына арналған емдік дене шынықтыру


Ас қорытатын мүшелердің ауруына асқазан, 12 тұтам ішек, ащы-тоқ ішектердің қабынуы ,ойық жара, рак, асқазанның төмен түсуі жатады.Аталған мүшелердің ауруы көбнесе созылмалы болып келеді. Негізгі себеп уақтылы дұрыс тамақтанбау, улану т. б. Жалпы белгілері: асқазан,ішек,өт, бауыр тұстарының ауруы, асқа тәбеті шаппай, кекіріп, айнып, лоқсып құсу, іш өту, іш қату. Ас қорыту ағзалары жоғарғы нерв жүйесімен, көретін, еститін, сезетін түйсікті мүшелердің түпнұсқасымен тығыз байланыста. Сондықтан ми қабында, ми қыртысы астында болған өзгерістер ас қорыту мүшелерінің сөл бөліну, қозғалтушы, сіңіру сияқты қасиеттеріне көп ықпал жасайды. Сондықтан емдік гимнастика осы жағдайды теңестіру үшін, қалпына келтіру үшін кеңінен қолданылады. Мөлшермен берілген жаттығулар ішек-қарын қозғалу, қорыту, сіңіру қасиеттерін арттырады. Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасаған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің шығуына, астың қорытылуына, ішекбұлшық еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, күшейте үдемелі жасаған жаттығулар ішек-қарын жұмысын кемітеді, сөлдің шығуын азайтып, ішектің жиырылуын жайландырады.Емдік гимнастика қарын ішіндегі қанлимфа айналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің жазылуына септігін тигізеді. Емдік гимнастика ертеңгі гигиеналық дене тәрбиесінен бастап, өз бетінше жүру, ескек есу, шаңғы тебу т. б. толықтырылады. Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып,біртіндеп күрденелінеді. Асқазан қабынуы гастрит деп аталады. Асқазан сөлі мен тұзды қышқылдың құрамына байланысты гастрит аз сөлі, сөлі көп және мүлде жоқ болып үш түрге бөлінеді. Асқазан сөлі аз және мүлде жоқ кезде, бойдағы бұлшық еттің барлығына бірдей жаттығулар беріледі. Тек орта жылдамдықпен, асықпай жасалады. Жаяу жүру, жәй жүру, жәй жүгіру, кейбір спорт ойындарының түрі, тыныс алу жаттығулары қолданылады. Ал сөлі көп адамдарға үлкен сақтықпен, әсіресе, іштің бұлшық етіне күш түсірмей, көпшілікке танымал жаттығулар беріледі. Асқазан, ішек-қарынға жара шыққанда адамның дегбірін кетіріп, жанға батып ауырады. Ол көбнесе ашқарынға байқалады. Адамға әлсіздік, тынышсыздық, берекесіздік пайда болып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Асқазан қыжылдап, айнып, құсуға дейін барады. Өзіне берілген арнайы емдердің ішінде адамдардың өзінен талап етілетіні: уақытында дұрыс тамақтану, тынығып ұйықтау және емдік дене шынықтыруды қолдану. Емдік дене шынықтыру ауру асқынбаған кезде жасалады. Оның мақсаты: кең құрсақтың ішінде қан-лимфа айналымын, зат алмасуын жақсарту, жараның аузын бітеу, жараны тыртық қалдырмай тезірек жазуға, науқастың көңілін көтеруге негізделген. Алғашқы кезде жаттығулар қол-аяқ қимылдарымен шектеледі. Құрсақ еттеріне күш түсірмейді Асқазан, ішек тағы басқа ағзалардың төмен түсіп кетуіне құрсақ бұлшыық еттерінің босап, созылуы себеп болады.Ол кенет азып, арықтап кетокен адамдарда, көп бала көтерген аналарда, ауыр жұмыстан қажыған,әлсіреген адамдарда кездеседі.Мұндай жағдайда асқазан,ішек-қарын,бәрі төмен сырғып кетеді.Осының әсерінен болымсыз тамақ ішсе де асқазан керіп,толып тұрғандай болып тұрғандай ауырады, ас қортуы нашарллайды. Іш құрлысы төмен түсіп кеткенде ең тиімді құрал-гимнастика. Оны пайдаланбай-ақішті тартып тұратын бандаж кюге болады. Емдік гимнастика методикасының өз ерекшелігі бар. Олар: жаттығулар жасау үшін төсектің аяқ жағы көтеріңкі болу керек. Адам тек екі қырынан жатып, еңбектеп тұрып қана жаттығулар жасайды. Науқас адамға секіруге, жұгіруге,тартылуға болмайды, күш жұмсайтын жаттығулар қолданбайды. Жаттығулар басында баяу, ақырын жасалып, біртіндеп күрделіленеді. Дегенімен ырғақты, мөлшерлі болғаны жөн. Қанша қайталанатындығын адам өз жағдайына қарай ықшамдайды. Бауыр қабынуын медицинада – гипатит дейді. Ол жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Денеге түскен инфекция, өндірістің зиянды қалдықтарымен улану, дәрілердің артық әсері, тамақтан улану, жүрек-тамыр ауруларында асқынып қанның жүрмей көк тамырда тоқтап қалуы, араққа салыну, басқа ішкі ағзалар індетінің асқынуы т. б. гипатит ауруына әкеліп соғады. Гипатит ауруын халық арасында сары ауру деп атайды. Аурудың негізгі белгілері: көздің ағы мен терінің сарғаюы, дененің қышуы және бауырдың үлкеюі. Осыған қоса бауыр тұсының ауруы, үлкен дәреттің бұзылуы т. б. байқалады. Бауыр клеткалары, өт жолдары қабынып,кейде тас байланып қалғанда бауыр өзінен-өзі үлкейіп кетеді. Науқастың оң жақ қабырғасының асты ашып, берекесі қашады. Ал гепатиттің созылмалы түрінде оң жақ қабырғаның асты ауырып, ауызға қышқыл дәм келіп, құрғап, айнып, кекіртіп, тәбетін тартқызбай асқорыту бұзылады. Өт жолына тас байланғанда бұл айтылған белгілер айқындалып кетеді. Ыстығы көтеріліп, іші кеуіп, бауырдың тұсы пышақ кескендей ауырады. Мұндай ауруға себепкер, денедегі зат алмасуы , оның ішінде холестирин алмасуы бұзылып, өт құрамы өзгереді, сондықтан олар тас болып байланып қалады. Дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың тапшылығы, шамадан тыс толысу т. б. осындай зардапқа әкеп соғады. Холецистит - өт қабының қабынуы. Бауыр, өт жолдары зақымданғанда комплексті емдеу әдісі қолданылады. Ең алдымен тамақтану тәртібі жолға қойылады. Майлы, қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Сүт арық ет, жеміс-жидек, қарбыз, қауын, ірімшік т.б. өте пайдалы. Сонымен қатар шөптен жасалған тұнбалар, шөпшай, шәйқурай, усарғалдақ, жүгері шашағы, сұлы өте пайдалы. Шөпшайды шетен мен бұжыр шәйқураймен, жүгері қауызымен, күнбағыс гүлімен және қызылтаспамен қосып тұнбасын ішкенде бауыр, өт жолдары ауруларына қарсы емдік қабілеті арта түскен. Емдік дене шынықтыру жаттығулар жиынтығы, тыныс алу, бұлшық еттерді босаңсытатын жаттығулардан тұрады. Тыныс алу жаттығуларын жасаған кезде, құрсақтың көк еті бауырға массаж сияқты соққылап әсер етеді, оның өзі бауыр ішіндегі қан-лимфа айналымын жақсартады да, өттің жүру жолын ашады. Мұндай жаттығулар жасағанда адам оң жағымен жатса, өттің жүруіне үлкен ықпал жасайды. Сол сияқты төрт тағандап шынтақпен тіреп, тізерлеп тұрса, ал жаттығулар жасағанда шалқалап жатса, өте нәтижелі болады. Түргеліп тұрып бір орнында жүру, тізені жоғары көтеріп қимыл жасау өте пайдалы. Жаттығулар асықпай, байыппен, бірқалыпты 20-30 минут жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет