Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата18.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#10041
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

3.5. Зертханалық жұмыстар 
Оқушылардың  жаңа  тақырыпты  түсіну,  меңгеруі  оқу 
материалының белгілі бір бөліктерін сабақтастыра жүзеге асады. 
Зертханалық жұмыс жүргізу кезіндегі режимі. Бұл жұмыстың 
қызықтылығы  сол,  ол  компьютерді  эксперимент  деректерін  түгендеу 
үшін  пайдалануға  жол  ашып  қана  қоймайды,  есептік  және  табиғи 
эксперименттерді қиыластыруға мүмкіндік береді. 
Техникалық жоғары оқу орындары оқытушыларының пікірінше, 
компьютерлік  оқыту  құралдары  негізінде  физикалық  практикум 
ұйымдастыру оқу-әдістемелік кешен жасауды қажет етеді. Ол кешенге 
«Оқушылардың есептегіш техника мен эксперименттік қондырғының 
дағдылы  эксперименттерінің  тығыз  бірлігі  негізінде  физикалық 
эксперименттің  арнайы  ортасын  ұйымдастырудың  перспективалық 

 
108 
бағыттары  туралы  түсінігін  қалыптастыруды  көздейтін  сабақ 
мақсатына қол жеткізуіне бағдарланған. 
Кез келген радиоэлектрондық қондырғыларды жинағанда қазіргі 
заман  талабына  сай  физикалық  немесе  математикалық  модельдерді 
қолдану мәселелері туындайды. Физикалық модельдеу үлкен қаражат 
жұмсауға алып келеді, себебі қондырғының  жобасын жасауда заманға 
сай  технологияны  қолданып,  зерттеу  жұмыстарын  жасау  керек 
болады. Мысалы: үлкен немесе аса үлкен интегралдық микросхеманы 
құруда, физикалық модельдеуде қондырғының құрылысы өте күрделі 
болатындығынан  пайдалану  мүмкін  еместігін  көруге  болады. 
Сондықтан, осы қиыншылықтан шығу үшін есептеуіш техникасының 
мүмкіндігі мен әдісін қолданып математикалық модельді құру арқылы 
жол табуға болады. 
Оқушыларға  зертханалық  сабақты  қызықты,  әрі  тиімді  өткізу 
үшін,  сонымен  бірге  зертханалық  жұмыстарды  орындау  барысында 
теориялық  және  практикалық  қолданысы  жағынан  мамандырылған 
ақпарат  жүйелерін  (есептуіш  техникаларын)  пайдалану  негізгі 
мәселелердің бірі болып саналады.  
Бағдарлама  жеңіл  игеріле  отырып,  жұмыста  қолданылу 
тиімділігі  артады.  Зертханалық  жұмысқа  қажетті  физикалық  құрал-
жабдықтар  бағдарламаның  негізгі  менюінің  тақталарынан  алынады. 
Қолданбалы бағдарламада электр тізбектерін жинастыру, оның жұмыс 
істеу  тәртібін  қалыптастыру,  элементтердің  параметрлерін  әр  түрлі 
шарттарға  сай  орналастыру,  графикалық  нәтижелерін  бейнелеу 
жолдары  ұтымды  шешілген.  Бұл  бағдарламаға  оқу  процесін  түгелде 
енгізу  қажет  деген  пікірде  емеспіз.  Оқушыларға  виртуальды 
зертханалық  жұмыспен  бірге  нақты  зертханалық  жұмыстарды  да 
қатар  жүргізу  керек  екендігін  ескерте  кету  қажет.  Себебі,  оқушылар 
электр  тізбегін  теориялық  жағынан  басқаруды  біледі  де,  практика 
жүзінде  бұлар  іске  аса  бермейді.  Алғашқы  бастамалардан  кейін 
оқушылар практикалық жұмыстың артықшылығын аңғарады. 
3.6. Оқушы білімдерін тест арқылы тексеру 
3.6.1. Білімді тест арқылы тексеру жүйесінің дамуы 
Тест  (ағылш.–  test)  –  оның  қазақша  аудармасы  тексеру,  сынау, 
байқау деген мағына білдіреді. 
Соңғы  жылдарда  оқушылардың  білім  сапасын  тексеруде  тест 
тиімді  тәсіл  ретінде  көрініс  табуда.  Тест  оқушы  білімінің  деңгейін 
ғана  анықтап  қоймайды,  оның  ойын  жүйелеп,  жылдам  есептеуіне, 
логикалық  ойлау,  есептеу  дағдыларының  қалыптасуына,  тез  шешім 
қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. 

 
109 
Қай пәннен болмасын оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір 
түрі  –  текстік  бақылау  болып  табылады.  Тест  оқушының  білім 
дәрежесі  қандай  екендігін  анықтайтын  және  ол  білімді  түрлі 
жағдайларда  қолдана  білуін  тексеруге  мүмкіндік  беретін  тиімді  жол. 
Тестік  бақылауда  берілетін  есептер  есептеу  жолы  жеңіл,  ықшам, 
шешуге жеңіл, оқушыны жалықтырмайтындай болғаны абзал. 
Жасалған  тест  сұрақтарына  қанша  уақыт  қажет  екенін  мұғалім 
күні  бұрын  есептеп,  анықтап  алғаны  дұрыс.  Шамамен  жетілдіріп 
отыру керек.  
Тест  жүргізгенде  берілген  дайын  жауаптардың  дұрыс  немесе 
теріс  екенін  шартты  белгі  қойып,  сызып  немесе  жазып  көрсетуге 
болады. Бұл көп уақытты қажет етпейді.  
Тест  сұрақтарын  құрғанда  мұғалімдер  пәннің  бағдарламасын 
ескеріп, сұрақтарды бірнеше жәйтте, кем дегенде үш жәйтте жасайды. 
Олар мыналар:  
-
 
тест  сұрақтары  түсінікті,  анық  болуы,  жауабына  екі  ұшты 
тақырыптар енгізілмейді; 
-
 
тест  сұрақтары  оңай  және  қиын  тақырыптарды  қамтып 
жасалады; 
-
 
бір  сұраққа  бірнеше  жауап  беріледі.  Олардың  екеу-үшеуі 
немесе бірнешеуі дұрыс жауап ретінде беріледі (дұрысын тауып белгі 
қою керек); 
-
 
тест  сұрақтары  бойынша  оқушылардың  үлгерім  дәрежесін, 
білім  сапасын  пайыз  арқылы  бағалап  шығаруға  да  болады.  Олардың 
дұрыс  жауаптары  50%  төмен  болса,  білім  дәрежесі  төмен,  50%  асса 
орташа  үлгерім,  75%  болса,  білім  дәрежесі  жақсы  үлгерім,  80-90% 
болса,  білім  дәрежесі  жоғары  үлгерім  деп  есептеледі.  Мұғалім  бес 
балдық жүйе бойынша оқушылардың білім сапасын бағалай алады. 
Тестілеу  технологиясын  пайдалану,  жобалар  мен  рефераттарды 
қорғау  және  ауызша  емтихан  нысаны  ретіндегі  қортынды  бақылауда 
кездесетін кейбір кемшіліктерді түзетуге байланысты болып келеді. 
Информатиканың  барлық  тарауларын  толығымен  қамтуы 
тестілеудің  пайдалы  жағы  болып  табылады.  Бағалау  нәтижелері 
емтихан  алушының  жеке  және  кәсіби  сапалықтарына  қатысты  емес 
және объективтік түрде сипатталады. Нәтижесінде оқушы өзінің білім 
алу  кезіндегі  жетістіктерін,  информатика  пәнінің  мазмұнды 
кеңістігінде    бұдан  да    кең  көлемде  көрсете  алады.  Осының  бәрі 
қорытынды  бақылауға  жұмсалатын  уақыттың  аз  болуына  қарамастан 
іске  асырылады.  Тесттер  логикалық  және  қарама-қайшы  емес, 
интерпретациясы біркелкі мәндес, тестілеуді ұйымдастыру реттелген. 
Әлемдік тәжірибеде тестілеу кең көлемде қолданылады. 

 
110 
Осы әдістің пайдалы жақтарымен бірге, кемшіліктері де бар, ол 
тесттердің жоғары сапалы түрде дайындау қажеттілігіне байланысты. 
Екінші мәселеге оқушылардың синтетикалық - талдаулық дағдыларын 
тексерудің күрделілігі жатады. Осындай және басқа да кемшіліктерін 
түзету  үшін  көп  нұсқалы  тесттер  мен  ашық  жауаптары  бар  тесттері 
бар  тапсырмалар  жүйесін  әзірлеу  керек.  Осындай  тесттік 
тапсырмаларды  тексеру  оқушының  жазбаша  жауабында  керекті 
сөздердің  бар  болуы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Берілген  мәтінде 
құрылымды,  керекті  сөздерді  қарайту,  сұрақтарға  жауап  қайтару 
сияқты тесттер және басқа да әр түрлі типтегі тапсырмалар бар. 
3.6.2. Тесттік тапсырмалар  түрлері 
Тесттің көптеген түрлерін Рысс  В.А., Носов О.Л., Флоров  Т.Д., 
Тарасов  В.А.,  Тулидова  Н.Н.,  Аванесов  В.С.  және  т.б.  ғалымдар 
өздерінің  ғылыми-әдістемелік  еңбектерінде  қарастырып  дамытып 
жасаған (3.1-кесте).  
3.1-кесте. Тест тапсырмаларының түрлері 
Ғалымның 
аты-жөні 
Тестің түрі 
Анықтамасы 
Сиэппи А.О. 
Тарасов В.А. 
(1972 ж.) 
Таңдаулы  жауаптары 
бар тест 
Берілген  жауаптардың  ішінен  дұрысын 
таңдау 
Конструкталған  жау-
апты тест 
Таңдалған 
нәтижесін 
жауаптар 
жолағына жазу 
Рысс В.Л. 
(1982 ж.) 
Алтернатива – тест 
Оқушыдан  берілген  екі  жауаптың 
біреуін таңдауын талап етеді. 
Көп таңдаулы тест 
Көптеген  берілген  нұсқалардың  ішінен 
дұрыс біреуін таңдауды талап етеді. 
 
 
Аванесов В.С. 
(1994 ж.) 
Бір дұрыс жауабы бар 
тест 
Орындаушы 
берілген 
нұсқалардың 
ішінен дұрысырағын таңдайды. 
Бірнеше  дұрыс  жау-
абы бар тест 
Орындаушы 
берілген 
нұсқалардың 
ішінен бірнеше (бір, екі, үш т.б.) дұрыс 
жауапты таңдауы тиіс.  
Ашық 
формадағы 
тест 
Орындаушы  дұрыс  жауапты  өзі  жазуы 
тиіс. 
Дұрыс 
тізбекті 
құрастыруға  арналған 
тапсырма 
Дұрыс тізбекті құрастыру. 
 
 
Майоров А.Н. 
(1996 ж.) 
 
 
Ашық  типті  тапсыр-
ма: 
1.  шектеулі  жауапты 
есеп 
Орындаушыдан  дұрыс  жауапты  жазу 
талап  етіледі:  1.  берілген  тапсырмаған 
орындаушының 
еркін 
жауабы; 
орындаушы  сұраққа  өз  бетінше  жауап 
беруі  тиіс,  бірақ  олар  шектеулі  болуы 
керек. 

 
111 
Жабық  типті  тапсыр-
ма: 
1.  альтернативті  жау-
апты 
2. бірнеше таңдау 
 
Бір  немесе  бірнеше  дұрыс  жауапты 
таңдау: 
1. берілген екі жауаптан таңдау
2. берілген бірнеше нұсқадан таңдау
3. орындаушы элементті дұрыс тіздекте 
орналастыру кажет. 
 
Носова О.Л. 
Фролова Т.Д. 
(2001ж) 
 
 
Болжам – тест 
Оқушыдан  ережелер  мен  анықтамалар-
ды  білуін  талап  етеді,  дұрыс  жауапы 
таңдауды  қажет  ететін  сұрақтардан 
тұрады. 
Графикалық тест 
Сызба  арқылы  орындалатын  тапсырма-
лар. 
Таңдаулы 
жауапты 
тест 
Берілген  жауаптар  ішінен  дұрысын 
таңдау 
 
Терембекова 
А.А. 
(2003 ж.) 
Толықтыруға 
және 
еске түсіруге арналған 
тест 
 
Таңдау тесті  
Берілген  жауаптар  ішінен  дұрысын 
таңдау 
Альтернативті тест 
Берілген  екі  жауаптың  ішінен  біреуін 
аңдау. 
Конструкталған  жау-
апты  тест 
Берілген нәтижесін жауаптар жолағына 
жазу.  
 
 
Гулидов И.Н. 
(2005ж) 
Жабық 
формадағы 
тест 
Берілген жауаптар ішінен дұрыс біреуін 
таңдау. 
 
Толықтыуға  арналған 
тест 
Орындаушыдан  өз  бетінше  жауапты 
алуды талап ететін тапсырма. 
 
Дұрыс  тізбекті  құруға     
арналған тапсырма 
Тесте  берілген  процестер  мен  істің 
тәртібін көрсетуді талап етеді.  
 
Тест  –  альтернатива,  тест  – көптеген  таңдау,  тест  –  болжам
таңдаулы жауапты тест – бұлардың барлығы жабық формадағы тест, 
себебі  бұлардың  барлығы  берілген  жауаптардың  ішінен  дұрысын 
таңдауды талап етеді.  
Жабық формадағы тестер көп танылып, пайдаланылуда. Мұндай 
түрдегі  тестердің  кеңінен  танылуы,  ол    мөлшері  көп  пайдаланушы-
ларға  арналған.  Ал  ашық  формадағы  тестерді  қолдану  кейбір 
қиындықтарды  тудырады.  Мұндай  түрдегі  тестерді  тексеруге 
негізінен  мамандар  талап  етіледі.  Бірақ  мектеп  сыныптарында,  кіші 
топтарда осындай тест түрін қолдану өте қолайлы. 
3.6.3. Тесттік тапсырмалар жүйесінің тиімділігі және беретін 
нәтижесі 
-
 
оқу процесінде барлық оқушылар түгел тартылады; 

 
112 
-
 
тексеруге  оқу  материалдардан  толық  қамтуды  қамтамасыз 
етеді; 
-
 
аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға 
мүмкіндік 
-
 
береді; 
-
 
оқушылардың  ойлау,  есте  сақтау  қабілетін  дамытады, 
жылдамдыққа тапқырлыққа дағдыландырады; 
-
 
оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын артырады; 
-
 
оқушылардың  жауаптарды  салыстырып,  дұрыс  жауабын 
таңдай білуге, 
-
 
өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады; 
Тестік жүйенің беретін нәтижесі қандай? 
Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін анықтауға; 
Оқушыларға  өтілетін  тақырыптардың  қандай  бөліктерінің  ауыр 
тиетінін білуге; 
Оқушылардың  оқуға  жауапкершілігін  арттырып,  олардың 
өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға; 
Оқушылардың 
іскерлігін 
арттырып, 
дүниені 
тануға 
ұқыптылығын дамытуға; 
Ең  бастысы  тесті  құрастыру  қиын  да  көп  уақыт  алатын  жұмыс 
болғанымен,  ол  оқушы  білімін  тексерудің  тездігі  арқасында,  мұғалім 
еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. 
Жүйелі  жүргізілген  тест  жұмысы,  тестіленушінің  білімін, 
біліктілігін дұрыс бағалайды. 
Тест біліктілігі тестілеуге берілген уақытқа тәуелді. Сондықтан, 
тестілеудің ұзақтығын анықтап алу өте маңызды. 
Тест біліктілігі, сондай-ақ, тест ұзақтығына, яғни тестке кіретін 
тапсырмалар  мөлшеріне  тәуелді.  Егер  тым  ұзақ  болса,  оқушы  зейіні 
кеміп, тесттің сенімділігі азаяды. Теория бойынша тест ұзақ болса, ол 
сенімді  деп  есептеледі.  Ал  практика  1,5  сағатқа  арналған  тестілеу 
тиімді екенін көрсетеді. 
Тест  сұрақтарын  құрастыруда  әрбір  сұраққа  1  ұпай  берген 
дұрыс, себебі айталық мынау сұрақ қиындау екен деп оған 2,3,4 ұпай 
бергенмен  оның  жауабын  білетін  бала  үшін  әділ  ұпай  берілгенімен, 
жауапты  білмейтін,  кездейсоқ  жауапты  таңдай  салған  бала  үшін 
ақиқат бағалаудың қатесі өсе түседі. 
Практикада  оқушының  өз-бетімен  жұмыс  жасауын  әр  түрлі 
деңгейде ұйымдастыруға болады. Тест мазмұнын түсіндіргеннен кейін 
әр  бір  оқушы  өз  қабілетіне  қарай  деңгейлік  тестілерді  өзі  таңдауына 
ерік  беріледі.  Осы  мезгілде  группада  деңгейлік  топ  құрылып,  жұмыс 
басталып  кетеді.  Тест  жауапкершілігін  алған  оқушы  әр  бір  сұрақтың 

 
113 
дұрыс  жауабын  іздеу,  топтағы  оқушылардың  көмегін  сұрау, 
мұғалімнен  тестіні  қайталап  тапсыруды  өтінуі,  нашар  оқушының 
көлеңкеде қалмай тапсырманы дұрыс орындауына мүмкіндік береді. 
Мұғалімге  тиімді  жағы  күнделікті  сабақта  түгел  оқушы 
бағаланады.  Ал  тәжірибешілік  жағынан  әділ  болуға  үйренеді,  өз 
араларында беделге ие болады. 
3.7. Өздік жұмысты  ұйымдастыру 
Қазіргі  қоғамымыздағы  болып  жатқан  түбірлі  өзгерістерге 
байланысты  әрбір  мұғалім  оқытудың  сан  қилы  әдістері  мен 
формаларын  білулері  қажет.  Сондықтан  жоғарғы  оқу  орны 
қабырғасында  бүгінгі  студент,  ертенгі  маманға  қойылатын  талап  аз 
емес.  Оқушылардың    өздік  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыру  сабақ 
сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, 
жүйелі  қалыптасуына  өздік  жұмысқа  берілетін  есептер  мен 
жаттығулардың  дұрыс  таңдап  алынып,  құрастырылуына  байланысты 
болады. 
Өздік  жұмыс  кезінде  оқушылар  оқулықпен  және  дидактикалық 
материалдармен, 
түрлі 
анықтамалық 
кітаптармен, 
газет 
– 
журналдармен,  интернетпен  жұмыс  істеуді  үйрене  бастайды. 
Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының 
пәнге деген қызығушылығы артады. 
3.7.1. Өздік жұмыстарды ұйымдастыру талаптары  
-
 
өздік 
жұмыстың 
мазмұны 
бағдарламаға 
қойылатын 
талаптарға сәйкес келу  қажет; 
-
 
оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті; 
-
 
өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әр түрлі болуы 
керек; 
-
 
әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 
-
 
өздік  жұмыс  тек  қайталау  кезінде  ғана  жүргізбей  сабақтың 
барлық кезеңдерінде, орынды жерінде өткізу керек. 
Өздік жұмыс ұйымдастыру формасы мынадай: жеке оқушымен, 
топпен жұмыс, барлық оқушымен болады. 
Өздік  жұмыстарының  негізгі  түрлері:  оқулықпен  жұмыс, 
жаттығулар,  практикалық  және  зертханалық  жұмыс,  тексеру
бақылау,  рефераттар  мен  баяндамалар  жасау,  тәжірбие  жасау, 
тест жұмысын орындау болып табылады. 
Оқу 
процесінде 
оқушылардың 
өзіндік 
жұмыстарын 
ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет 
етеді.  Бұл,  біріншіден  оқушылардың  танымдық  қызметтегі  өзіндік, 
яғни  оларды  өз  бетінше  білім  алуға  үйрету  болса,  екіншіден  алған 

 
114 
теориялық  білімдерін,  дағдыларын  практикада  өз  бетінше  қолдана 
білуге үйрету. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  –  бұл  мұғалімнің  тікелей 
қатысуынсыз,  бірақ  оның  тапсыруымен,  оның  басшылығымен  және 
бақылауымен  орындайтын  жұмысы.  Өзіндік  жұмысты  орындау 
кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс - 
әрекет  барысында  ойлау  қабілеттері  дамиды,  ал  ең  бастысы  өзіне 
деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады. 
Бұл  жас  жеткіншектің  мәселе  түйінін  өз  бетімен  шешуге 
талпыныс жасауын, дағдының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Информатика  пәні  бойынша  оқу  процесінде  оқушылардың 
орындайтын  өзіндік  жұмыстарының  түрлері  көп.  Оларды  мынадай  3 
топқа бөлуге болады: 
-
 
меңгерілген жаңа білімдер бойынша жұмыстар; 
-
 
меңгерілген біліктер мен дағдылар бойынша жұмыстар; 
-
 
білімдерді,  біліктерді  және  дағдыларды  қолдану  бойынша 
жұмыстар. 
Бұл  аталған  жұмыс  топтары  бір  –  бірімен  өте  тығыз  байланыс-
ты. 
Мысалы, 
оқулықпен, 
ғылыми-көпшілік 
әдебиеттермен, 
сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс істеудің көмегімен білім қорын 
толықтыруға,  сондай  –  ақ  бұрын  алған  білімдерді  қолдануға  қол 
жеткізуге болады. Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының 
барлығына  мұғалім  жетекшілік  рөл  атқарады.  Өзіндік  жұмыстарды 
ұйымдастыруға  дидактикалық  талаптардың  орындалып  отырылуы 
қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады:  
-
 
жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі; 
-
 
жаттығулардың біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз 
кезегімен күрделеніліп отырылуы;  
-
 
теориялық,  практикалық  даярлықтары  мен  оқушылардың 
жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;  
-
 
сабақта  орындалатын  өзіндік  жұмыстар  мен  сабақтан  тыс 
орындалатын өздік жұмыстардың бір – бірімен үйлесімі;  
-
 
теорияның практикамен байланысы; 
-
 
үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.  
Өздік  жұмыстарға  басшылық  жасауда  бұл  дидактикалық 
талаптарды  пайдаланудың  кейбір  ерекшеліктері  бар.  Әрбір  өзіндік 
жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және 
дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс. 
Оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмыстарды  мақсатына 
қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық 
яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді (3.2-кесте).  

 
115 
3.2-кесте. 
Мақсат 
бойынша 
оқушылардың 
өздігінен 
орындайтын бақылау жұмыстарының сипатаммасы 
Реті 
Түрлері 
Ерекшелігі 

 
 
 
  
Оқыту 
 
 
 
 
Мұндай  мақсаттағы  өзіндік  жұмыс  жаңа  тақырыпты 
түсіндіру  барысында  тапсырмалар  беру  арқылы 
жүргізіледі.  Оның  мақсаты  –  жаңа  материалға 
қызығушылығын  дамыту,  мұғалім  нені  түсіндіріп 
жатқанына әрбір оқушының көңілін аудару. 

 
 
Бекіту 
 
 
Мұндай мақсаттағы өз бетімен жұмыстар оқушылардың 
логикалық  ойлау  қабілетінің  дамуына  септігін  тигізеді 
және  әр  түрлі  ережелерді  араластыра  отырып 
қолдануды талап етеді. 

 
 
 
Шығармашылық 
 
 
 
Мұндай мақсаттағы өзіндік жұмыс өте жоғары деңгейде 
жүргізіледі.Мұндай  тапсырмалар  шығарылған  есептің 
екінші, үшінші тәсілдерін табуға беріледі немесе кейбір 
теоремалардың  дәлелдемесінің  басқа  тәсілдерін  табу 
тапсырылады. 

 
 
 
Қайталау 
 
 
 
Мұндай  мақсаттағы  өз  бетімен  жұмысты  мұғалім  жаңа 
сабақты 
түсіндіргенге 
дейін 
жүргізеді, 
яғни 
оқушылардың  дайындығын  тексеру  мақсатында, 
қиындық 
келтірген 
сұрақтар 
болса, 
анықтауға 
көмектеседі.  

Дамыту 
Мұндай  мақсаттағы  өзіндік  жұмыс  белгілі  бір 
тақырыпқа  байланысты  баяндама  дайындауға  үйге 
тапсырма беру арқылы жүргізіледі немесе олимпиадаға 
дайындау, ғылыми – конференция, т.с.с. 
Өзіндік  жұмыс  үшін  ұсынылатын  тапсырмалар  оқушылардың 
ғылыми-танымдылық  қызығушылығын  ояту,  ерік-жігерін  тәрбиелеу, 
білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді. 
Оқу  үрдісінде  дәстүрлі  емес  сабақтарды  өткізудің  пайдасы 
зор.  Пікір  сайыс,  дөңгелек  үстел,  диспут,  ойын  элементтерін  сабақта 
пайдалану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, өмірге 
көзқарасын қалыптастырып, түсінігін молайтады. Ал бұл өз кезегінде 
оқушының  өзіндік  жұмыстарды  үлкен  ықыласпен  орындауына  қол 
жеткізеді. 
Өзіндік  жұмыстарға  ұсынылатын  тапсырмалар  алдымен 
репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі 
тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық. 
Репродуктивті  деңгейде  оқушы  тақырыппен  танысады, 
берілген тапсырмаларын орындайды. 
Продуктивті  деңгейде  шығармашылық,  іздену  бағытындағы 
тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, 

 
116 
баяндама  дайындау,  талдау,  зерттеу,  материалдар  жинау,  жоба  құру 
және т.б.  
Информатика  пәнін  оқыту  барысында  өзіндік  жұмыстарды 
жоғарыдағы 
айтылған 
талаптарды 
ескере 
отырып, 
келесі 
принциптерге сәйкес ұйымдастыру керектігі анықталды: 
-
 
білім  берудің  іргелендірілуі  мен  стандарт  талабына  сай 
маман даярлау; 
-
 
оқу-тәрбие мен ғылыми - зерттеу процестерін үйлестіру, яғни 
оқу процесін ғылыми зерттеушілік жұмыстарға барынша жақындату; 
-
 
арнайы  пәндерді  мәселелік  жағдаймен,  компьютерлік 
технологиялар негізінде оқыту. 
Осыдан,  оқытушының  оқушылардың  өз  бетінше  орындалатын 
жұмыстарын 
ұйымдастыруға, 
дидактикалық 
тапсырмаларды 
орындауы  нәтижелі  болуы  үшін  соларды  басқаруға  компьютерді 
пайдалана отырып жүзеге асыруға болады.  
Сонымен  қатар,  информатика  пәнінен    өзіндік  жұмыстардың 
ұйымдастырылуы,  басқарылуы,  оның  компьютерлік  технология 
негізінде іске асырылуы өзіндік жұмысқа психологиялық кедергі бола 
алмайды.  Себебі  информатика  пәнін  оқытудағы  ерекшеліктің  бірі 
компьютерді әрдайым сабақта қолдану болып табылады.  
Өзіндік 
жұмысты 
компьютерлік 
технология 
негізінде 
ұйымдастыру  барысында  студенттердің  келесі  кәсіби  біліктері 
артады:  
-
 
өз білімін өздігінен үнемі жетілдіріп отыруға үйрену; 
-
 
зерттеу  жұмыстары  мен  оқыту  әдістемесінің  мазмұны, 
құрылымы туралы қажетті біліммен қарулану; 
-
 
әрбір  студенттің  зерттеу  жұмыстарына  деген  біліктілігі  мен 
оған дағдылану компоненттерінің қалыптасуы; 
-
 
алдыңғы айтылған ойлар негізінде зерттеу және практикалық 
жұмыстарға деген қызығушылықты жоғарылату; 
-
 
байыпты ойлау қабілетінің даму мүмкіндіктерін ашу. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, 
орындар алдында бағыт – бағдар, түсінік – нұсқау беру, оқушылардың 
мақсатты  түрде  жұмыс  істеп,  оның  нәтижелі  жемісті  болуына  ықпал 
етеді.  Дұрыс  ұйымдастырылған  өзіндік  жұмыстардың  оқу  тәрбие 
процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда: 
-
 
өзіндік  жұмыс  тапсырмалары  арқылы  оқушылардың 
информатика пәніне  деген қызығушылықтарын арттыру; 
-
 
оқушылардың  алған  білімдерінің,  дағдыларының  алдағы 
өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына көздерін жеткізу; 

 
117 
-
 
оқушылар  істейтін  жұмыстардың  мақсатын  айқындап, 
жұмысты өз еркімен, ерік – жігерімен, қалауымен орындауы; 
-
 
оқушылар  істейтін  жұмысының  қорытындысын  шығарып, 
нәтижесін алады, ал бұл оқушы бойында жинақылық, белсенділік пен 
саналықты қажет етеді; 
-
 
мұғалімнің  нақты  тапсырмалар  беріп  жұмысты  орындаудың 
және  аяқтаудың  уақытын  белгілеуі  оқушыларға  өз  міндеттеріне 
жауапты  қарауға,  өз  уақытын  есептей  білуге,  жұмысын  жоспарлай 
білу дағдыларын дамытады. 
Өзіндік  жұмыстарға  оқушыларды  белсеңді  жұмылтыруға 
мұғалім меңгеруге тиісті үлкен шеберлік қажет. 
Карточкамен  жұмыс  жүргізу.  Карточка  көрнекіліктердің  бір 
түріне  жатады.  Онымен  жұмыс  істеген  өте  қолайлы.  Карточка 
негізінен  жеке  бір  оқушынының  білім  деңгейін  бақылауға  қолайлы, 
бірақ  оны  топпен  жұмыс  жасағанда,  нұсқамен  жұмыс  жасағанда  да 
қолдануға  болады.  Оқушы  карточкамен  жұмыс  орындағанда 
шығармашылық  жеке  тұлғасын  қалыптырады  және  ынтасын 
дамытады  және  алға  шығуға,  тапсырманы  дұрыс  орындауға 
талпынады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет