Семиотика ғылымының қалыптасу тарихы



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі74 Kb.
#143612
  1   2   3

Семиотика ғылымының қалыптасу тарихы
Жұмашова Ж.А. ҚазҰУ-нің PhD докторанты
жетекшісі филос.ғ.д. проф. Құлсариева А.Т.


Аталмыш еңбекте қзазіргі мәдени зерттеулер (cultural studies) ғылымында кең қолданыста болып жүрген және бүгінгі күнгі ақпараттық қоғамдағы белгілердің маңыздылығы мен интерпретациясын зерттеуге қолданылып жүрген семиотика ғылымының қалыптасу тарихы жайлы қысқаша баяндалады. Семиотика ғылымы Отанымызда даму сатысының бастапқы кезеңдерін басынан өткізуде. Сондықтан да осы мақала семиотика саласы бойынша ізденушілерге көмек болады деп үміттенеміз.
«Тіл мен мәдениет қатынасының маңыздылығы мәдени зерттеулер (cultural studies) ғылымы арқасында ең жоғарғы деңгейге жетті. Оның мынадай екі негізгі себептері бар:

  1. Тіл – мәдени ұғымдарды қалыптастыратын және сол мәндерді қарым-қатынасқа түсіретін жоғары дәрежелі делдалшы.

  2. Тілді біз өзіміз жайлы және қоғамдық әлем жайлы білімімізді қалыптастыратын делдалшы ретінде қолданамыз» [1-75б.].

Шындығында, тіл мен мәдениет ұғымы қашан да егіз ұғым болып табылатыны және олар бірін-бірі толықтырып отыратын құбылыс екені қашаннан да белгілі еді. Академик Ә. Қайдардың анықтамасымен айтсақ: «Мәдениет танып-білудің құралы – тіл» [2-13б.] немесе «Кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың) тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы жетіп келуі мүмкін» [2-21б.] деген пікірлері де дәлел бола алады. Алайда тіл мен мәдениеттің өзара етене байланысы, өзара тәуелділігі ғылыми түрғыда тек ХХ ғасырдан бастап қана ғылыми түрде зерттеле бастады. Гуманитарлық ілімдерде структурализмдік бағыттың дамуымен лингвистика жаңа қырынан зерттеле бастады. «Структуралистік лингвистика ХХ ғасырдың басында тіл білімінде қалыптасқан және де ХХ ғасырдағы тіл білімінің философиялық және мәдениеттанушылық бағытын айқындаған бағыт болды. Бұл бағыт біз әлемге тіл арқылы қараймыз, сондықтан біз көретін ақиқатты айқындайтын –тіл деген гипотезаны ұсынды. Аталмыш бағыттың қалыптасуына себеп болған ең негізгі еңбек Женевалық лингвист Фердинанд де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы». Бұл еңбек оның өзі өмірден өткен соң оның дәрістері бойыша шәкірттерінің арқасында жарыққа шыққан» [3]. Аталмыш еңбектің барлық гуманитарлық ілімдер үшін өте маңызды болғаны қазір ешкімде де дау тудырмайды. Алайда, осы еңбектің негізінде қалыптасқан структуралистік бағыт уақыт талабымен, біршама өзгерістерге ұшырады. Нақтырақ айтсақ «1920-1940 жж. структурализмнің құрылымдық лингвистика аясында қалыптасуын басынан өткізген. Структурализм 50-60 жылдары, әсіресе, Францияда шарықтап шықты. Структурализм сол кезеңінің өктем интеллектуалдық парадигмасына айналды» [4-378б.]. Осындай қарқынды даму мен жетілудің нәтижесінде структурализм ғылымы өзінің алғашқы ұстанымдарынан біраз өзгеріске түсті. Нәтижесінде 60-жылдардан кейін постструктуралистік, яғни структурализмнен кейінгі, бағыт деп аталатын ғылыми бағыт пайда болды. «1960 жылдары Франциядағы жаңа дискурстық тәсілдердің көбеюуі нәтижесінде постструктуралистік теориясы қалыптасты. Постструктурализм бұрынғы жалпылау, универсалдау, структурализмнің ғылыми теориясын, семиотикапсихоанализ, Марксизм, және де басқа теорияларды жоққа шығарып, тілдің, субьекттің, саясаттың және мәдениеттің жаңа зерттеу теоряларын көрсетті. Өздеріне дейін қалыптасқан теорияларды басым бөлігінң жоққа шығара отырып, бірақ та негізінен сол териялардың негізіне сүйене отырып, постструктуралистік қозғалыс марксизм, психоанализ, семиотика, феминизмнің жаңа синтезин туындатты. Және де бүкіл әлемге тараған жаңа теоретикалық дискурстар жарылысына әкелді» [5-20б.]. Осылайша, структурализм өзінің келесі деңгейі постструктурализмге өтті. Екі деңгейдің нақты айырмашылықтарын анықтау үшін екі бағытқа қысқаша сипаттама берелік.

  • «Структурализм мәдениетті актерлардың (адамдардың) ырқынан тыс керісінше оларды өз ырқына алатын тілдің терең құрылымдардың көрінісі деп сипаттайды;

  • Структурализм синхрондық зерттеу тәсілі. Ол тілдегі құрылымдар байланысын белгілі бір уақыт сәтінде ғана орын алатын өзгеріссіз құбылыс ретінде қарастырады. Ол тілдегі құбылыстар өзгеріссіз деп қабылдап, онда мәдени ерекшеліктер болатынын дәлелдеді және дәл осындай мәдениетті сақтайтын басқа құбылыс жоқ екеніне сенімді болды.

  • Структурализм белгілер жайлы ғылымды және обьективті ғылымды ұсынды» [1-17б.]. Алайда постструктуралисттер структурализмнің барлық осы постураттарын жоққа шығарып, оларды қатаң сынға алды.

Постструктуралисттер: «Мағына тұрақты емес, олар бағынышты және ылғи өзгерісте болады. Мән тек сөздерге, сөйлемдерге немесе белгілі бір мәтінге таңылмайды, ал мағына интермәтіндік, яғни мәтіндер арасындағы байланыс арқылы беріледі» [1-18б.] деді. Яғни структуралисттер тілдегі таңбалар белігілі бір мағынаны тасушылар ретінде қарастырса, постструктуралисттер мағынаны дискурстық деңгейде қарастырып, белгілер мен сөздердің арасындағы байланыс шартты деген пікірді ұсынды. Бірақ та екі бағытқа да ортақ ұғымдар тіл мен мәдениеттің етене байланысы және белгілердің коммуникациялық қызметінің атқаратын орнын зерттеуі болды. Тіл мен мәдениетті өзара байланыста зерттеу мәдени зерттеулерде тілді мәдени түрғыда зерттеуге байланысты мынадай зерттеу тәсілдерін ұсынды. «Мәдени зерттеулерде мәтіндік тұрғыдан зерттеу әдістері семиотика, постструктурализм мен Дерридалық деконструкция сияқты әдістерден тұрады» [1-32б.]. Осы аталған әдістердің ішіндегі семиотика ғылымы қазіргі кезде лингвисттер мен мәдениеттанушылар тарапынан өте кең қолданыста. Аталмыш еңбекте мәдени зерттеулердің семиотикалық талдау әдісі қолданылады. Сондықтан да семиотика ғылымына кеңірек тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет