Серік Мырзалы философия оқу құралы


В.С.Соловьевтiң дүниетаным тұжырымдары



Pdf көрінісі
бет173/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   422
В.С.Соловьевтiң дүниетаным тұжырымдары
Өзiнiң дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «бiртұтастық 
бiлiм» алу жолын құптады. Ол үшiн сезiмдiк тәжiрибе мен рационалдық 
ойлауды сенiммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда
ақиқаттың үш түрi бар: материалдық, формальдық, абсолюттiк
Олар ғылым, философия, дiннiң шеңберiнде қалыптасады. Ақиқаттың 
ең жоғарғы түрi – абсолюттiк бiлiмдi тек қана дiн, теология бере алады. 
Оны ол мистицизм дейдi.
Эмпиризм, яғни тәжiрибелiк жолмен ашылатын бiлiм, материалдық 
дүниенi танып-бiлуге бағышталған. Рационализм өзiнiң формальдық 
табиғатының арқасында барлық бiлiмдi бiрiктiретiн дәнекерлiк күшке 
айналады.
В.С.Соловьев таным үдерісiнде тәжiрибеге көп көңiл бөледi. Ал оның 
өзi екiге – iшкi және сыртқы тәжiрибеге бөлiнедi.
Сыртқы тәжiрибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы 
заттардың бiздiң түйсiктерiмiзге тигiзетiн ықпалынан пайда болады.
Iшкi тәжiрибенi В.С.Соловьев екiге бөледi: олар психикалық және 
мистикалық. Психикалық тәжiрибеге бiз өз табиғатымыздың бой 
көрсетуiнен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.
Мистикалық тәжiрибе деп бiздiң жан-дүниемiздiң ар жағында 
жатқан, өзiнiң бiзге тигiзетiн ықпалымен бiздi жоғарыға көтеретiн, iшкi 
рухани ерiктiктi тудыратын құбылысты айтамыз.
Оларды бiр-бiрiмен салыстыра келе, В.С.Соловьев бiрiншi орын-
ға – мистикалық, екiншiге – психикалық, соңына физикалық тәжiрибенi 
қояды.
Әрине, логикалық дүниетанымның өз орны бар, бiрақ, ол таныла-
тын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол үшiн интеллектуалдық 
интуиция (ой аңлауы) қажет. Дегенмен логикалық таным мен интуи-
ция бiздi болмыстың ең терең құпия сырларына жеткiзе алмайды. Ол 
үшiн – шектелгеннiң ар жағына, трансцендентiкке өту – ерекше таным 
қабiлетiн қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен 


255
бередi. Сонымен, өзiнiң танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев 
ғылым, философия, дiннiң бiрлiгiнiң қажеттiгiн көрсеткiсi келдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет