Сызу түрлері және сызықтар сызу әдістері



Дата17.12.2022
өлшемі33,81 Kb.
#57855
Байланысты:
Эссе


Сызу түрлері және сызықтар сызу әдістері.
Сызу - сызбаны, ықшамсызба, графикті т.т. жасаудың, сызудың әдісі мен ережесін анықтап белгiлейтiн қолданбалы техникалық пән. Кейбір шартты белгiлердi, ерекше ережелер мен белгiлi бiр масштабты сақтай отырып белгiлi бiр аспаптардың көмегiмен, кейде қолмен сызба салу. Сызудың мынадай негiзгi түрлерi бар: проекциялық сызу (кеңістіктегі денелердi бейнелеу), арнаулы сызу (машина жасауда, құрылыста, картографияда, т.б. қолданылады) және геометриялык сызу (геометриялык салу есептерiн графиктік жолмен шешу үшін қолданылады). Нүкте кескіндерінің орнын анықтау теңдеулері бойынша алынатын заттарды бейнелеу, т.б. үшiн тiк бұрышты не полярлык координаттар пайдаланылады. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы бейнесiнiң теориялык негiзi сызба геометрия болып табылады. Техникалық сызудағы нәрселерді бейнелеудің басты тәсілі - кескіндерді өзара перпендикуляр жазықтықтарға тік бұрыштап проекциялау. Техникалық сызуға сызба, сипаттізім, сұлба, т.б. жатады. Сызбада бұйымдарды жасап шығару немесе құрастыру үшін керек ақпарат түгелдей келтiрiледi, яғни мұнда бұйымның кескiндерi берiледi. Кескіндерді керiнiстер, тiлiктер және қималар деп ажыратады. Керiнiс нәрсенiң көрiнетiн (алдынан, үстiнен және сол жағынан) бетiнiң проекциясы, ал қима мен тiлiк бұйымды бiр немесе бiрнеше жазықтықпен қиғанда шығатын шартты кескiндер. Қимада бұйымнын қиюшы жазықтықпен ортақ бөлiгi ғана кескінделсе, тiлiкте қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы белiгi қимаға қоса сызылады. Сипаттізім күрделі бұйымның құрамын анықтайды, кұрастырылатын бұйымның негiзгi конструкторлык құжаты болып табылады. Сұлбада бұйымның құраушы белiктерi мен олардын арасындағы байланыстар шартты графикалык белгiлер түрiнде көрсетiледi. Электрикалык (э), кинематикалық (к), гидравликалық (г), пневматикалық (п), т.б. сұлбалар қазiргi техниканын күрделi кондырғыларының қалай жұмыс iстейтiнiн түсiнуге кемектеседі. Үлгiлер мен күрделі емес сызбаларды оқушылардын өздiгiнен орындауына және оны оқи бiлуiне қажеттi бiлiм, тәжірибелік дағды мен іскерлікті игеруді мақсат ететiн жалпы бiлiм беретiн орта мектептегі оқу пені. Ғылым мен техниканың дамуы сызуға айтарлықтай жаңалықтар қосты. Қазіргі кезде сызуда "Компьютерлік графика" деп аталып жүрген жаңа белiм пайда болып, сызу "Инженерлік графика" деп атала бастады.
Жалпы түр сызбасы (Чертеж общего вида) — құрастырылған бұйымның (машинаның, механизмнің және тағы басқалардың) жұмыс жасау принципін түсінуге, оның құрамына енетін тетіктердің пішіндерін анықтауға мүмкіндік беретін құрылымдық құжат. Жалпы түр сызбасы алғаш ұсынылып отырған жаңа құрасбұйым үшін орындалады. Сызбаны талдаудың және талқылаудың нәтижесінде, машинаны жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілуі мүмкін. Құрасбұйымның жалпы түр сызбасын тетіктеуге, яғни оның құрамына кіретін әрбір бөлшектің жұмыс сызбасын салуға болады.
Кешендi сызба (Комплексный чертеж) — Монж әдісімен салынған, бір-бірімен проекциялық байланыста орналастырылған тікбұрышты проекциялардың жүйесі.
Құрастыру сызбасы (Сборочный чертеж) — машинаны немесе механизмді құрастыру және ажырату үшін пайдаланылатын құрылымдық құжат. Онда құрасбұйымның құрамына кіретін бөлшектер нөмірленіп, ал нөмірлер шығару сызықтарының сәкілеріне жазылып көрсетіледі. Құрастыру сызбасында тетіктер және оның элементтері стандарттарда тағайындалған шартты белгілерді, ережелерді ескеріп ықшамдап кескінделеді. Бөлшектердің қалайша бір-бірімен біріктірілгендері немесе жалғастырылғандары көрсетілгенімен, Құрастыру сызбасын пайдаланып, әр тетіктің пішінін және өлшемдерін анықтауға мүмкіндік болмайды.
Тетiк сызбасы - тетікті жасап шығару үшін қажетті мәліметтер түгелдей көрсетілген конструкторлық құжат; бөлшектің бейнесі мен оның дайындауы мен бақылауына қажетті басқа да мәліметтері бар, негізгі конструкторлық құжат.
Онда тетіктердің кескіндері (көріністер, тіліктер, қималар) сызылады. Кескіндер бөлшектің пішінін анықтауға толық мүмкіндік берулері қажет. Кескіндерге өлшемдер түсіріліп, олардың ауытқу шектері (шақтамасы) тағайындалады. Беттердің кедір-бұдырлығын анықтайтын ақпараттарда болады.
Габариттік сызба - қойылған және қосылған өлшемдерден тұратын өлшемнің контурлық бейнесінің сызбасы.
Жұмыс сызбасы - өнімнің шығарылуын бейнелеуден басқа оны дайындау мен бақылау мәліметі бар бөлшектердің сызбасы.
Атрибуттар сызба үшін
Сызба қағазы (Бумага чертежная, ватман) — сызба салу үшін шығарылатын арнайы қағаздар, түсі ақ және тығыз болуы керек.

Сызба өрiсiнiң шетi (Рамка поля чертежа) — қағазға сызбаны салмай тұрып, пішіннің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алады. Содан соң сызба өрісін шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбүрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі оң және төменгі жақтарынан, пішім шетінен 5 мм қашықтықта, ал сол жагынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімді тігу үшін қалдырады (альбом түрінде).


Сызба сызығы (Линия чертежа) — бұйымның кескіндерін салуда қолданылатьш сызықтар.Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.
Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5 мм-ден 1,4 мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Бұл сызықтың сызбада қолданылатын орны көп, соның бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
Тұтас жіңішке іркесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады.
Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.
Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2 мм-ден 8 мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1 мм-ден 2 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5 мм-ден 30 мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3 мм-ден 5 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортсына қойылады. Жіңішке нүктелі үзілме сызық, үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3…8 мм, ал олардың аралықтары 3…4 мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады. Бөліктерінің ұзындығы 5…30 мм, олардың аралығы 4…6 мм болады.
Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 … 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немес тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8… 20 мм-ге тең.
Өзара перпендикуляр үш жазықтықта тік бұрыштап проекциялау.
Бiр проекция бойынша нәрсенiң геометриялық пiшiнi туралы әрқашан дәйекті пікір айтуға болмайды. Егер нәрсенiң бiр емес, екi проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтықта: фронталь және горизонталь жазықтықта салсақ, онда мұндай кемшiлiктiң бәрiн жоюға болады. Фронталь V жазыктықта проекция алу үшiн нәрсені - алдынғы жағынан, ал V горизонталь Н жазықтықты үстіңгі жағынан қарастырамыз. Нәрсенің V жазықтықтағы проекциясы - фронталь проекция, Н жазықтықтағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын проекциялар осі деп атайды. Осындай жолмен салынған проекциялар кенiстiкте әр түрлi жазықтықтарда орналаскан болып шығады. Нәрсенің кескiнiн бiр парак қағазға, яғни бiр жазықтыққа сызады. Сондықтан нәрсенiң сызбасын сызу үшiн екi жазықтықты да бір жазықтыққа келтіреді. Ол үшiн проекциялардың горизонталь жазықтығын, ол вертикаль жазықтықпен беттесетіндей етіп х өсінен төмен қарай 90-қа бұрады. Сонда екі проекция да бір жазықтықта орналасқандай болып шығады. Проекциялар жазықтығының шеқарасын сызбада көрсетпесе де болады. Егер қажет болмаса, проекциялаушы сәулелер мен проекциялар жазықтықтарының Қиылысу сызығы, яғни проекциялар өсі де сызбаға түсірілмейді. Беттестірілген жазықтықтарда нәрсенің фронталь және горизоталь проекцияларын проекциялык байланыста, яғни горизонталь проекцияны фронталь проекциянын дәл астынан орналастырады. Нәрсенің теменгі шығыңқы жерінің горизонталь проекцияда көрінбей қалғанына көңіл аударыңдар, сондықтан ол штрих сызықтармен көрсетілген. Тағы да бір мысал қарастырайық. Сызба бойынша детальдың жалпы пішінің көз алдымызға оңай келтіре аламыз. Бірақ вертикаль бөліктегі ойықтың пішіні айқындалмай қалады. Оның қандай екенін көру үшін тағы да бір жазықтыққа проекция салу керек. Оны Н және V проекция жазықтықтарына препендикуляр орналастырады. Проекциялардын ушiншi W жазыктыгы профиль жазықтық деп, ал одан шыққан проекция нәрсенің профиль проекциясы деп аталады. Француздын профиль деген сезiнен шықан, қазақша бүйiрiнен қарағандағы керiнiс дегендi білдіреді. Оны W әpiпімeн белгiлейдi. Проекциялаған нәрсе кеңiстiктерiнде V, Н және W жазықтықтарымен жасалған үш қырлы бұрышқа орналаскан және үш жазықтығынан алдынғы, үстiнгi және сол жағынан, қаралады. Нәрсені өзіне тән нүктелері арқылы проекция жоқтығымен қиылысқанға дейiн проекциялаушы сәулелер жүргізіледі. Қиылысу нүктелерiн түзу немесе қисық сызықтарымен қосады. Алынған фигуралар нәрсенiң V, Н және -W жазықтықтарындағы проекциялары болады. Проекциялардын профиль жазықтығы вертикаль жазықтық. Ол Н жазықтығымен қиылысқанда у осі, V ал жазықтығымен қиылысканда z oci шыгады. Сызбағы шығарып алу үшін W жазықтығын онға қарай 90°-қа ал Н жазықтығын төмен карай 90°-қа бұрады. Осындай жолмн табылған сызба бұрышты үш проекциясынан: фронталь, горизонталь және профиль проекциясынан тұрады. Проекция осі мен проекциялаушы сәулелер де сызбада көрсетілмейді.
Сызбада профиль проекцияны фронталь проекциямен проекциялык байланыста, яғни оның он жағына бiрдей биіктікте орналастырады. Бiрнеше тiк бұрышты проекциялардан тұратын сызбаны тiк бұрышты проекциялар жүйесіндегі сызбалар деп атайды. Нәрсенiн сызбадағы геометриялы пішінің күрделiлiгiне карай, ол бiр, екi және одан да көп проекция мен берілуі мүмкін.
Өзара перпендикуляр екi жазықтыққа тiк бұрыштап проекциялау тәсiлiн француз ғалымы геометр Гаспар Монж XVIII гасырдын аяғында жетiлдiрген. Сондыктан мұндай тәсiлдi кейде Монж тәсiлi деп те атайды. Г. Монж сызба геометрияның - нәрселерді кескіндеу туралы жана ғылымнын дамуына жол салды. Сызба геометрия сызудын теориялык негiзi болып табылады.

Пiшiм және масштаб.


Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдерi келiсiм бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналган қағазды пішім (формат) деп атайды. Фордан француз сөзі, қазақ тiлiнде сырткы өлшемі деген мағына береді. Көбіне теменде қарастырылған төрт пiшiмнiн бiреуi колданылады.
Пішім А1: ұзындығы - 841 мм, ені - 594 мм.
Пiшiм А2: ұзындығы - 594 мм, ені -420 мм.
Пiшiм А3: ұзындығы - 420 мм, ені 297 мм
Пiшiм А4: ұзындығы - 297 мм, ені - 210 мм.
Ватманга сызбаны салмай тұрып, пішімінің шетін көрсететін сызықтырын жүргiзiп алу керек. Пішімнің шеті тіктөртбұрыш болуы шарт. Одан сызбаның өрiсiн шектейтiн рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстiнгi, он және төменгі шетінен 5 мм, ал сол жагынан 20 мм қашыктықта жүргiзедi. Қағаздың сол жағындағы енi 20 мм болатын жолақ пiшiмдердi (сызбаларды альбом түрiнде) тігу үшiн қалдырылады. Сызба салып болғаннан кейін пiшiмнiң шетiн айналдыра қиып, қағаздың артығын кесiп тастайды. Өлшемдерi жоғарыда көрсетiлген пішімдер негізгі пішімдер деп аталады.
Не пішімдерге ауданы 1м2, ал қабырғаларынын қатынасы 1 : √2 болатын (841 x 1189) пiшiмiн де жатқызады. Керек болған жағдайда A5(148 х 210) пiшiмiн немесе қысқа қабырғасын бүтiн санға көбейту арқылы алынатын қосымша пiшiмдердi де пайдалануға болады. Мысалы А4 x 3 (297 x 631); AO x 2(1189 x 1682). Масштаб. Үйлердiң, машиналардың сызбаларын салу үшін олардын өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды (пiшiмге сыймайды). Өте кiшi денелердiң сызбалары анық және түсiнiктi болуы үшiн оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы - нәрсенiн өз өлшемін өзгертпей салу. Hǝpceнің нақты шамасынан кескiн неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететiн санды масштаб деп атайды.
Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындаған мынадай масштабтардын бiрiн тандап алуға болады.
а) кішірейту масштабтары:
1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;
Ә) накты шама: 1: 1
б) үлкейту масштабтары: 2: 1: 2,5 : 1; 4 : 1; 5 : 1; 10: 1: 20 : 1; 40 : 1;
50: 1: 100: 1. Маштабты М әрпімен белгiлейдi. Мысалы, М 1 : 4 - сызбада нәрсе 4 ал М 2 : 1 - екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетедi.
Сызу аспаптары мен жабдықтары.
Сызба қағазы. Сызбаны кез келген қағазға орындауға болмайды. Сызба салынатын қағаз аппак және тығыз болуы керек. Сондықтан сызба салу үшін арнайы қағаз пайдаланылады. Ол ватман деп аталады.
Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттерiне қарай қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп белед. Қатты қарындаштарда: Т, 2Т, 3Т, т.т..жұмсак қарындаштарда: М, 2М, 3М, тт., ал қаттылығы орташа қарындашқарда ТМ белгісі болады. Мұндағы Т орыстын «Твердый», ал М «мягкий» деген сөздерiнiн бiрiншi әрiптері. 2Т, 3Т, қарындаштары Т қарындашынан екi, үш. ... есе катты болса, 2М, 3М қарындаштары М қарындашынан екi, үш есе жұмсақ болады. Кейбiр елдерде қатты қарындашты Н әрпімен.. ал жұмсак қарындашты В әрпімен белгілеу қабылданған қарындашты дұрыс ұштап, жұмысқа дайындай бiлу керек. Қарындаштың ұшталған бөлiгiнiн ұзындығы шамамен 30 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан шығып тұрған белiгiнiн ұзындығы 10 мм-ге жуық болуы тиiс. Қарындаштың графит өзегi конус немесе күрекше тәрiздi үшкірленедi.
Сызғыш. Сызу пәнінде түзу сызық жүргiзу үшін ағаш пластмасса сызғыштар пайдаланылады. Көлденең планкасы - басы бар сызғышты рейсшина деп атайды. «Рейсшина» неміс сөзі, қазақшасы «үлкен сызғыш».
Сызба тақтасы. Сызба салынатын қағаз сызба тақтасына сызба батырмалармен бекiтiледi. Сызба тақтасы жұмсақ ағаштан жасалынады. Оқушыларға арналған сызба тақтасы рейсшина сызғышымен қоса сатылады.
Бұрыштықтар. Рейсшина горизонталь сызық жүргiзу үшiн керек болса, бұрыштықтар вертикаль және көлбеу сызық жүргiзу үшiн керек. Сызба салуда екi түрлi бұрыштықтар қолданылады. Онын бiреуiнiн бұрыштары 90°. 45°, ал екiншiсiнiн бұрыштары 90°, 60° және 30º болады
Қорапқа салынган сызу аспаптарынын жиынтығын даярша деп атайды. Даяршаның түрлерi көп. Оқушыға арналған даярша құрамына шеңберсызар (циркуль), өлшемдердi көшiруге және түсiруге арналған өлшегіш, сызбаны тұшьпен бастыра жүргiзуге арналган рейсфедер, ұзартқыш, ине және графит өзектер салынатын қобдиша, центрик және баска аспаптар енеді. Циркуль латын сөзі, дөнгелек деген мағына береді. Рейсфедер, тушь немiс тiлiнен орыс тілі арқылы қазақ тiлiне енген сөздер. Сызу аспаптары мен материалдарын ұқыптылықпен сақтау, таза ұстау асарды жұмысқа дұрыс дайындай білу керек. Бұрыштықтың, рейси және сызғыштың түзу сызықтар жүргiзетiн жиегiн еппен ұстаған жөн. Олардын жиектерi тегiс, кетіксіз және жаншылмаған болуы тиiс. Сызба салынатын қағаз бетiне жарық сол жақтан түсетiн болсын және сызба тақтасында тек қажеттi аспаптарды ғана қалдыру керек. Жұмыс аяқталғаннан кейiн аспаптарды құрғақ матамен сүртіп, жинап қоямыз.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ
Тақырыбы: Сызу түрлері және сызықтар сызу әдістері.


Орындаған: Сыдыков М.
Тобы:1404-10
Қабылдаған: Маханов Т.

Шымкент - 2022

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет