Семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі


Педагогиканың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар



бет12/12
Дата20.02.2022
өлшемі49.3 Kb.
#25963
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
3.Педагогиканың даму тарихы, дамуына үлес қосқан педагогтар

Педагогика ғылымын дамытуда үлкен үлес қосқан ірі ғалым-педагог Н. Қ. Крупская. Ол Ұлы Қазан төңкерісінен кейін А, В. Луначарский, М. Н. Покровскпй сияқты халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен бірге қызмет істей отырып, педагогика ғылымың дамытуда татымды еңбек етті. «На путях к новой школе» журналының беттерінде маңызды педагогикалық мәселелерді үнемі жариялаумен қатар, оны әлеуметтік-педагогикалық ойлардың органына айналдырды.

Н. К. Крупская еңбектері оның он томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Ол педагогика ғылымының барлық салаларына көңіл бөлді. Әсіресе, ересек адамдар арасындағы сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, үйелмен тәрбиесі, политехникалық білім, балалар ұжымының рөлі, оқушылардың өзін-өзі басқарушылығы, мінез-құлық, еңбек, эстетикалық және интернационалдық тәрбие мәселелерін ерекше зерттеп, құнды педагогикалық мұра қалдырды. Бұл Н, К. Крупскаяның 20 жылдан астам істеген қызметінің нәтижесі. Оның басты еңбектері: «Халыққа білім беру және демократия», «Семья және мектеп», «Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе» т. б.

Н. К. Қрупская эмиграцияда жүрген кезінде (Швейцария) «Халыққа білім беру және демократия» (1915 ж.) деген ірі педагогикалық еңбегін жазды. Бұл кітапта оқуды өнімді еңбегімен ұштастырып жургізу туралы демократиялық көзқарастарға талдау жасалынып, келешек қоғам мектебінің негізгі ерекшеліктері сипатталды.

Ірі педагог Антон Семенович Маракенко (1888-1939) педагогика ғылымына үлкен үлес қосты. Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу – тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

Бұған А. С. Макаренконың мұрасын тәрбие жұмысында пайдалану мәселелері жөнінде 1972 жылы наурыз айында Петропавл қаласында өткен Республикалық ғылыми-практикалық конферендия немесе осы жылы наурыздың 27-29 күндерінде Мәскеу қаласында болған Бүкілодақтық симпозиум дәлел бола алады. Бұл симпозиумға оқулықтың авторы Ж. Қоянбаев қатысты Симпозиумге қатысқан педагогтар, Макаренконың тәрбиеленушілері мен жақын серіктері, бір сыпыра елдердің ғалымдары:Гюнтер (Германия), А. Левин (Польша), Н.Чакиров (Болгария), Во Куанг Фку (Вьетнам), т.б. А.С. Макаренконыың бай тәжірибесі мен тәрбие жұмысы теориясын уағыздап қана қоймай оның еңбектерінде тәрбие жүйесін жетілдіру мақсаты мен ғалым негізінде қолданудың қажет екендігі туралы біріңғай тұас пікірлер да болды. А. С. Макаренконың идеялары, мысалы, Польша мектептерінде 1946 жылдан қолданыла бастады, ал Германия педагогтары А.С. Макаренконың шығармаларын 1962 жылы неміс тілінде 8 томдық етіп баспадан шығарды.

Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде «Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы» (1992), Қазақстан Республикасының ретін мектептері тұжырымдамасы» (1992), Республикасының «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы» (1993, Республикасының «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады.

Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой-пікірлерін қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе, өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.

Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі—Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865). Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым казақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізінде құрап, оқу-бідімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер мен тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді, тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді», — деді, Шоқан еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты — халқына қайткенде де білім беру, оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы іске асыру еді.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты педагогикалық көзқарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқынын қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жұмсады.

Ы. Алтынсарин қазақ жастарының кәсіптік мамандық алуына жол ашты. Торғайда — қолөнер. Қостанайда — ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады. Кейінірек қыздар училищелері өмірге келді.

Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен «ғаклия» сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруді, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылымен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы, оның педагогикалық көзқарастарының дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой- пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң "еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.

Қараңғы қазақ елінің көгіне, өрмелеп шығып күн болуды» көксеген ағартушы-педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой-пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу-ағарту ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы демократ деңгейіне көтерілді.

Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниетану оқуына, өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден үлгі алуға, ілгері өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырды. Өмірді өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбие деп түйіндеді. «Ары тазаның жаны таза» деген қорытындыға келді.



Ұлттық тәлім – тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі - Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931). Шоқан, Абай, Ыбырайлар салған ағартушылық арна – дәстүрін әрі қарай жалғастырады. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы – адалдық және ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінезінің өзі көріп, түзете білуге шақырды. Бар білімнің түп атасы ақыл деп қорытындылайды.

Ермаганбетова Гулнур Айдыновна 8775 052 70 15

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет