Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. (19-сабақ) Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/47
Дата12.12.2022
өлшемі261,52 Kb.
#56651
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47

Бөлім:

8.2А Зат мөлшері

Педагогтің аты-жөні:

Әбуова Дана

Күні:

20.10.2022ж

Сыныбы:

8-сынып

Қатысушылар саны

20

Қатыспағандар саны

1

Сабақтың тақырыбы:

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.
(19-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді білу және Авогадро санын білу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарымен таныстыру және заттардың молярлық массаларын есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.


Ой қозғау
Оқушыларға «Литр, килограмм, грамм, тонна, милилитр, метр деген сөздерді не топтастырады?» деген сұрақ қойылады.
Оқушылар заттың мөлшері, ұзындық өлшемі деп жауап берулері мүмкін. Нәтижесінде сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаты нақтыланады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Слайд
№1-15

http://bilimland.kz





Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Ой қозғау
-Химиялық зертханада немесе заводта өнімнің белгілі бір мөлшерін алу үшін бастапқы заттардың қатаң түрде анықталған мөлшерін алу керек. Затты қалай өлшеуге болатынын ойланып көріңдер.
- Бізде бір үйме картоп бар деп ойлап көрейік. Оны қалай санаған ыңғайлы? Әрине, қабымен.
1 қапта - 6 *1023 картоп бар деп есептейік, ал қаптардың саны 20, ендеше картоптың санын есептеу үшін қаптың санын әр қаптағы картоп санына көбейту арқылы табамыз.
N = 20 қап* 6 *1023 картоп = 120 * 1023 картоп
- заттың мөлшерін есептеу үшін қап деп емес, МОЛЬ атты өлшем бірлігі қолданылады. Ал заттың 1 молінде осы заттың 6 *1023 бөлшегі бар.
Химия ғылымында сандық қатынастар жиі колданылады. Мысалы, затта қанша моллекула бар, ал молекулаларда қанша атом болады деген сұрақтардың шешімін табу үшін химияда «моль» деген түсінік қолданылады.
Моль - зат мөлшерінің өлшемі, ол ν ("ню") грек әрпімен белгіленеді. Сендер физика курсынан «Авогадро саны» деген түсінікпен таныссыңдар: NA = 6,022 141 29(27)×1023 моль−1
Бұл сан 1865 жылы анықталып, итальян ғалымы Авогадро құрметіне сан атауын алды. Бұл өте үлкен сан: 6.022 × 1023.


 
 
 
 
 

Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері.
Олай болса 64 г мыста, 18 г суда, 44 г көмірқышкыл газындағы құрылымдық бөлшектердің саны 12 г көміртекте болатын атомдар сандарымен бірдей, сондықтан моль дегеніміз - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар) болатын заттың мөлшері.
Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, өлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массаға тең.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет