Шұжық өнімдері – май, белок, ас тұзы, дәмдеуіш және басқа құрамдас бөліктер қосылған қабықшада немесе қабықшасыз тағамға пайдалануға жарамдылығына дейін өңделген, ет турамасының негізінде жасалған өнімдер.
Шұжық өнімдерін жасағанда еттен тағамдық бағалығы төмен бөлшектері (сүйектер, дәнекер тін) алынып, тағамдық жағынан бағасы жоғары заттарды (қан өнімдері, сүт өнімдері және т.б.) және хош иісті дәмдегіштерді т.б. қосады.