Сапасын дамыту жолдары


Задачами здоровьесберегающих являются



жүктеу 9.25 Mb.
Pdf просмотр
бет24/33
Дата29.12.2016
өлшемі9.25 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

Задачами здоровьесберегающих являются: 

227 
 
1.  Сохранение  и  укрепление  здоровья  детей  на  основе  комплексного  и  системного  использования 
доступных для детского сада средств физического воспитания, оптимизации двигательной деятельности 
на свежем воздухе. 
2. Обеспечение активной позиции детей в процессе получения знаний о здоровом образе жизни. 
3.  Конструктивное  партнерство  семьи,  педагогического  коллектива  и  самих  детей  в  укреплении  их 
здоровья, развитии творческого потенциала. 
Виды здоровьесберегающих технологий: 
Виды 
здоровьесберегающих 
технологий 
в 
дошкольном 
образовании 

классификация 
здоровьесберегающих технологий по доминированию целей и решаемых задач, а также ведущих средств 
здоровьесбережения и здоровьеобогащения субъектов педагогического процесса в детском саду. 
Медико-профилактическая технология 
Медико-профилактическая деятельность обеспечивает сохранение и  
Физкультурно-оздоровительная технология 
Физкультурно-оздоровительная деятельность направлена на физическое развитие и укрепление здоровья 
ребенка. 
Задачи этой деятельности: 
- развитие физических качеств; 
- контроль двигательной активности и становление физической культуры дошкольников, 
- формирование правильной осанки, профилактика нарушений опорно-двигательного аппарата; 
- воспитание привычки повседневной физической активности; 
-  оздоровление  средствами  закаливания.  Физкультурно-оздоровительная  деятельность  осуществляется 
инструктором по физической культуре на занятиях по физическому воспитанию, а также педагогами - в 
виде различных гимнастик, физкультминуток, динамических пауз и пр. ; 
Технологии обеспечения социально-психологического благополучия ребенка 
     Задача этой деятельности – обеспечение эмоционального комфорта и позитивного психологического 
самочувствия  ребенка  в  процессе  общения  со  сверстниками  и  взрослыми  в  детском  саду,  семье; 
обеспечение  социально-эмоционального  благополучия  дошкольника,  т.  к.  эмоциональный  настрой, 
психическое  благополучие,  бодрое  настроение  детей  является  важным  для  их  здоровья.  В  своей 
деятельности  «служба  сопровождения»  руководствуется  Положением  о  медико-психолого-
педагогической службе и  ставит своей  целью создание в дошкольном учреждении  целостной системы, 
обеспечивающей  оптимальные  условия  для  развития  детей  с  учетом  возрастных  и  индивидуальных 
особенностей,  состояния  соматического  и  психического  здоровья.  В  данной  системе  взаимодействуют 
диагностическое, 
консультативное, 
коррекционно-развивающее, 
лечебно-профилактическое 
и 
социальное направления. 
   Технологии здоровьесбережения и здоровьеобогащения педагогов 
На  улучшение  здоровья  малышей,  их  благоприятное  физическое  развитие  влияет  весь  уклад  жизни 
ребёнка  в  детском  саду,  заботливое  и  внимательное  отношение  к  нему  взрослых,  высокое  чувство 
ответственности всего коллектива за каждого воспитанника. Поэтому большое внимание в нашем ДОУ 
уделяется  подбору  и  расстановке  кадров  на  группы  с  учётом  их  деловых  качеств,  опыта  и 
психологической  совместимости.  Помня  о  том,  что  результаты  физического  развития  зависят  прежде 
всего  от  профессиональной  подготовки  педагогов,  их  педагогических  знаний,  продумана  система 
всесторонней методической работы по совершенствованию мастерства. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

228 
 
 
 
                   Сайфуллина Айгуль Манаповна 
              "Қуаныш"балалар  бақшасы-мектеп 
                білім  беру комплексі" мекемесі 
                             Семей қаласы 
 
 
 
 
 
Балаларды  ұлттық  дәстүрге тәрбиелеу 
 
     «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе»,  -  деген  ұлы  қаламгер  М.Әуезов.  Қазақ  халқында  жаңа  өмірдің, 
жарық  дүниенің  есігін  ашқан  нәрестенің  өзіне  сый  –  құрмет  көрсетіліп,  дәріптейтін  лайықты  салт  – 
дәстүрлері  бар.  Әлемдік  жаһандану  үрдісіне  қадам  басқан  жаңа  ғасырда  әр  халық,  ұлт  дінін,  тілін, 
мәдениетін,  тарихын  мейлінше  сақтап  қалуға  әрекет  етуде.  Олай  болса  салт-дәстүр  –  өсіп  келе  жатқан 
баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді. 
     Отбасындағы  тәрбие,  үлкендердің  әрбір  сөзі,  ісі,  мерекелік  рәсімдер,  салт-дәстүрге  байланысты 
ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін 
алғы  шарттар  деуге  болады.  Салт-дәстүрдің  үлгісін  отбасында  өнеге  ретінде  көрсете  білген  ата-ана 
баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға алғашқы қадам жасайды.   Адам 
еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. 
Ал  адамды  адам  ететін  –  жұмыр  жерді  мекен  еткен  сан  толқын  ұрпақтардың  ақыл-ойы  мен  тірнектеп 
жинаған    тәрбиесі.  Ғасырдан  ғасырға,  ұрпақтан  ұрпаққа,  әкеден  балаға  ауысатын  тарихи-әлеуметтік, 
қоғамдық-практикалық  дәстүр  сабақтастығы  болмаса,  адамзатта  прогресс  те  болмақ  емес.  Сол  тарихи-
мәдени тәрбиені танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат-болмысын шыңдайды. 
 
 
       Қазақ  халқы  қандай  да  болсын  қуанышын  жеке  отбасы  болып  қана  емес,  көрші-қолаңын,  туған-
туысын,  ел-жұртын  жинап  атап  өтетін  дархан  халық.  Той  –  думанның,  қуанышты  хабардың  жаршысы 
ретінде  «Сүйінші»  айтылады.  Сүйіншіні  жеткізуші  адамның  көңіл-күйі  көтеріңкі,  ерекше  қуанышты 
жағдайда болады. «Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, «Сүйінші, сүйінші! Келініңіз 
ат  ұстар  (ұл)  тапты»  деп  хабар  әкелген  адамға  «Қалағаныңды  ал»  деп,  аяғын  қуанышты  қонақасыға 
айналдырып жібереді.» Сүйіншіні жеткізетін адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. 
Оның  қалағанын,  сұрағанын  беруге  той  иесі  міндетті.  Сүйінші  дәстүрін  «Шілдехана»  жалғастырады. 
«Шілдехана  –  жаңа  туған  нәрестенің  құрметіне  жасалатын  той.  Дастархан  жайылып,  жастар  ән  салып, 
домбыра тартып, ұлттық ойындар ойналады.»  Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-
жоралғысы жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-қасында балалар да 

229 
 
болу  керек.  Бала-отбасы  тірегі,  елінің  ертеңі,  шаңырақ  иесі.  «Бесікке  салу»  рәсімінде  әжелердің  бесік 
жыры тыңдалады.  «Бесікке салу – халқымызда бесік – қасиетті, киелі,  құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы 
болып  есептеледі.  Мұны  «Туған  жер  –  алтын  бесік»  деген  сөз  дәлелдей  түседі.  Бесікті  отпен  аластап, 
баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы, жасы үлкен немесе елдің 
құрметті,  өнегелі  адамына  жүктеледі.  Бесіктің  үстіне  жеті  бағалы  заттар  жабылады.  Ол  заттардың 
әрқайсының,  мысалы,  ел  қорғайтын  батыр  болсын  деген  сияқты  тілек-жоралары  бар.  Мерекелік 
дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде беріледі.» 
 
        Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани құндылығын көріп, тыңдап 
отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – 
бабасының  қалдырып  кеткен  бай  мұрасын  бойына  сіңіреді,  қоғамның  жеке  тұлғасы,  отбасының  бір 
мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді. 
     «Тұсау  кесу  –  сәби  қаз  тұра  бастағанда  тез  жүріп  кетсін  деп  ала  жіп  есіп  (бұл  –  біреудің  ала  жібін 
аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей ширақ жүретін адамға  тұсауын кестіріп, баланы қолынан 
ұстап  тез-тез  жүгіртеді.  Оған  қуанысып  шашу  шашылып,  дастарқан  жасалып,  «тұсаукесер»  кәдесі 
беріледі. 
        Үлкендер  мен  балалардың  қатысуымен  болатын  салт-дәстүрлердің  мағынасы  терең.  Сәбидің 
тұсауын  кесетін  адам  да  еліне  танымал,  сыйлы,  өз  ортасында  беделді  адам  болуы  тиіс.  Бала  аяғынан 
тұрып, есін білгеннен кейін әке-шешесі, туған-туыстары  «сенің тұсауыңды сол адам кескен, сен соған 
тартып  ширақ  болдың,  ол  білімді  ,  ақылды  адам»,  -  деп  өсіп  келе  жатқан  балаға  үлгі-өнеге  көретеді. 
Өркениетті  елдер  қатарына  ілесуді  мұрат  еткен  қонақжай,  бауырмал,  жомарт  қазақ  халқы  ата-баба 
дәстүрін  жалғастырып  келеді.  Баланы  бағып-қағып,  тәрбиелеу,  өсіру  –  ата-ананың  қоғам  алдындағы 
жауапкершілігі, отбасындағы міндеті. 
         Бала  -  бар  асылымыз,  мөлдір  бұлақтың  бастауындай  тіршілік  иесі.  Тәлім-тәрбиені  бала  бойына 
сіңіру  әрі  бала  санасына,  қоршаған  ортасына,  еліне  деген  мақтаныш  сезімін  ұялату,  ұлттық  рухпен 
тәрбиелеу арқылы сатылы түрде дамитын үрдіс. 
        «Қазақ  халқының  этнопедагогикасы»  курсының  бағдарламасында  «Халқым  қандай  десең, 
салтымнан біл дегендей, адам баласы дүниеге келгеннен бастап, дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сенімі, 
түсінігі, тұрмыс-тіршілік әрекеті мен әдет-ғұрыптарының туатындығы» 
       Тәрбиешінің, тәрбиенің әрбір игілікті  ісі баланың жан әлеміне, рухани қалыптасуына бағытталады. 
ҰОІӘ    барысында,  іс  әрекеттен    тыс  уақыттарда  әр  баламен  жеке  жұмыс  жүргізіп, баланың  танымдық 
қызығушылығын  дамытатын  әдістерді  пайдалануға  болады.  Этнопедагогика  негізінде  балалардың 
танымдық  белсенділіктерге  арттыру  мақсатында  тәрбие  сағаттарын  ұйымдастыру  –  баланың 
шығармашылығын  дамытудың  бір  әдісі.  «Бесікке  салу»  мен  «Тұсау  кесу»  үлгісін  тәрбие  сағаты 
барысында көрсету, түсіндіру, фильм қолдану сияқты қызықты көріністер, көрсетілетін әрбір детальдар 
бала есінде ұзақ сақталады. Балалар  алдында ұлттық нақышпен жабдықталған бесік, бесіктің жанында 
кимешек  киген  әже,  -  жанды  көрініс  үлгісі.  Әже  нәрестені  бесікке  салмас  бұрын  балаларға    бесікті  не 

230 
 
үшін, қалай пайдалануды түсіндіреді. Бесік жырын айта отырып, оң жақтан бесікке сәбиді салып, орап, 
тербетеді. 
 
       Бесік  –  киелі,  әр  баланың    ата-анасы  қастерлейтін  атадан  балаға  келе  жатқан  отбасының  алтын 
қазынасы.  Әженің  маңына  жиналған  балалар  көріністі  көзбен  көріп,  өзінше  танымдық,  тағлымдық  ой, 
көзқарасын калыптастыра  алады. ҰОІӘ-і   ұйымдастырушы тәрбиеші  немесе тәрбиеші балаларға бағыт 
беріп,  салт-дәстүрлердің  бала  тәрбиесіндегі  ерекшелігін  жан-жақты  мысалдармен,  аңыз,  ертегілермен 
түсіндіреді. Ұлттық құндылықтың мәні мен мағынасы осында: 
 
 
 
     Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті – өмірін жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. 
Кешегі  нәресте  бүгінгі  ақылы  толысқан,  парасатты,  ойы  озық  азамат  –  отбасының  тәрбиесін  көріп  өз 
елінің  патриоты  болып  қоғамның  жеке    тұлғасына  айналады.  Ендеше      ұрпақ  үшін  салт-дәстүрлердің 
бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. 
 
 
 
 
 
 

231 
 
  
 
      Оразаева Айсулу Мухтаркановна 
             «Қуаныш» балалар бақшасы білім 
               беру комплексі» мекемесі  
                         Семей қаласы 
 
«Ұлттық дәстүрде тәрбиелеу» 
 
Еліміздің  болашағы  -  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде,  бірінші  бесік  -  отбасы,  ата-ана  тәрбиесі  болса,  екінші 
бесік  -  білім  білім  беру  мекемесі,  яғни  баланың  қоғамға  өзіндік  пайдасын  тигізер  тұлға  болып  дамып 
жетілуіне бірден-бір ықпал ететін орын – балабақша. Тек қана отбасындағы тәрбие  баланы сөзсіз жан-
жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуына аздық етеді. 
Сондықтан  да  қазіргі  заманға  сай  халқымыздың  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  салт-дәстүрі 
мен  әдет-ғұрыптарын  қымбат  қазына  ретінде  бағалап,  балабақшадағы  тәрбие  жұмысын  кеңінен 
ұйымдастыра  білуіміз  керек.  Адам  баласы  дүниеге  келгеннен  бастап,  үнемі  салт-дәстүр  аясында  өседі. 
Бала  тәрбиесінде  халыктың,  тұрмыстық  салт-дәстүрлердің  туу  себептерін,  даму  ерекшеліктерін  ашып 
көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жасерекшеліктеріне сай ата-
баба  дәстүрі  мен  халық  педагогикасын  басшылыққа  алып,  тәрбие  жұмысын  ғылыми  негізде 
ұйымдастырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет. Ол үшін осы ұғымдардың мазмұнын түсіну керек. 
«Салт –  кәсіпке,  сенімге,  тіршілікке  байланысты  әдет-ғұрып,  дәстүр.  Ол  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып 
отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа 
қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. 
Дәстүр –  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысатын,  тарихи  қалыптасқан  нормалар  мен  үрдістер.  Ол  –  қоғамдық 
ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Жалпы адамзат есіндегілерді және 
әлеуметтік  тарихи  тәжірибені  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуші  және  жинақтаушы.  Дәстүрде  бірнеше 
ұрпақтың  мәдениеті  мен  мәдениеттілігінің  көп  түрлігі  және  бірлігі  жинақталған.  Ол  қоғамдық өмірдің 
барлық  саласын,  тәжірибесін  қамти  отырып,  қоғамның  әр  деңгейіндегі  ақылды  даналықты  бейнелейді. 
Дәстүр  мәдениетпен  тығыз  байланысты,  сондықтан  мәдениеті  дамыған  ел  дәстүрге  де  бай.  Ата-ананы 
құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. 
«Салт-дәстүр  дегеніміз –  халықтардың  кәсібіне,  сенім-нанымына,  тіршілігіне  байланысты  қалыптасқан 
ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отыратын  қоғамдық  құбылыс.  Ол  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуымен  бірге 
туып,  бірге  дамып  келе  жатқан  тарихи  және  көне  үрдіс.  Адамның  бүкіл  өмірі  мен  іс-әрекеттері  салт-
дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі болып 
табылады. 
Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында балаға рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, 
қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған. 
Бірақ  осындай  ғажап  халықтық  тәрбиенің  іс-жүзінде  толық  орындалмай,  тәрбие  ісінде  нақты,  жүйелі 
жүзеге  аспай  отырғандығын,  балабақша  тәжірибесінде  жүргізілген  тәрбие  жұмыстарының  мазмұны 
жұтаң, жүйесіз, балалардың өздік шығармашылық іс-әрекеттеріне, ұлттық тәрбие элементтерінің енуіне 

232 
 
қажетті жағдайлар жасалмай келгенін байқасақ - оны жоюға тікелей әсер ететін отбасы және педагогтар 
саналады. 
Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Сол себепті 
де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп 
өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол балабақша қоры 
ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық 
ойыншықтармен,  тіпті  ұлт  тіліндегі  тәрбиелік  маңызы  зор  мультфильмдердің  көрсетілуі  талап  етілуі 
қажет. 
Соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымның тәрбие үрдісінде халықтық педагогика идеяларын қолдануға 
көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де, осы салада ғылыми әдебиеттер мен мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде 
тәрбие  жұмыстарына  талдау  жасай  келіп,  ұлттық  салт-дәстүр  арқылы  тәрбиелеудің  теориялық, 
тәжірибелік  тұрғыда  да  өз  дәрежесінде  жүргізілмей  отырғандығы  көрінеді.    Білім    беруде  халық  ауыз 
әдебиеті  үлгілерін,  халықтық  музыка,  ұлттық  ойындар,  өнер,  салт-дәстүрлерін  тұтас  қамтып,  бірлікте 
жүргізу  көзделді.  Олар  тәрбиленушілердің  жасерекшеліктеріне  сай  мазмұндық  деңгейі  әркелкі  болып 
жүзеге  асырылуы  тиіс.  Балалардың  әрбір  іс-әрекетінде  ұлттық  ерекшелік  қанық  бояумен  әрленіп, 
дараланып тұруы көзделеді. 
Сонда  ғана  баланы  халықтық  дәстүрлерде  тәрбиелеу  мен  дамыту  мүмкіндігінің  жұтандығынан 
құтыламыз. Ол үшін алдымен тәрбиешінің теориялық білімі қажет. Балабақшалардағы тәрбиелеу – білім 
беру үрдісінде ұлттық салт-дәстүрлердің озық идеяларын қолданудың тәжірибелік іскерлік-дағдыларын 
меңгеруі тиіс. 
Балабақша  –  тәрбие  бесігінің  бірі.  Сондықтан  да  қазіргі  заманға  сай  халқымыздың  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып  келе  жатқан  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптарын  адамгершілік  дүниеміздегі  қымбат 
қазыналардың  бірі  ретінде  бағалап,  тәрбие  жұмысын  қалай  кешенді  ұйыдастыруға  болатынына 
тоқталмақпыз.  Адам  баласы  дүниеге  келген  күннен  бастап,  үнемі  салт-дәстүрлер  аясында  болады. 
Сондықтан  да  бала  тәрбиесінде  халықтық  тұрмыстық  салт-дәстүрлердің  туу  себептерін,  даму 
ерекшіліктерін,  орнығу  заңдылықтарын  ашып  көрсетудің  тәбиелік  мәні  зор.  Мектепке  дейінгі 
мекемелердегі  балалардың  жасерекшеліктеріне  сай  ата-баба  дәстүрі  мен  халықтық  педагогиканы 
басшылыққа  алып,  тәрбие  жұмысын  ғылыми  негізде  ұйымдастыра  отырып,  ұтымды  жүргізе  білуіміз 
қажет.  
Біз,  яғни  болашақ  ұрпақ  тәрбиесімен  айналысатын  тәрбиешілер  халқымыздың  таусылмас  бай  асыл 
мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасатымызға жүгінуі тиіс. 
“Қазақтар  балаңды  өз  тәрбиеңмен  тәрбиелеме,  өз  ұлтыңның  тәрбиесімен  тәрбиеле”,  -  дегендей 
халқымыздың  бойына  сіңген  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  ұлттық  тәрбиесі  өзге  ұлттардан 
ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығармай, ұстануымыз керек. 
  
 
 
 
 

233 
 
                                 Капырахимова Лаура Рахимбековна 
                                 Ибраева Акмарал Габдулгазизовна  
                                 «Қуаныш» балалар бақшасы-мектеп 
                                 білім беру комплексі» мекемесі 
                                              Семей қаласы 
 
Ұлттық дәстүрде тәрбиелеудің маңыздылығы
 
                                                    «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.                    
                                            Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол                         
                                               келешекте оның өміріне опат әкеледі»   
                                                                                                              Әл-Фараби 
 
 
          Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тәрбие  –  адам  қалыптасуының  алғашқы  баспалдағы.  Сондықтан 
еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз. 
Осыған  орай  балабақшадағы  тәрбие  үрдісін  ұлттық  қағидалармен  толықтыру  өте  қажеттілікті  талап 
етеді.  Бүгінгі  таңда  балаларға  жекеленген  ғылыми  пәндерді  терең  оқытуға  тырысса  да,  адамгершілік 
құндылықтар  арқылы  тәрбиелеуге  мән  бермей  келеді.  Соның  салдарынан  жастарымыз  жағымсыз 
қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуне әкеліп соғуда. Ендеше рухани  – 
адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді. 
    Балабақшадағы  тәрбие  бала  табиғатына  ерекше  әсер  етіп,  соған  өмір  бойы  өшпестей  із  қалдырады. 
Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, жаңа технологияларды, 
идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық  жаңашылдықты  қажет  етеді.  Жас  ұрпаққа  білім  беруді 
мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. 
         Балабақшада  берілетін  ұлттық  тәрбие  –  барлық  тәрбиенің  бастамасы,  әрі  жан–жақты  тәрбие  мен 
дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып 
олардың  өнегелі,  тәрбиелі  болып  өсуіне  балабақша  ошағының  тигізер  әсерінің  маңызы  зор.  Осыларды 
жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің мойнына жүктелген міндет. 
    Әр  халықтың  тәлім-тәрбиелік  мұрасы  –  бұл  ұлттық  мәдениеттің  бір  бөлігі.  Ғасырдан  ғасырға 
жалғасып келе халқымыздың озық тәрбиелік мәні зор әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, ауыз әдебиеті, өнері жас 
ұрпақтың  ұлттық  сана  сезімін  оятып  қалыптастырады.  Ғасырлар  бойы  дамып,  қалыптасқан  және 
өркендей беретін халық педагогикасын қадірлеп, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле 
бастағанымыз – болашақтың сәулетіне нұрын шашқан күн сияқты. 
      «Адамға  ең  бірінші  керегі  білім  емес,  тәрбие.  Тәрбиесіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы,  ол 
келешекте оның өміріне опат әкеледі» деп Әл-Фараби айтқандай, балаларға жақсы тәрбие бере білуіміз 
керек.  Баланы  тәрбиелеу  дегеніміз  –  тәрбиеленушінің  тұлғалық  дамуына,  қалыптасуына  бағыт-бағдар 
беретін жағдайлар жасау арқылы басқару. 
     Халық  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  тәрбиесін  дұрыс  түсінген,  оның  қиындықтарын,  қуанышын  және 
ниеті  мен  мақсаттарын  бағалаған.  Халық  айтқандай:  «Тәрбие  –  құнды  байлық»,  түркмендер  бұл  ойды 
былай  айтқан:  «Бала  –  қазына,  тағы  үлкен  қазынасы  –  оның  тәрбиесі».  Бұл  өте  дұрыс,  себебі  жас 
ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең үлкен байлығы. 
Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  тәрбие  –  адам  қалыптасуының  алғашқы  баспалдағы.  Сондықтан  еліміздің 
ертеңгі  ұлт  тізгінін  ұстар  жастарымыздың  тәрбиесіне  аса  мән  беру  біздің  негізгі  мақсатымыз.  Осыған 
орай  балабақшадағы  тәрбие  үрдісін  ұлттық  қағидаларымен  толықтыру  өте  қажеттілікті  талап  етеді. 
Бүгінгі  таңда  балаларға  жекеленген  ғылыми  пәндерді  терең  оқытуға  тырысса  да,  адамгершілік 
құндылықтар  арқылы  тәрбиелеуге  мән  бермей  келеді.  Соның  салдарынан  жастарымыз  жағымсыз 
қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани – 
адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді. 
     Балабақшадағы  тәрбие  бала  табиғатына  ерекше  әсер  етіп,  оған  өмір  бойы  өшпестей  әз  қалдырады. 
Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, жаңа технологияларды, 
идеялар  мен  шығармашылық,  инновациялық  жаңашылдықты  қажет  етеді.  Жас  ұрпаққа  білім  беруді 
жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. 
Балабақшада берілетін ұлттық тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәрбие мен дамыту 
ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкінліктерді ашып олардың 

234 
 
өнегелі,  тәрбиелі  болып  өсуіне  балабақша  ошағының  тигізер  әсерінің  маңызы  зор.  Осыларды  жүзеге 
асыру мектепке дейінгі мекемелердің мойнына жүктелген міндет. 
     Әр  халықтың  тәлім-тәрбиелік  мұрасы  –  бұл  ұлттық  мәдениеттің  бір  бөлігі.  Ғасырдан  ғасырға 
жалғасып  келе  жатқан  халқымыздың  озық  тәрбиелік  мәні  зор  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрі,  ауыз  әдебиеті, 
өнері жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін оятып қалыптастырады. 
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Ауыл  – бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті 
мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден 
ауыл  мәселелеріне,  соның  ішінде  оның  мектебіне  өте  сирек  қарауымызды  талап  етеді»  деп  көрсетіп, 
әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. 
     Адамды  адам  еткен  тәрбие  болса,  сол  еңбекті  ұрпағына  үйретіп,  адалдыққа  баулыған  халқымыздың 
танымдық, тәрбиелік дәстүрлері, салт-санасы, әдептік хадистері мен тұжырымдары – мәңгі нәр алатын 
рухани асыл қазынамыз. Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отан сүйгіштік рухта 
тәрбиелеу барысында еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу 
білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен    жоғарғы  оқу  орындарына  дейінгі  орталықтарда,  барлық 
ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу 
– педагогтың аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»  - деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан 
мемлекетінің  егемен  ел  болып  қалыптасып,  дербес  мемлекет  болуы  және  өркендеп  гүлденуі  ұлттық 
біртектілікті сақтаудан басталады. 
Оның  басты  құндылықтары  –  ана  тілі,  ұлттық  рух,  діни  наным  сенімдермен  тығыз  байланысты.  Қазақ 
халқы  –  рухани  зор  байлықтың  мұрагері.  Президенттің  жолдауында  ең  мықты  елдер  қатарына  кіру 
туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны. 
    Адамгершілік  жағынан  қалыптасуы  оның  өмірге  келген  күнінен  басталады.  Мектепке  дейінгі  жаста 
баның  бастапқы  адамгершілік  сезімдері  мен  ұғымдары,  мінез-құлықтың  ең  қарапайым  дағдылары 
қалыптасады.  Баланың  мектеп  жасына  дейінгі  қалыптасқан  мінез-құлықтары  келешекте  ересек 
адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарында көзге түседі. 
Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші 
мен  мүмкіндігімен  сәйкестендірілген  қолайлы  жағдай  тудыруға  назар  аудару  қажет.  Балабақшадағы 
заттарды  пайдалану  мен  оларды  күтіп  ұстаудың,  сақтаудың  берік  тәртібі,  өзін  қоршаған  ортаның 
ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек. 
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыратын құралдардың ең негізгісі – ана тілі.                
       Көпұлтты  Қазақстан  халқына  отансүйгіштік  қасиетті  қалыптастыратын  азаматтық  келісім,  ұлттық 
бірлік.  Қазақстанды  мекендейтін  әрбір  ұлттың  өзінің  мемлекет  алдындағы  міндеті  –  қоғамдық 
байлықты,  яғни  мемлекеттің  материалдық  базасын  нығайту,  өмірдегі  тату-тәтті  тірлікті,  азаматтық 
келісімді 
жолға 
қойып, 
ұлттық 
бірлікті 
сақтау. 
       Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан  патриоттық тәрбиені, 
отаншылдықты,  елжандылықты  дарыту  –  қазіргі  кезде  көкейкесті  мәселенің  бірі  болып  отыр. 
Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің 
өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. 
         Ұлттық  тәрбие  туралы  идея  бүгінгі  күн  талабы  мен  өмірлік  қажеттіліктен  туындап  отыр.  Қазақ 
елінің  әлемдік  кеңістікте  өз  жолын  таңдауы  әрбір  қазақтың  емін-еркін  өмір  сүруінің  кепілі.  Ол  сөзсіз 
ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей 
келе  жатқан  ұлттық  арман-аңсар.  Ел  болу  –  болашаққа  ашылған  даңғыл  жол.  Сол  болашаққа  ашылған 
даңғыл  жолды  ұлттық  тәрбие  арқылы  жүруді  үйренсек,  ешкімнен  кем  болмайтынымыз  анық.  Бұдан 
шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың 
алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп 
білеміз.  Сондықтан  мұнда  алдымен  мемлекет  жасауға  ұйытқы  болып  отырған  этнос  пен  мемлекеттің 
мүддесі  қатар  тұруға  тиіс.  Өйткені,  біз  бұдан  былайғы  кезеңде  бүкіл  адамзат  баласы  жасаған 
өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып  саналамыз. Ендеше, 
адамзат  баласының  осы  уақытқа  дейін  жасаған  озық  тәжірибелері  мен  жетістіктерін  қолдан  келгенше 
түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын 
қанағаттандырып  отыру  да  ұлттық  тәрбиедегі  негізгі  қағиданың  біріне  айналуға  тиіс.  Бұл  үшін  қазақ 
ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды сапаға көтеріп алу тиімді. 
            Ұрпақ  тәрбиесі —  келешек  қоғам тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам иелерін  жан-жақты жетілген, 
ақыл-парасаты 
мол, 
мәдени — 
ғылыми 
өрісі 
озық 
етіп 
тәрбиелеу — біздің 
де қоғам алдындағы борышымыз. 

235 
 
                           
 
               Махамбетова Жумагуль Конысбековна  
              «Қуаныш» балалар бақшасы білім  
              беру комплексі» мекемесінің  І санатты  
              тәрбиешісі, Семей қаласы 
 
Эссе 
«Тәрбиеші болу бақыт» 
 
    « Тәрбиешінің жеке басының жас   жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты 
құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін 
тәрбиелеушілік күшке ие» 
К.Д.Ушинский. 
 
Менің  түсінігімше,  тәрбиеші  тәрбие  жұмысына  үнемі  атсалысып,   балаларға  қамқор  болып  жүретін, 
тәрбие  мен  өнерді  үйретуші,  үйлестіруші  жан.   Өйткені,  тәрбиеші    балалардың  ортасында  жүріп, 
олардың мінез-құлқын біліп, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді.  
          Баланы  жеке  тұлға  етіп  тәрбиелеу  үшін   әрине,  алдымен  тәрбиешінің  өзінің  жеке  басы  соған  сай 
болуы тиіс. Шындығына келгенде, тәрбиешінің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни 
оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, сыпайылық т.б. 
табылуы  тиіс.  Сондықтан  тәрбиешінің  жеке  басына  ерекше  талаптар  жүктеледі.  Ерік-қайраты  күшті, 
мінезге  бай  жасөспірімдерді  қалыптастыру  үшін  тәрбиешінің    жеке  басы  сол  талаптарға  сай  болуы 
керек. Тәрбиешінің  жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын. 
Бүгінгі  таңда  тәрбиеші    болу  оңай  жұмыс  емес.    Қиыны  мен  қызығы,  талабы  мен  жемісі  қатар 
жүретін   өз  мамандығымды  қатты  жақсы  көремін.  Өйткені,  бұл  мамандық  -  менің  жүрек  қалауым. 
Сондықтан  да  мен  өз  мамандығымды  жоғары  бағалаймын.    Себебі  түрлі  тәрбиелік  шараларды  өткізе 
жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. 
Әр баланың  бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына 
көмектесемін.                   
Менің тәрбиеші болғандағы басты мақсатым: бүлдіршіндерді кейін мектепке барғанда бағдарламаны тез 
меңгеруіне өз септігімді тигізіп, әр баланың өз бойында бар бір өнерге деген икемін аңғарып, сол өнерін 
аша біліп ары қарай дамытуға үлес қосу. Тәрбиешілерге бұл мақсаттың қойылу себебі: балалар мектепті 
бітіргенде  қай  салаға  баруын  көбіне  білмей  жатады.  Сондықтан  тәрбиешілер  баланың  бойындағы  
талабын  осы  кішкентай  кезінен  бастап  аша  білулері  керек.  Тәрбиешілерге  ақын  ағаларымыз  көптеген  
өлеңдер жазған. 
 
«Анамыздай» - десек те, 
«Әжеміздей» - десек те, 
Жарасады апайға, 
Тек жат қылық көрсетпе. 
Бірге ойнайды бізбенен, 
Бірге ойнайды бізбенен, 
Шешеді өзі жұмбақты, 
Біз шешімін білмеген. 
Қасымызда күн бойы, 
Бәйек  болып жүргені. 
Анамыздай ардақтап, 
Құрметтейміз біз де оны. 
 Мектепке 
дейінгі 
мекемелердегі 
тәрбиеші 
міндеті: 
білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке 
тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда 
болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең  бастысы-өзінің  ісін,  өмірін 
жалғастыратын 
салауатты, 
саналы 
ұрпақ 
тәрбиелеу.  

236 
 
Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы  заттармен  таныстырып,  атын 
атай  білуге,  қасиеті  мен  сапасын,  түр-түсін  және  пішінін  ажырата  білуге,  өмірдегі, қоршаған  ортадағы 
түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- 
қатынас жасай білуге үйретеміз.  
           Балабақшада    баланы  ойын  арқылы  тілін,  ойын  дамыту.  Ойын  кез-келген  баланың  пәнге 
қызығушылығын  оятып,  болжау  қабілетін  дамытады.  Баланы  балабақшадан  бастап  жақсы  мінез-
құлыққа,  мейірімділікке,  инабаттылыққа,  жасы  үлкенді  және  бірін-бірі  сыйлауға  үйрету  ата-аналар, 
ұстаздар  мен  тәрбиешінің  міндеті.  Балалармен  жұмыс  тәрбиешіден  көп  күш  пен  қуатты  талап  етеді. 
Сондықтан,   ұжымда  қайырымдылық,  сыпайылық,  бір-  біріне  құрметпен  қарау  маңызды.  Балабақшада 
бала тілінің дұрыс дамуына аса назар аударған жөн. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын 
қоғамдық  орындары  болмаса  да  өз  ұрпағын  бесікте  жатқан  кезінен  бастап-ақ  өлең-жыр  мен  әңгіме, 
ертегі, тақпақ, санамақ  т.б. арқылы тәрбиелеп отырған. Тәрбие басы, біріншіден әдептілікке үйретуден 
бастаған.  Екіншіден  баланы  қайырымды,  мейірімді  болуға  баулыған.  Үшіншіден  тілалғыш,  шыншыл, 
ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған батыр болып, халық алдында 
қызымет  етуге  тәрбиелеген.  Баланың  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуы  мектепке  дейінгі  жас 
шағында қалыптасады.  
Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді. 
Балабақшада  да  тәрбиеші  баланың  ойын,  тілін,  сурет  арқылы  сөйлету  немесе  сөйлем  құрау  арқылы 
дамытады.         
Балабақшаларда  балалардың  жан-жақты  тәрбие  және  білім  алуына  жағдай  жасалып  топ  бөлмелерін 
қажетті  көрнекіліктермен  жабдықтау  арқылы  баланың  қызығушылығын  ояту  керек. Тәрбиеші  тек  қана 
тіл  білетін  адамды  тәрбиелеу  емес,  сонымен  бірге  алған  білімін  іс  жүзінде  ойнау,  еңбек  ету, 
адамгершілік, ақыл- ой тәрбиесі қатар жүру болып саналады.    
Ұлы  Абай  Құнанбаев  «Адамның  ерекше  қасиеттері  -  ақыл-ой,  сана-сезім,  ішкі  жан  дүниесі  жоғары, 
кәсіби-дәрежелі,  шығармашыл  ұстаздан  қалыптасады»  деп  тегін  айтпаған.  Сондықтан,  баланың 
бойындағы ерекше қасиетті, шығармашылық қабілетті ашу - тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет. 
 
 
  
  
 Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектебінің  
қазақ тілі және әдебиеті   пәнінің мұғалімі  
Сақтағанова Айнұр Әбдіғапбарқызы 
 
 
 
 
 
«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі 
құламайтын бәйтерегі .» 
Жүсіпбек Аймауытұлы 
 
Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тәсілдері 
 
   Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға 
тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде 
таңдап алады. 
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді 
жолдарын көрсетеді. 
Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық 
ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып 
жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға 

237 
 
бағытталған. Ұлттық мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай 
жабдықталған кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, сызба-кестелері, оқулықтары, техникалық құрал – 
жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға 
көтеру үшін шәкірттерінің білім – құмарлық қасиеттерн дамытып, білім алуға қызығушылығын 
арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, 
жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет. 
  Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, 
сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, 
бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз. Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі 
сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс – тәсілдерді өз сабақтарымда қалай пайдаланып 
жатқандығым жөнінде әріптестеріммен бөлісуді жөн санадым. 
Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен 
өлшенеді. 
Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. 
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл 
бөлемін. Оқушы бірлессіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды 
талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс 
істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды сызба-  кесте арқылы көрсетеді. 
Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте 
ұстаймын: 
• Сыйластық ( бір – бірінеқолдау жасай отырып  құрметпен қарау); 
• Жауапкершілікті сезінуге үйрету; 
• Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау; 
• Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету; 
• Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру; 
• Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде ой,пікір қосу ; 
• Топта ұтымды жұмыс істе уақытты үнемді пайдалау; 
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады. 
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім: 
• Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы; 
• Жиі- жиі ой талқысын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету; 
• Сабаққа жеңіл қарап отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы; 
• Бір нәрсеге үйретудің  мәнді түрде қызығушылығын оятуы; 
• Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына 
қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінуі; 
 
 
       Топтық жұмыс сәтінен                            Мұғалім сырттай бақылушы 
 
   Оқушылар  жұмыс  жасау  барысында  бір  –  біріне  көмектесіп,  ойларын  ортаға  салады,  ынталарын 
арттыра    отырып,  өздерінің  білім  алуын  көтермелейді,  оқуға,  жазуға,  тыңдауға,  сөйлеуге  кең 
мүмкіндіктер  беретін  ортада  оқушыны  өз  пікірлерін  еркін  жеткізуге  жағдайлар  жасайды. 
Сабақ  үстінде  жан  –  жақты  сұрақ  қоюда  да  мұғалім  мүмкіндігінше  барлық  оқушының  жауап  беруіне 
мүмкіндік жасауы  керек. Сұрақ қоюдың қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі 

238 
 
белгілі.  Ал  мұғалімнің  мақсаты-  оқушының  ойлау  сатысы  ең  төменгі  деңгейден  жоғары  терең  ойлау 
деңгейін түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды.  
 
Қазақ  тілі  сабағының  әрі  тартымды,  әрі  қызықты, 
әрі  сапалы  болуы  әр  пән  мұғалімдерінің  өзіне,  білім  деңгейіне,  кәсіби  шеберлігіне  байланысты.  Оқу-
тәрбие  негізі-сабақ.  Сондықтан  сабақ  тартымды,  әсерлі,мақсатты,  айқын,  қызықты  және  толық  мәнді 
болуы  тиіс.  Ол-сонымен  бірге  басқа  ұлт  балаларына  қазақтың  әдебиеті  мен  мәдениетін,  ғылымын, 
өнерін  насихаттайтын  пән.Мұғалім  сабақты  дұрыс  жоспарлап  ,мақсатын  нақты  белгілеп  алмайынша 
дегеніне  жете  алмайды.  Сабақтың  мазмұнын,  құрылысын,  дәлдігін,  жұмыс  жүргізу  тәсілін  мұқият 
ойластыруы  қажет.  Сабақты  жоспарлауға  қандай  негізгі  талаптар  қойылады.  Олардың  жобасы 
төмендегідей: 
1.  Оқушылардың  сабаққа  бар  зейінін  аударып  және  ықыласпен,  ынта-жігермен  тыңдауын 
ұйымдастыру; 
2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу; 
3. Мұғалімнің тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі; 
4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері; 
5. Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы;. 
6. Мысалдардың өмірмен байланыстылығы,баланы ойлантуға,сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы; 
7. Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру; 
8. Оқушылардың  шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жұмыс беру; 
9. Бағалау, оның тәрбиелік мәні; 
10. Үй тапсырмасын уақытында түсіндіріп, үлгісін беру; 
11. Осылардың ең бастысы-сабақтың жүйелігі; 
Сонымен қатар мұғалімнің  іскерлік сапасына төмендегідей талап-міндеттер қойылады: 
- Сабақтың мақсаты айқын болуы; 
- Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы; 
- Басты мәселені бөле көрсетуі; 
- Сынып оқушыларын пәнге қызықтыру; 
- Мәселе қозғап, пікір-сайыс туғыза білу; 
- Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы; 
- Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы; 
- Көрнекі құралдардың барлығы; 
- Техникалық құралдар қолданылуы; 
- Үйге тапсырмасы уақтылы, әрі дұрыс түсіндіріліп  берілуі; 
- Оқушылармен  жеке жұмыстар жүргізілуі; 
- Оқушылардың қателері дер кезінде түзетіліп отыруы; 
Сонымен  қатар  әр  сабақта  осыларға  қоса  педагогикалық,  психологиялық  физиологиялық,  гигиеналық 
талаптар қоса қарастырылып отыруы қажет. 
Және  әр  сабақты  жоспарлағанда  оқыту,  үйрету,  тәрбиелеу,  дамыту  шарттарын  міндетті  түрде 
ескеруіміз  керек. 
1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз.Ол қандай мөлшерде 
және қалай қабылдануы керек. 

239 
 
2.  Үйрету.  Осы  білгенін  оқушы   өмірде    қолдана  ала  ма.  Ережеге  байланысты  тапсырманы  оқушы 
қиналмай орындауы керек. 
3.  Тәрбиелеу.  Ендігі  бір  жауапты  кезең–тәрбиелеу,  екінші  әртүрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушыларды 
көптеген  жан-жақты    қасиеттерге,  адамгершілікке,имандылыққа,  шеберлікке,  еңбексүйгіштікке, 
жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. 
4.  Дамыту  дегеніміз  оқушылардың  логикалық  ойлауын  қамтамасыз  ету.  Ой-өрісін  шындай 
отырып,өмірге  көзқарасын  қалыптастыру.  Бойындағы  өнерін  танып,  бағыт-бағдар  беру.  Білім 
алуға  қызықтыру. 
Оқушылардың  сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс 
бағытта жол ашу үшін,әр пәннің мұғалімі сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың 
принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын 
орны ерекше, Сабақ өткізу барысында сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға болады: 
Жаңа сабақтың мәтіні бойынша сөздік қорды байытуға арналған тапсырмаларды түрлендіріп отыру. 
  
 
             Қазақ  тілі  сабағында  әдістерді  тиімді  пайдалану  арқылы  оқушылардың  білімге  деген 
қызығушылықтарын  арттыру,  терең  ойлау  қабілетінің  белсенділігін  қалыптастыру,  оқытудың  жаңа 
технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Өйткені әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, 
адамгершілігі  мол,  парасатты,  мәдениетті  жан-жақты  жетілген  ұрпақ  дайындауға  міндетті    дейтін 
болсақ, әрбір оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі білім беру жүйесінің  негізгі 
талабы.  Өйткені  оқушылардың  бәрінің  ойлау  қабілеті  бірдей  емес.  Сондықтан  бұл  мәселеге 
психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек. Осы орайда 
қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық қызметте әріптестеріме үздіксіз кәсіби шығармашылық 
тілеймін. 
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
     Атырау облысы,    Қызылқоға ауданы,  
Миялы селосы    Б.Аманшин  атындағы  
 орта  мектептің   география  пәні  мұғалімі 
 Аманкелдіқызы Гүлжайнар  
       
 
 
      
Мұғалімнің 
аты - жөні: 
Пәні 
Сабақтың тақырыбы: 
Сыныбы 
Күні 
Аманкелдіқыз
ы 
Гүлжайнар  
География   
Солтүстік 
Қазақстан 
экономикалық ауданы 
 
9 «Ә» 
23.02.15
ж 
Сілтеме 
Е.Ахметов,Н.Карменова,Ш.Кәрібаева,Б.Асубаев .9 сынып 
Жалпы 
мақсаттар 
Оқушыларды  «Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданы»  бойынша  не 
меңгергендігін  тексеру,  жүйелі  ойлау,  өздігінен  топ  болып,  жұмыс  істеу 
дағдыларын  одан  әрі  дамыту.  Картамен  жұмыс  жасау  дағдысын 
қалыптастыру.. 
Оқыту 
нәтижелері 
Оқушыларға  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданын  тереңдете 
меңгерту  .  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданына  жоспар  бойынша 
сипаттама бере білуге дағдыландыру. Өз ойын еркін айта біліп , топ арқылы 
жұмыс жасап дағдылану  

240 
 
Негізгі 
идеялар 
Оқушылар  бұрын  алған  білімдеріне  сүйеніп  Экономикалық  аудандарды  , 
қалаларын  кескін  картаға  орналастыру.  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық 
ауданының  қалаларын,олардың  географиялық  орнын  анықтау,  жер 
бедеріндегі негізгі аймақтарымен, пайдалы қазбалары, ішкі сулары, өсімдігі 
мен жануарлар дүниесімен таныстыру, жалпы сипаттама беруге, қасиеттерін 
айтуға жаттықтыру. 
Тапсырмалар 
1.Топқа 
бөлу                                                                                                                                                            
2.  Сен  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданы  туралы  не  білесің?.                                                                                       
3. 
Постер 
қорғау                                                                                                                                                   
4. 
Кен 
орындарын 
тап                                                                                                                                        
5. 
Географиялық 
 
диктант                                                                                                                 
6.Сандық диктант  
Жеті модуль 
1.Оқыту 
мен 
оқудағы 
жаңа 
тәсілдер                                                                                                   
2.Сыни 
тұрғыдан 
ойлауға 
үйрету                                                                                                                 
3. 
Талантты 
пен 
дарынды 
балаларды 
оқыту.                                                                                              
4.АКТ                                                                                                                                                           
5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 
Дереккөздер 
мен 
жабдықтар 
Оқулық,  АКТ,  стикер,  түрлі  түсті  қарындаштар,  постер,Қазақстанның 
физикалық картасы,кескін карта. 
Сабақ 
кезеңдері 
Ұйымдастыру  
 
І.кезең 
 
Ұйымдастыру. 

Бүгінгі 
сабағымыз 
«Солтүстік 
Қазақстан 
экономикалық 
ауданы» 
тақырыбын 
қайталап 
қорытындылауға арналған. Сабақ сайыс түрінде өтеді. 
Оқушылар үш  топқа бөлініп отырғызылады . (әр топ 

оқушыдан 

І топ « Маманданған салалары  » 
(Қара металлургия,түсті металлургия, 
мұнай  өңдеу  ,машина  жасау,АӨК,Электр  қуаты  ) 
ІІ 
топ 
« 
Халқы 
» 
(орыс,украин,татар,неміс,еврей,поляк,чуваш) 
ІІІ 
топ 
«Қалалары» 
(Көкшетау,Астана,Қостанай,Павлодар, 
Петропавл, 
Степногорск ) 
Оқушының 
іс-
әрекеті      
Оқушылар 
сәлемдесіп, 
бір-
біріне 
жақсы 
тілектерін  айтады 
да, 
бөлінген 
топтары  бойынша 
отырады. 
Уақыты     
1 мин 
 
2 мин 
І 
Кезең 
Баяндау 
Үй 
тапсырмала-   
рына тоқталу 
 
 
 Сен  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданы 
туралы не білесің?. Сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруі 
керек.Дұрыс  жауап  1  -  ұпаймен  бағаланады. 

топқа 
сұрақ. 
1.  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданның 
құрамына 
неше 
облыс 
кіреді? 
2. С.Қ. республикамызда жер көлемі жөнінен нешінші 
орын 
алатын 
экономикалық 
аудан? 
3.  Солтүстік  Қазақстандағы  ауыл  шаруашылығының 
жетекші 
саласы. 
4. 
Солтүстік 
Қазақстан 
облысы 
қай 
жылы 
құрылған?(1936ж) 
5. 
Темір 
кеніне 
бай 
облыс.(Қостанай) 
6.  Солтүстік  Қазақстан  экономикалық  ауданы  қандай 
пайдалы 
қазбаларға 
бай? 
7. Ауданда көліктің қандай түрлері бар? 
8.Солтүстік Қазақстан  жер аумағы қанша ?(565,0мың 
км2)  
ІІ 
топқа 
сұрақ: 
1.  Солтүстік  Қазақстан  облысының  орталығы? 
2.  Солтүстік  Қазақстан  республикамызда  халқының 
саны  жөнінен  нешінші  орын  алатын  экономикалық 
Оқушылар 
өздерінің 
тобына 
берілген 
аймақтарды  кескін 
картаға түсіреді 
 
 
8 мин 
 

241 
 
аудан?(2-ші) 
3.  Ақмола  облысы  қай  жылы  құрылған?(1961ж) 
4. 
Солтүстік 
Қазақстан 
экономикалық 
аудан 
шаруашылығының  маманданған  салаларын  ата? 
5.  Ауыл  шаруашылық  машиналарын  шығаратын  ірі 
орталықтарын 
ата? 
(Астана, 
Қызылорда) 
6. Ірі темір кен орындарын ата? (Соколов - Сарыбай т. 
б) 
7.  Солтүстік  Қазақстанда  көліктің  қай  түрі  жақсы 
дамыған?(Теміржол) 
ІІІ топқа сұрақ  
1.  Солтүстік  Қазақстанның  қай  қаласында  мұнай 
өңдеу 
зауыты 
бар?(Павлодар). 
2.  Солтүстік  Қазақстанда  өнеркәсіптің  қандай 
салалары 
дамыған? 
3. 
Ірі 
алюминий 
зауыты 
қайда?(Павлодарда) 
4.  Ферроқорытпа  зауыты  қай  қалада?(Ақсуда) 
5.  Солтүстік  Қазақстанда  тамақ  өнеркәсібінің  қандай 
саласы 
аудан 
аралық 
маңызы 
бар? 
6.Трактор зауыты қай қалада?(Павлодарда) 
7. 
Солтүстік 
Қазақстан 
облысы 
қай 
жылы 
құрылған?(1936ж) 
8.  Аудан  аумағының  жылына  түсітін  жауын  –шашын 
мөлшері (350-400 мм ) 
 Саралау  
 Екі 
топ 
постер 
қорғайды. 
 
 
 «Картаны 
жина»  ойыны.  Солтүстік  Қазақстан 
экономикалық  ауданның  бөлшектелген    картасын  үш 
топтан, екі оқушы шығып тез арада құрастыру керек. 
Бірінші    болған  топқа  3  -  ұпаймен  бағаланады,екінші 
болған топ -2 ұпай ,соңғы болған топ-1ұпай  
Жаңа  сабақ  :  Солтүстік  Қазақстан  қалалары  , 
селолық елді мекендері . 
Жаңа  тақырып  бойынша  «шығармашылық  жұмыс  »  
оқушыларға  алдын-  ала  қалаларына  байланысты 
презентация  жасау  жұмысы  тапсырылған  болатын  
сол жұмыстарын қорғайды  
Фостермен  жұмыс  :  І  Астана  ,ІІ    Көкшетау  ,ІІІ 
Қостанай  
Үш 
 
топ 
постерлерін  жазып 
қорғайды. 
 
 
 
10 мин 
 
 
 
Қолдану 
Сергіту сәті 
  
Сергіту  сәті  :    (Сыныптағы  кез  келген  оқушыдан 
сұралады  )Сабақ  басталар  кезде  қай  мұғалім  немесе 
оқушы  саған  жылы  шырай  танытты  ,сол  мұғалімге 
немесе оқушыға барып өз тілегіңізді  айтыңыз  
Оқушылар 
әуен 
ырғағымен 
билеп 
сергиді. 
2 мин 
Пысықтау  
«Карта 
бойынша 
саяхат» 
географиялық 
нысандарды 
атап  картадан 
көрсету. 
 
І 

топқа 
1. 
Рудный 

қала(Қостанай 
облысында) 
2.  Майқайың  -  алтын  кен  орны.(Павлодар  обл.) 
3. 
Атбасар 

қала(Ақмола 
обл.) 
4. 
Ертіс 

өзен(Павлодар 
обл.) 
5.  Екібастұз  -  тас  көмір  алабы(Павлодар  обл.) 
6. Соколов - Сарыбай - темір кен орны(Қостанай обл.) 
7. Сілеті теңіз –көл(Ақмола облысында ) 
ІІ 

топқа 
1. 
Арқалық 

қала 
(Қостанай 
обл.) 
Әр 
топ 
тапсырмаларды 
жан-жақты 
талқылай  отырып 
орындайды. 
8мин 
 
 
 
 

242 
 
2. 
Торғай 

өзен 
(Қостанай 
обл.) 
3.  Жетіқара  -  Қостанай  облысындағы  асбест 
комбинаты. 
4.  Васильков  -  ірі  алтын  кен  орны  (Ақмола  обл.) 
5. 
Тобыл 

Қостанай 
облысындағы 
көл. 
6.  Майкүбі  -  қоңыр  көмір  алабы  (Павлодар  обл.) 
7.Құсмұрын - көл (Қостанай обл.) 
ІІІ 
–топқа                                                                                                      
1. 
Степногорск 

қала(Ақмола 
обл.) 
2. 
Есіл 

өзен( 
3. 
Теңіз 

көл(Ақмола 
обл.)                                                                               
4.  Лисаков  -  темір  кен  орны  (Қостанай  обл.) 
5.  Тобылжан  -  ас  тұзы  өндіріледі  (Павлодар  обл.) 
6.  Ақбейіт  -  алтын  өндіреді  (Ақмола  обл.)                           
7.Қорғалжын –көл (Ақмола облысында ) 
Талдау. 
Сәйкестенді-
ру 
тест 
жұмысы  
Ө
ндіріс салалары 
Орталықтары 
Жауап-
тары 
1. Мұнай өңдеу зауыты
а) Екібастұз.
1- Ж
2. Автомобиль бөлшектері
ә
) Майқайың
2-Б
3. Тас көмір алабы
б) Петропавл.
3-А
4. Ауыл шаруашылық машиналарын
шығаратын зауыт
в) Майкүбі
4-Е
5. Алтын кен орны
г) Көкшетау
5-Ә
6. Темір кен орны
ғ
) Бозшакөлде
6-З
7. Медицина аппараттарын шығаратын  
зауыт
д) Ақсу
7-Г
8. Қоңыр көмір алабы
е) Астана
8-В
9. Мыс кен орны
ж) Павлодар
9-Ғ
10. Ферроқорытпа зауыты
З) Соколов - Сарыбай
10-Д
11. Трактор зауыты
11-Ж
12. «Қазақсельмаш» зауыты
12-Е
 
Оқушылар  өндіріс 
салаларымен  
олардың 
орталықтарын       
бір 
–бірімен 
сәйкестендіреді  
 
10 мин 
Бағалау парақшасы арқылы оқушылар өздерін бағалайды  
9
а
 
сыныбы  
«Кім  көп 
біледі» 
Кескін 
картамен 
жұмыс  
«Сәйкес-тік 
тап » 
«Картаны 
жина » 
Фостермен  
Жұмыс  
Шығарма 
шылық жұмыс  
Ітоп  
8ұ-5 
Ауылшар.аудан
дарын  
 
 
 
 
ІІтоп 
 
Кен орындарын    
 
 
 
ІІІ топ 
 
Электр 
стансаларын  
 
 
 
 
 
3мин 
 
 
 
 

243 
 
16-14 ұпай «5» тік бағамен бағаланады  
12-10 ұпай  «4» 
8-6 ұпай «3» 
Үйге  тапсырма:  §16  оқып  келу.      тақырып  соңындағы  сұрақтар  мен    тапсырмаларға 
жауап беріп келемі 
 
 
 
 
 
                    
 
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы,Көкпекті ауылы  
КМҚК   «Балалар өнер мектебінің»тәрбие ісінің меңгерушісі             
   ШарипаСаруаровнаТаныбаева 
 
 
Спорттық-сауықтыру « Толағай » ойынының 
ҚАҒИДАСЫ 
 
Өткізу мерзімі: 2013 ж, сағат 10.00 
Өтетін орны: «Дорожник» стадионы,спорт зал 
 
 Түрі: жарыс-сайысы 
 
Сайыстың мақсатымен міндеттері: 
- Салауатты өмір салтын насихаттау; 
- Шымыршылыққа, іскерлікке үйрету; 
- Ата-аналардың, балалардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, достық қарым-қатынасқа 
тәрбиелеу. 
 
Қатысушылар: 
  Сайыс аудан арасындағы ұжым ,  мектептерде өткізіледі 
  
Команда құрамы төрт адамнан тұру қажет: әке, шеше және екі бала, сонымен қатар дене шынықтыру 
жетекшісімен. Балалардың жас ерекшелігі 7- ті жастан  10-жасқа дейін болу қажет. 
 
Сайыстың талабы: 
Қатысушылардың біркелкі спорт формасы болуға тиіс. 
Команданы таныстыру: команданың аты, ұраны. 
Команданың бірлестігі, дұрыс орындауы қарастырылады. 
 
Ойын 7- ті кезеңдерден тұрады: 1.«Таныстыру» (Визитная карточка) 2.«Мерген» (Стрелок), 
3.«Кенгуру»,4. «Тасымал» (Перевозчик)  
5.« Тәтті жұп»(Сладкая парочка)  6.«Қосаяқ»  (Пара ног),7. « Сарбаз» (Воин)   
 
 
Тақырыбы:«Толағай» отбасылық сайысы 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет