Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
XW1ifcq2jJtKVRw8Mo5G3ELAy7hOpa



Коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
Қазақстан тарихы және
мәдениеті кафедрасы 

 
ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ІЛІМДЕР МОДУЛІ: САЯСАТТАНУ 
 
Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар
(барлық мамандықтарға арналған) 
Алматы 2019 
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ



ҚҰРАСТЫРУШЫ: Байдильдина С.Х., Сарсекеев М.М. Әлеуметтік-саяси 
ілімдер модулі: Саясаттану. Семинар сабақтарына арналған әдістемелік 
нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған). – Алматы: АЭжБУ, 2019. – 40 б.
Ұсынылған 
әдістемелік 
басылымға 
семинар 
сабақтарының
жоспарлары, ұсынылған әдебиеттер тізімі, әр семинарға арналған әдістемелік 
нұсқаулар мен СӨЖ тапсырмалары енгізілді. 
Пікір беруші: т.ғ.к., профессор Орынбекова Д.С. 
 
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық 
емес акционерлік қоғамының 2019 ж. баспа жоспары бойынша басылады. 
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2019 ж. 
 
 


Алғы сөз 
Семинар сабақтары оқытудың белсенді формаларының бірі болып 
табылады, яғни студенттер оқытушының жетекшілігімен оқу пәнінің 
материалдарын өз бетінше оқып-үйреніп, пәннің мазмұнын терең 
меңгергендігін көрсетеді. Семинар сабақтарында студенттер теориялық 
сабақтар мен өз бетінше дайындалу кезінде алған білімінің шынайылығын 
тексеруге мүмкіндік алады. Семинардың әрбір тақырыбы дәрістердің 
теориялық материалдарын қайталамай, керісінше, оларды толықтырып 
отыратын үш сұрақтан тұрады. 
«Саясаттану» оқу пәні бойынша семинар сабақтарының мақсаты - 
студенттердің саясатты қоғамдық құбылыс ретінде қабылдау түсінігін 
қалыптастыру, оның қазіргі қоғамдағы орны, рөлі мен маңызын айқындап, 
бүгінгі әлемде болып жатқан саяси үдерістерді өз бетінше зерделеу шеберлігі 
мен дағдыларын үйрету болып табылады.
Семинар сабақтары бойынша берілген тапсырмаларды орындау 
барысында студенттен қарастырылатын сұрақтарды жете зерттеп дайындап,
мұқият талдау талап етіледі. Оқу барысында оқытушы тарапынан студенттің 
сабаққа өз бетінше қалай дайындалғандығы тікелей бақылауға алынып, өтілген 
оқу материалдары бойынша білімі бағаланады. Сондықтан студенттердің 
семинар сабақтарына толыққанды дайын болуы, ұсынылған әдебиеттер тізіміне 
енгізілген материалдар мен дереккөздерін неғұрлым кеңінен пайдаланып, өз 
бетінше оқып-үйренуіне күш салуы талап етіледі. Студент семинардың барлық 
сұрақтарына міндетті түрде дайындалуы тиіс. Семинар сұрақтарына жауап беру 
ғана емес, сонымен қатар оқытушы немесе басқа да студенттер тарапынан 
қойылуы мүмкін қосымша сұрақтарға жауап беру, пікір-талас туғызатын 
мәселелерде өз ойын жеткізе білу, пікір айту сияқты мәселелер студент еңбегін 
бағалау барысында міндетті түрде ескеріледі.
Семинар сабағына дайындық барысында студент семинар жұмыстарына 
арналған тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік кеңестермен мұқият 
танысып шығуы қажет. Мұнда семинарда талқыланатын барлық негізгі 
мәселелер көрініс тауып, оқу материалдарын толыққанды игеру үшін қажетті 
негізгі ережелер мен тұжырымдамалық тәсілдер белгіленген. Семинарда 
қарастырылатын сұрақтардың мазмұны мен басты мәселелерін толығымен 
жан-жақты ашуға мүмкіндік беру үшін студенттерден семинар тапсырмаларын 
жазбаша түрде орындауы талап етіледі. Студенттерге ұсынылған ғылыми 
әдебиеттерді мұқият оқып қарау, талқылауға ұсынылған мәселелердің мәнін 
ашып зерделеуге қажетті қолдау мен көмек құралы болатыны сөзсіз. Жазбаша 
жұмыстың формасы: үзінділер, аннотациялар, тезистер, жазбалар сияқты 
әртүрлі болуы мүмкін екенідігін ескеру керек.


Семинарда студент мүмкіндігінше сабақта қарастырылатын сұрақтарды 
ашып көрсетуі керек және практикалық сабаққа алдын-ала жазылып 
дайындалған өз жазбаларын еркін пайдалануға кеңес беріледі. 
Семинар барысында басқа да студенттер тарапынан талқыланатын мәселе 
бойынша толықтыратын, нақтылайтын сұрақтар қойылуы әбден мүмкін, сұрақ-
жауап кезінде жан-жақты пікір таласқа ұласып балама көзқарастар көрініс алуы 
да мүмкін.
Бұл семинар сабақтарында шығармашылық атмосфераның туындауына 
ықпал ететін қалыпты құбылыс екенін түсіну қажет, соның нәтижесінде
студент оқу материалдарын тиісті деңгейде жақсы меңгереді. 
Сонымен студент еңбегін бағалау барысында мына өлшемдер ескеріледі: 
біріншіден, студент өз жазбаларын пайдалана отырып, материалды еркін 
жеткізе білуі керек, нақты автор мен оның жұмысына сілтеме жасай отырып 
ғылыми дәлелдерді беруі тиіс. Екіншіден, оқытушы студенттің семинар 
сабағына арналған дәптерін тексеріп, тақырып бойынша құрылған үш сұрақтың 
жауабының болуына, тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдалану 
деңгейіне көз жеткізеді. Үшіншіден, семинар сабақтарына дайындық 
барысында орындалуы тиіс шарттарды толық орындаған, пікір-талас 
барысында белсенділік танытқан студент жоғары бағаға үміткер бола алады. 
Жалпы алғанда «Саясаттану» пәні бойынша 15 семинар сабағы 
қарастырылған, оның қорытындысы бойынша студент соңында оң нәтижелі 
баға 
алуы 
керек. 
Семинарды 
себепсіз 
өткізіп 
алған 
немесе 
«қанағаттанарлықсыз» деген баға алған студенттер міндетті түрде СОӨЖ 
белгіленген күндері жұмыстарын өтейді. Дәріс сабақтарына толық қатысқан, 
барлық 15 семинар сабақтарынан оң нәтижелі бағалары бар және емтихан 
алдында сабақтың толық жазбасын көрсеткен, 2 ағымдық бақылауды 
тапсырған, 2 семестрлік жұмысты сапалы әрі уақытында орындаған студенттер 
ғана «Саясаттану» курсы бойынша емтиханға қатысуға толық мүмкіндік алады. 
«Саясаттану» пәні бойынша қорытынды баға рейтинг бағасының 60% -ы 
және пән бойынша емтихан бағасының 40%-ы негізінде белгіленеді. 
Семинар сабағын ұйымдастыру формасын таңдау құқығы (дискуссия, 
«дөңгелек үстел» әдісі, «шағын топтық» әдіс, іскерлік-ойын, «ми шабуылы») 
оқытушының құзырында, сондай-ақ, оқу тобының белсенділігі, білім деңгейі 
мен дайындық дәрежесіне де байланысты.
Ұсынылған әдістемелік басылымға семинар сабақтарының жоспарлары, 
ұсынылған әдебиеттер тізімі, әр семинарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен 
СӨЖ тапсырмалары енгізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет