Шет мемлекеттердің Ұлттық біліктілік жүйесін



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата04.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#1155
  1   2   3   4   5   6   7   8

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шет мемлекеттердің Ұлттық біліктілік жүйесін 

және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 

біліктілік жүйесіне аналитикалық шолу жасау 

 

2012 жылғы 28 қыркүйектегі №KZTVEM/CQS-01 «Ұлттық 

біліктілік жүйесінің, Біліктіліктің ұлттық және салалық 

шеңбері тұжырымдамаларын әзірлеу» келісімшарты бойынша 

(074 бағдарлама) 

«Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру» 

жобасы шеңберінде 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2012 



 

 



Мазмұны 

 

 

Кіріспе 


 



 

Негізгі терминдер мен ұғымдар

 



ҰБЖ әзірлеудің халықаралық тәжірибесін талдау

 



1.1 



Ұлттық  біліктілік  жүйесін  қалыптастыру  ерекшеліктері  (алғы 

шарттары)

 



1.2 



Еңбек  ресурстарын  дайындау  жүйесін  реформалау  саласындағы 

халықаралық тенденциялар

 

11 


1.3 

Еуроодақ тәжірибесі

 

15 


1.4 

Халықаралық тәжірибе

 

19 


Қазақстанның  ҰБЖ-сын  әзірлеу  және  енгізу  жөніндегі 

ұсыныстар 

 

45 



2.1 

Қазақстанның Ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру

 

45 


2.2 

Қазақстанның  Ұлттық  біліктілік  жүйесін  әзірлеу  бойынша 

ағымды жағдайды SWOT-талдау 

 

49 



2.3 

Ұсыныстар

 

50 


 

Қосымшалар 

 

56 


 

А қосымшасы 

 

 

 



В қосымшасы 

 

 



 

С қосымшасы

 

 

 



D қосымшасы

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

 

Қазіргі  заман  өндірістегі  жоғары  технологиялардың  басым 



болуымен,  ғылыми  зерттеулердің  нәтижелерін  өндіріс  тәжірибесіне 

енгізумен белгілі. Сол себепті экономика тиімділігін арттырудағы адам 

капиталының  рөлі    қайта  қаралады  және  сәйкесінше,  кәсіптік  білім 

берудің парадигмалары өзгереді.

 

Экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  үдерістердің  жаһандану 



жағдайында  адам  ресурстарының  жұмылғыштығы  негізгі  роль 

атақарады.  Әр  түрлі  мемлекеттер  кадрларының  кәсіби  біліктілігі 

деңгейлерін салыстыру  маңызды міндет бола бастайды.

 

«Барлығы  үшін  сапалы  оқыту.  Дамытуға  көмектесу  мақсатында 



білімге және дағдыларға инвестиция» атты 2020 жылға дейінгі кезеңге 

арналған  Әлемдік  банк    ұйымдар  тобының  білім  беру  секторындағы 

стратегияда  (2011),  көптеген  мемлекеттер  анағұрлым  жоғары  кәсіби 

деңгейдегі  еңбек  ресурстарын  дайындау  арқылы  өзінің  бәсекеге 

қабілеттілігін арттыруды күшейтеді.

 

 Қазіргі технологиялық жетістіктер 



жұмыс күші нарығына  жаңа стандарттық біліктілік талаптарын енгізеді 

және оқыту үдерісін  бір ізге салуды тездету мүмкіндіктерін туғызады.  

Жұмыссыздықтың,  әсіресе  жастар  арасындағы,  тұрақты  жоғары 

деңгейде  болуы    білім  беру  жүйелерінің  қажетті  дағдыларға  ие 

жастарды еңбек нарығы үшін дайындауға қабілетсіз екенін көрсетті.

 

Қазақстан  экономиканың  және  ұзақ  мерзімді  кезеңге  арналған 



негізгі  бағыт  ретінде  адам  капиталын  дамытудың  жылдамдатылған 

әртараптануын  да  анықтады.  Бұл  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі 

Стратегиялық даму жоспарында айтылған.

 

ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен 



бекітілген 

Қазақстан 

Республикасын 

үдемелі 


индустриялық-

инновациялық  дамыту  жөніндегі  2010-2014  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  ел  экономикасын  білікті  қадрлық 

ресурстарымен қамтамасыз етуге басты назар аударылған.  

Экономиканың 

басым 


секторларында 

өнеркәсіптік 

кәсіпорындарының  бәсекеге  қабілеттігін  еңбек  өнімділігін  көбейту, 

индустриалдық  кәсіпорындардың  кадрлық  күш-қуатын  күшейту 

арқылы арттыру мәселелері  «Өнімділік  – 2010» бағдарламасын жүзеге 

асыруды қамтамасыз етуі керек. 

 Қоғамдық 

өндірістің 

күрделенуі, 

жаңа 


техника 

мен 


технологиялардың  пайда  болуы  кадрлардың  кәсіби  дайындығы  мен 

олардың  жалпы  мәдени-техникалық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды 

үнемі арттырып отыруды талап етеді және сондықтан да қолданыстағы 

мамандықтар  мен  біліктіліктерді  реттеу  мен  жүйелеуді,  Қазақстан 



 

Республикасының  Ұлттық  біліктілік  жүйесін  (ҰБЖ)    әзірлеуді  және 



енгізуді өзекті мәселе етіп қояды.  

ҰБЖ  білікті  кадрларды  қалыптастыру  шарттарының  ең  бастысы 

болып  табылады.  Бұл  соңғы  жылдары  мамандарды  даярлау  деңгейі 

еңбек  нарығының  талаптарына  сәйкес  келмеуіне  байланысты  өзекті 

болып 

табылады. 



Мұның 

негізгі 


себебі 

бизнеспен 

тиімді 

әрекеттестіктің болмауында. 



  

Білім  беру  бағдарламаларының  құрылымы  мен  мазмұнын  еңбек 

нарығындағы  сұранысқа  және  халықаралық  стандарттарға    сәйкес 

жаңарту  ТжКББ  дамытудың  басты  бағыттарына  жатқызылған.    Бұл 

үшін  жұмыс  берушілер  мен  қызметкерлер  бірлестіктерін,  кәсіби 

стандарттарды, 

сондай-ақ 

құзыретті 

мамандарды 

даярлаудың 

интегралданған  (модульді)  білім  беру  бағдарламаларын  жұмылдыра 

отырып ҰБЖ әзірлеу  керек. 

 

Осы бағыттың маңызды болуына байланысты, 2009 жылы Әлемдік 



банкпен  бірге  «Қазақстан  Республикасында  техникалық  және  кәсіптік 

білім  беруді  жаңалау»  жобасы  әзірленді,  бірінші  кезеңі  2010ж.  бастап 

2012 ж. дейін жүзеге асырылды. Жобаның негізгі құраушы бөліктерінің 

бірі Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу болып табылады. 

 

Бірақ  ҰБЖ  әзірлеу  және  енгізу  еңбек  нарығына  ықпал  ететін 



Қазақстан  экономикасының  нақты  факторларын  танып  білу  және 

зерттеу жағынан қосымша уақытты талап етеді.Еңбек ресурстары жете 

білушілігінің жаңа кезеңіне көшу алдын ала дайындықты талап етеді. 

 

ҰБЖ  білім  беру  саласы  мен  еңбек  қызметі  саласының  өзара 



әрекеттестігін қамтамасыз ету (оқыту баспалдағын байланыстыру, білім 

беру  бағдарламаларының  ыңғайлылығын  бағалау,  қоғамдықкәсіптік 

аккредиттеу  және білім беруге сараптама жасау); білікті  мамандардың 

еңбек  нарығын  қалыптастыру  үшін  алғышарттарды  анықтау  (қызмет 

салалары бойынша кәсіптік профильдерді сипаттау, қызметкерлер мен 

жұмыс  орындарын  аттестаттау);  кәсіптік  білім  берудің  халықаралық 

құрамын сақтау (білім берудің әртүрлі жүйелерінде алынған біліктілікті 

салыстыру) үшін ерекше кеңістік бөлуді білдіреді. 

 

Соңғы  жылдары  Қазақстан  үшін  ҰБЖ  қалыптастыру  бағытында 



маңызды алға қарай  жылжу байқалады, атап айтқанда  – толық ұлттық 

шеңбер  мен  біліктілік  жүйесін  қалыптастырудың  негізін  қалайтын 

кәсіби стандарттарды әзірлеу  басталды.  

 

Мақсаты.



   

Бірнеше  мемлекеттерді  мысалға  ала  отырып,  ҰБЖ, 

ҰБШ  және  кәсіби  стандарттар  қалыптастырудың  кейбір  аспектілерін 

талдау, 


 

 

Міндеттері:   

- әртүрлі елдердің ҰБЖ-ға салыстырмалы талдау жүргізу; 

  

- ҚР ҰБЖ-ға қысқаша сипаттама және ұсыныстар беру.   



 

Негізгі терминдер мен ұғымдар 



 

 

 

Қызмет  түрі

 



 

негізгі  және  қосымша  функцияларды  жүзеге 

асыруды  көздейтін,  кәсіби  қызмет  саласының  нақты  бөлігі.  Қызмет 

түрінің қосымша функциялары да дайындық және қорытынды болып 

бөлінеді.  Қызметтің  әр  түріне  белгілі  нәрселер  мен  еңбек  құралдары 

тән. 

  

 

Лауазым  –  атауы  үлгілік  міндеттердің,  құқықтардың  және 

міндеттемелердің  жиынтығымен  белгіленетін,  әкімшіліктік  иерархия 

қызметінің нақты жүйесіндегі функционалдық орын. 

 

Еуропалық  біліктілік  шеңбері  –  Еуропалық  Одаққа  мүше-елдер 

субъектілерінің  құзыреттілігіне  қойылатын  жалпы  және  кәсіби 

талаптарды  белгілейтін  біліктілікті  деңгейлер  бойынша  жүйелік  және 

құрылымдық    сипаттау.    Еуропалық  біліктілік  шеңбері  ЕО  мүше-

елдердегі  академиялық  дәрежелер  мен  біліктіліктерді  салыстыруды 

қамтамасыз ету құралы ретінде қолданылады.  Ол 8 деңгейден тұрады, 

олардың 

әрқайсысы 

білім, 

дағдылар 



және 

(дербестікке, 

жауапкершілікке, орындалатын жұмыстардың күрделілігіне қойылатын 

талаптар  ретінде  түсінілетін)  кең  құзыреттілік  терминдерінде 

сипатталған.  

 

Біліктілік  –  қызметкердің  Ұлттық  біліктілік  пен  біліктіліктің 

салалық  шеңбері  арқылы  анықталатын    кәсіби  деңгейі  (алған 



мамандығы,  кәсібі  бойынша  қызметтің  белгілі  түрін  орындай  білуге 

дайындық деңгейі ).  

 Біліктіліктік  деңгей/біліктіліктің  деңгейі  –  қызметкерлердің 

құзыреттілігіне  қойылатын  Ұлттық  және  салалық  біліктілік  шеңбері 

жалпы талаптарының жиынтығы.  

Құзыреттiлiк  -  белгілі  біліктілік  деңгейлі  кәсіби  қызметтің 

міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің сапасы.  

 

Құзыреттіліктің  екі  түрі  бар:    жеке  және  кәсіби.    Жеке 



құзыреттілік  жеке  және  әлеуметтік  болып  бөлінеді.    Олар  адамның 

қоғамдағы  және  еңбек  нарығындағы  өзгеріп  жатқан  жағдайларға 

бейімделуіне,  бұрынғы  жағдайларды  жаңартуға  немесе  жаңа  кәсіби 

құзыреттіліктерді қалыптастыруға себепші болады. 

 

 Жеке құзыреттілікке де, кәсіби құзыреттілікке де білім, дағдылар 



(шеберлік) мен адамның қабілеттері жатады. 

 

Ұлттық  біліктілік  жүйесі  –  бұл  қызметкерлердің  біліктілігіне 

еңбек  нарығы  тарапынан  сұраныс  пен  білім  беру  және  оқыту  жүйесі 

тарапынан  ұсыныстарды  құқықтық  және  институционалдық  реттеу 

тетіктерінің жиынтығы. 

 Ұлттық  біліктілік    шеңбері  –  ұлттық  және  халықаралық 

деңгейлерде  танылатын,  мемлекеттің  қызметкерлер  құзыреттілігіне 



 

қоятын  жалпы  кәсіби  біліктілік  талаптарын  құрылымдық  жағынан 



сипаттау.   

 

Кәсіби  қызмет  саласы  -  негізгі  және  қосалқы  функцияларды 

жүйеге  асыруды  талап  ететін  сала  қызметі  циклының  бөлігі. 

Қосымша функциялар дайындық және қорытынды болып бөлінеді: 



 

Сала - жалпы бір тектес өнім жасау мақсатында біріккен кәсіби 

қызмет, кәсіпорын және ұйым жүйесінің құрылымдық бөлігі.  



 

Салалық біліктілік шеңбері  –  қызметкерлердің құзыреттілігіне 

қойылатын біліктілік талаптарын құрылымдық жағынан сипаттау.  



Біліктілікті беру – формальды білім беру мен өз-өзіне білім беру 

шеңберінде  алынған  білімді  және  дағдыларды  бағалау  үдерісі.    Осы 

бағалаудың  қорытындысы  бойынша  сертификат,  диплом  немесе 

біліктілігін растайтын құжаттың басқа түрі беріледі. 

 

 Кәсіби  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  еңбек 

мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына  және  қызметкерлердің 

құзыреттілігіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.  

 

Мамандық - қызмет жүйесіндегі позиция мәртебесі, оның атауы 

кәсіби  қызмет  саласының  негізгі  функциясымен  немесе  қызметтің 

нақты  түрімен,  еңбек  заттарымен  және  құралдарымен,  сондай-ақ 

біліктілік деңгеймен анықталады.  



 Кәсіби  біліктілік  сертификаты  –  бағалаудың  белгіленген 

рәсімі  барысында  көрсетілген  білімнің  (оқытудың)/кәсіби  біліктіліктің 

нәтижелерін растайтын, уәкілетті орган берген ресми құжат.   

Функционалдық талдау  – қызметті талдау түрі, мұнда жүйелік-

қызмет  тәсілі,  функцияларды  жүйелі  түрде  нақтылау  әдісі 

қолданылады,  қызметтің  функционалдық  ерекшеліктері  анықталады 

және бағаланады.  



 Біліктілікті  беру  және  растау  орталығы  -  біліктілікті  беруге, 

бағалауға және тиісті сертификаттар беруге уәкілетті ұйым.   

 

Қысқартулар 

 

CEDEFOP – Еуропалық кәсіптік білім беруді дамыту орталығы   



ӘБ - Әлемдік банк 

ЕБШ  Еуропалық біліктілік шеңбері 

ЕО – Еуропалық Одақ 

ЕБҚ – Еуропалық біліктілік құрылымы 

ЕБҚ– Еуропалық білім беру қоры 

 

ХЕҰ – Халықаралық еңбек ұйымы 



 

ХБСЖ  97  –  Халықаралық  білім  берудің  стандарттық 

жіктелуі  - 97 

БКБ – Бастапқы Кәсіптік Білім беру 

 

ҰБШ - Ұлттық біліктілік шеңбері   



 

ҰБЖ - Ұлттық біліктілік жүйесі 

СБШ - Салалық біліктілік шеңбері 

ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы   

 

КБ – Кәсіптік білім 

ПОО – Кәсіптік білім беру және оқыту 

КС - Кәсіби стандарттар 

ТжКБ – Техникалық және кәсіптік білім беру   

 

 



 

1.

 

ҰБЖ әзірлеудің халықаралық тәжірибесін талдау 

 

ҰБЖ-ның дамуы 1990 жылдың соңындағы кәсіптік білім беру мен 



оқыту  жүйелері  саласында  реформаларды  жүзеге  асырудың  негізгі 

халықаралық    бағыты  болды.  Соңғы  уақытта  біліктілік  шеңбері 

саласында  халықаралық  ұйымдар  қызметінің  қарқынды  артқаны 

байқалады.  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  жөніндегі  ұйым 

(ЭЫДҰ),  Халықаралық  еңбек  ұйымы  (ХЕҰ),  Әлемдік  банк  және 

Еуропалық  Одақ  осы  саладағы  жобаларды  жүзеге  асыруда.  Біліктілік 

шеңбері  бар  елдер  (Ұлыбритания,  Ирландия,  Австралия,  Жаңа 

Зеландия  және  Оңтүстік  Африка)  осы  саладағы  басқа  елдермен  үнемі 

өзара әрекеттестікте болады, сол арқылы  біліктілік шеңберін әзірлеуге 

бағытталған  халықаралық  тенденциялардың  дамуына  көмектеседі. 

Халықаралық  шеңбер құрудың алғашқы талпынысы 1985 жылы болған 

еді.  


 

 

1.1  Ұлттық  біліктілік  жүйесін  қалыптастыру  ерекшеліктері 



(алғы шарттары) 

 

Лиссабон  стратегиясымен  құрамда  Еуропалық  Одақ  Кеңесі

 

жалпы  мақсаттарда  білім  беру  және  кәсіби  даярлау  саласында 



еуропалық  ынтымақтастық  үшін  алғаш  рет  мықты  негіз  құрды.  Ол 

ұлттық  білім  беруді  және  ЕО-ның  қосымша  деңгейлік  құралдарын 

дамыту,  өзара  оқыту  және  ашық  үйлестіру  әдісі  арқылы  жағымды 

тәжірибемен  алмасу  есебінен  кадрлар  даярлау  жүйелерін  жетілдіруге 

қолдау жүргізуге бағытталған. Атап айтқанда:  

 

1)  білім  беру  және  кадрларды  кәсіби  даярлау  қазіргі  уақытта  да 



және  болашақта  да  кез  келген  елдің  азаматтары  алдында  тұратын  

көптеген әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, экологиялық және 

технологиялық мәселелерді шешуде шешуші роль атқарады; 

  


 

2)  білім  беру  және  оқыту  жүйесі  арқылы  адам  капиталына 



салынған  инвестициялардың  тиімділігі  білімге  және  жұмыс 

орындарының  санын  арттыруға  негізделген  тұрақты  дамудың  жоғары 

деңгейін  қамтамасыз  ету  үшін  маңызды  құрылымдардың  бірі  болып 

табылады,  сондай-ақ  тұлғаның  өз  өзін  жүзеге  асырға,  әлеуметтік 

топтасудың  және  белсенді  азаматтық  позицияның  дамуына  септігін 

тигізеді. 2)

   

3)  білім  және  кәсіби  даярлау  жұмыс  орындарының  санын 



арттыруға 

қатысты 


Лиссабон 

стратегиясының 

ұзақмерзімді 

мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосты;  

 

4)  үздіксіз  оқытудың  маңызды  элементі  және  жұмысқа  орналасу 



мен  бейімделудің,  шет  елде  -  Еуропада  да,  бүкіл  әлемде  де  білім  алу 

үшін  мүмкіндіктерді  арттырудың  маңызды  құралы    ретінде 

оқушылардың,  мұғалімдердің  және    педагогикалық  оқу  орындары 

оқытушыларының шапшаңдығы;  

 

5)  кәсіпкерлік  әлемі  мен  білім  беру  секторларының,  кәсіби 



даярлаудың  және  зерттеулердің  арасындағы  серіктестік  еңбек 

нарығындағы  қажетті  сұраныс  пен  ұсынысты  қамтамасыз  етуге, 

сондай-ақ  оқытудың  барлық  түрлерінде  инновациялық  қызмет  пен 

кәсіпкерлікті ынталандыруға септігін тигізеді.  

 

Нәтижесінде  «Білім  беру  және  кәсіби  даярлау  саласындағы 



Еуропалық  ынтымақтастық  үшін  стратегиялық  шеңбер  (ЕТ  2020)» 

әзірленді, мұнда төменде берілген 4 мақсатты бағыт айқындалған: 

 

Стратегиялық  мақсаты  1:  Бүкіл  өмір  бойы  оқытуды  және 

ұтқырлықты шындыққа айналдыру.  

 

Демографиялық өзгерістерге және экономикалық және әлеуметтік 

талаптардың  өзгерістеріне  сәйкес  дағдыларды  жаңарту  және  дамыту 

қажеттілігіне  байланысты  мәселелер  білім  беруге  және  кәсіби 

даярлыққа  деген өзгерістерге орай әрекет ететін және бүкіл әлем үшін 

ашық  болатын  тәсілді  талап  етеді.  Білім  беру  саласындағы  бүкіл  өмір 

бойғы  жаңа  бастамалар  ықтимал  кедергілерді  есепке  ала  отырып 

әзірленетін  болғанымен,  ағымды  бастамалармен  ары  қарай    даму  , 

әсіресе  үздіксіз  білім  берудің  жүйелі  және  бәрін  қамтитын 

стратегияларын енгізу  бұрынғыдай қажет болады. Атап айтқанда: 

 

-

 



Еуропалық  Біліктілік  Шеңберіне  байланысты  және  оқытудың 

тиісті  нәтижелеріне  негізделген  біліктілік  шеңберін  дамытуды 

қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізу керек;   

-

 



оқытудың анағұрлым икемді жолдарын – оның ішінде білім беру 

мен  кәсіби  даярлықтың  түрлі  секторлары  арасындағы    жақсартылған  

аралық құру керек;  

 


 

-



 

формальды  емес  және  биресми  оқытуға  және  айқындылықты 

арттыруға  және  оқыту  қорытындыларын  тануға  қатысты  үлкен 

ашықтыққа қол жеткізу керек;  

Ары  қарай  күш  салу  үлкен  адамдарға  білім  беру  үдерісін 

жалғастыруға, қолдау жүйелерінің сапасын арттыруға, сондай–ақ  оның 

бүтіндей –оның ішінде, оқытудың жаңа түрлерін дамытуға және сабақ 

беру  мен  оқытудың  жаңа  технологияларын  қолдануға  көмектесу 

саласында керек болады.

 

 



 

Үздіксіз оқытудың маңызды элементі және жұмысқа орналасу мен 

бейімделудің,  маңызды  құралы    ретінде  оқушылардың,  мұғалімдердің 

және    педагогикалық  оқу  орындары  оқытушыларының  шапшаңдығы 

шет  елде  -  Еуропада  да,  бүкіл  әлемде  де  білім  алу  кезеңдерін  ескеру 

мақсатында біртіндеп кеңейтілуі керек. Бұл ретте Еуропалық Хартияда 

мазмұндалған ұстаным – мобильділік

 

қолданылуы керек. Бұл мақсатқа 



қол  жеткізу  үшін  барлық  мүдделі  тараптардың  тарапынан  мысалы, 

тиісінше  қаржыландыруды  қамтамасыз  етуге  қатысты  күш–жігердің 

қарқынын арттыру талап етіледі.

  

Стратегиялық  мақсат  2:  Білім  беру  мен  кәсіби  даярлықтың 



сапасы мен тиімділігін арттыру.  

 

Білім  берудің  және  кадрларды  даярлаудың  жоғары  сапасы 



Еуропада  табысқа  жету  үшін  және  жұмысқа  тұру  мүмкіндіктерін 

арттыру  үшін  шешуші  маңызға  ие  болады.  Бұл  ретте  барлықтарының 

негізгі  құзыреттілікті  алуына,  сондай-ақ  Еуропаның  жаһандық 

позицияны  сақтап  қалуына  мүмкіндік  беретін  білім  мен  кәсіби 

даярлықтың  барлық  деңгейлерін  бір  мезетте  дамытуңа  көмектесу 

маңызды 


міндеттердің 

бірі 


болып 

табылады. 

Математика, 

жаратылыстану  ғылымдары  және  технология  сияқты  ғылымдар 

тартымды бола бастауы үшін, сондай-ақ тілдік құзыреттілікті нығайту 

үшін  базалық  дағдыларды  (оқу  және  санау)  арттыруға  басты  назар 

аударылуы керек. Сабақ берудің жоғары сапасын, мұғалімнің   барабар 

бастапты  кәсіптік  білімін  және  оқытушы  мамандығын  таңдауды 

жағымды  ету  үшін  оқытушылар  мен  тренерлердің  біліктілігін  үздіксіз 

арттыруды  қамтамасыз  ету  керек.  Білім  беруді  және  оқу  орындарын 

басқару  мен  басшылық  жасауды  жақсарту,  сондай-ақ  сапаны 

бақылаудың тиімді жүйелерін әзірлеу керек. 

 

 

Стратегиялық  мақсат  3:  Әділдік,  әлеуметтік  топтасқандық 

және  белсенді  азаматтық  ретінде  осындай  құндылықтарды 

дамытуға көмектесу 

 

Барлық  азаматтарға  жеке,  әлеуметтік  және  экономикалық 

жағдайларына қарамастан тәуелсіз жұмысқа тұруы үшін қажетті кәсіби 

нақты  шеберліктерді  де,  негізгі  құзыреттіліктерді  де  өмір  бойы    алу, 



10 

 

жаңарту және дамыту; ары қарай білім алу, азаматтық белсенді позиция 



мен мәдениетаралық диалогты дамыту мүмкіндігін беру керек. 

  

Білім  беру  жүйесін  жетілдіруге  балалақ  шақта  білім  берудің 



жоғары  сапасын  және  адрестік  қолдауды  қамтамасыз  ету  арқылы, 

сондай-ақ білім берудің бірегей әдістерін енгізу арқылы қол жеткізілуі 

керек. Білім беру және кәсіби даярлау жүйесі барлық оқушылар – оның 

ішінде, тұрмысы төмен отбасылардан шыққандар, ерекше қажеттіліктер 

бар  тұлғалар  және  көшіп  келушілер  өзінің  оқуларын,  оның  ішінде 

қажет болған кезде білім алуға  екінші мүмкіндік беру және  оқытудың 

анағұрлым  жекелендірілген  түрін  ұсыну  арқылы  да  аяқтатуға 

бағытталуы керек. 

 

Стратегиялық  мақсат  4:Шығармашылық  және  инновациялық 

қызметтің,  оның  ішінде  кәсіпкерліктің  сапасын  білім  беру  мен кәсіби 

даярлаудың барлық деңгейлерінде арттыру. 

 

Барлық  азаматтардың  сандық  құзыреттілік,  оқи  білу,  бастамалар 

мен кәсіпкерлікті, мәдени өрісті дамытуға деген қабілет сияқты аралас 

негізгі  құзыреттілктерді  алуына  көмектесу  керек.  Білімнің  толық 

жұмыс  істейтін  келесі  үшбұрышын  қалыптастыру  керек:  білім  – 

ғылыми зерттеулер – инновациялық қызмет. Кәсіпкерлік әлемінің және 

білім  берудің  әртүрлі  деңгейлері  мен  секторларының,  кәсіби 

даярлықтың  және  зерттеулердің  арасындағы  серіктестік  еңбек 

нарығындағы  қажетті  дағдылар  мен  құзыреттілікке  және  оқытудың 

барлық  түрлерінде  инновациялық  қызмет  пен  кәсіпкерлікті 

ынталандыруға  септігін  тигізеді.  Азаматтық  қоғам  өкілдері  мен  басқа 

мүдделі  тұлғалар  кіретін  қоғамдастықтар  шығармашылық  үшін  және 

кәсіби  және  әлеуметтік  қажеттіліктер,  сондай-ақ  жеке  амандық 

арасындағы жақсы келісім үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүдделі. 

 

Жоғарыда  аталған  стратегиялық  мақсаттар  Қазақстан  үшін  де  өте 



маңызды  және  ЕО-мен  және  еңбек  нарығының  халықаралық 

талаптарымен  сәйкестендірілген  өзіндік  Ұлттық  біліктілік  жүйесін 

қалыптастыруға негіз болып табылады. 

 

2008  жылы  Әлемдік  банк  жүргізген  «Қазақстандағы  дағдыларға, 



жұмыс күшіне деген сұраныс» зерттеуіне сәйкес, жұмыс берушілердің 

63  %  -ы  қызметкерлер  кәсіби  дағдыларының  жеткіліксіз  деңгейде 

болуы бизнес дамуының жолында кедергі болатынын мәлімдеді.  

 Зерттеулер нәтижесінде еңбек нарығының жұмыс күші сапасына  

деген тез өзгеріп отыратын талаптары білім берудін тек білім ғана емес, 

сондай-ақ  үлкен  дәрежедегі  шеберліктер  мен  құзыреттіліктерді  талап 

ететіні, өйткені білім тез ескіріп қалатыны, оны алуға деген ұмтылысы 

бар  және  бүкіл  өмір  бойы  өзгеру  қабілеті  бар  тұлға  қажет  етілетіні 

анықталды.  


11 

 

Еңбек  жағдайын  талдау  Қазақстанда  қазіргі  уақыттағы 



қызметкерлердің біліктілік деңгейі заманауи ғылыми және техникалық 

жетістіктерге  лайықты  емес  екенін,  бұл  экономиканы  көтеруді  едәуір 

қиындататынын  және  инновациялық  үдерістерді  тежейтінін  көрсетті. 

Қазірдің  өзінде  жеке  салалар,  мысалы,  машина  жасау,  металл  өңдеу 

және  басқалары  жаңадан  басталған  жаңғырту,  негізгі  капиталды 

жаңарту  үдерісінде  ұлттық  еңбек  нарығы  әзірше  ұсына  алмайтын 

жоғары  білікті  мамандардың  жетіспеуіне  тап  болды.    Сондықтан 

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шет елдік мұнай компаниялары тиісті 

технологиялары  бар  батыстық  жаңа  өндіріс  орындарын  ашқан  кезде, 

мамандардың болмауынан, өз мамандарын жұмысқа тартады. 

 

Бұдан  өзге,  кәсіптік  білім  берудің  нәтижелерін  кешенді 



бағалаудың  тәуелсіз  жүйесі,  сондай-ақ  құзыреттілік  негізінде 

біліктілікті тәуелсіз бағалау және сертификаттау жоқ.  

 

Әсіресе дағдарыс кезінде өз қызметін түбегейлі өзгертетін үлкен 



адамдарды  оқыту  және  қайта  даярлау  маңызды  мәселе  болып 

табылады.    Үлкен  адамдарды  оқытуға  және  қайта  оқытуға  арналған 

арнаулы  курстар  жетіспейді.    Оқу  орындарында  оқымайтын  үлкен 

адамдар  мен  жастар  үшін  нарықтық  қажеттіліктерді  ескере  отырып, 

арнайы  оқыту  жөніндегі  жүйе  нашар  жұмыс  істейді.  Көптеген 

үлкендер,  оның  ішінде,  ауыл-аймақтардағы  тұрмысы  төмен  адамдар 

табыс  әкелуге  септігін  тигізетін  кәсіптік  білім  алуға  қол  жеткізе 

алмайды. 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  қолданыстағы  біліктілік  жүйесі 



білім  беру  жүйесінің  кіріс  көрсеткіштерін,  формальды  білім  берудің 

шамамен сәйкестілігін, оқу бағдарламалары мен олардың ұзақтығының 

сәйкестілігін,  еңбек  өтілін  (МСК-97)  анықтау  арқылы  қызметкердің 

біліктілігін анықтайды. Біліктілік деңгейі қызметкердің құзыреттілігін, 

оның міндеттерді шешу және жауапкершілік алу қабілетін көрсетпейді. 

Әрине,  білім  беру  жүйесі  де  мамандарды  еңбек  нарығының 

тапсырысына емес, өзінің білуіне сәйкес дайындайды. 

 

Бұл  жағдайдың  себептері  бар.  Біріншіден,  жұмыс  беруші 



тарапынан  белгілі  бір  біліктілігі  бар  мамандарды  даярлауға  деген 

тапсырыстың  болмауы.  Қазақстан  Республикасында  біліктілік    өзінің  

мазмұнын жаңғыртуды қажет етеді. Еңбек нарығы қызметкерлердің кең 

көлемдегі  құзыреттілігін  талап  етеді.  Экономиканың  барлық  секторы  

өздерінің  қызметкерлеріне  қандай  құзыреттіліктер  қажет  екенін  әлі 

анықтаған жоқ.  

 

Екіншіден,  кәсіптік  білім  берудің  көптеген  стандарттары  ескіріп 



кетті  және  олар  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруға 

бағытталмаған. 

 


12 

 

Үшіншіден,  оқыту  үдерісінде  теория  іс-тәжірибен  артып  кетіп 



жатады.  

 

Төртіншіден,  стандарттар  мен  бағдарламаларды  түзету  үшін 



қажет  болатын  жас  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігіне  мониторинг 

пен бағалау жүргізілмейді.  

 

Мұнымен  қоса,  бүгінгі  күні  біліктіліктерді  салыстыру  және 



эквиваленттілігі  мәселесінде  олардың  жеткіліксіз  ашықтығы,  басқа 

елдерде  алған  біліктілікті  мойындау  жүйелерінің  және  біліктілікті  бір 

ортадан  екінші  ортаға  ауыстыру  механизмінің  жетілмегені    сияқты 

шешімін таппаған мәселелер  орын алуда. Бұдан өзге, формальды  емес 

және  формальды  білім  берудің  нәтижелері  формальды  білім  берудің 

нәтижелеріне  қатысты  әлі  де  болмашы  деп  есептеледі.  Кіру 

көрсеткіштері  негізінде  біліктілік  берудің  қолданыстағы  жүйесі  еңбек 

нарығының талаптарына сай келмейді.  

 

Қызметкерлер  құзыреттілігіне  деген  еңбек  нарығының  талабы 



мен  біліктіліктің  осы  талаптарға  сәйкес  келмеуі  арасындағы  елеулі 

алшақтық  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың  өздерінің  білім  беру 

сертификаттарына 

деген 


сенбеушілігін 

тудырады. 

Осылайша, 

құзыреттілік  негізінде  Ұлттық  біліктілік  шеңберін  жасау  қажеттілігі 

айқын көрінеді. 

 

Демек:  атқару  өкіметі  органдарының  тұрғындармен,  бизнеспен, 



азаматтық  қоғам  институттарымен  өзара  әрекеттестігінің  көптеген 

түрлерін дамытуға; өкімет органдары қызметінің нәтижелілігін арттыру 

мен  алға  басуға  қол  жеткізу;  мемлекеттік  басқару  сапасын  арттыру; 

экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге; адам 

капиталын дамытуға және кедейлік деңгейін төмендетуге  басты назар 

аудару керек;  

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет