Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері

Білім және құзыретті бағалау тәртәбі, % баллдар

бет9/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   213
Білім және құзыретті бағалау тәртәбі, % баллдар

Бақылау жұмыстары

?

60

Практикалық сабақтарға қатысуы және белсенділігі

?

Жеке немесе топтық тапсырмалар (МӨЖ)

?

Аралық бақылау (емтихан)

?

40

Аралық бақылау (жазбаша немесе ауызша) және емтихан өткізу формасы – жазбаша

Білімді бағалау шкаласы:

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанақаттанарлықсыз

I

(Incomplete)

-

-

Пән аяқталмаған

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P

(Pass)

-

-

«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP

(No Рass)

-

-

« Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)

-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)

Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)

-

-

« Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

Атт-ған

30-60

50-100

Аттестатталған

Атт-маған

0-29

0-49

Аттестатталмаған

R (Retake)

-

-

Пәнді қайта оқу

Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты

Толерантты болыңыз, басқалардың пікірлерін құрметтеңіз. Қарсылықтар нақты формада тұжырымдалсын. Плагиат және басқа әділетсіз жұмыстарға жол жоқ. СӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіруге және басқадан көмек сұрауға, басқа адамдардың шығарған есептерінің көшірмесін алуға, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған студенттің қорытынды бағасы «F» болады.

Көмек: Өзіндік тапсырмаларды (МӨЖ) орындау барысында, оны өткізуге байланысты туындаған сұрақтарға, сонымен қатар өтілген материалдар бойынша қосымша мәліметтер алу үшін оқытушының келісілген уақытына сәйкес кеңес ала аласыз.
Кафедра мәжілісінде_______________№_____хаттамасымен бекітілді
Педагогика және білім беру менеджменті

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор А.А. Булатбаева

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері

_______________________ ______________________________

(пәннің аты)
Мамандық 6М010300 Педагогика және психология _____________________________

(шифры, аты)

Оқу түрі __ күндізгі ____________________________

(күндізгі, сырттай)

Алғысөз
Курстың мазмұны педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістері туралы жүйелі білімдерді қамтиды.
Пәннің мақсаты: магистранттардың ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыру, педагогиканың өзекті мәселелерін ғылыми зерттеу пәні және тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастыру, болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, оларды шығармашылық кәсіби міндеттерді шешуге даярлау.

Пәннің міндеттері:

-магистранттарды педагогикалық зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

-қазіргі замануи зерттеу әдістерін білетін, лоарды кәсіби әрекеті практикасында қолдана алатын педагогтарды қалыптастыру;

-магистранттардың кәсіптік-педагогикалық ойлауын қалыптастыру;

-магистранттарды ғылыми жұмысты сараптамалық бағалау әдістеін қолдануға үйрету;

-болашақ педагог-психологтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): курсты оқу барысында магистранттар білуі тиіс:

-зерттеу үдерісі, психологиялық-педагогикалық зерттеудің ерекшелігі, психологиялық-педагогикалық зерттеудің түрлерін және логикасын, мәселелерін;

-әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды;

-педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістерін, әртүрлі әдістердің зерттеушілік мүмкіндіктерін, зерттеудің мәліметтерін өңдеудің статистикалық әдістерін, жеке тұлғаны, топты диагностикалау әдістемесін;

-іргелі және қолданбалы зерттеудің негіздерін;

-педагогикалық зерттеудің негізгі ұғымдар жүйесін;

-тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дайындау және жүргізу әдістемесін;

-педагогикалық зерттеулерде қолданылатын социологиялық зерттеудің әдістерін;

-магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелерін дайындау, рәсімдеу және қорғау ерекшеліктерін.

Игеруі керек:

-зерттеу тақырыбын таңдау және оның көкейкестілігін негіздеуді;

-психологиялық және социологиялық әдістердіпсихологиялық-педагогикалық зерттеуде қолдануды;

-жеке тұлғаның, топтың психологиялық-педагогикалық диагностикасын жасай алуы және зерттеудің мәліметтерін өңдеудің статистикалық әдістерін;

- білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дайындау менн жүргізу әдістемесін.

Магистрант бойында қалыптасатын дағдылар:

- бітіруші түлектің магистрлік диссертацияны дайындау және қорғай алуы;

-түрлі санаттағы адамдармен кәсіптік әрекет барысында ақпарат пайдалана алу;

-педагог-психолог ретінде өз білімдері мен дағдыларын күтпеген жағдаятта қолдана алу.

Курстың мақсаты: «Білім беру әдіснамасы» пәні адамдарға білім беру мен оларды тәрбиелеудегі түрлі түсінік пен құндылықтарды, идеялар мен тұжырымдардың қатар қолдануда болуы мүмкіндігін салыстыру, қабылдау негізінде магистранттардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, білім беру әдіснамасының ұстанымдары мен негізгі мазмұнын меңгерту.

Курстың міндеттері:

-магистранттарды педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері, зерттеу әдістемесі туралы білімдермен қаруландыру;

-ғылыми-зерттеу жұмысының мәселесін арнайы әдебиеттер мен практикада зерделей білу дағдыларына үйрету;

-магистранттарды зерттеудің ғылыми аппаратының жеке бөліктерін жіберілуі мүмкін қателіктерді көрсете отырып сипаттағанда қажет болатын жаңа тұғырларды іздестіруге бағдарлау;

-әдіснамалық білімдердің негізгі түрлерін, олардың даму тарихын, ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздерін ашып көрсету;

- әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды негіздеу;

-зерттеу нәтижелерін талдауға үйрету;

-ғылыми зерттеу сапасының өлшемдерімен таныстыру.

Курсты меңгеру мына білімдермен қаруландырады:

ілім беру және технологиялар әдіснамасының мағынасы;

- педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар;

- ғылыми-зерттеуді ұйымдастыру тәсілдері;

- білім беру саласындағы жобалауды ұйымдасырудың инновациялық стратегиясы.

Курс мынадай біліктерді меңгеруге мүмкіндік жасайды:

ылыми-педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесін жасау;

-зерттеу жүргізгенде оның өзіне сәйкес әдістерін пайдалану;

-педагогика мен білім берудегі ғылыми зерттеудің, теориялық әдебиеттерді зерделеудің тақырыбын таңдау;

-зерттеу нәтижелерін эксперименттік тексеруден өткізу, практикаға ендіру, сондай-ақ ғылыми материалды әдеби рәсімдеу және қолжазбаны баспаға даярлау.

Курс мына дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасайды:

  • зерттеуді ұйымдастырудың дәстүрлі стратегиясынан инновациялық стратегиясына көшуге;

  • білім беру саласында зерттеуді ұйымдастырудың инновациялық стратегиясы негізінде зерттеу үдерісін құрастыру;

  • білім берудің әдіснамасы мен технологиясын оқу пәні ретінде құрылымдау;

  • білім алушылардың ғылыми-танымдық әрекетін ұйымдастырудың және педагогикалық зерттеудің қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолдану.

«Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және технологиялары» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын және бақылау жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар
МӨЖ 1. «Педагогика әдіснамасы және білім беру әдіснамасы» тақырыбына глоссарий құрастырыңыз. (білім, ғылыми білім, ұғым, заң, жіктемесі, категория, факт, ұстаным, теория, концепция, идея, парадигма, проблема, болжам, таным ұстанымдары, әдіснама, әрекет, әреттің логикалық және уақытша құрылымы, сыртқы орта, ұйымдастыру мәдениеті, әрекет әдістері, теориялық әдістер, эмпирикалық әдістер, әрекет құралдары, жоба, жоба фазалары, өлшемдер, өлшемдер шкалалары: қарым-қатынастық, интервалдық, рангілік, реттілік). Глоссарий құрастыру үшін мына кітаптарды эерделеіңіз: 1. Новиков A.M. Методология образования. Издание второе. – М.: «Эгвес», 2006.- 488 с.; 2. Новиков A.M., Новиков Д.А. Обучение основам методологии //Педагогика.- 2009. -№ 7.- С. 11-17. ; 3. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с.
МӨЖ 2. Зерттеу әдістерін іріктеу өлшемдерін негіздеңіз (А.М. Новиков немесе В.И. Загвязинский бойынша). Өлшемдерді мына кітаптардан табасыз: Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований: (Дидактический аспект).-М.: Педагогика, 1982. - 192 с.; Новиков A.M. Методология образования. Издание второе. – М.: «Эгвес», 2006.- 488 с.
МӨЖ 3. Педагогикадағы ғылыми және практикалық педагогикалық (білім берушілік) әдістерді салыстырыңыз. Ол үшін мына кітаптарды оқыңыз: 1. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 400 с.; 2. Новиков A.M. Методология образования. Издание второе. – М.: «Эгвес», 2006.- 488 с.
МӨЖ 4. Өзіңіздің магистрлік диссертацияңыздың ғылыми аппаратын құрастырыңыз. Зерттеу тақырыбыңыздың ғылыми аппаратын құрастыру мақсатында мына кітаптарды зерделеңіздер: Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога: учебное пособие. - М.: Изд. Центр "Академия", 2010. - 176 с.; Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001. - 208 с.; Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований: (Дидактический аспект).-М.: Педагогика, 1982. - 192 с.
МӨЖ 5. Өз зерттеуіңіздің ұғымдық аппаратын құрастырыңыз Өзіңіздің психологиялық-педагогикалық зерттеуіңіздің/дипломдық жұмысыңыздың/ ұғымдық-түсініктік аппаратын мазмұндаңыз және оны сөздік түрінде рәсімдеу үшін дипломдық жұмысыңыздың кілтті өздерін табыңыз, педагогика саласындағы энциклопедиялардан, сөздіктерден олардың анықтамаларын іздестіріңіз: 1. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. - 512с. 2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога: учебное пособие. - М.: Изд. Центр "Академия", 2010. - 176 с.

1-бақылау жұмысы: Қазіргі заманғы өзекті білім беру мәселелерінің тізімін құрастырыңыз және әрбір бағытты негіздеңіз. Мәселенің мәнін қарастырыңыз: Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. - 512с.

2-бақылау жұмысы: Өзіңіздің магистрлік диссертацияңыздың теориялық бөлімін орындаудың жоспарын жасаңыз. Ол үшін мына кітаптарды зерделеңіз: 1. Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика. Учебник для магистратуры университетов.- Алматы: Қазақ университеті , 2006.-328 с. ; 2. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.

3-бақылау жұмысы: Өз зерттеуіңізге қажет әдіснамалық тұғырларға сипаттама беріңіз.

Педагогикалық құбылыстарды зерттеуге қажет әдіснамалық тұғырларды сипаттау мақсатында . Ш. Таубаеваның «Исследовательская культура учителя: от теории к практике. Монография.»- (Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым»,2001.-350 с.) монографиясын, . Г.К. Ахметованың, З.А. Исаеваның «Педагогика. Учебник для магистратуры университетов» (Алматы: Қазақ университеті , 2006.-328 с.) оқулығын, В.И., Загвязинскийдің, Р Атахановтың «Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений» (М.: Изд. Центр "Академия", 2001. - 208 с.) оқу құралын, А.К. Мыңбаеваның «Современное образование в фокусе новых педагогических концепций, тенденций и идей: Монография». (Алматы: Раритет, 2005.-90 с. ) кітаптарын эерделеіңіз, әдіснамалық тұғырлар туралы ғылыми баяндама құрастырыңыз.

4-бақылау жұмысы: Модельдеу әдісінің мәнін ашып көрсетіңіз. Ол үшін мына әдебиеттердегі ақпаратты пайдаланыңыздар: 1. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с.; 2. Булатбаева А.А. Методология исследовательской деятельности: теория и практика. Монография.- Алматы: ВИ КНБ РК, 2009.-216 с.

5-бақылау жұмысы: Салыстырмалы-педагогикалық зерттеудің әдістеріне сипаттама беріңіз. Сипаттаманы мына кітаптардан таба аласыз: 1. Кусаинов А.К. Учебник «Сравнительная педагогика» - Алматы. Просвещение-Казахстана. – 2008. – 252 с.; 2. Кусаинов А.К., Есеева М.Т. Методология и методика сравнительной педагогики№ - Учебное пособие Алматы, 2008. – 92 с. (на русском и на казахском языках); 3. Вульфсон Б.Л. Сравнительная педагогика. М., 2003.; 4. Нургалиева Г.К., Кусаинов А.К., Мусин К.С. Сравнительная педагогика / Салыстырмалы педагогика/. – Алматы. Рауан. 1999. – С.174.; 5. Джуринский А.н. Развитие образования в современном мире: Учебное пособие. – М.: Гуманитарный изд. Центр ВЛАДОС, 1999№

«Білім беру мәселелерін зерттеудің әдіснамасы және технологиялары» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын және бақылау жұмыстарын орындау туралы әдістемелік ұсыныстар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   213

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет