Сыр – Анам, Қаратау – Панам! 11 Наурыз сенбі 2017 жыл


жыл Жандарбек МӘЛІБЕКОВКЕ – 75 жас Мемлекеттік нышандар қай кез-



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата31.03.2017
өлшемі12,87 Mb.
#10734
1   2   3   4

2017 жыл

Жандарбек МӘЛІБЕКОВКЕ – 75 жас



Мемлекеттік нышандар қай кез-

де де елдік саясаттың құрамдас бөлігі 

ретінде үнемі назарда тұрады. Елдің 

елдігін, мемлекеттің мәртебесін көтеретін 

бұл рәміздер халықтың рухы мен ай-

бынын ғана білдіріп қоймайды. Олар 

мемлекеттің әлемдік өркениет көшіндегі 

орны мен деңгейін айқындайды. Иә, 

Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба 

– тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың 

асқақ арманы мен асыл мұраты. Әрине, 

рәміздерді біліп, көңілге түйгеннен 

бөлек, сол нышандардың авторлары-

на құремітіміз қашанда биік болуы ке-

рек. Осы тұста, көпшілік қауым күнделікті 

өмірде Елтаңбаның бейнесін көріп, оның 

авторын жазбаша түрде танығанымен 

өмір жолындағы жеткен жетістіктері 

мен елге еткен елеулі еңбегін білмеуі 

мүмкін. Сондықтанда ойлана келе, 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

Елтаңбасының авторы Жандарбек 

Мәлібеков ағамыз жайлы аз-кем мағұлмат 

ұсынуды жөн көрдім. Өйткені, биыл ел 

ағасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі 

қарсаңында 75 жасқа толады. Осы 

мерейлі мерейтой аясында ғұмырбаянын 

өскелең ұрпаққа өнеге болсын деген ни-

етте насихаттасақ. 

Жандарбек  Мәлібеков  1942  жылы  24  на-

урызда  ауданға  қарасты  Екпінді  ауылында 

теміржолшы отбасында дүниеге келген. Балалық 

шағы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі қиын-

қыстау кезеңге келгені ол үшін  оңай болмағаны 

белгілі. Анасынан ерте айырылып, әкесінің және 

ауылдағы үлкен азаматтардың тәрбиесін көрген 

бала Жандарбек 1949 жылы Екпінді ауылындағы 

«Шпал  мектеп»  деп  аталатын  білім  ошағының 

табалдырығын  аттайды.  Соғыстан  кейінгі  жыл-

дары  мектептердің  көпшілігі  7  жылдық  болып 

келгенін  ескерсек,  «Шпал  мектептің»  тозығы 

жетіп,  бала  Жандарбек  оқып  жүргенде  мек-

теп бұзылады. Содан 4-класты №166 7 жылдық 

мектебінде білімін жалғастырады. Айта кететіні, 

«Детдом  мектеп»  деп  аталу  себебі  соғыс  жыл-

дары  Ресейдің  ішкі  аймақтарынан келген  жетім 

балалар  оқығандықтан  сол  атау  қалыптасып 

кеткен  көрінеді.  Бұл  мектепте    оқыған  кез-

де  де  сол  кездің  қиыншылықтарына  байланы-

сты сабақ барысы да оңай болмаған. Аталған 7 

жылдық мектепті 1956 жылы бітіріп, қалған кла-

сты аудан орталығына барып оқуға тура келеді. 

Яғни, Жаңақорғандағы  малшы, теміржолшы бо-

лып  жұмыс  істейтін  жұмысшылардың  балалары 

оқитын мектеп интернатта оқуын жалғастырады.  

Алайда 9-класты оқып жүргенінде, 1958 жылдың 

көктемінде  Сырдария  өзені    мінез  көрсетіп 

қонысты  су  алып,  Жаңақорған  мен  Төменарық 

станциялары  арасындағы  Жайылма,  Бөрітескен 

разьездерін  су  шайып,  тесік  көпірлер  арқылы 

тау беткейіне дейін жайылған екен. Ал, білім алу 

уақыт күтпейтін мәселе екені белгілі жайт.

Осы  кезеңдерде  мемлекетте  балалардың 

білім алуына баса назар аударып, ауылдық жер-

лерден  де  интернат  ашып,  оқытуға  көп  көңіл 

бөліп, сәтін салғанда сондай интернаттың біреуі 

Төменарықта  да  ашылған.  Содан  кейін  Жан-

дарбек  аға  поезбен  Төменарық  ауылына  келіп 

сол  интернатқа  орналасып,  №53  қазақ  орта 

мектебінде  9-10  сыныпты  оқиды.  Осы  №53 

орта  мектепте  оқып  жүргенінде  І.Құдияров, 

С.Орынбаев 

секілді 

білікті 


ұстаздардан 

білім  нәрімен  сусындап  1959  жылы  мектепті 

тәмамдайды.

Сол  жылы  Қызылорда  қаласында  тұратын 

Құдайберген  есімді  ағасына  барып,  Ташкентке 

оқуға  барғысы  келетінін  жеткізеді.  Осылайша, 

Қызылордада екі күн аялдап, Ташкент бағытына 

жүретін поезға билет алып, бұрын табаны тиме-

ген  бейтаныс  шаҺарға  жол  тартады.  Отарбада 

өзі секілді жас жігіттермен танысып, әңгімелесіп 

Ташкент  қаласына  жетеді.  Бәрінің  күтіп  алар 

ағасы  бар,  жігіт  Жандарбек  соларға  ілесіп  бір 

өзбектің  үйіне  келіп  түседі.  Қасындағы  жігіттің 

ағасына Сурет училищесіне түскісі келетінін ай-

тады. Әлгі жігіт аталған оқу орнын тауып барса, 

емтихан  бітіп,  жатақханадағы  орындар    беріліп 

қойған  екен.  Ешкімі  жоқ  алып  шаһарда  Жан-

дарбек ағаны Сурет училищесіне  қызықтырған 

себебі, онда жатақхана берілетіндігінде еді. Со-

дан  әлгі  жігіт  кетерінде:  «Егер  түскің  келсе, 

біздің политехникалық институтта құрылыс – ар-

хитектура    факультеті  бар,  сурет  салуға  құмар 

болсаң құжатыңды соған тапсыруға болады» деп 

ақыл  кеңесін  айтып  кетеді.  Содан    Жандарбек 

Мәлібекұлы Жаратқан Алла жар болып, Ташкент 

политехникалық  институтынына  оқуға  түседі. 

Біліуімізше, ол оқу орнында білім алу  оңай ша-

руа  болмаған  десе-ді.  Себебі  сол  кездің  тәртібі 

бойынша студенттерді  күндіз  құрылыс  алаңына 

апарып  жұмыс  істетсе,  кешкісін  жетіден  кейін 

ғана  институт  партасына  отырған.  Төртінші 

курста  оқып  жүрген  шағында  алыстағы  Украи-

на мемлекетіне жол тартады. Ел астанасы Киев 

қаласында  тәжірибеден  өтеді.  Туған  жерге  де-

ген сағынышы артқан Жандарбек оқуын бітіріп, 

диплом алғаннан кейін Алматыға кетпек ойы бо-

лады. Бірақ ала шапанды ағайын «үш жыл осын-

да жұмыс істейсің, содан кейін қалаған жағына 

бара бересін. Яғни, босатамыз» деп шарт қояды. 

Міне, осындай себептермен Өзбекстанда қалып, 

абыройлы қызмет атқарады. Яғни, Өзбекстанның 

Ташкент,  Наманган,  Нүкіс  секілді  қалаларының 

архитектуралық  дамуына  үлкен  үлес  қосып, 

өз  қолтаңбасын  қалдырды.  Ол  қырық  жылға 

жуық 

Өзбектсан 



Республикасы 

ғылыми-


инженерлік  қала  құрылысын  жобалау  институ-

тында  сәулетші,  бас  сәулетші  болып  еңбек  ет-

кен.  Қазақстан  және  Өзбекстан  Сәулетшілер 

одағының  мүшесі,  Өзбекстанның  еңбек  сіңірген 

сәулетшісі.  1985-1990  жылдары  Кеңес  Одағы 

бойынша  өткізілген  бірнеше  архитектуралық 

байқаулардың  жеңімпазы.  Ташкенттегі  ме-

троны  салу  құрылысына  қатысып,  II-дәрежелі 

сыйлықтың иегері атанған.

Осы тұста, Қазақстан өз Тәуелсіздігін алып, 

1991  жылы  Ел  Президенті  Н.Назарбаевтың 

Жарлығымен 

Мемлекеттік 

рәміздерге 

халықаралық  байқау  жарияланады.  Жат  елде 

жүрсе де елдегі оқиғаларға құлағы түрік жүретін 

Жандарбек  аға  байқау  жайлы  хабардар  бола-

ды.  Тезарада  жоспарлы  жұмыстарын  жиысты-

рып,  Елтаңба  жасауға  кіріседі.  Не  керек,  1992 

жылдың  27  наурызында  байқауға  арналған 

Елтаңба жобасын Жоғарғы Кеңестің бәйге мате-

риалдарын  қабылдау  бөліміне  тапсырады.  Жо-

баны қабылдап алған қыздар Байқау журналы-

на тіркеп, Ж.Мәлібековке №173 тіркеу қағазын 

береді. Кейіннен белгілі болғандай Мемлекеттік 

елтаңба  үшін  293  жұмыс  түсіп,  соның  ішінде 

үздік  деген  алтауы  іріктеліп  алынады.  Мұнда 

Мәлібековтіңде жобасы бар болатын. 1992 жылы 

4-маусымда Жоғарғы Кеңес депутаттары 237 да-

уыспен  Елтаңбаның  жобасын  қабылдады.  Осы 

тұста  Жандарбек  аға  былай  еске  алады:  «Бұл 

сәттегі менің қуанышымды сөзбен айтып жеткізу 

мүмкін  емес...  Менің  басшылығыммен  жасалған 

нұсқа  қабылданды.  Енді  көп  ұзамай  Қазақстан 

азаматтығын  аламын.  Осында  түбегейлі  көшіп 

келіп қалған өмірімді алаңсыз өз еліме арнаймын 

– деген ой басыма келді» – дейді. (Ә.Әбіласан. 

Сығанақтан шыққан сәулетші, Астана, 2008 жыл. 

Сапа баспасы) Содан жоғарғы кеңестің ХІІ сес-

сиясында  конкурстық  сұрыптаулар  арқылы 

іріктелген бірнеше үлгі талқыланып, нәтижесінде 

Ш.Ниязбеков  пен  Ж.Мәлібековтың  жұмыстары 

қабылданып,  ту  авторы  Ш.Ниязбеков,  Елтаңба 

авторы Ж.Мәлібеков болды.  Араға екі күн салып, 

6-маусым күні Абай атындағы Опера және балет 

театрында  мемлекеттік  рәміздердің  тұсаукесері 

өткізіліп,  Жандарбек  Мәлібековке  ресми  түрде 

Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік 

Елтаңбасының авторы деген Президенттің қолы 

қойылған  «Биік  мәртебелі  куәлік»  табыстала-

ды.  Осылайша,  300-ге  жуық  жобаның  ішінен 

жасаған жұмысы оза шауып, байқаудағы еңбегі 

Елбасы назарына ілініп, Жандарбек ағаның есімі 

Елтаңба авторы ретінде тарихқа алтын әріппен 

жазылды.

Иә, түйіндей айтқанда, бүгінде егемен елдің 

Мемлекеттік  Елтаңбасы  Елбасының  жұмыс 

орны  Ақордадан  бастап,  барлық  мемлекеттік 

мекемелердің 

маңдайшасына, 

сондай-ақ 

еліміздің  шет  елдегі  елшілік  үйінің  төрінде 

жарқырап  ілініп  тұр.  Бұл  біздер  үшінде  үлкен 

мәртебе. Мемлекеттік рәміздерге деген һәм ав-

торына құрметіміз қашанда биік... 

                        Расул ӘДІЛБЕКОВ,

                                Төменарық ауылы.

–  Сығанақ  шаһары  –  Ақ  Орданың 

бас  қаласы,  Қазақ  хандығының  елор-

дасы болған. Яғни, елдіктің асқақ рухы 

асқақтайтын  Ұлы  Даланың  орталығы, 

өркениеттің өзегі іспеттес қала деуге бо-

лады. Осы кие қонған жердің топырағы 

бойға 


елшілдік, 

намысшылдық, 

отаншылдық  қасиеттерін  дарытты, 

–  деп  бастады  әңгімесін  Жандарбек 

Мәлібекұлы.

–  Елтаңбаның  идеясы  қайдан 

келді? 

–  Елтаңбаға  байқау  жариялаған 

күннен-ақ  ізденіске  түстім.  Алдымен 

қазақтың  тарихын  зерделедім,  салт-

әдстүрі  мен  әдет-ғұрпын  зерттедім. 

Халықтың  басты  ерекшелігіне  на-

зар  аудардым.  Сосын  Елтаңбаны  жа-

сау  барысында  «Қазақ  халқы  несімен 



СЕНБІЛІК СҰХБАТ

ЕЛТАҢБА – 

ерекшеленеді?  Біздің  халқымыз  үшін  не  нәрсе 

құнды?»  деген  сұрақтың  жауабын  Елтаңбада  

жауап  іздедім.  Осы  сұраққа  тапқан  жауабым-

ды  бейнелегім  келді.  Бұл  ізденісімнің  жауа-

бын «керегең кең, босағаң берік болсын» деген 

ұлағатты  сөзден  таптым.  Сондықтан  Елтаңба 

жобасын жасағанда киіз үйді негізге алдым. 



– Неге киіз үйді басты нысан еттіңіз?

–  Жалпы,  киiз  үй  осыдан  2500  жыл  бұрын 

пайда болыпты. Сол заманнан қазақ даласында 

өмір кешкен түркі халықтары (қазақтың байырғы 

ата-бабалары)  өзiнiң  тұрмыс-тiршiлiгiн,  салт-

санасын  осы  үймен  байланыстыра  өмір  сүрді. 

Киiз үй – қазақ үшiн баспана ғана емес, үлкен 

философиялық нысан. Терең дүниетанымдық 

көрсеткiш.  Оның  iшкi  құрылысы,  сыртқы 

көрiнiсi,  пропорциясы,  оны  кеңiстiкке 

орналастыру  әдiсi...  –  бәрi  де,  расын-

да,  терең  философияның  жемiсi.  Бұл 

тұрғысында  киiз  үй  –  шын  мәнiнде  әлi 

де  зерттелмей  келе  жатқан  тақырып. 

Мысалы,  оның  кейбiр  өлшемдерi 

жұлдызнамаларға 

сәйкестендiрiп 

жасалған  деген  мағлұмат  бар.  Тiптi 

үйдiң  орналастырылуы  күннiң  шығысы 

мен  батысын  айқындап,  кiсiге  бағыт 

көрсететiндей тәртiппен жасалады. Де-

мек,  киiз  үй  –  әншейiн  баспана  емес, 

бүкiл  қазақ  халқының  болмыс-бiтiмiн, 

салт-санасын  көрсететiн  фактор.  Қазақтың 

«шаңырағың  биiк  болсын,  керегең  кең  болсын, 

босағаң  берiк  болсын»  деп  тiлек  айтатыны  – 

соның белгiсi.

–  Елтаңбадағы  өзге  компонеттер  жай-

лы не дейсіз?

–  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

Елтаңбасы  дөңгелек  нысанды.  Бұл  –  Ұлы  дала 

көшпенділері  айрықша  қастер  тұтқан  өмір  мен 

мәңгіліктің  символы.  Елтаңбаның  орталық 

геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы 

шаңырақ  (киіз  үйдің  жоғарғы  күмбез  тәрізді 

бөлігі)  бейнесі.  Шаңырақты  айнала  күн  сәулесі 

секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың 

оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты 

пырақтар  бейнесі  орналастырылған.  Жоғарғы 

бөлігінде  –  көлемді  бес  бұрышты  жұлдыз,  ал 

төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. 

Сақ  дәуірі  заманындағы  жануар  стиль 

бейнесіндегі.  қанатты  тұлпарлар  Елтаңбадағы 

өзекті геральдикалық элемент болып саналады. 

Бағзы  замандағы  тұлпар  бейнесі  батылдықты, 

сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың 

қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты 

және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар 

бойғы тілегін аңғартады. Өткен ғасырларда мүйіз 

көшпенділердің  табынушылық  ғұрыптарында, 

сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орна-

ту үшін белсенді пайдаланылған. 

Елтаңбадағы тағы бір деталь – бес бұрышты 

жұлдыз.  Бұл  символды  адамзат  ежелгі  заман-

нан  бері  пайдаланып  келеді,  ол  адамдардың 

ақиқат  сәулесіне,  барлық  игі  аңсарларға 

және  мәңгілік  құндылықтарға  деген  ұдайы 

ұмтылысын  білдіреді.  Елтаңбада  жұлдыздың 

бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық 

халықтарымен  ынтымақтастық  пен  серіктестік 

орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын та-

нытады. 


–  Жандарбек  Мәлібекұлы,  енді  өзіңіз 

жайлы  аз-кем  тоқтала  кетсек.  Сіз  үшін 

ыстық,  өмірлік  жолыңызға  бағыт  берген, 

естен кетпейтін әкелік ақыл...

–  Біреулер  күнін  көріп  жүр,  балғамен  төсін 

ұрмалап, 

Біреулер  күнін  көріп  жүр,  тырмамен  жерін 

тырмалап, 

Біреулер күнін көріп жүр, қызыл тілін сырма-

лап. 

Әкемнің  осы  үш  ауыз  сөзіне  өмірдің  бар 



құндылығы сыйып кететіндей. Осы үш ауыз сөзі 

өмірлік жолыма бағыт берді.  



–  Намысшылдық  –  адамды  биікке 

жетелейтін қасиет емес пе?

– Иә, намыс адамды биікке жетелейтін асыл 

қасиет. Елтаңбаның өзі намыстан туындаған ту-

ынды.  ХХ  ғасырда  «қазақ  мәдениетсіз»  деген 

сөзді жиі-жиі еститінбіз. Осындай негіссіз сөздер 

ұлттық тарихты терең зерделеуге, ұлттық әдет-

ғұрып  пен  салт-сананың  философилық  мәнін 

дәлелдеуге күш салуға негіз болды...  



–  Есейіп,  ой  тоқтатқан  кезім  деп 

өміріңіздің қай кезін айта аласыз?

–  Біз  соғыс  жылдары  ес  жиғандықтан 

қиындықты  аз  көрмедік.  Оның  үстіне,  көненің 

көзін  көрген  қариялардың  әңгімесін  көңілге 

тоқып, зердеге құйып өскендіктен өмірге балалық 

шақтан  бейімделдік.  Жалпы,  ақыл  тоқтатқан 

уақыт – 17-18 жасым деуге болады. Себебі, осы 

жасымда оқудан болашағымды іздеп, Ташкентке 

жол тарттым. Сол кезде білім алғанның келешегі 

кемел болтанын пайымдай білдім.  



–  Мың  жылда  бір  келетін  тұлғалар 

қайталанбайтын  туындыларды  дүниеге 

алып  келеді.  Жалпы,  сіздің  ішкі  жан 

дүниеңізбен  жақын,  қайта-қайта  оқыған 

әдиет бар ма?

–  Мұхтар  Әуезовтың  «Абай  жолын»  үш 

рет  оқып  шықтым.  Әр  оқыған  сайын  Хакім 

Абайдың  жаңа  қырларын  таныдым,  қазақтың 

салт-дәстүріне  қаныға  түстім.  Жалпы,  жұмыс 

үстелімде  Абайдың,  Шәкәрімнің  туынды-

лары  түспейді.  Қазақтың  ойшылдарының 

еңбектерін  оқыған  сайын  рухани  кемелдене 

түсемін. Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, 

Сәкен  Сейфуллин,  Ғабит  Мүсіремов,  Ғабидин 

Мұстафин,  Сәбит  Мұқановтың  туындылары 

қазақ әдебиеті қорында алатын орны өлшеусіз. 

Олардың еңбектерімен сусындап өстік ғой! 

– Зиялылықты қалай түсінесіз?

– Академик Манаш Қозыбаев: «Зиялылар – 

ұлттың  сарқылмас  қоры,  ұлттың  тірегі,  рухани 

білегі, ұлттың бір қанаты, әлем таныр санаты», 

деп  анықтама  беріпті.  Яғни,  зиялыны  –  рухы 

биік,  айналысына  әр  қырынан  сәулесін  шаша-

тын,  қоғамға  мәдени,  рухани  ықпал  жасайтын 

білімді, мәдениетті тұлға ретінде танимын. 



– Соңғы сауал. Еркіндік пен елдік – егіз 

ұғым. Солай емес пе? 

–  Әрине,  адам  өмірінің  ең  өзекті  мәні  – 

еркіндігі.  Мемлекет  өмірінің  ең  өзекті  мәні  – 

тәуелсіздігі.  Адам  адам  болғалы  еркіндік  үшін 

өмір  сүріп,  еңбек  етіп,  күресіп,  тіресіп  келеді. 

Адамзат  қоғамы  өркениетке  аяқ  басқалы  бері 

халық  атаулының  барлығы  жеке  мемлекет 

құруға, дербес ел болып тұруға ұмтылып келеді. 

Ендеше,  еркіндіктен  елдікті  егіз  ұғым  деп 

пайымдауға болады.



– Сұхбатыңызға рақмет!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

ЕЛДІК САНАНЫ ЕЛТАҢБАМЕН 

ӨЛШЕП, МЕМЛЕКЕТШІЛДІК РУХТЫҢ 

АСҚАҚТАУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП, 

ПАТРИОТИЗМНІҢ АСҚАҚ РУХЫН ТА-

НЫТЫП ЖҮРГЕН ЖАНДАРБЕК 

МӘЛІБЕКОВ ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР 

ТҰЛҒАСЫ. СЫҒАНАҚ ШАҺАРЫНЫҢ 

ТОПЫРАҒЫНАН НӘР АЛҒАН ТҰЛҒАНЫ 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОСЫЛАЙ 

ӘСПЕТТЕЙДІ ҺӘМ ҚҰРМЕТТЕЙДІ. 

БИЫЛ АЛАШ ЖҰРТЫ ҚАДІРЛЕЙТІН 

ӘЙГІЛІ ЖЕРЛЕС 75 ЖАСТЫҢ АСҚАРЫНА 

ШЫҒАДЫ. МЕЙРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА 

КӨҢІЛІНЕ ТҮЙГЕН ОЙ-ПІКІРЛЕРІ МЕН 

ӨМІРЛІК КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖАЙЛЫ БІЛГЕН 

ЕДІК. 

НАМЫСТАН ТУЫНДАҒАН ТУЫНДЫ



– 2017 жылғы ҰБТ-ның жаңа форматының мән-мақсаты 

және ерекшеліктері туралы тоқталсақ.

–  Жалпы,  ҰБТ  -  шәкірт  білімін  шынайы  бағалаудың  барынша 

тиімді,  барынша  жетілдірілген  тәсілі.  Осы  бағытта  биыл  бекітіліп 

отырған  бағдарламаның  жаңа  форматы  шәкірттің  11  жыл  алған 

білім  деңгейімен  қоса  айнала  дүниені  тану,  бейім-қабілеті,  ой-өріс 

көкжиегі, тұлғаның танымын да айқындауға, сайып келгенде келе-

шек жастардың өмірден өз орнын табуына тиянақты негіз қалайды 

деп есептеймін.

ҰБТ-ның жаңа форматының басты ерекшелігі – екіге бөлінуінде: 

қорытынды  аттестация  және  ҰБТ.  Қорытынды  аттестация  мектеп 

түлектеріне, ал, ҰБТ жоғары оқу орнына түсушілерге арналған. 

Қорытынды  аттестаттауды  мектеп  түлектерінің  барлығы  тапсы-

рады. Ол 5 пәннен тұрады. Төртеуі міндетті, біреуі таңдау пәні. Атап 

айтсақ: ана тілі және әдебиет – эссе ( жазбаша), алгебра және анализ 

бастамалары - жазбаша, Қазақстан тарихы - ауызша, билеттерге жа-

уап беру арқылы, орыс мектебінде – қазақ тілінен, қазақ мектебінде 

–  орыс  тілінен  тестілеу  түрінде.  Таңдау  пәндеріне:  физика,  химия, 

биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, инфор-

матика, шет тілінен – тестілеу түрінде сынақтан өтеді. 

Мектеп бітіру емтихандарының бәрі түлектердің өз мектептерінде 

өтеді.  Қорытынды  аттестаттаудың  материалдарын  ҚР  Білім  және 

ғылым министрлігі жасап, оны Ұлттық тестілеу орталығы облыстық 

білім басқармаларына жеткізеді.

Ауызша,  жазбаша  емтихандарды  мектептердегі  емтихан  комис-

сиялары бағалайды. Тестілеудің жауап парақшасындағы дұрыс жау-

аптар кодын да аталған комиссия тексереді. Мерзімі шамамен 29 ма-

мыр мен 9 маусым деп жоспарланып отыр. 

ҰБТ-ның  жаңа  форматы  5  пәннен  тұрады  (3  міндетті  пән  және 

таңдалған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән): математикалық 

сауаттылық-20тапсырма, оқу сауаттылығы- 20 тапсырма, Қазақстан 

тарихы-20 тапсырма, 2 бейіндік пән - 30 тапсырма. Оқу сауаттылығы 

мәтіндермен жұмыс жасай білу қабілеттерін тексереді. Математикалық 

сауаттылық  оқушылардың  игерген  білімдерін  өмірлік  жағдайларда 

қолдана білу деңгейін, талдай білу қабілеттерін анықтайды.

«Алтын белгі» иелері, ғылыми жобалардың, республикалық және 

халықаралық  олимпиадалардың  жүлдегерлері  мен  жеңімпаздары 

ҰБТ-ны  жалпыға  ортақ  тәртіпте  тапсырады.  Олардың  бұл 

артықшылықтары  тек  қатардағы  талапкермен  баллдары  бірдей 

болғанда ғана ескеріледі. 

–  Ұлттық  біріңғай  тестілеудің  деңгейлі  санаттар  бойын-

ша қабылданған қағидалары, өту орны, мерзімі, шекті балл 

көлемі жөнінде таратып айтсақ... 

– Орта мектеп түлектері ҰБТ өткізу пунктерінде сынақ тапсырады. 

Өткізу мерзімі шамамен 20 маусым - 1 шілде, бөлінген уақыт 3 сағат 

50 минут. Ең жоғары балл: 140. Ұлттық мәртебесі бар жоғары оқу 

орындарына түсу үшін – 65 балл, ал, «Білім», «Ауыл шаруашылығы 

ғылымы»  және  «Мал  дәрігерлігі»  топтарындағы  мамандықтар  бой-

ынша – 60 балл, ал өзге жоғары оқу орындары бойынша – 50 балл, 

сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – 65 балл.



ҰБТ:

жаңа формат

жаңа сапаға

БАҒЫТТАЛҒАН

Мектептерді  бұрынғы  жылдары  бітіргендер  мен  жалпыға  бірдей  негізде 

түсетін колледж түлектері кешенді тестілеуден базалық ЖОО-да өтеді. Өткізу 

мерзімі  шамамен  17  шілде  -23  шілдеде.  Бөлінген  уақыт  3  сағат  30  минут.  Ең 

жоғары  балл:  140.  Ұлттық  мәртебесі  бар  жоғары  оқу  орындарына  түсу  үшін 

– 65 балл, ал «Білім», «Ауыл шаруашылығы ғылымы» және «Мал дәрігерлігі» 

топтарындағы мамандықтар бойынша – 60 балл, ал өзге жоғары оқу орында-

ры бойынша- 50 балл, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – 65 

балл.

Қысқартылған  оқу  түрі  бойынша  ұқсас  мамандықтарға  түсуге  ниетті 



техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ( колледждердің) түлектері 

үшін: Талапкерлер кешенді тестілеуден базалық ЖОО-да өтеді, өткізу мерзімі 

17 шілде - 23 шілде, бөлінген уақыт 1 сағат 40 минут. Тестілеу пәндері: жал-

пы бейінді пәннен 20 тапсырма және бір бейінді пәннен 40 тапсырма (бір және 

бірнеше дұрыс жауабы бар). Жоғары балл 70, шекті деңгей 35 балл.

–  Аудан  мектептерінде  ҰБТ-ға  дайындық  барысы  жөнінде  не  ай-

тасыз?

–  Биыл  мектеп  бітіруші  849  оқушының  587-і  ҰБТ-ға  қатысады  деп  жо-

спарлануда.  Талапкерлер  аудандық  «Тау  самалы»  тынығу  лагері  базасында 

оқу жылы басынан 720 оқушы 10 күннен 9 ауысымда негізгі пәндер бойынша 

дайындықтан өтті. Оқу жылының аяғына дейін әлі де 6 ауысымда 420 оқушыны 

дайындықтан  өткізу  жоспарлануда.  Бұл  бағытта  39  120,0  мың  теңге  қаржы 

қаралған.  Дайындық жұмыстарын аудандағы жоғарғы санатты білікті мамандар 

жүргізуде. Тест кітапшаларының 150 нұсқасы алынды, тағы 4696 дана кітапша 

алынғалы отыр. Бұған 3345,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. 

Өңірімізге  ҚазҰУ-дан  білікті  ұстаздар,  ғылым  докторлары  О.Хасенқызы, 

А.Бекмырза, 

Г.Шалқарқызы, 

аға 

оқытушылар-ғылым 



кандидаттары  

Л.Оразбекова,  Б.  Үршеева,  А.Бекмұхамедов,  А.Түсіпбековалар  арнайы  келіп, 

ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша 72 сағаттық курстар өтті. Жаңа форматпен 

мектептер 1641 рет онлайн тест тапсырды. 

«Достық» білім беру орталығына ауданнан 60 оқушы қосымша сабақтарға 

қатысты, репититорлық бағытта Алматы, Қызылорда қаласынан білікті маман-

дар шақырылып, қосымша сабақтарға 120 бала қамтылды. 

– Жаңа форматтың құндылығы неде деп ойлайсың?

–  Адами  капиталдың  сапасына  бағытталуында.  Бұл  тапсырма  кешегі 

халыққа  жарияланған  Елбасы  жолдауында  да  айрықша  айтылды.  Ол,  сайып 

келгенде еліміздің дамуы мен гүлденуі жолындағы жарқын жолымыздағы басты 

күшіміз  бен  қуатымызды  айқындайды.  Өйткені  елдің  ертеңі-  сапалы  біліммен 

қаруланған саналы ұрпақтың қолында. 



(Жалғасы. Басы 1-бетте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет