Шарын шатқалы



Дата02.12.2022
өлшемі4,2 Mb.
#54434

Шарын шатқалы

  • Орындаған:Ержан Жания,Қанатбек Ерасыл
  • 8-сынып оқушылары.

«Жетіарал мектеп-мектеп-балабақшасы"КММ
Зерттеудің мақсаты:Шарын шатқалының тарихи зерттеулері туралы мәлімет бере отырып, Қазақстандағы алатын орны, көлемі, аумағы туралы материалдар жинай, жұмбақ сырын ашу.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші,биіктігі 150-300 метрге жетеді.Шарын шатқалы, Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік- батысқа 154 км созылып жатыр.Бұл аймақтың рельефі әртүрлі, жарқабақтың бағаналары,баурай, жыралары 150-300 метірге жетеді.Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық- қызғылт. Қазақстан бойынша мұздану кезеңінен өткен, Шарын шатқалында сирек кездесетін ерен ағашы кездеседі.Сирек кездесетін «согдиандық» түрі 25 млн. жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумаққа жатады, демалушылар «Қорғандар қамалдар аңғары», «Темірлік», «Жалмауыз кемпір шатқалы» т.б. атаумен қалған жерлеріне барады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, осынау баға жетпес табиғат ескерткіштері қалай қорғалуда? Ұлттық бақтағы Үлкен Бұғыты тауының солтүстік шығысында қарақұйрықтар мен текелердің жайылымдарын кеңейтіп, сексеуіл секілді 61 түрлі сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау дұрыс жүйеге қойылғаны қуантады. Негізі Кызыл Қарасай қарақұйрықтың және дуадақ, бүркіт, ителгі өмір сүретін өңірі болғандықтан, Ұлттық бақ бас директоры тікелей қамқорлығына алған. Тек Қазақстанда кездесетін бұта-ағаш тектес сораң секілді өсімдіктердің 11 түрі қамқорлыққа алынып, ерекше бальнеологиялық бағалы минерал суы бар гидро­ло­гиялық нысан да күтіледі.
«Ұлттық бақ қызметкерлерінің төл міндеті – табиғи кешендерді қор­ғау, сақтау, зерттеу және қал­пына келтіру, ғылыми жұмыс­тарды жүргізу, экологиялық ағартуды ұйымдастыру, эколо­гия­лық ту­ризм­ді, рекреацияны, шектел­ген шаруа­шылық қызметті ұйым­дастыру және жүзеге асыру болып табылады. Республикалық бюджеттен қаржы­лан­дырылып, жұмыс істейтін 46 адам тұрақты еңбек­ақыларын алып, өз ара үздіксіз радиобайланыспен, авто­көліктермен, мініс аттарымен қамтама­сыз етіл­ген. Ағымдағы жылдың 6 айында табиғи кешен­дер­ді қорғау мақсатында 144 рейд ұйымдастырылып, та­биғат заң­дылығын бұзушылықтың 2 фактісі анық­талды. Соған сәйкес, 2 адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынып, келтірілген залал бюджетке құйылды.
Ұлттық бақ бойынша 2013-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары жасалынып, соғды еренінің орман өсірушілік-экологиялық жағдайын бағалау және оның табиғи түрде қайта жаңғыру жолын зерттеу, жануарлар дүниесіне мониторинг жасау, сүтқоректілер мен құстарды түгендеу және мекендейтін ортасын анықтау, өсімдіктер дүниесінің түрлік гербарий жиынтықтарын жасау және төменгі сатыдағы өсімдіктер (саңырауқұлақтар, балдырлар) дүниесін түгендеу барысында бірқатар жұмыс атқарылды. Осы орайда жыл сайын ғылыми негізде жүйелі жұмыс жүргізіліп, Табиғат жылнамасы кітабы жасалынады.
Ұлттық бақ аумағында 49 шақырымдық 3 туристік маршрут бар. Олар – Шарын ерен тоғайы, Қазақстанның жеті кереметінің қатарына кіретін Шарын шатқалы және бейіттер мен қорғандар. Бұл маршруттар Алматы облы­сында туризмді дамыту мақсатында Іле-Алатау, Алтынемел, Көлсай көлдері, Шарын атты төрт ұлттық бақ бойынша бірлесіп жасалынған «Жетісудың алтын айналымы» атты біріккен маршрутына ен­гізілді. Біздің тарапымыздан ба­ғыт­тарда көру алаңдары, фотосуреттерге түсу орындары, авто­тұрақ жасалынып, киіз үйлер, айналымдарда 12 орындық 2 қонақ үй ал Ұлттық бақ орталығында 40 орындық қонақ үй жұмыс іс­тей­ді. Нәтижесінде ағымдағы жылы 1500 турист қабылданып, мем­лекеттік бюджетке 265 мың тең­ге, арнайы есеп шотқа 2000 мың теңге құйылды», деді Шарын мем­лекеттік ұлттық табиғат бағының бас директоры Тоқтам Бектемісов.
Тұтастай алғанда, үлкен жа­уапкер­­шілікті талап ететін бұл жұмыс ең бастысы тұрғылықты халықпен тіл табыса отырып, саяхатқа келушілердің ешнәрсені бүлдірмеуін жіті бақылауда ұстауды қажет етеді. Ұлттық бақ аумағында 3 га жерде уақытша орман тұқым бағы (питомник) егіліп, әртүрлі ағаш көшеттері өсіріледі. Тұрғындарды отынмен қамтамасыз ету мақсатында 165 текше метр отын дайындалды. Жыл сайын өткізілетін «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы кезінде аудан орталығындағы мектептердің қатысуымен парк кеңсесі төңірегіне 550 мың теңгелік 2 мың түп көшет отырғызылды. Тоқтам Бектемісовтің осы ең­бе­гі мемлекет тарапынан да еске­ріліп, 2010 жылы Қазақстан Рес­публикасы «Туризмінің құрмет­­­­ті қыз­меткері», 2013 жылы «Эко­логия саласының үздігі» төс­бел­гілерімен марапатталды. Таби­ғат ескерт­­­кіштерін көзінің қара­шығындай қорғап, таби­ғат-анаға жан-тәнімен беріле қызмет етіп, онымен сырласа білетін жанға бұл да бір ілтипат белгісі емес пе?!
Назарларыңызға
Р А Х М Е Т !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет