Т. Е. Тұмашбай «Әлеуметтану және саясаттану» пәні б ойынша дәрістер жинағы Шымкент 2021ж


Үлкен отбасы-үш және одан да көп ерлi-зайыптылар жұбынан тұрады (мысалы, ата-аналар жұбы, бiрнеше балалары өз отбасыларымен)



бет34/89
Дата31.12.2021
өлшемі434,02 Kb.
#22040
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89
Үлкен отбасы-үш және одан да көп ерлi-зайыптылар жұбынан тұрады (мысалы, ата-аналар жұбы, бiрнеше балалары өз отбасыларымен). Мұндай отбасылар ТМД елдерiнiң Ресей, Белорусь, Орта Азия мемлекеттерiнде кездеседi, оларда ұрыс-керiс, дау-жандалдар аз кездеседi. Мұндай әр отбасы мүшелерiнiң өз мiндеттерi бар.

Демографиялық саясат дегенiмiз- қоғамға қажеттi жете түсiнiлген демографиялық iс- әрекеттiқұруға бағытталған әлеуметтiк шаралар жүйесi. Демографиялық саясат тууды, барлық категориядағы жастарға қамқорлықты реттеу шаралар жүйесiн болжайды.

Қазiргi кезде қоғамның әлеуметтiк институты сияқты отбасы дағдарысы да айқынырақ бола түсуде, одан шығатын жол әзiр анық емес. Дағдарыс отбасы өз мiндетiн дұрыс жүргiзбегендiктен көрiнедi: ерлi-зайыптылық өмiрдi ұйымдастыру, бала туу мен тәрбиелеу, халықты ұдайы өсiрiп отыру, жұмыс күшiн көбейту. Қазiргi демографиялық жағдай неке-отбасылық қатынастарының дамуының мақсатты бағдарламасын талап етедi. Мұндай бағдарлама жастардың отбасылық өмiрге дайындығын, отбасы беделiн, оның тұрғын үй және экономикалық жағдайларын, әр түрлi функциядағы адамдармен отбасыда, қоғамда оптимальдi үйлесуiн қамтиды.

Отбасыны құрып, қалыптасуы-оңай iс емес. Отбасы да басқа барлық қоршаған шындық сияқты объективтi және субъективтi қайшылықтарды жеңе отырып дамиды. Қайшылықтардың iшiнде мыналарды табуға болады: туудың азаюы және халық санының өсуiнiң төмендеуi, әйелдердiң ерлерге қарағанда санының өсуi, отбасының орташа санының кемiп, өлiмнiң көбеюi, еңбек өнiмдiлiгiнiң азаюы, отбасы қажетiнiң өсiп, оны қанағаттандыру мүмкiншiлiгiнiң азаюы т.б. отбасыға, некеге жеңiл мiнездiк пен қарау, абыройды ұмыту, арсыздық пен маскүнемдiк, тәртiпсiздiк пен азғындық, ажырасу т.б.

Мынадай көтпеген жағдай болады. Үлкен қалалардағы халық саныныңөсуiн бала туудың төмендеуi баяулатып отыр. Мигранттарды жұмысқа қабылдамау үшiн жасалған қатаң шешiмдердiң өзiн бұзып, жұмыс күшi жетiспегендiктен оларды жұмысқа алуға мәжбүр боп отыр. Осы миграцияның әсерiнен үлкен қалалардағы туу ұрпақтардың орнын басатындай шамаға жетпейдi.

Болашақта осы сияқтылардың салдарынан жаппай аз балалы отбасылар пайда болады. Әзiр оны ешкiм зерттеп жатырған жоқ.

Осы заманғы отбасы адамдардың мүдделерiнiң қалыптасуын, саяси идеяларының пайда болатын ортасы боп табылады. Отбасыда және сол арқылы балада, жасөсiпiрiмде алғашқы әлеуметтiк қатынастар, бағалы бағыт-бағдарлар қалыптасады. Отбасының жақын адамдармен қатынастардың негiзiн, адамдардың еңбекке, қоғамдық – саяси iс-әрекетке бағытын қалыптастыратынын ұмытпау керек. Ересек адамдарды мәдени, адамгершiлiкке тәрбиелеу қиынырақ, себебi ата-аналары қалыптасып келе жатқан жас баланы тәрбиелеуде тиiмдi. Сондықтан да отбасыда мақсатты, белсендi тәрбие мен бiлiм аз болады, ата-аналар негiзгi уақыты мен күш-жiгерiн материалдық жағын қамтамасыз етуге жiбередi. Социологтардың зерттеуi бойынша жұмыс iстейтiн әйел бала тәрбиесiне 16 мин. жексенбi күндерi 30 мин. уақыт бөледi екен. Отбасыда баламен рухани қатынас жасау тек қана олардың мектептегi сабағын тексерумен, алған бағаларын бiлумен шектеледi.

Отбасыдағы берiлетiн жағымсыз тәрбиенiң себептерi көп. Ол ең бiрiншiден экономикалық даму деңгейiнiң төмендiгi, ата-ана уақытының басым көп бөлiгiн күн көрiс табуға жiбередi, мәдени өмiрдiң төмендiгi, қоғамның халықты құрғақ сөзбен алдауы, екi жақты мораль.

ТМД елдерiнде әйелдер туралы мәселенi ерлермен бiрдей етiп шешедi: олар заң жүзiнде өндiрiсте, тұрмыста еркекпен тең құқылы. Ал, шындығына келсек әйелдер екi есе ауыртпалықпен өмiр сүредi-жұмыс iстейдi, отбасысына қарайды. Отбасының бала тәрбиесiн жақсарту мiндетiндегi маңызды бақыт- әйел мен еркек арасындағы отбасыдағы қатынасты жаңадан құру керек. Зерттеу мынаны көрсетедi: қалада тұратын әйелдiң қарапайым отбасыда баламен өтетiн уақыты аптасына 77 сағат, оның iшiнде үйде-36 сағат. Басқаша айтқанда әйел-ананың орташа еңбек күнi жексенбiнi қосқанда 11 сағат болады екен. Тұрмыстағы әйел мен еркектiң теңсiздiгi осы заманғы жас отбасылардың берiк болмауын арттырады.

Жастарды отбасылық өмiрге дайындауда мектептiң ролi айрықша. Мектепте “Қоғам және адам” курсымен қосып “Отбасылық өмiрдiң этикасы мен психологиясы” деген курсты жүргiзсе болады. Бұл сабақты көбiне өз маманы емес тарихшы, әдебиетшiлер жүргiзедi. Сондықтан да жоғарғы сынып оқушыларымен өткiзген сабақ балабақшадағыдай боп көрiнедi. Жастарға ең керегi, маңыздысы отбасыны жоспарлау әдiсi мен техникасы жетiспейдi. Осы жетiспеушiлiктiң әсерiнен көптеген келеңсiз жәйттер-мезгiлсiз екiқабат болу, бала алдыру, қажетсiз балалардың дүниеге келуi пайда болады.

Жасөспiрiмдер отбасыда ата-аналармен, өзiнен кiшiлермен жиi дау-жанжалға келiп қалады. Сондықтан да оларға ең маңызды бiлiм-ол отбасыдағы дау-жанжалды қалай шешу керектiгi. Жасөспiрiмдерге сенбеушiлiктiң әсерi-45% жасөспiрiм ата-аналарына мектепте отбасының этикасы мен психологиясы туралы оқитындықтарын айтпайды екен. Отбасыда мұндай нәрселер аз сөз болады.

Мемлекеттiң отбасыны дамытудағы басты мiндетi мен функциясы: отбасыны қорғау, оның iсiне негiзсiз араласуды қорғайды.

Қазiргi кезде отбасыны қорғау мемлекеттiк саясатқа енгiзiледi. Бұл жерде мынаны атап өту керек, жас отбасының еңбек потенциалын тиiмдi пайдалану мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының қазiргi кезеңдегi маңызды жолы.

Бiрiншiден, өсiп келе жатырған ұрпақ -мемлекеттiң жұмыс күшiн толтыратын жалғыз көзi.

Екiншiден, өндiрiс технологиясының өсуiмен, ғылым мен техника жаңалықтарын өмiрге ендiруде күрделi мамандықтар мен мамандықты керек ететiн еңбек, терең бiлiмдi мамандар қажет болады. Жастар әлеуметтiк-психологиялық жас ерекшелiгiмен жаңа типтегi жұмысшыға керектiқасиеттерге ие болады.

Үшiншiден, отбасыны сақтаудың маңызды бағыты мемлекеттiк шарада бар. Мемлекеттiң демографиялық саясатында тууды ғана қамтамасыз ету емес, ана мен баланы қорғау, отбасы саулығын қорғау да қамтылған.

Төртiншiден, демографиялық саясатының маңызды объектiсi жастар, оның iшiнде студенттер. Жастардың негiзгiәлеуметтiк мәселесi бiлiм алумен, еңбек жолын бастаумен, отбасы құрумен, мамандығын жетiлдiрумен сипатталады. Физиологиялық жетiлудiң сәйкес келмеуiндегi, ерте некенiң көбеюiндегi, рынок қатынастарындағы қиындықтарды жеңудегi т.б. мәселелердi тиiмдi шешудi талап етедi.

Демографиялық саясаттың мақсаты отбасының осы сатыдағы қалыптасуында отбасыдағы баланың тууылуы, ата-ананың өмiрi пропорционалды үйлесуi керек. Адамдардың денiнiң саулығы, белсендiөмiрдiұлғайту мемлекеттiң демографиялық саясатының басты назарында болуы керек.

Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеуде. Мемлекеттік гендерлік саясат Елбасы жарлығымен бекітілген. Стратегия негізінде жүзеге асырылуда. Бұл тұрғыда мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты барлық түрдегі кемсітушіліктерді жою жөніндегі конвенция ережелеріне сүйенген, Қазақстанға арналған гендерлік индикаторлар анықталған.

Стратегия жүзеге асыру мақсатында Үкімет бекіткен қаулы бойынша іс-шаралар жоспары жасалуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықованың сөзіне қарағанда, 2009-2011жылдарға арналған ортамерзімді іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы аясында республикалық қазынадан 30 млн теңге және «Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және отбасылық жағдайды жақсартуды дамыту шаралары» бағдарламасы бойынша 38,4 млн теңге бөлінген.

Гендерлік теңдік стратегиясында шешім қабылдау деңгейіндегі нәзік жандардың үлесін 35 пайызға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламасын дайындау үдерістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр. Бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің қатысуының жалпы көрінісі төмендегідей. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрамында 22 әйел бар. Бұл депутаттардың жалпы санының 15% құрайды. 3 әйел облыс әкімдерінің орынбасарлары, 5 нәзік жан аудандарды басқарады. Аудан басшылары орынбасарларының 18% ауылдық және селолық округтер әкімдерінің 12% әйелдер. Биліктің ең жоғарғы лауазымында Үкіметінің құрамында 2 әйел министр, 4 жауапты хатшы, 6 вице-министр әйелдер өз қызметін атқаруда. Атап өткен көрсеткіш жалпы дүниежүзілік орта стандартарға сәйкес, дегенмен біз 2016 жылғы жоспарлы мерзімде саяси аренадағы әйелдер үлесінің 35% кем болмауын назарда ұстаймыз.

Бұл—ұлттық комиссия, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің нақты әрі лайықты мақсаты екен. Міне көріп отырғаныңыздай, уақыт өткен сайын қарапайым ғана шындықты қоғамға мойындату қиынға соғып барады. Өйткені, әлемді билеуші күштер дүниежүзілік соғыстарын тоқтатқан соң, ой майданында жаңа соғыс бастады. Осының бірі отбасының табиғи тепе-теңігін, тыныштығын бұзуға бағытталған гендерлік саясат. Әйел теңдігі мәселесін қанша даурықтырғанмен, шындап келгенде, жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес.

Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Егер бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ өзара тең жаратылыс болғанда, Алла тағала еркек-әйел етіп бөліп жатпай, бәрін біркелкі әйел немесе еркек етіп жаратар еді ғой. Еркек пен әйел үнемі табиғатындағы өздеріне тән ерекшеліктерімен екеуі бірін-бірі толықтырып отырады. Қазақ «Екі жарты бір бүтін» дегені рас. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспеттес. Жүректі ақылдан немесе ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Сондықтан, әйел еркектен жоғары немесе төмендеу, жалпы алғанда дұрыс айтылған сөз емес. Осындай да, Тұрмағанбет ақынның айтқаны еріксіз ойға оралады.

Әйел көктен түскен жоқ, Ол — еркектің баласы
Еркек жерден шыққан жоқ, Әйел оның анасы. Екі жыныс өкілдерінің қоғамда өзіндік міндеттері бар. Мәселен, еркек қанша тырысса да әйелдер секілді дүниеге бала әкеле алмайды. Өйткені, тоғыс ай қабырғасы қайысып құрсақ көтерудегі сабырлылық, толғақ кезіндегі өліммен арпалысқан қайсарлылық —тек әйелдердің ғана қолынан келетін ерлік. Бала тәрбиесінде де әйелдегі мейірімділік пен ептілікті ер адам көрсете алмайды. Еркектер әйелдерге қарағанда дене бітімі жағынан ірілеу әрі күштілеу келеді. Жауға қарсы шауып, елді қорғау секілді ауыр жұмыстарды ер кісіге жүктеледі. Әлемдегі екі жүз мемлекет болса, солардың ішіндегі Германия, Үндістан және Қырғызстан елін әйел қалғандарын ер кісілер басқарады. Осының өзі табиғи көрсеткіш. Гендерлік саясат пен әйел теңдігін желеулеткен батыста бүгінде бала саны мүлдем аз. Тіпті, Парламент деңгейінде талқыға түсіп, оны көбейтудің жолдары қарастыруда.

Батыста XIX ғасырдың өзінде әйелді адам құрлы санамай, қоғамда өз орнын таба алмай қорланып жүргендіктен, XX ғасырдың екінші жартысына қарай теңдікке ұмтылыса бастады, бұл салада бізден үйренері көп. Оған Джек Лондонның «Әйелдердің ерлігі» мен Г. Флобердің «Бовари ханшайым» атты кітабін оқысаңыз көз жеткізесіз. Қазақ ешқашан әйелдерді қоғамнан аластатып, тұмшалап ұстамаған. Мұны өткен тарихымызды мұқият оқып шыққан адам ғана түсіне алады, олардың басты мақсаты-сүйікті қыз, адал жар, аяулы ана, асыл әже атану ғой. Әйел қауымы бірінші кезекте өмірге ұрпақ әкеліп, оны жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, қоғамға қосар болса, еліміздің қарыштап дамуына одан артық қосатын үлкен үлес жоқ. Ұлт мәселесін былай қойғанда, әйелдің өмірдегі ең зор бақыты да байлығы да бала болса, ондай бақыттан қашу ақылға сыйымсыз.

Бала таппаған қатыннан, лақтаған ешкі артық. Өліп қалған арыстаннан, тірі жүрген тышқан артық. Бәйге алмаған жүйріктен, қарны жуан бесті артық.
Байлаусыз бос шешеннен, үндемейтін есті артық,—деген Бұқар жырауды бүгінгі қазақ ескермейтін болды. Ал, гендерлік саясаттың мақсаты, меніңше қоғамның дамуын кері тартатын жаңа типтегі әйелдер қауымын тәрбиелеу. Анаған-мынаған еліктеуді қойып, ер-азаматқа арқа сүйеп, алтын басын бағалап, өз орнын біліп отырған әйелдің екі дүниеде де бағы жанады. Әйелдің бағы— ерімен бірге. Еркегі жоқ, отбасы жоқ әйел қашан бақытты болып еді? Жападан жалғыз қашан бақытқа жетіп еді? Ендеше, әйелге қандай теңдік керек? Еркек жеткен биікке өзім-ақ жетем деген әйел бар әйелдік қасиетінен айырылады.

«Менің еркектен қай жерім кем, өзімді өзім асырай аламын, еркектің маған қажеті шамалы, ғылым дамыған қазіргі заманда еркексіз-ақ балалы бола аламын» деп жүрген кәрі қыздардың саны бес жүз мыңға жетіпті. Сан алуан қасқыр еркектің алдынан өткен әйелдердің билікке қалай жететінін қазір жас балада біледі. Ақша молырақ тапқан әйел күйеуіне бағынбасы айдан анық. Бағыну былай тұрсын, тәуелді болмаймын деп дала кезеді. Жұмысбасты болып үйдің тірлігінен қол үзеді, бала тәрбиесіне де салғырт қарайды. Ондай отбасылар көбінесе ажырасып тынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет