Сабақтың тақырыбы Мамандық таңдау Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары



Дата26.11.2023
өлшемі22,31 Kb.
#128386
түріСабақ

Сабақ

Мектеп: М.Дулатұлы атындағы ЖББМ

Пән

Қазақ тілі

Күні 09.11.2023

Мұғалімнің аты- жөні: Ержигитова А.С.

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: 3

Лексика. Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Сабақтың тақырыбы

Мамандық таңдау

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.5.1. Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты

Перифраз түрінде берілген сұрақты түсініп, мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, жауап береді. Мәтіндегі ойды қорытындылап пікір білдіреді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақтың барысы

Ресурстар

Басы
3 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
8 минут

8 минут
8 минут


5 минут



Психологиялық ахуал.
Әртүрлі ұлттардың амандасу салты бойынша амандасу.
Тувалу елінің халқы бір-бірінің беттеріне жақындар терең дем алып амандасады.
Тибет елінің халқы бір-біріне тілін көрсетіп амандасады.
Кенияда тұратын масаи тайпасы бір-бірімен билеп амандасады.
Үй тапсырмасын тексеру. Жеке жұмыс. Үлестірмелі кеспелер арқылы үй жұмысын тексеру.
Суретпен жұмыс. Сирек кездесетін немесе ерекше мамандықтарды айту.
Допты қадағалаушы. Мұндай мамандықты үлкен гольф-клубтарда кездестіруге болады. Оның жұмысы гольф алаңында кездейсоқ жатқан доптың болмауын қадағалау. Құмырсқа ұстаушы. Оның міндеті жасанды құмырсқа фермаларында тұқымды жалғауға қызмет ететін құмырсқаның ерекше түрлерін таңдап алу.
Иіскеуші. Бұл мамандық дезодорант шығаратын кейбір компанияларда бар. Иіскеушілер эксперимент жасалып жатқан адамның қолтығына дезодорантты шашып, бір күн бойы оның исі қалай өзгеретінін қадағалайды.
Әңгімелесуші. Олар Токионың ең адам көп аудандарында отырып, кез-келген адамның сырын тыңдап, әңгімелеседі. Бір аптада әңгімелесуге 10000 қала тұрғыны қонаққа келеді.
Кезекте тұрушы. Британияда адамдардың кезекте тұрмауына көмектесетін кеңсе ашылды. Олардың орнына кезекте арнайы дайындалған адам кезекте тұрады. Олардың қызметі де арзан емес, сағатына 40 бакс.


Тыңдалым тапсырмасы.
1 тапсырма: Мәтінді тыңдаңыздар
(7- аудио)
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мынау көпсалалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биіктігіне жеткізетін қанат.
Сұрақтар:
1. Неліктен мәтінде «Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз» деп айтылған?
2 Көпсалалы өмірде дегенді қалай түсінесіңдер?
2 -тапсырма
Перифраздың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырындар.
Мысалы:
1.Ғарыш саласы бойынша қандай мамандықтар бар?
2.Еліміз қандай экономикалық салаларға көп назар аударады?
3.Химиялық биология, биотехнология сынды ғылымдарды дамытуға мүмкіндік туғызу үшін қандай орталықтар мен институттарды дамыту керек?
Жұппен жұмыс.Мәтінде көтерілген мәселелерді анықтаңдар, шешу жолдарын және автордың ойын анықтаңыздар.
Кластерге сызыңыздар.
2Ә- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

Кеспелер
Суреттер

Аудио

Оқулықтағы мәтін

Сұрақ – жауап әдісі.



Сабақтың соңы
3 минут

Рефлексия.
Кемпірқосақ
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.



Стикер.

Үй тапсырмасы

2 А – тапсырма, сөзжасам туралы түсініп оқу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет