Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена



бет1/7
Дата02.11.2022
өлшемі349,18 Kb.
#46854
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті

“Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена” кафедрасы



CӨЖ
Тақырыбы: Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды
жақсарту шаралары.

Орындаған:


Тобы: ВМ
Алматы 2022

Жоспары:

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1.Ірі қара малды өсірумен айналасатын өндіріс объекттілеріне қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптары
2.2.Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптары
2.3.Мал қора ауасын санитариялық -гигиеналық бағалаудың негіздері
2.4.Малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
2.5. Бұзауларды өсіру гигиенасы

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер




Кіріспе
Мал шаруашылығы қора-жайларында ағаштан жасалған оттықтар, астаулар және басқа жабдықтардың пайдалануына жол берілмейді.Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашаларды көңнен тазартып отырады.Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтіп кетуіне тосқауыл қою үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр (бұдан әрі - м) қоршаумен қоршалады, ал жол жүру бөлігі қатты су өтпейтін жол-құрылыс материалымен жабылады.Карантиндік бөлім және оқшаулағышты бірыңғай блокта орналастырғанда, олардың арасында тамбур жабдықталады, онда жұмысшылардың арнайы киімдеріне (бұдан әрі - арнайы киім) арналған шкафтар, қолжуғыш, дезинфекциялық ерітінділер бар ыдыстар, аяқкиімдерді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніштер орнатылады. Мал қора-жайларының едендері, қабырғалары, оттықтары, сұйық көң жинағыштары мен басқа жабдықтары "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін дезинфекция жасауға ыңғайлы материалдардан жасалады. Мал шаруашылығы қора-жайларында тарту-сору желдеткішін орнатады, ал қысқы уақытта сырттан кіретін суық ауа жылытылады. Қора-жайлардың желдетілуі ғимараттардың жылу оқшаулауын, бөлінетін жылу, ылғал мөлшерін, көңді шығару тәсілін, қысқы кезеңде түрлі жастағы мал басы үшін сараланған температуралық-ылғалдылық режиммен және үзіліссіз ауа алмасуымен қамтамасыз етілетін жануарларды күтіп-бағу жүйесін есепке ала отырып қамтамасыз етіледі.Төлді күтіп-бағуға арналған ғимараттарда ішкі ауаның барлық басқа нормалаушы параметрлері сақталғанда және қора-жайлардың қабырғалары мен төбесінде конденсаттың пайда болуына жол берілмейтін жағдайда ішкі ауаның ең жоғары салыстырмалы ылғалдылығын 85 %-ға дейін көтеруге жол беріледі.Мал шаруашылығы (жаңа туылған төл үшін) және қосалқы үй-жайлар жылытумен қамтамасыз етіледі.Өндірістік үйжайлардан ауру жануарларды сою пунктіне тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары бекітіліп беріледі.Жалпы шаруашылық оқшаулағыш болмаған кезде оқшаулағыш жобалауға арналған тапсырма бойынша салынады, оны жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі 2 метр тұтас дуалмен қоршаған кезде, өндіріс объектісінің басқа ветеринариялық объектілерімен бекітуге рұқсат етіледі.Өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оның өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.Дезинфекциялық жұмыстар жоспарында негізгі өндірістік және қосалқы үй-жайларды, көлік құралдары мен басқа объектілерді дезинфекциялауды жүргізу мерзімдері, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялау және жуу заттарына, дезинфекциялау және жуу техникасына қажеттілік, дезинфекция сапасын бақылау тәсілдері көзделеді.Қора - жайларды және басқа объектілерді дезинфекциялау алдында дезинфекциялауға жататын жерлерге мұқият механикалық тазарту жүргізіледі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет