Барлық оқушылар:Берілген нүктеде жанаманың теңдеуін құру алгоритмін меңгеріп,жанаманың теңдеуін құрады.
Оқушылар көпшілігі: Берілген түзуге параллель болатындай функцияның графигіне жүргізілген жанама теңдеуін жазады.
Кейбір оқушылар:Функция графигіне тиісті емес нүктесі арқылы өтетін функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазады.
Функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін құрады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:Жанаманың теңдеуін берілген нүктеде құруды түсіндіреді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Функция,функция графигі,жанама,жанаманың теңдеуі.
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Жанаманың теңдеуі...
Абсцисса осімен қиылысу нүктесі арқылы...
Ордината осімен қиылысу нүктесі арқылы...
Берілген түзуге параллель болатындай...
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы» негізінде үштілдікке тәрбиелеу.